Биология сабағы 6 сынып
Бидаиқ орта мектебі Шахметова Алия Болатовна
Сабақтын тақырыбы : Гүл және оның құрылысы
Сабақтынмақсаттары:
Білімділік: Гүлдің жабықтұқымды өсімдіктердің генеративті мүшесі ретінде оқушылардың білімін тереңдете қалыптастыру;
оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру, гүл мүшелерінің биологиялық маңызын ашу;
даражынысты және қосжынысты гүлдердің, бір және екі үйлі өсімдіктер туралы түсінік беру.
Дамытушылық : Э О жұмыс істеуді ары қарай жетілдіру,негізгіні табу, салыстыру, есте сақтау, зейінділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өздік жұмыс арқылы пәнге, білімге қызығушылығын тәрбиелеу, бір бірін мұқият тыңдауға , жылдамдылыққа баулау.
Сабақтын түрі:Жаңа тақырыпты оқып білу
Әдістері: Интерактивті оқыту әдіс, ауызша-көрнекілі әдіс.
Көрнекіліктер:Э О,интерактивті тақта.
Сабақтын барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі : сабақтын мақсатымен, міндеттерімен таныстыру
мұғалім: Генеративті мүшелерге қандай мүшелер жатады?
оқушылардың жауаптары ( гүл,тұқым, жеміс)
мұғалім:Біз бүгінгі сабақта гүл туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсындар, алдарымызда қандай мақсаттарымыз тұр? Ойластырыңдаршы.
Оқұшылардың жауаптары ( гүлдің құрылысымен,ерекшіліктермен танысамыз)
Мұғалім сабақтын мақсаттарымен,оқушылардын міндеттерімен толық таныстырады.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Мұғалім оқушылармен әңгімелеседі ( әңгіме барысында оқушыларға бөлмедегі гүлдерді көрсетіп әңгімесін жүргізеді)
-Гүлдің құрылысымен толық танысу үшін Э О -ғы ( 4 -ші модульда берілген) гүлдің сызбасына және гипертекстке оқушылардын назарын аударады
-мұғалім гүлдің мүшелерін берілген сурет арқылы көрсетіп, гипертекстте берілген ақпаратты талдайды, яғни гүл мүшелерінің ерекшеліктермен, қызметтерімен таныстырады.
3 Иинтерактивті тақтамен жұмыс және білімді алғашқы рет бекіту: Интерактивті тақтада флипчарт ашылады. Оқушылар мұғалім айтқанын, Э О көргенін кестеге еңгізеді
Оқушыларды 3 қатарда отырғандықтан 3 топқа бөледі. Берілген уақытта (5 мин) оқушылар тақтада берілген
тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды.( кітаптарын жаппауға болады)
1-ші топтың тапсырмасы:Кестені толтыру( жеңілдеу деңгей)
гүлсерік
|
Жай гүлсерік
|
Қос гүлсерік
|
сипаттамасы
|
|
|
өкілдері
|
|
|
2-ші топтын тапсырмасы:
Аталық бөлігі
|
Суреті( сызбасы)
|
маңызы
|
Құрылысының ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-ші топтың тапсырмасы:
Аналық бөлігі
|
Суреті(сызбасы)
|
Маңызы
|
Құрылысының ерекшелігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Білімді және екпілікті бекіту:
1. Оқушылардың кітаппен өзіндік жұмыс. Оқулыктын мәтінімен қолданып сұрақтарға ауызша жауап беру.
А) Қандай өсімдіктер бірүйлі және екіүйлі деп саналады?
Б) Дұрыс және бұрыс гүлдер деп қандай гүлдерді атаймыз?
2. Э О -тың 1-ші тапсырмасын орындау
5. Үй жұмысы:(тақтаға жазылған)
-
27-ші тақырыпты оқу, негізгі терминдерді білу.
-
Гүлдің құрылысын суреттеп, оның бөліктерін жазу.
-
Шығармашылық тапсырма. « Гүлдің құрылысы» деген биологиялық конструкторды жасау( Қатты түрлі түсті қағаздан 6 күлте жапырақшаның бұлдыр кескінін ( силуытын) жасау;жасыл картоннан-6 тостағанжапырақша; сары, қоңырдан – 12 аталықпен аналықтарды; ермексаз. Гүлді құрастыру үйреніңдер.)
Достарыңызбен бөлісу: |