Материал- ды түсіндіру
|
Тақырып оқулық бойынша түсіндіріледі. Алайда басқа да кітаптардан материал таңдап алып,
тақырыпты кеңейтіп, түс символдарынан мысалдар келтіруге болады, балалар оларды қайдан
кездестіргенін еске түсірсін. Бәлкім, олардың бірі пират кемесіндегі қара түсті жалауды, рыцарьдің махаббат белгісі ретіндегі қызыл раушан гүлін еске түсірер.
Балаларды кейбір түс символдарыментаныстыра отырып, символдар тек бірмағынаны
білдірмейтінін айта кету керек. Мысалы, қызылтүс тек жеңіс пен сұлулықтың түсі ғана емес, сонымен қатар қан мен зорлық-зомбылықтүсі.
Суретшілердің жұмысының репродукцияларын көрсетіп, мысал келтіруге болады.
К. Петров-Водкиннің «Қызыл аттың шомылуы» атты картинасында қызыл ат маңызды бір нәрсені күту мен қуанышты білдіреді. Суретші бүкіл ел үлкен бір өзгерісті күтуде екенін көрсетуге
тырысқан. Ал М. Добужинскийдің «Қазандағы тыныштық» жұмысында бейбіт шеруі атысынан
кейінгі көшедегі қызыл түс уайым-қайғы мен қанды білдіреді. Ван Гогтің «Күнбағысындағы» сары түс
достық ниет пен бірлікті білдіреді. Ал «Арлдағы түнгі кафе» жұмысындағы сары түс сырқатты
білдіреді. Қазақ қолөнеріндегі түстерге де тоқталу керек. Әсіресе қазақ ұлттық кілемдерінде айқын көрінеді. Алайда онда түстердің ғана емес, өрнектердің де мәні бар. Осылайша, мұғалім ұлттық өрнектер нені білдіретінін сұрай отырып, белгі символдарына көшеді. Қазақ кілемдеріндегі символдық белгілер (ою-өрнектер) мен түстерде терең мағына жатыр. Оқушыларға қазақ
шеберлерінің қолтаңбасын «оқуды» тапсырады.
Екінші сабақ белгілі бір өнер түрін білдіретін белгі- лерге арналады. Ол үшін сабақтың басында әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдарынеске
түсіріп, оқушылармен бірге символ дегеніміз не, өз белгілері арқылы қандай идеяны көрсеткілері келетінін талқылайды. Оқушыларға әрбір өнер түрінің ерекшелігін еске түсірудітапсырыңыз.
Мысалы, музыкада нота мен аспаптардың белгісі, бейнелеу өнерінде суретшінің материалдары мен құралдар, жақтау және т.б. Одан соң оқушылар өздік жұмысқа кіріседі. Сабақтың соңында
жұмыстарын таныстырып, талқылайды (оқулықтың 78-бетіндегі сұрақтарға жауап береді).
|
Оқулық.
Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері (графи-
калық, кескіндеме, мүсін және сәндік- қолданбалы өнер) фотосуреттерінің репродукциялары.
№2 қосымшадағы материалдар.
|