Сабақтың тақырыбы «Шеше көрген тон пішер»



бет1/2
Дата26.01.2024
өлшемі27.52 Kb.
#489856
түріСабақ
  1   2
Шеше көрген тон пішер


Мектептің атауы

Алматы қаласы М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп

Педагогтың аты-жөні

Усманова Гульмира Турганжановна

Қатысқан сынып

7-сынып

Күні

26.12.2023ж

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы



«Шеше көрген тон пішер»



Сыныптан тыс сабақтың мақсаттары

Оқушыларға ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру. Жанұя арасындағы байланыс шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын түсіндіру

Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Пайдаланылатын ресурстар

Басы
2 мин.
Психологиялық дайындық

Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


3 мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Ана – сая болар бағың болса,


Әке - асқар тауың» - дей отырып, сіздерге арналған: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты сынып сағатымыз ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі сынып сағатымызда отбасы туралы ой қозғалады. Сабағымызды бастамастан бұрын топқа бөлінейік. Шарды жару арқылы топқа бөлініп, орнымызға орналасайық.

  1. Топ «Әке»

  2. Топ «Ана»

  3. Топ «Бала»\

Бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады: I.Кіріспе бөлім Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Әр шаңырақта ата ананың орны ерекше әсіресе әкенің! Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
II. Көрініс көрсету.
III. Кім жылдам
IV. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы».
V. Мақал -мәтел
VI. Қорытынды
1. Көрініс.
Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.
- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1-топ.
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаң әкеңе қалай жауап берер едіңіз?
2. Көрініс.
Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.
2-топ.
1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?
3. Көрініс.
Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
-Ағаштан не жасағалы жатырсың?
-Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
-Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,- депті баласы.
3- топ.
1.Осы көріністен алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер екен.
2.Отбасындағы қарым – қатынас қалай түсіндіресің?



Интерактивті тақта, видеоролик, слайд, асық, киіз үй-сандықша т.б

Видеоролик көрсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=kuuPYu_-Ptk

Видеоролик көрсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=kuuPYu_-Ptk


5 мин.
5 мин

10 мин.

5 мин




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет