Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау
Бақыланушы сынып: 9 «Б»
Пән: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: студент-практикант Дәулет Сайраш
Сабақты өткізген уақыт: 27.02.23
Кесте бойынша сабақтың ауысымы: 1-ауысым.
Сабақтың тақырыбы: «Төлеген Айбергенов. «Сағыныш» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Негізгі элементтері: ұйымдастыру, тақырыпты болжау, жеке тапсырмалар беру.
Жалпы құрылымы.
Оқу қызметін ұйымдастыру принциптері.
А) Оқушылардың қызығушылығын оятуға 5 минут уақыт бөлінді.
1. «Жарық » әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлдім.
2. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырдым.
Б) Негізгі бөлім:
1. «Саяхат» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ қойдым.
1. Т. Айбергенов туралы не білесіздер?
2. Т. Айбергеновтың алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?
3. Төлеген Айбергеновтың қандай әндері бар?
4. Оның қандай жыр жинақтары бар?
2. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырма бердім.
Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі ақын бейнесін айшықты пікірмен дәлелдеп жазыңыз.
Әр топқа қағаз қиындылары таратылады. Әр қиындыдағы берілген үзінді бойынша тапсырманы орындау.
3. «Тарсия» әдісі арқылы мозаиканы құрастыру жұымыс жүргізілді.
«Wordwoll» сайты арқылы ойын ойнаиылды.
В) Қорытынды:
Сабақты бекіту мақсатында
Тест тапсырмасын орындау:
1. Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңінің желісіне арқау болған негізгі мәселені көрсетіңіз.
А) Теңіз, тау, бұлбұл, қарағай, қыратты суреттеу.
Ә) Табиғат құбылысын суреттеу.
Б) Сағыныш сезімін ғажайып сырмен көмкеріп жеткізу.
2. Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңіндегі азаматтық бейнесін, адамгершілік, сағыныш туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтаңыз.
А) Екеуі де дұрыс
Ә) Т.Айбергенов өз өлеңдеріне адамды сүюді арқау еткен және оның ұлылық қасиетін айырықша шабытпен жырлаған шайыр.
Б) Төлеген поэзиясы сағыныш сезімін ғажайып сырмен көмкеріп, оны жыр әлемінің асқар шыңына көтере алған ұлылығымен құдіретті.
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы
Рефлексия
«Білім поштасы».
1. Оқушылар сабақ мақсатына орай тапсырмаларды орындады.
2. Кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бағаланды.
2.Негізгі мақсатты жүзеге асыру.
● Сабақтың білім беру мақсаты қалай жүзеге асты?
Сабақтың құрылымы ең басты дидактикалық мақсатқа сай келді. Мен жаңа тақырыпты оқушыларға жеңіл түрде түсіндірдім.
● Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды?
Жаңа тақырыптың маңызын түсіне, оқушылар топқа бірігіп, бір-бірлеріне сұрақтар қойып, сыйластық қарым-қатынастарын, адамгершілік қасиеттерін дамыта түсті.
●Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды?
Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою арқылы жүргізілді.
●Оқушылардың таным әрекеті қалай жүзеге асты?
Оқушылардың әдебиет сабағына деген ынтасы, белсенділігі жоғары сатыдан көрінеді. Сыныптың барлық оқушылары берілген тақырыптардың мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап берді. Мен және оқушы арасында тығыз байланыс орнады, сабақ сұрақ қойып, оқушылардың жауап беруі арқылы жүрді.
● Оқушылардың сабаққа қатысулары қандай деңгейде болды?
Оқушылардың сабаққа қатысулары 90% болды. Сабақтан себепсіз қалған оқушылар қатары болмады, ал сабаққа қатысып отырған оқушылар белсенділік танытты.
●Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі:
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар зейін қоя, ықыласпен тыңдады. Мұғалімнің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. Кітаппен жұмыс барысында оқушылар түсінбеген жерлерін мұғалімнен еркін, ашық түрде сұрай білді, яғни тақырыпты меңгеру барысында мұғаліммен қарым-қатынастарын үзген жоқ.
●Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің
дәрежесі қандай болды?
Мен және оқушы арасындағы қарым-қатынас үздіксіз, әрі үзіліссіз болды.
● Мұғалімнің сабақ барысындағы өзін-өзі ұстауы қалай болды?
Нақты дәлелдермен тақырыпты түсіндірдім, сонымен қатар оқушылармен қатынасын үзбей, өзімді еркін әрі тиянақты ұстай білдім.
●Мұғалімнің сабақ барысындағы сөйлеу мәдениеті:
Қарапайым, еркін түрде тақырыптан ауытқымай, оқушыларға барынша жеңіл түрде ойындағысын жеткізе алдым және оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болдым.
●Мұғалімнің киіну мәдениеті қандай болды?
Педагог мамандығына лайықты, оқушыларға үлгі көрсететіндей, мұғалімнің жасына сай киіндім.
●Сабақтың бекітілуі.
Жаңа сабақты түсіндіру соңында тақырыпты бекіту мақсатында жаттығулар орындаттым. Кері байланыс жасадым.
Достарыңызбен бөлісу: |