Сабақтың тақырыбы: Түс және символ. Белгі символдары. Өнер түрлерін білдіретін белгілер жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар



бет2/6
Дата07.02.2024
өлшемі31.53 Kb.
#491209
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Символ дегенімізне?

Жауап. Символ – қандай да бір түсінік пен құбылысқа тән шартты белгі. Әр халықтың, адам топтарының өз символдары бар.

  1. Символ қандай болукерек?

Жауап. Символ қысқа ғана болып, ең басты нәрсені білдіруі керек.

  1. Қазақ мәдениеті мен қолөнерінде қызыл, ақ, қаражәне басқа да түстер ненібілдіреді?

Жауап. Қазақ мәдениеті мен қолөнерінде қызыл түс отты, өмір мен әдемілікті білдіреді. Ақ түс – тазалық пен адалдықтың, бақыттың, көктегі күштердің түсі. Қазақ қолөнеріндегі қара түс – құдірет пен күш-қуаттың, молшылықтың белгісі. Көгілдір түс – аспан түсі. Жасыл түс өмірдің бастауын білдіреді. Сары түс – даланың,
даналықтың белгісі.

  1. Көптеген халыққа ортақ бірнеше белгілердіатаңдар.

Жауап. Ағаш өмірді, ал Азия халықтары үшін кең
даланы білдіреді. Құс – аспанның, балық – судың, жүрек
– махаббаттың белгісі.




  1. Қазақ ұлттық ою-өрнегі нышан-белгілердентұрады деп айтуға болама?

Жауап. Иә, басқа халықтардың ою-өрнектеріндегідей қазақ халқының өрнектерінде де жануарларды, өсімдік- тер мен аспан шырақтарын білдіретін өрнектер қолданылады.

  1. Бірнеше ою-өрнек түрін атап, олар нені білдіретінін айтыңдар.

Жауап. «Қошқармүйіз», «түйетабан», «құсқанаты»,
«гүл», «жұлдыз».

  1. Символдарды білу не үшінкерек?

Жауап. Символдар суретшінің ойын, символдар арқылы көрерменге не айтқысы келгенін білу үшін қажет.
Мемлекеттің елтаңбасы мен туында символдар
бейнеленеді. Ондағы түстер мен бейнелерге қарап мемлекет туралы біраз ақпарат жинайсың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет