Сабақтың тақырыбы Т.Әбдіков.



бет2/2
Дата30.01.2020
өлшемі2 Mb.
#447899
түріСабақ
1   2
онлайн сабак


"Салыстырмалы карта" әдісі арқылы оқиға желісін талдай отырып,кейіпкердің ішкі сезімін салыстырады. 

Дескриптор

-кейікерлердің көзқарасы салыстырылады.

-шығармадан,өмірден дәлел келтіреді.



1-топ

Ерғабыл мен Сапабектің көзқарасын салыстыру



-Қара арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар,-деп мақалдап көзін жұмды."Уақыт шіркін зымырап өтті де шықты.Тәңірінің құдіреті күшті-ау.Енді міне,тірліктегі ырыздық несібенің таусылуы да жақын."

-Бос сөз сөйлемеңдер!-Ерекең жастар жағына зекіп қалды.-Әке жолын қуса,мына менің жолымды қусын!Ие болсын,мына қу шаңыраққа!

Күш-қуатының азайып,жүріп -тұрудың қиындығын, ,бұл дүниеден көретін қызығының уақыты жақындап қалғанын түсінеді.Ата жолын қуатын ұрпақтың өзіндей болмағанына өкінеді.


-Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді,қайта бұған кінә жоқ,-деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп,ақ сары келіншегіне қарады.-Тома,мынаның бет-аузы кір,жуындыршы,-деді орысшалап.
Келіншегі мен баласының қазақша білмейтіндігін айтып,өзінің осы өміріне ризаекенін көруге болады.Және орысша сөйлегенді мақтаныш көреді.Өзі де келіншегімен орысша сөйлесіп ауыл адамдарына мәдениетті көрінгісі келеді.Оның түсінігінде ана тілінде сөйлей алмағанын ұятқа санамайды.Салт-дәстүр дегенді ұмытқан "жаңа заман жастары "қатарында.

«Қалыптастырушы бағалау «Қол сигналы» арқылы бағаланды.Әке көзқарасы дәлелді,бала көзқарасы ашып айтылды.

"Венн диаграммасы "арқылы Сапабектің анасы мен әйелін салыстыру

-Сен,шал,осы жөніңді айтшы дұрыстап.Осы келгенде Жеңістайды алып қаламын деп тұрсыңба?Жоқ әлдебірге еріп кетеміз бе?..

Мәшине қарасы үзілген кезде ғана кемпір үн-түнсіз жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті.

Ақкөңіл,бауырмал,көңілшек қарт ана.Қандай болса да баласынан айырылғысы келмейді.


-Ты,что сума сошел! -деді Тома әрі сөйлетпей.Баласының құлағына зәрін төгіп сыбырлады.

Тома-қала қызы,қазақы дәстүрді білмейді,қатігез,өзі туралы ғана ойлайды.

Ұқсастығы екеуі де бір шаңырақтың келіні,әйел.


Сабақтың соңы

(5 минут)



Ой толғаныс



1.Күшті,білімді.

2.Өз үйіне өзі қонақ болды. Келіншегінің көзқарасын өзгерте алмады.

3Баласын тастап кетуге немесе қалаға көшіріп алуға болатын еді..

4.Ата-ана алдындағы жауапкершіліктің жоқтығы,әйелінің, баласының салт дәстүрді білуге ынтасының жоқтығы.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Бірде бір жігіт пайғамбарымызға мынадай өтінішпен келіпті: Әкем қартайғанның салдарынан жайсыз болып кетті. Үйіме келіп, қолына не ілінсе соны алып кете береді, - депті. Мұны естіген Расулалла баланың әкесін өзінің құзырына шақыртты. Алдына келген қарияның үстіндегі киімі әбден тозған, өзі бейшара халге түскен екен. - Ұлыңның сөзі рас па? – деп одан сұрайды. Ол: - Иә, дұрыс. Мен ұлымды бақтым, қақтым, өсірдім. Азамат болсын деп жалғыз өзім тәрбиеледім. Анасы ерте дүние салған еді. Өзім жемегенді ұлыма жегіздім, өзім кимегенді ұлыма кигіздім. Қартайған кезімде бағады ғой деген зор үмітім де болған. Бірақ ұлым анасыз өскеннен бе, мейірім - шапағаты жоқ болып шықты. Маған қарайламайды, сондықтан өз күнімді өзім амалдап жүрмін. Ұлымның үйіне бара қалсам, қолыма ілінген затты ала кетемін. Ол затты сатып, ақшасына тамақ жеп күнелтемін. Бұл ісім дұрыс па, қате ме, білмеймін, - деп егіліп жылайды. Пайғамбарымыз ашуға булығып ұлына қарап: - Тапқан дүниең, сатып алған заттарың, тіпті сенің өзің де әкеңнің жеке мүлкі! Егер тапқан табысың әкеңді бағуға жетпесе, әкең сенің өзіңді сатып жіберуге құқы бар. Сен тапқан табысыңды өзімнің ғана мүлкім деп, бұған басқаның қатысы жоқ деп ойлама! Барлық дүниеңе әкең ие! – деп қатты айтады. Халық даналығында: «Ата-аналарыңа мейірімді болыңдар, сонда перзенттеріңнен мейір көресіңдер» деген сөз бар

- Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме?

Қарттар үйіндегі қарттар саны неліктен көбеюде?

Күтілетін жауап: 

Әрбір бала ата-ана алдындағы парызын білуге міндетті. Себебі, біз де болашақ ата-анамыз. Егер біз ата-анаға қиянат жасасақ, алдымыздан сондай нәрсе қайталанып келеді. Ата-ана қартайған шағында қараусыз қалуға тиіс емес. Керісінше, бізді қалай күтіп, баптап, мәпелеп өсірген болса, біз де оларды қартайғанда  мәпелеуіміз керек.

Ата-ене алдындағы парызын өтеуге еріншектенген шала қазақ келіндерінің әрекеттері қарттар үйіндегі қарттардың көбеюіне себеп деп ойлаймыз. Мұғалім:  Қазақстан бойынша 44 мың қарт қарттар үйінінің тұрғыны екен. Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы

Ф.Оңғарсынова «Бала» өлеңі:

Бала сүйсең, жаныңда таң атады,

Сәбисіздің жазылмас жара табы.

Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,

Жаман бала жауына талатады.

Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,

Байқалмайды балаңның олқы жері.

Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,

Жаман бала тірілей өлтіреді.



Рефлексия "Баспалдақ"

+Мен сабақтың ең жоғары сатысына шықтым,себебі...

+Мен баспалдақтың 2-сатысына көтерілдім,себебі... алға қойған жоспарым ...

+Мен баспалдақтың 1-сатысында қалдым,себебі...келесі сабаққа алдыма...мақсат қойдым.

Үйге тапсырма:

Ұлттық құндылықтарды жоғалтпау мақсатындағы идеялар банкін жасау



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?








Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Ықшамсабақ оқу бағдарламасы негізіндегі мақсаттар мен сабақ мақсаттары шынайы, өлшемді, қолжетімді болғандықтан мақсатым жүзеге асырылды. Себебі сабақта оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау тәсілдері ескеріліп, оқушылардың қажеттілігіне сай жоспарланды. Тиімді оқыту мен оқудың тәсілдері көрсетілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып, сабақ жоспарында ауытқулар туындаған жоқ.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушыларды сыни ойлауға үйрету үшін берілген тапсырмалар

2: Өз жұмыстарын бағалауы- рефлексия

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушының өзіндік ізденуіне жол ашатын зерттеу тапсырмалары

2: Мақсатқа сай тапсырмаларды орындауда ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін шеберлікпен ұйымдастыру

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ықшамсабақты өткізу барысында оқушылардың жетістіктері мен кездескен қиыншылықтарын бақылап мониторинг түзіп, мониторинг нәтижесі бойынша келесі сабағымда оқушылар ерекшелігін ескеретін боламын.


Бағалау парағы:Әр тапсырмаға-1ұпайдан беріледі





Аты-жөні

"Домино"

әдісі


"Екі жақты

күнделік"



"Салыстыр

малы


Карта"

Венн диаграммасы

"SWOT"

талдауы


Рефлексия

Жалпы ұпайы

1

























2

























3

























4

























5

























6
























Ұпай санын бағамен

"2"-ден жоғары болса-3

"3"-тен жоғары болса-4

"5"-тен жоғары болса-5
Бағалау парағы:Әр тапсырмаға-1ұпайдан беріледі



Аты-жөні

"Домино"

әдісі


"Екі жақты

күнделік"



"Салыстыр

малы


Карта"

Венн диаграммасы

"SWOT"

талдауы


Рефлексия

Жалпы ұпайы

1

























2

























3

























4

























5

























6

























Ұпай санын бағамен

"2"-ден жоғары болса-3

"3"-тен жоғары болса-4

"5"-тен жоғары болса-5



Рефлексия "Баспалдақ "
Мен баспалдақтың жоғары сатысына шықтым,себебі...

Мен баспалдақтың 2-сатысына көтерілдім,себебі...алға қойған жоспарым...

Мен баспалдақтың 1-сатысында қалдым, себебі...келесі сабаққа алдыма ... мақсат қойдым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет