Сабақтың тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра
отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата
отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік
дұрыс жалғануын бақылау)
Тәрбиелілік: «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің
мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
«Менің отбасымның атаулы күндері»тақырыбы туралы әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт - денсаулық кепілі»
2. Лексикалық минимум:
Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.
3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.
Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді.
4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.
Сәлем!
Сәлем!
Сен қайдан келесің?
Мен ..... спорт кешенінен келемін.
Онда не істедің?
Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.
Үйірмеге қатысасың ба?
Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.
Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?
Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.
Сен .... спорттан жарысқа қатыстың?
Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.
5. Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.
6. Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?
Бұл жерде қысқы олимпиада болды.
Енді Алматы қаласынан Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.
Сәлем хат!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым Төлеген ағай. Мен Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.
8-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.
пайдалы Упражнение
секіреміз Полезно
жүгіреміз Прыгаем
жаттығамыз Катаься на коньках
коньки тебу Занимаюсь
айналысамын Бегаем
намысын қорғаймын Защищаю честь
былғары қолғап Спортивный
9-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.
Балалар .... алды. Мен .... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында .... тебеміз. Айбек .... киді. Мен ... сатып алдым. Мен .... спортымен айналысамын.
(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді.
10-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.
СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС
Мен спортпен айналыспаймын
Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.
Мен жарысқа қатыспаймын
Мен шетелге жарысқа бардым.
Мен Қазақстан намысын қорғаймын
Спорт адамға пайдалы
11-тапсырма. Берілген суреттерге қарап, спортшының қозғалысын айтып беріңіз.
Мысалы: Олег велосипед тепті. Оның велосипеді тамаша.
Айдар футбол ойнады. Ол Қайрат командасымен ойнайды.
Мен шаңғы тептім. Маған шаңғы ұнайды.
12-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, І, ІІ жақта айтып беріңдер.
Мысалы:
Оның аты– Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол велосипед спортымен де айналысады. Ол спорт үйірмесінде жүгіреді, секіреді, жаттығады. Оның жаттықтырушысы Төлеген ағай. Ол шаңғымен сырғанаудан Қарағанды қаласында жарысқа барды. Ол екінші орын алды. Ол болашақта Қазақстан намысын қорғайды. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс.
Рефлексия:
Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңіздер?
Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым.
Сабақтың мақсаты:
-
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді әр түрлі қолданыста орынды қолдана білу.
-
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылары жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
-
Еліміздің атақты спортшыларын үлгі, өнеге ету. Балаларды спортты, еңбекті сүюге баулу.
Көрнекілігі: Спортшыларға арналған слайдтар.
Сабақ барысы:
-
I. Ұйымдастыру
-
II. Үй жұысын тексеру.
1.Үйге берілген сөздерді тексеру.
2. І,ІІ,ІІІ топ 3 жақта сөйлемдерін оқиды. Берілген етістік сөздері: жаса, жүгір, айналыс, жақсы көр.
3. Өздерінің сүйікті спорты туралы әңгімелеу. Менің сүйікті спортым.
Спорт – денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан мен спортпен доспын. Мен шаңғы спортын жақсы көремін. Маған таза ауада спортпен шұғылдану өте ұнайды. Шаңғы спортына арнайы киім, көзілдірік және шаңғы керек.
4.Үй жұмысын қорыту.
5. Спорт тілшісі мен оқушылар арасындағы сұхбат
ІІІ. Жаңа сабақ: «Менің сүйікті спортшым»
1.Сөздік жұмысы
жанкүйер – болельщик
өз сөзінде тұру – сдержать слово
ант беру – давать клятву
жеңу – победить
үміт – надежда
дарынды – талантливый
сүйікті – любимый
неге? – почему?
мақтанышымыз – гордость
жаттықтырушы – тренер
ә) маған ..........
дарынды ..........
үміт ..........
сөзінде ..........
ант ..........
|
|
2.Сөз тіркесін құрау:
а) кімге? ұнайды
қандай? спортшы
не? күтемін
неде? тұрды
не? берді
3.«Спортшы» сөзін
І. Жікте
ІІ. Тәуелде
ІІІ. Септе
Үлгі: Мен Қазақстан спортшыларынан үміт күтемін.
|
|
4. Сөйлемдер құрау.
5.Мәтінді оқу аудару, түсіну.
Менің сүйікті спортшым – Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақта бокстан бірнеше рет чемпион болған. Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды.
1998 жылғы Азия ойындарының, бірнеше Әлем чемпионаттарының жеңімпазы.
Ермахан Ибраимовтың шәкірті Бахтияр Артаев. Ол әлі көп Олимпиада чемпиондарын дайындайды деп үлкен үміт күтемін. Ермахан Ибраимов – біздің мақтанышымыз.
6.Мәтінді пайдаланып сұрақтар құру. Дұрыс жауапты таңдау. Жауабын жазу.
1)Ермахан Ибраимов кім ?
2)Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында қандай жүлде алды ?
3)Ол қай Азия ойындарының чемпионы болды ?
4)Чемионның алтын жүлделі шәкірті кім ?
7. Жауаптары:
1) Ермахан Ибраимов боксшы.
2) Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында алтын жүлде алды.
3) Ол 1998 жылғы Азия ойындарының чемпионы болды.
4) Чемпионның алтын жүлделі шәкірті Бақтияр Артаев.
8. А.Винокуровтың суреті бойынша сұрақ-жауап.
9.Мәтінді оқу. Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.
10. Жаңа сабақты бекіту
11. Бағалау:
12. Үй жұмысы:
-
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? Ақпарат жина.
-
Қалада сен жақсы көретін спорт түрінен жарыс өтеді. Сен осы жарысты көру үшін не істейсің? (Жоспарыңды жаз)
-
Өзіңнің сүйікті спортшың туралы айт.
Сабақ жоспары.
Лексикалық тақырып : Спорт. Спорт түрлері.
Грамматикалық тақырып : Тіркесті сөздер.
Сабақтың мақсаты: Спорт түрлері туралы түсініктерін молайту, тіркесті сөздермен сөйлемдер құруды үйрену.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Спорт түрлері туралы түсініктерін молайта отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, мәтінді түсінуге,ойды жүйелеп айтуға үйрету;
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Қазақ тілін үйрене отырып, спорт түрлерінің атауларын, адамға
пайдалы екенін дәлелдеу , салауатты өмір салтын ұстанатын, ұлтжанды азамат
тәрбиелеу.
Түрі: аралас, жаңа білімді игеру сабағы.
Тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, дамыта оқытудың элементтері,өзбетімен жұмыс жасау әдісі.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, слайд, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: спорт, дене тәрбиесі, тарих,тіл.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.Сабаққа даярлығын тексеріп, орындарына отырғызу.
ІІ Сабақтың барысы.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында « Ыстық лебіз»ойыны өткізіледі, оқушыларбір-біріне сәттілік тілейді . Сыныпты 3 топқа бөлу үшін,оқушылар спорт түрлерінен өздеріне үнайтын түрлерін «Бокс » « Ауыр атлетика» « Жеңіл атлетика» « Коньки тебу» «Баскетбол» т. б.Таңдап алады
ІІІ Ой қозғау. Неліктен осы спорт түрлерін таңдап алдыңдар?
Әр топ оқушыларына жауап парағы таратылады
ІІІ Өткен сабақты қорытындылау.
1 Күрделі сөздер туралы не білеміз?.
Берілген сөздерді 3 топқа бөл: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер
Баскетбол, АҚШ, аяқдоп, жанкүйер, үлкенді-кішілі, БЖСМ (ДЮСШ), қысы-жазы,
Ата-ана.
2 Бос уақытыңда қандай іспен айналысасың ?
Әр оқушы өзі дайындаған шығармашылық жұмысын көрсетеді.Қорытынды
ІҮ. Диалогтық оқыту әдісі. Бір оқушы оқып , келесі оқушы жауап береді.
1. Саған спорт ұнай ма?
2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
3 Қандай ұлттық спорт түрлерін білесің?
Ү « Жүйрік сұрақтар»
1 Спорт түрін ата
2 Адамның қандай қасиеттерін шыңдайды.
• а/ Қыз қуу. видео
• ә/ Тоғызқұмалақ . видео
• б / бәйге . видео
• в/ асық ойыны . видео
ҮІ Мәтінмен жұмыс
Мәтін Спорт түрлері.
Спорт денсаулықты жақсартады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай түрлерін атай аламыз:коньки,шаңғы тебу,қол күрестіру,футбол,волейбол,баскетбол,бокс,еркін күрес,жеңіл атлетика,ауыр атлетика,тейквондо,дзюдо,велоспорт,жүзу,т.б.
Егер адам осы спорт түрлерінін бірімен айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуға үлес қосамыз.
ҮІІ Мәтінмен жұмыс.
1 кезең – мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазу
2 Мәтінді бөлімдер бойынша қысқаша баяндау.
а/ Спорттың маңызы.
ә/ Күнделікті қолданыстағы түрлері.
б/Жетістіктерге жету.
3 Қорытынды. Әр топ өз түсінгенін айтады.
Тұжырым : Не түсіндіңдер? Өз ойың.
1.Менің ойымша, спорт адам денсаулығына пайдасы өте зор. Салауатты өмір салтын сақтаған, шыныққан адам барлық жағдайға төзімді болады.
2.Менің ойымша ,спорт адамға сабақты жақсы меңгеруге үлкен жол ашады.
3.Менің ойымша, спортпен айналысқан адам жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойына жинады.
ҮІІІ Топтастыру
Спорт түрлері
Төменде берілген сөздерді пайдаланып тіркесті сөздер құра. Мысалы : баскетбол жарысы.
шахмат, велоспорты, боксы, тейквондосы, күрес ,жүгірумен ,тоғызқұмалақ баскетбол ,хоккей ,футбол ,коньки ,шаңғы ,акробатикамен ,волейбол.
Қызықты шахмат, жастар велоспорты, қазақ боксы, шығыс тейквондосы, күрес жарысы, жүгірумен айналысу, тоғызқұмалақ ойыны, баскетбол жарысы, хоккей алаңы, футбол добы, коньки тебу, шаңғы тебу, акробатикамен айналысу, волейбол ойнау. 6 минут
Сөз тіркесін неліктен бөлінген? қызыл , көк - себебі етістікті, есімді тіркес болуы.
3 минут
Келесі тапсырма -172 бет 4 тапсырма сөйлем құрап, тіркесті сөздердің атын сызыңдар.
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құра.
1. Мектепте, спорттық, біздің, жарыс, өтті.
2. Барлық, қатысты, оған, оқушылар.
3. Футболдан , жеңді, команданы, барлық, сыныптастарымыз, біздің.
3 Топқа тапсырма Спортпен айналысудың «Пайдасы», « Спортпен айналыспаудың зияны», «Менің ойым» тақырыптарымен шағын тақырыптық қорғау жаса
Х. Рефлексия. «Олан тап» ойыны
Интерактивті тақтамен жұмыс
1 Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі. Футбол
2 Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі- коньки тебу
3 Қысқы спорт түрі- шаңғы тебу
4 Екі адамнын жекпе-жегі түріндегі спорт түрі- күрес
5 Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы- ауыр атлетика
6 Қарағанды қаласындағы «Қарағанды –Арена» спорт кешені қай жылы ашылды.
2012 жылы
7 Серік Сапиевтің туған жері? Абай қаласы
8 Қандай ұлттық ойын адамның математикалық ойлау қабілетін дамытады? Тоғызқұмалақ ойыны
9 2014 жылы Қысқы Олимпиада қай қалада өтеді? Сочи
10 Қарағандылық қай спортшы Қысқы Сочидегі Олимпиадаға барады.
Екатерина Айдова
11 Сочи Олимпиадасына қандай спорт түрлерінен спортшылар барады? Қысқы спорт түрлері
12 Сочидегі Олимпиада қай күндері басталады? Ақпан айының 7 мен 23 aрасы
Өтілген тақырыпты тұжырымдап , қорытындыға келу.
ХІ Үйге тапсырма. ІІІ деңгей Спорт тақырыбына сөйлем құрау.
ІІ деңгей Қазақ ұлттық ойындарына сипаттама беру.
І деңгей Спорт тақырыбына тест сұрақтарын құру.
Оқушылар бағалау парақтарындағы ұпай сандарын қосып, тапсырады. Мұғалім бағалайды.
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ бекіту қорытынды
Шығармашылық жұмысы Сұрақ –жауап
диалог Мәтінмен жұмыс Өздік жұмыс түрлері Сұрақ -жауап Шағын жоба Оқушыларды ұпайы Мұғ. Қорытынды ұпайы
Таныс емес сөздермен жұмыс Бөлімге бөліп, тісінгенін айту топтастыру Тіркесті сөздер құрау
Сөйлемді дұрыс құра
орытынды
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Жарияланды 1-06-2013, 09:18 Категориясы: Дене шынықтыру
Үйірме жұмысын қызық әрі тиімді етіп өткізейік
Үйірме: «Қазақ халқының ұлттық ойындары»
Сабақ№1
Сабақ тақырыбы: Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың үйірме мүшелігіне қабылдау туралы арыздарын алып, үйрме мүшелерін бекіту
Ә) Қажетті құрал - жабдықтарды тағайындап, олармен таныстыру, психологиялық ахуал туғызу
II. Ой қозғау:
Мұғалім:
- Асық туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
Мұғалім:
- Асықты ойнасаң грыжа ауруы боласың деп қорқытқан шындыққа жанасады ма?
Оқушы: Ұлттығымызды ұмыттырғысы келгендер кез келген ұлтымыздың дәстүрін, салтын, ойынын жамандыққа ырымдап халықты оз тамырынан алыстатқысы келгендердің ісі бұл!
Мұғалім:
- Дұрыс айтасың, Асылан!
- Асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай отыр?
Оқушы:- Себебі, асық ойыны ұмытылып, асылын айтқан себептермен ойын ретінде шеттетілді, Бірақ қазір компьютердің ойындарымен ойнайтын балалар көп зиян шегетінін ешкім де айтпайтыны таңқаларлық, ағай
Мұғалім:
- Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді Көз жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады
IV. Асық атаулары:
1. Құлжа - арқардың аталығының асығы
2. Сақа - арқардың асығы
3.. Жабайт – еліктің асығы
4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
5.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
V. Асыққа байланысты ырымдар:
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Б: Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады.
VI. Қонағымыз ақсақал - ата Қабақ атаның әңгімесі: Жылы сөз бен мейірім. «Айналайын» деген құдіретті сөз. Биологиялық, психиологиялық және гендік энергия, күш - қуатқа бай екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Қазіргі тәрбиедегі балаға дауыс көтеріп сөйлеу, ұрып жібу «қашықтықтан басқаратын роборт» секілді айтқанымды орындай қоймадың - деген дұрыс емес. Қабақпен басқарып отыр, тұр жылама деген бұйрықтар нәрестеге кері әсер етеді. Бұтына «памперске» зәрін жинақтауы ананың ластығы. Сәби шаңсорғышта, боқшық та емес. Жас аналарға айтарымыз - нәрестені омырау сүтімен қоректендір, тәнін таза ұста, ертегі айтып ұйықтат, ән айтып оят. Мейірленген ананың омырау сүті нәрестенің тәбетіне ерекше әсері болады. Ертеңгі азамат еліне, жеріне халқына, туған - туысына, досына деген ниеті ақ, көңілі таза болары даусыз. Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айландырады. Айландырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметрге жерге дейін ұшырып жібереді.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұ
рса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады
VII. Ойнату
VIII. Жеңімпазды анықтау
IX.. Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін біліп келу
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді Қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 4-тапсырма .
2) «Мен қонаққа барғанда... » ( эссе)
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың жылдықта - ақ қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ,асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына , аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.
Сөздікпен жұмыс
Қызық - интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бить
1-тапсырма. Қыз қуу.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
2-тапсырма.
Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
3-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.
Сергіту сәті
«Сақина тастау» ойыны. Айтылған бір буынға екінші буын жалғау керек. «Май» , «Біл». Суреттер сыры. Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады. Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
4-тапсырма
Сөйлем талдау.
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жазып келу.
ҰЛТТЫҚ CПОРТ ТҮРЛЕРІ
ADMIN · МАРТ 25TH, 2014 · 0 COMMENT
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
№1 Благовещенка орта мектебі
Кошубаева Шолпан Ермекқызы
Ұлттық спорт түрлері
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық cпорт түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Cабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері,сандық,ноутбуктар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.
І топ Топтың аты- «Көкпар ».Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.
ІІ топ Топтың аты- «Тұлпар ».Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын ,жүйрік ат.
Мұғалім :Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Асық санына байланысты оқушыларды бағалау
8 ‹ 5
7-6 ‹ 4
5 ‹3
III Жаңа сабақты қалыптастыру (бейнероликті көру)
Сабақтың тақырыбы қандай екен.
Ұлттық спорт түрлері
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі, ойындары немен байланысты?
2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?
3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
-Біз бүгін қандай ұлттық ойын түрімен танысатынымызды,сөзжұмбақты шешейік , ,,, ,,
Жаңа сөздермен танысу
IV. сөздік жұмыс
а) жаңа сөздер
Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом
Серке – туща козла
Күш-жігер -сила
Төзімділік – терпеливость
Батылдық – мужество
Ептілік – ловкость
Қазандық – котел
Салым – очко
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
V. Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Көкпар
Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.
ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
1. Көкпар қандай ойын?
2.Бұл ойын қайда кең тараған?
3.Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма .Берілген диалог бойынша сөйлесіңдер.Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
-Қасен,сен ұлттық спорт ойын түрлерін ұнатасың ба?
-Иә,әрине ,ұнайды.
-Қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?
-Көкпар,күрес,қыз қуу,арқан тартысу,бәйге,теңге алу,аударыспақ,дойбы,асық ойындары,т.б.
-Иә,солай десе болады,маған да ұнайды.
-Иә ,әсіресе наурыз тойында ұлттық спорттық түрлері кең көрсетіледі.
-Ұлттық спорттың тек наурыз тойында ғана емес,күнделікті тұрмыста да қолданғаны жақсы ғой.
-Әрине,мектепте арқан тартысу,тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар өткізіліп жүр ғой.
Сұрақтар:
1.Қасен ұлттық спорт ойындарын ұната ма?
2.Қандай спорттық ойын түрлері аталды?
3.Қасен ұлттық спорт түрлерін қандай тойда көп көргенін айтты?
4.Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?
– Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.
VI. Ұлттық ойындарды ойнау.
1.«Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау.
Екі топқа шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі.
Тұлпар тобы: 1) Айгүл ,ойнайды,жақсы,тоғызқұмалақ,ойынын
2) Жарысы,наурыз, болды,мерекесінде,ат
3) Біздің ,балалары,ауылдың,асықты,ойнайды,жақсы
Көкпар тобы: 1) Мен «Көкпар» теледидардан,көрдім,ойынын
2) Досанның ,бірінші,бәйгеден,аты,алды,орын
3) Ойындары,көп,ұлттық,қазақтың,өте.
“Бәйге”ойынын ойнаймыз.Бұл
тапсырмада ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.
1….- екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады.
2….Ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құрылған.
3…-алаң ортасынан көлденең сызық сызылады,ұзын жіп немесе арқан керек.
4…. – бұл –елдің сыртында әткеншек құрып,өлең айту.
5….-ойынға 4-5 бала қатысады.Ойынға 10 асық алынады.
6…. – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып,бірін-бірін қуады.
7…. –жігіттер мен қыздар түнде жиналып,ойналатын ойын түрі.
8…. –белгіленген қашықтықта үш-төот жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады.Ойыншылар шауып келе жатып,шүберекті алу керек
Сергіту сәті
Шынықтырып денені «Қара жорға » билейік
«Жасырынбақ» ойынын ойнаймыз.«Сиқырлы сандықтан» тапсырманы алып орындау.
Ұлттық ойын туралы әңгімеле.Әр топ тапсырманы алып орындайды.
Бәйге
Аударыспақ
«Көкпар»ойында екі топ мақал-мәтелдерден жарысады.
Тақтамен жұмыс
Сатылай талдау кешені бойынша
Әр топ тапсырмаларды орындайды
1 топ бәйге сөзіне фонологиялық талдау жасау
2 топ көкпар сөзіне фонетикалық талдау
Бес жолды өлең стратегиясы.
Жігіттер
1
2
3
4
5
VIІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?
VIІІ. Үйге тапсырма:Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.
ІХ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |