Бекетаева Лида Қозыбаққызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ырғыз ауылдық округі, Ақши ауылы
М.Төлегенов атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау, тест, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Тендер жариялау
3. «Алғашқы қадам» (Сатылай кешенді талдау)
4 «Лездік тапсырма» (Сұрақ - жауап)
5. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа тапсырмалар беру)
6. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
7. «Шығармашылық саты» (Тестпен жұмыс жасау)
8. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру)
9. Үйге тапсырма
10. Қорытындылау, мадақтау, бағалау
Хабарландыру! Білімді жастарға тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Ақжол» білім орталығын ашуға тендер жариялаймыз!!!
Осы тендерге үш топ қатысуға ұсыныс білдірді. Олар: «Трапеция», «Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам» (Сатылай кешенді талдау технологиясы)
1. Анықтама
2. Тану
3. Маңызды түйін
4. Тіктөртбұрыштың түрлері
5. Қасиеттері
6. Тіктөртбұрышқа байланысты формулалар
ІІ бөлім. «Лездік тапсырма» (Сұрақ – жауап, Әр сұрақ 10 ұпай)
-
Қандай төртбұрыш түрлерін білесің? (тіктөртбұрыш, квадрат, паралелограмм, ромб, трапеция)
-
Тіктөртбұрыш дегеніміз не? Оның қасиеттері (Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз. )
-
Тіктөртбұрыштың дербес түрі қалай аталады және оның анықтамасы қалай? (Квадрат. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты квадрат деп атаймыз.)
-
Тіктөртбұрыштың периметрі дегеніміз не? (Р=2(а+в))
-
Тіктөртбұрыштың ауданы дегеніміз не? (S=ав )
ІІІ бөлім. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа жеке –жеке тапсырмалар беру 50 ұпай)
І – топ: «Трапеция» тобына кесте толтыру
-
Р/с
|
а
|
в
|
S
|
1
|
12 м
|
9 м
|
?
|
2
|
1,5 см
|
?
|
13,5 см 2
|
3
|
6 дм
|
6 дм
|
?
|
4
|
?
|
9 мм
|
54 мм2
|
5
|
3 м
|
6 дм
|
? м2
|
ІІ – топ: «Параллелограмм» тобына «Топтастыру стратегиясы»
4 қабырғасы
4 бұрышы Диагональдары қиылысады
Р=2(а+в)
S=ав
Қарама – қарсы бұрыштары тең Қарама – қарсы қабырғалары параллель
ІІІ – топ: «Тіктөртбұрыш» тобына Венн диаграммасы
Ортақ
4 қабырғасы бар, 4 қабырғасы бар,
4 қабыр 4 бұрышы бар,
4 бұрышы бар , ғасы бар, 4 бұры диагоналдары қиылысады,
Диагоналдары шы бар, диагонал қиылысу нүктесінде
қиылысады, қақ дары қиылысады, қақ бөлінеді,
бөлінеді. қиылысу нүктесінде Қарама қарсы бұрыштары
Диагоналдары тең қақ бөлінеді, қарама- тең, қарама – қарсы
болады . қарсы бұрыштары қабырғалары параллель.
Барлық бұрыштары тік тең,.
ІV бөлім. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
«Трапеция» тобына
№ 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
Р =96 дм, S =540 дм2
Т/к: АВ,ВС
Ш:
Жауабы: 18дм, 30 дм
«Параллелограмм» тобына
№ 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
АВ:ВС = 5:7
S =140 дм2
Т/к: АВ; ВС
Ш: АВ = 5х, ВС =7х
S =5х*7х
140 =35 х2, х2 =4 , х =2 Жауабы: АВ = 10 дм, ВС = 14 дм
«Тіктөртбұрыш» тобына
№ 215 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
S = 80 га = 0,8 км, ВС=2 км
Т/к: Р - ?
Ш: S =АВВС
АВ = 0,8:2=0,4( км)
Р =4,8( км) Жауабы: 4,8 км
V бөлім. «Шығармашылық саты» (Әр топ тестпен жұмыс жасайды. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
Тест тапсырмалары:
1. Қабырғасы 8 см және 12 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз?
А) 100 см 2 Б) 96 см 2 В) 96 м2 Д) 100 м2
2. Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм 2, ұзындығы 5 дм. Оның ені неше дециметр.
А) 4 дм Б) 5 дм В) 4,4 дм Д) 4,5 дм
3. Қабырғасы 15,7 дм-ге тең квадраттың ауданын есептеңіз?
А) 246,5 дм2 Б) 246 дм2 В) 246,49 дм2 Д) 250 дм2
4. Жай фигураның ауданы қандай шама?
А) теріс шама Б) оң шама В) 0 – ге тең шама
5. Ауданы 1,69мм 2 болатын квадраттың қабырғасын табыңыз?
А) 13 мм; 13мм Б) 1,3мм; 1,4мм В) 1,3мм; 1,3мм Д) 12 мм; 1,2м
Кілті: 1) б-96см2 2)в-4,4дм 3)в-246,49дм2 4)б-оң шама 5)в-1,3мм, 1,3мм
Сергіту сәті
Математикалық жұмбақтар шешу, мақал – мәтел жалғасын табу
1. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
2. Егіз туған қос жүйрек
Жарыса шауып терлейді,
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (Параллель)
3. Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (Рационал сандар)
4. Екіге қалдықсыз
Бөлінетін сандар (жұп сандар)
5. Бір тал кессең
Он тал ек
V І бөлім. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру, Дұрыс жауап 10 ұпай)
-
Сематикалық карта
р/с
|
S
|
а
|
Жауаптар
|
в=0,25 м
|
в=6м
|
в=3 м
|
в=9 м
|
в=55 м
|
1
|
24 м2
|
4 м
|
|
+
|
|
|
|
2
|
9 м 2
|
3 м
|
|
|
+
|
|
|
3
|
0,125 м2
|
0,5 м
|
+
|
|
|
|
|
4
|
3025 м2
|
55 м
|
|
|
|
|
+
|
5
|
9,36 м2
|
1,04 м
|
|
|
|
+
|
|
-
Сәйкестендіру тесті
Берілген ауданның квадрат метрмен (м2) өрнектелуін ____ көрсет:
155 дм2 856 м2
0,0005 км2 0,0155 м2
8,56 ар 1,55 м2
0,0005 га 0,000856 м 2
155 см2 500 м2
856 мм2 5 м 2
3. Төртбұрыштар бар тор көзді анықта
4. Қасиеттеріне сәйкес кестеден белгіле
|
|
|
|
|
1.Қарама-қарсы қабырғалары параллель
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2.Барлық қабырғалары тең.
|
|
|
+
|
+
|
3.Қарама-қарсы бұрыштары тең, іргелес бүрыштарының қосындысы 1800
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4.Барлық бұрыштары тік.
|
|
+
|
|
+
|
5. Диагоналдары қилысып, қилысу нүктесінде қақ бөлінеді.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
6. Диагоналдары тең.
|
|
+
|
|
+
|
Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру.
Үйге тапсырма: 1. Есеп: Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал бір қабырғасы келесісінен 6 есе ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз:
2. «Тіктөртбұрыш» тақырыбына байланысты 5 тест тапсырмасын құрып келу
Қорытындылау, мадақтау, бағалау
Соңынан уақыт қалса, сөзжұмбақ шешу.
-
|
1Б
|
и
|
с
|
с
|
е
|
к
|
т
|
р
|
и
|
с
|
а
|
|
в
|
|
|
2К
|
а
|
т
|
е
|
т
|
|
|
3М
|
е
|
д
|
и
|
а
|
н
|
а
|
|
|
4 р
|
о
|
м
|
б
|
|
5Т
|
е
|
о
|
р
|
е
|
м
|
а
|
|
|
т
|
| -
Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле
-
Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары
-
Үшбұрыштың төбесінен сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді
-
Барлық қабырғалары тең параллелограмм
-
Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |