Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру,талдау, сұрақ-жауап



бет1/4
Дата21.11.2022
өлшемі27.51 Kb.
#465398
түріСабақ
  1   2   3   4
аттест Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік.Қазақ
тарихындағы ұлы шешендер мен билер.
Сабақтың мақсаты: 1)Шешендік өнер туралы толық мағлұмат бере
отырып, қазақ тарихындағы шешендер мен билердің
ұлағатты өмірін кеңінен түсіндіріп, меңгерту.
2) Оқушылардың тіл мәдениетін, ой-өрісін,білімін
дамыту.
3) Жас ұрпақты шешендікке,ұтқыр сөйлей білуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,этнопедагогика,әдептану,тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,плакаттар, портреттер,кітаптар
көрмесі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Лездеме сұрақтар.
- «Шешендік өнер» деген терминге анықтама беріңіздер.
- Шешендік өнер қандай нәрселерге негізделеді?
- Ломоносов шешенге қажетті қандай қасиеттерді айтады?
- Шешендік сөз дегеніміз не?
- Ғалымдар шешендіктің отаны ретінде қай елді айтады?
3. Жаңа сабақ.
Оқытушының кіріспе сөзі.
Ұлттық шешендік өнер тарихы сонау ежелгі сақ, ғұндардың туындыларынан, Орхон ескерткіштерінен, бер жағында орта ғасырдағы түрлі жазба ескерткіштерінен басталады. Ежелгі түркі шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Өмірде болып,кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар сақтар мен ғұндарда көп болған. Олар-Алып Ер Тұңға, Томирис (Тұмар),Атилла (Атей) т.б. Аталған көсемдердің өз елін қорғау жолында айтылған ерлік- рухтағы сөздері-ежелгі түркі шешендігінің ғажайып үлгілері.
Ұлттық шешендік өнер негізі түркі халықтарына ортақ көне түркі шешендігінде де жатыр. Көне түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгісі көрінетін Орхон ескерткішінің ежелгі қазақ жерінде жасалуы да оларды біздің халықтың иеменденуіне хақысы бар екендігін танытады.Ескерткіштегі толғау,жоқтау,мадақтаулар – шешен сөйлеу тәсілдері. Көне түркі шешендігіне «Манас» жыры мен Қорқыт ата жырлары да жатады. Шешендік өнерді ұстанған адамдарды шешен деп атаған.Шешендер көп жағдайда қазылық, билік еткен.Тарихта өткен атақты билердің барлығы-осы шешендік өнерді жетік меңгерген,біртуар жандар.Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өркенеуіне себеп болған фактор-халықтың сөз бостандығына ерік беріп,еркіндікке жол ашуы. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»-деп, сөзге тыйым салмаған,сынға ешқандай шек қоймаған. Қазақ шешендерінің болмысына ой жүгіртсек,оларда батырлық пен шешендік,ойшылдық пен көсемдік тамырласып,тұтасып жатқанын аңғаруға болады.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дәл басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып,халық жадында сақталып келеді. «Түгел сөздің түбі бір,түп атасы-Майқы би» дейтін сөз бар. «Майқы Шыңғысханның он екі биінің бірі болған» деп айтады. Бұл деректерге қарасақ,шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет