Сабақтың түрі : Кіріктірілген қорытынды сабақ



Дата01.07.2016
өлшемі36.67 Kb.
#169210
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : Темір

Сабақтың мақсаты : Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту , оқушылардың білімдерін жүйелендіру , пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Кіріктірілген қорытынды сабақ .

Кіріктірілетін пәндер ( Химия, физика ,География , Биология , Асторономия ,Әдебиет,дін, халықтық педогогика және медицина .



Сабақтың міндеті :

Білімділік : Темір элементін жан-жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы , маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту .

Сабақтың көрнекілігі : Кестелер, сызбанұсқалар , топтама .

Сабақты қорытындылау жоспары

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны , атом құрылысы ( электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) , қолданылуы . химик

  2. Табиғатта таралуы және маңызы . Геолог

  3. Темірдің ашылу тарихы . Тарихшы

  4. Физикалық қасиеттері . Физик

  5. Темірдің геохимиялық қасиеттері

  6. Темірдің биологиялық маңызы . Биолог

  7. Құранда темір туралы . Дін

  8. Абайдың жұмбағы . Темір туралы мақал-мәтел Әдебиетші

Темір

ұйымдастыру кезеңі

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді . « Жер бетінде темір жойылып кетсе , не болады деп елестетсек , көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да , машиналарда жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер солып тіршілін жоя бастаған . Адам денесіндегі 3 грамм темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді» бұл көріністі суреттеген темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог , академик А.Е. Ферсман

group 48



Химик :

Темір кені қоры бойынша Қазақстан әлемінде 8-ші, оны өңдеуде 11 орында . Қазақстанда есепке алынған 37 кен орны бар . Темір өндіретін зауыттар : Қарағанды , , Балқаш , Өскемен , Шымкент, Павлодар түсті металлургия зауыттары бар . Темір периодтық жүйеде

4-период ,4-қатар ,8-топтың қосымша топша элементі р№ 26 т.д 0, +2,+3, кейде +6 тотықсыздандырғыш болып табылады.

Физик : Ақ түсті , металдық жылтыры бар , тоқ пен жылуды жақсы өткізетін , магнитке тартылатын , жұмсақ, созылғыш металл . Магниттік қасиеті күшті металдар : темір, никель , кобальт .

Астроном темірді ертеде «Аспан тасы »деп атаған . Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90% темір құрайды . Жер мантиясында 12%, Жер қыртысында 5 % темір бар . Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында . Күн жүйесінің орталық жұлдызын Темірқазық деп атаған .



Геолог :

Темірдің табиғи минералдары :

Fe 3O4 магнитті немесе магнетит 72 % Fe

Fe 2O3 қызыл теміртас немесе гематит 70% Fe

Fe 2O3. 3H2O лимонит 50 % Fe

Темір кендерінің үлкен қоры Уралда . Онда таулар толық темірден құралған . Қостанай өңірінде көптеп кездеседі (Соколов-Сарыбай )



Тарихшы : Темірдің ашылу тарихы : Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болған. « темір ғасыры» деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізген . Әйгілі Тайқазан 1399ж Түркістанда құйылған , құрамында 7 түрлі металл, темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар. Эйфель мұнарасы

1889жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады . Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.



Биолог : Темірдің биологиялық маңызы .

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін ұлпа, қан,ішкі мүшелерде болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды . Бұлшықет нәруызы –миоглобин , құрабында Fe +3 катионы етке қызыл түс береді . Жусан топырақта темір мөлшерін көрсететін индикатор –ашық сары түске енсе , темір мөлшерінің көп екенін көрсетеді.



Медицина : Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан , экологиялық себептерден , әлсіреу, көп қан кету т.б пайда болады. Темір қара нанда , бұршақта , сары майда , қалақайда , етте, асқабақта , итмұрын тұнбасында , қара өрікте , жүзімде, жаңғақта ,малдың бауырында жеткілікті болады. Ағзадағы темір мөлшерін көтеруге, темір изотоптары индикатор ретінде қан ауруларын анықтауға қолданылады.

Дін : Құранның 26 сүресінде темір сүресі периодтық кестедегі орнына сәйкес келеді. Бұл кездейсоқ жәйт емес . Мекедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі , оның тіреусіз қалқып тұруы магниттік қасиетіне негізделген.

Әдебиетші :

Бұл жерде біз данышпан Абайдың бір үзік жұмбақ келтірейік

Қара жер адамзатқа болған мекен ,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар ,

Солардың ең артығы немене екен ? шешуі : темір



Темірмін Жер әлемге кең таралған темірмін ,

Өндірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл патшасы боп танылдым ,

Қарапайым үйдегі тұрмыста да,



Дамып жатыр алып құрылыста .

Қорытындылау . Оқушыларды бағалау . Үйге тапсырма беру кезеңі .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет