Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет14/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Суды дистиллдеуге және деиондауға арналған аппаратуралар

Дистиллденген су дегеніміз – құрамындағы еріген қоспалардан дистилляциялау арқылы тазартылған су. Дистиллденген судың рН көрсеткіші 5,0-6,8 шамасында болады және құрғақ қалдығы 0,001% -дан аспауы қажет. Дистиллденген су барлық зертханалық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Ал, кейбір ерекше зертханалық зерттеулерде екі қайтара дистиллденген су қажет болады – ол бидистиллят деп аталады. Бидистиллят дәлдігі жоғары анализдер жүргізу үшін пайдаланылады. Бидистиллденген суды арнайы кварцты, қалайы, күміс немесе платина ыдыстарда сақтайды.
Судағы органикалық заттардан арылу үшін суға екінші рет дистиллдеу алдында 0,1 г/л шамасында калий перманганатын және бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Құрамында органикалық заттардың ізі жоқ су апирогенді су деп аталады.
Суды минералдық заттардан тазарту үшін ионалмастырғыш шайырлар кеңінен қол-данылады. Суды катион және аниондармен толтырылған бірнеше бағандардан өткізеді. Мұндай жолмен тазартылған судыдеминералданған су деп аталады. Тазалығы жағынан және қасиеттеріне қарай бұл судың дистиллденген судан ешбір айырмашылығы жоқ.
Суды дистиллдеу үшін әртүрлі дистилляторлар қолданылады. Д-1 дистилляторы 1 сағатта 4-5л, ал Д-25 дистилляторы 25л су айдауға есептелген. Суды дистиллдеуге арналған аппаратура әртүрлі болғанымен, олардың жұмыс істеу принципі бірдей – яғни бу конденсатын алып, суға айналдыру.
Апирогенді су алу үшін «АА-1» аппараты қолданылады, бұл - қосымша химиялық реагенттерді араластыруға арналған бөлігі және мөлшерлеу құрылғысы бар дистиллятор.
2. Қыздыруға, кептіруге және термостаттауға арналған аппаратура
2.1 Зертханада көптеген жұмыстар үшін электроқыздырғыш құралдар қолданылады: плиталар, моншалар, пештер, кептіргіш шкафтар және т.б.
Электрлі плиталар әр түрлі пішінді, жабық және ашық спиральді болады. Спиральді жауып тұратын пластинка металлдан, асбесттен немесе тальктан жасалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет