Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет6/20
Дата16.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#139389
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерді синтаксистік талдау жасайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегендіміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 69-жаттығу. .

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты :

а) Күшейтпелі шырайдың салыстырмалы шырайдан айырмашылағын түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегендіміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады Мысалы: үп-үлкен, тым үлкен



  1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік-біп-биік,ұзын-ұп-ұзын.

  2. Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан,кілең күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады.

Кім көп біледі? Ойыны

Төмендегі күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады. Тап- (5 сөз) ап- (6 сөз) жап-(10 сөз)



Топпен жұмыс: 1-топ:73-жаттығу . Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып,сөз тіркесін құрап жазады.

Өте ауыр,ең тамаша, тым әлсіз, тіпті қысқа, сап-сары, қап-қатты, орасан зор, ап-аласа, әп-әдемі, кіп-кішкентай.

. 2-топ: 74-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар..

Түп-түзу қайыңдар. Кең-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ.Өте таза жер.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?



Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 75 -жаттығу. Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Cын есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сын есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сын есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а)Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есім қалай түрленеді? 2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді? 4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады? 5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Қосарлану,қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: балалы-шағалы, ұзынды-қысқалы

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, әп-әдемі.

3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал.
Жаттығумен жұмыс: 78-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,күрделі сын есімнің емлесін есте сақтаңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: Аққозының дене бітімін кітапқа қарамай айтып шығыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


  1. Қосарлану,қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

  2. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 79-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Cын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сын есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сын есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а)Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Қосарлану,қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

  2. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да болады.

3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп қалай? деген сұраққа жауып беріп пысықтауыш та болады.

4. Сын есім әдетте көптелмейді,септелмейді, тәуелденбейді. Сын есім атау септікте тұрып,заттанып ,бастауыш та болады.

5. Сын есім табыс,барыс,жатыс, шығыс,көмектес септіктерінде келіп,заттанып ,толықтауыш та болады.



Жаттығумен жұмыс: 80-жаттығу. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып , көрсетілген үлгі бойынша талдаңдар.

Шығармашылық жұмыс: Құрамында сын есімі бар мақалдар айтып,синтаксистік талдау жасаңдар. Мысалы: Сыпайы сырын сақтар

Әдепті арын сақтар

Жаманның тілі ащы

Көк мияның гүлі ащы

Үлкенді сен сыйласаң

Кіші сені сыйлайды.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесін атқарады?



2. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 82-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

терме диктант
Бір сәтте көл үстінде үлкен қызғылт шәлі жайыла қалып, сел толқынданып жатқан тәрізді көрінді. Жалт қарасам,жас шамалары менімен қатар бейтаныс екі бала,біреуі сәл бойшаңдау. Оның тіп-тік найза шыңдары,биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Міне, терезе тұсындағы жусанды бозғылт дала артқа қарай жылдам сусып көше бастады. Жанна лып етіп төргі үйге қайта кірді де ,шымқалпақты сөндіріп, бір бұрышқа көгілдір түсті бүркеме шам әкеліп жақты. Қыздың жүзін қызыл арай шырпып өтті. «Шынында Жанна жаман әйел болмас»,-деп ойлады Жәнібек. Тек қып-қызыл бетінің ғана шырайы таймапты. Кішкентай Гүлнаш далаңдап, Жәнібекке қарап,күліп қояды. Жәнібек жүрегі аттай соғып,екі бетінің ып-ыстық боп кеткенін сезді. Үстіне гүлді халат киіпті. Жаңа шыққан күн сәулесі қыздың жүзін қызыл шұғылаға бөлеп, нұрландара түскен. Түу, айнала қалай қап-қараңғы. Өзі жап-жас кісі,бойжеткен немересі бар. Ағы-ақ,қызғылт өңінің әрі таймаған. Көлеңке болып көрініп, бозғылт тұмандай түрткілеп, мазасын алған алып күннің сұғанақтау саусақтарынан қымсынатындай. (149 сөз)
Тапсырма: Мәтіннің ішінен күшейтпелі шырайларды тауып астын сызады.

Үйге тапсырма : Сын есімнің түрленуін қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сан есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сан есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а)Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесін атқарады?

2. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сан есімдердің түрлену жүйесі біркелкі емес,әркелкі болып келеді. Мысалы,есептік, жинақтық сан есімдер сан атаулары ретінде заттық ұғымда қолданылатын сөздер болғандықтан ,олар септік, тәуелдік,жіктік жалғауларын қабылдай алады.



Жаттығумен жұмыс: 88-жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді табыңдар. Қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Шығармашылық жұмыс: Құрамында сан есімі бар мақалдар айтып,синтаксистік талдау жасаңдар. Мысалы: Білекті бірді жығар

. Білімді мыңды жағар



Топпен жұмыс: 1-топ 90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар және құрамына қарай талдаңдар.

2-топ. 91-жаттығу Сан есімдерді құрамына,мағынасына қарай талдап, оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сан есім қалай түрленеді?

  4. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 92 -жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақрыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты : а) білімділік – сан есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, сан есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сан есім қалай түрленеді?

  4. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1 Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен,әдетте сөйлемде анықтауыш болады.

2. Сан есім жіктеліп келіп немес көмекші етістіктермен тіркесіп келіп,баяндауыш болады.

3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады.

4Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.


  1. Сан есім барыс,табыс,жатыс, шығыс,көмектес септіктердің бірінде келіп,толықтауыш қызметін атқарады.

Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы.
Бастауыш баяндауыш





Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 95-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру; ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту; б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме кәртішкелер т.б.

Сабақтың жүрісі. І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І кезең.

а) Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардың орындалуын оқушы ассистенттер арқылы тексеру.

ә) Өткен тақырыптағы кемшін тұстары бойынша сұрақтар қою,жауаптарын тыңдау.

б) Проблемалық сұрақ

1. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табының ерекшелігі неде? 2.есімдік сөзінің мәні.



в) Сабақты қорытындылап,оқушыладың (ассистент) көмегімен оқушыны қатыстыра отырып жұмыс нәтижесі бағалау бетшесіне қойылады.

ІІ кезең.Жаңа сабақ.

а) Проблемалық сұрақтар қою. ә) Кітаппен жұмыс,ереже оқыту(үздік оқушының көмегімен).

б) Ауызша мысал ойлату (мен,сен,ол).

ІІІ кезең. Жаңа сабақты бекіту.

1-деңгей «Іске асыр» (жаттығулар жұмысы)

а) Кітаппен жұмыс.

Жеке және топтық жұмыс (деңгей бойынша): 192,193-жатығу.

ә) Тақтамен жұмыс.

Есімдікті қатыстырып,есімдікті құрау..

б) Үлестірмелі кәртішкемен жұмыс. в) Суретпен жұмыс (жұмыс дәптеріне).

2-дегей (Алгоритмдік)

1.Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

Есімдік

Ортақ

Етістік

  1. Есім сөздерінің орнына жүреді

  2. Түрлері бар.

  3. Түрленеді .

1.Сөз табы.

2.Екеуі де түрленеді.



1.Іс-қимылды білдіреді.

2.Түрлері бар.

3.Шақ,рай категориясы.


2. «Есіңе түсір» (әдебиетпен байланыс).

Ақындардың өлеңінен үзінді келтіріп,есімдіктерді табу (Жұмыс дәптерімен жұмыс).

3.Мақалдардың жалғасын тап,орнын ауыстырып қолдан.

Ата балаға ...(сыншы)

Ерлік білекте ...(емес,жүректе)

Ақыл – тозбайтын тон ...

(Білім – таусылмайтын кен)

3-деңгей.

1.Сатылай кешенді талдау.

2.Тест жұмысы




Е

С

І

М




С

А

Р

А




І

Л

І

К




М

А

Х

А

М

Б

Е

Т




Д

И

Қ

А

Н




І

Р

І

М

Ш

І

К




К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С
3.Сөзжұмбақ.

1. Ханның аты

2.Айтыс ақыны

3.Септік аты

4.Ақын,батыр

5.Астық өсіруші

6.Ұлттық тағам

7.Септік аты
4 –деңгей.Шығармашылық кезең.

1. Ойолғау жазу. 2. 4 жол өлең жазу.



Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Пәні: қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет