Сабақтың тақырыбы: XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. Сабақтың мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі55.6 Kb.
#168288
түріСабақ
БҚО, Қаратөбе ауданы, Сауле ауылы

Жақсыбай негізгі жалпы білім беретін мектебі

Тарих пәні мұғалімі: Оразова Нурсауле Жакановна
Сабақтың тақырыбы: XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XIV-XVғасырлардағы Қазақстан халқының шарушалығы, егіншіліктің дамуы, қалалары мен селолық қоныстары, қолөнері кәсібінің өркендеуі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды жаңа білім сабағын алу барысында өзіндік қорытынды жауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы.

Пәнаралық байланыс: География, математика, еңбек, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: СТО

Күтілетін нәтиже: XIV-XVғасырлардағы Қазақстанның экономиялық жағдайы,шаруашылық,қолөнер түрлері түсіндірілді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі

2. Карточкалар (симантикалық карта)

II.Жаңа сабақ.

Оқушылар топқа бөлінеміз, геометриялық фигура бойынша

I. Қызығушылықты ояту

II.Мағынаны тану

III.Толғаныс

I.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау 10мин







Мал шаруашылығы Егін шаруашылығы

-отырықшы жер шаруа-ғы арпа,бидай,сұлы

-жартылай отырықшы мал шаруа-ғы

-көшпелі мал шаруа-ғы
төрт түлік

мал терісінен ағаштан сәндік күміс

жасаған жасаған бұйымдар бұйымдар






металдан жасаған әшекей бұйымдар




сырға, алқалар

II.Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

Екі топқа тапсырмалар беріледі.

I.топ тапсырмалары: мал шаруашылығы

егін шаруашылығы.


II.топ тапсырмалары: қалалар мен қыстақтар

қолөнер, зергерлік, әйнек жасау.


III.Толғаныс

1.Суреттеу

2.Тест жұмысы
Қорытынды:

Бағалау.


1.Отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында басым дамыды?

А) Батыс Қазақстанда

Ә) Орталық Қазақстанда

Б) Солтүстік Қазақстанда

В) Оңтүстік Қазақстанда

2.XIIIғасырдың 2-жартысында Сырдария бойындағы қалаларда қандай кәсіп өркендей бастады?

А) ұсталық

Ә) үй ішілік

Б) кірпіш күйдіру

В) зергерлік

3.Мал шаруашылығы неше түрге бөлінеді?

А) 2-ге Ә) 3-ке Б) 4-ке В) бөлінген жоқ

4.Көшпелі мал шаруашылығында көшу бағыттарының қашықтығы?

А) 800-1000шақырым Б) 10-15шақырым

Ә) 200-500шақырым В) 1000-2000шақырым

5XIIIғасырдың екінші жартысындағы жандана бастаған қалаларды жаз.


6.Құрылтай жиналысы өткізіліп халық пен қала тұрғындарының белгіленген алам-салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң қай жылы, қай қалада?

А) Тараз 1400ж Б) Сырдария 1300ж

Ә) талас 1269ж В) Сығанақ 1362ж

7.X-XI ғасырларда әйнек жасау кәсібі белгілі болған қалалар

А) Отырар, Тараз Б) Созақ, Иасы

Ә) Түркістан, Сырдария В) Отырар, Сығанақ

8.Отырар қаласындағы шеберханалардың аумағы қанша жуық жерді алып жатыр?

А) 1гектарға жуық Б) 3гектарға жуық

Ә) 2гектарға жуық В) 5гектарға жуық



Симантикалық карта





Жер атауы

Лауазым атауы

Салық атауы

Ұлысбек




+




Атабек




+




Тағар







+

Инақ




+




Вакер

+







Даруғалар




+




Зекет







+

Баж







+

Иқта

+







Миришкар




+




Харадж

+







Инжу

+







Ішік аға басы




+




Құшыр







+

Көкілташ




+




Қалан







+

Жасауыл




+





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет