Сабақтың тақырыбы Спорттық ойындар. Футбол ӨҚН. Медициналық көмек көрсету жолдары. Оқу мақсаттары



Дата15.06.2024
өлшемі60.57 Kb.
#502606
түріСабақ
29.09.23





Мектеп

№5 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

Күні

29.09.23

Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

1. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына дамыту

Сабақтың тақырыбы

Спорттық ойындар. Футбол
ӨҚН. Медициналық көмек көрсету жолдары.

Оқу мақсаттары

6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру
ӨҚН. Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл- қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділік ті дамыту

Бағалау критерийі

Спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлділігін және үйлесімділік дағдыларын қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсете алады.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайлар, арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері, дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығылары және қалыпқа келтіру техникасы, ағзаның энергетикалық жүйесі, лақтыру, қозғалыс комбинациялары, реттілік, дәлдік, точности, бақылау, маневрлік, эстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?
- бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
- денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?
- эстафеталық жүгіру қандай қозғалыс дағдыларын дамытады?
- лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?
- әріптесіңіздің ұсынған кері байланысы пайдалы болды ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Әр снарядтарды лақтыру.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың
басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен бос кеңістік.
Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, ядро, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары.
Эстафеталарға сілтеме:
http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Сабақтың
ортасы
25 минут

(Т, ЖЖ, ҚБ) Оқушылар екі тізбекке тұрып, әртүрлі ұзындықтағы бөліктерді жылдамдата жүгіріп жарысады.
Жүгіру нұсқасы:
а) белгіленген қашықтық (мысалы 10м) бөлігінде жылдамдата жүгіру ;
б) кенеттен берілген белгіден кейін жылдамдата жүгіру;
в) екі рет жылдамдата жүгіру (белгіге дейін және кері қайтқанда);
г) бұрылысқа өткенде жылдамдата жүгіру;
д) 2м алда тұрған әріптесін қуған кезде жылдамдата жүгіру. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Залда немесе шектеулі алаңда жүгіруді орындаған кезде, жарақат алып қалмау үшін жылдамдатуды қабырғаға жақындап тигенше орындамау қажет. Ұпай санау үшін босатылған оқушыларды және командалардың ойыншыларын
Қатыстыруға болады.
Сұраңыз: Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

(С, Ж, ҚБ) Оқушылар бір тізбекке тұрады. Белгі бойынша олар жүгіруді бастап, әрбіреуі кезеңдерде жалаушаларды алуға тырысады. Жалаушаны алып үлгермегендер ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты ойыншы, одан кейін төрт ойыншы қалады, ал ең соңында екі мықты жарысады. Соңғы жалаушаны алған ойыншы жеңіске жетеді.

Бірінші қатарда жалаушалар саны жүгіруге қатысушылардың санын екеуге кем болады, екінші жүгірісте одан да екі жалаушаға кем болады және т.б. Жалаушалардың орнына басқа спорттық құралдарын пайдалануға болады.
Сұраңыз: әріптесіңіздің ұсынған кері байланысы пайдалы болды ма?

4-5 адамнан тұратын команда жасақтаңыз. Эстафеталық ойында сайысқа түсу үшін дайындық жүргізіңіз. Топта орындалатын жаттығулар: қысқа қашықтықта жүгіру; жүгіруден кейінгі эстафеталық таяқшаны жалғау. Негізгі дайындықты жүзеге асырып, дағдыны сынамалаған соң, эстафеталық ойында қолданып, сайысқа түсіңіз.
Дескриптор
- жүгіруде жылдамдықты арттыру үшін екпін алу қозғалыстарын орындайды;
- эстафеталық таяқшаны жалғаудың тәсілдерін техникасына сай орындайды.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.
Баскетбол ойыны:
Допты әріптесіне беру әдістерін үйрету;
Допты әріптесіне екі қолмен кеуде тұстан беру әдістерін үйрету;

Сабақтың
соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет