№15 орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: В.Сухомлинский «Ақ шаш»
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Бердигожина А
Сыныбы: 3-сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: В.Сухомлинский «Ақ шаш»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақтың міндеті: І Білімділік: Тақырыпты ашу, талдау жұмыстарын жүргізу мазмұнын меңгерту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. ІІ Дамытушылық: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру , шығармашылық ізденіске баулу және оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту. ІІІ Тәрбиелік: Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты, ізгі қасиеттерді сіңірту.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды өлең.
4. Эссе жазу.
5. 3 күнделік.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, В.Сухомлинскидің суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.
Сабақ жоспары:
1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Ой қозғау.
- Мәтінді оқу.
- Өзіндік жұмыс.
- Түртіп алу жүйесі.
5) Ой толғаныс.
- Бес жолды өлең.
- Эссе жазу.
- 3 күнделік
-
Анаға тілек тренингі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Дөңгелене тұрайық
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық
Топқа түрлі-түсті қағаз арқылы бөліну
Мұғалім, балалар (хормен)
- Әрбір адам?-Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.
-Олай болса, балалар, бұгінгі сабағымызды бастаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-
Мұхтар Шаханов туралы мәнжезбаны қорғау. (1 оқушыдан сұрау)
-
«Достық өлкесінің заңы» мәнерлеп оқу, мазмұндау. (2оқушыдан сұрау)
-
«Достық өлкесінің заңы» көрініс арқылы көрсету.
-
Өлең шығару және мақал-мәтелдер жаттау (2 оқушы)
- Олай болса оқушылар, біз сонымен нағыз достық қандай болу керек екенін, жалпы дос деген кім екенін түсіндік деп ойлаймын.
3) Ой қозғау.
Бейнебаян «Анадан алғаш туғанда» ( көрсетіледі)
-Балалар бұл бейнебаян кім туралы?
Топтастыру
- Олай болса, ана туралы кім маған мақал-мәтелдер, өлең шумақтарын айтып береді?
- Ана десе ойымызға не келеді?
4) Жаңа материалды игерту.
-Жақсы, жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз В.Сухомлинскидің «Ақ шаш» атты әңгімесімен танысатын боламыз.
В .А. Сухомлинский (1918-1942)
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
Сергіту сәті. (Құттықтаймын ана қуанышыңмен! Әнін орындау.)
5) Мағынаны тану.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
-Ендеше оқушылар барлығымыз кітабымыздағы 191беттегі «Ақ шаш» атты әңгімесін іштей оқимыз.
6) Ой толғаныс.
1топ -тізбектеп оқуып, мазмұндау.
2топ- 3 түрлі күнделік.
-
Ұнаған сөздер
|
Не себепті ұнады?
|
Жазушығаи хат жазу
|
3топ- 5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
4топ- «Ана» тақырыбына эссе жазу.(Автор орындығы. Өздерінің төл туындысын орындау)
7) Қорытындылау. Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту.
Ананы биік шынарға теңейік.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма?
8) Үйге тапсырма:
-
«Ақ шаш» мазмұндау.
-
В.Сухомлинский мәнжазба
-
«Ана» туралы шығарма.
9) Бағалау.
Әр оқушы стикерди алып жапсыру (өзін-өзі бағалау)
-
Бүгінгі сабақ ұнады
|
|
Орташа ұнады
|
|
Қанағаттанарлық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |