Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т б



Дата15.04.2024
өлшемі114.84 Kb.
#498700
түріСабақ
Қазақтың ұлттық ою өрнектері


Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері
Күні : 15.02.2024
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т. б.
Мақсаты: Ою-өрнек түрлерімен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін шындау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту, қазақ тілінде айтылатын ою-өрнектердің түрлерін жаттатқызу. Қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: суреттер, фетр,тоқыма жіп,салфетка,ермексаз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:

Әрбір адам - туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.

Амандасу сәтін орындап жіберейік.Әр ұлттың қалай амандасатынын орындайық.


Сәлеметсіздерме балалар.
Бүгінгі біздің “Қазақтың ұлттық ою өрнектері” атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қош келдініздер. Қысқаша ою өрнек туралы мағлұмат берейін.
Қазақ халқы қолөнерге ерте заманнан ерекше мән беріп, оны күнделікті тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігі деп санаған. Халқымызда киіз үйден бастап, оның ішіндегі әр бұйымға дейін шебер қолөнершілердің қолымен дайындалып, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген. Бүгінгі материалда қазақша ою-өрнектерге тоқталып, олардың қандай мағына беретіні жайлы әңгімелейтін боламыз.
Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
Олардың түрлері

  • жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);

  • Өсімдік тектес ою-өрнектер

    • гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);

  • торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

    • геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);

    • зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);

    • көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).

  • қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).

Ендеше балалар алдарынызда тапсырмалар тұр,текемет тоқу керек.
Ортаға шығып қағаздан өту сергіту сәтін тренингті жасап жіберсек..
Мақсаты Ұйымшылдыққа,бірігіп жұмыс жасауға жағдай жасау мақсатындағы ойын.
Жарайсыздар. Орындарынызға отыра берсеніздер.Келесі тапсырмамыз қазандық ішіндегі сұрақтарға жауап беру керексіздер.
Балалар өте керемет осы қарқынмен келесі тапсырмамызды орындасақ.
Алдарынызда су мен салфетка тұр.Салфетканы суға салғанда ою өрнектің бейнесі шығады,сол ою өрнектің атын атау керексіздер.
Соңғы тапсырмамыз балалар ортаға шығып лабиринт жолы бойынша ыдыстағы суды төкпей ,жолдан шықпай өтуіміз керек.
Мақсаты сіздердің шапшаңдықтарынызды тексеру.
Жарайсыздар.Бүгінгі ою өрнек туралы көптеген мағлұматтар алды деген ойдамын.Біздің атымыздан кішкене сыйлығымыз бар.Осымен қазақтың ұлттық ою өрнектері атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз тәмәмдалды.Келесі кездесекенше,сау болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет