Сабақтын тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2016
өлшемі406 Kb.
#185706
түріСабақ
Ашық тәрбиелік сабақ

3 – сыныптар арасында

тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Қазақ тілі пәнінің мүғалімдері: Бегалина.Г.А

Астана 2013 ж



Сабақтын тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың мақсаты:

1. 22 Наурыз мерекесімен ата – аналарды құттықтау, мектеп, ата-ана, ұстаз, оқушы байланысын нығайту.


2. Оқушылардың тілін, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.

3.Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтада слайд, киіз үй дастархан мәзірі,шарлармен безендірілген, мерекелік газеттер,сурет көрмесі,үнтаспа,асықтар,сыйлықтар.

Интерактивті тақтадан слайд шоу, Р.Рымбаеваның орындауында «Наурыз» әні тыңдалады.



Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Наурыз келсе құт келгені,халайық!

Шашу шашып ел боп қарсы алайық!

(шашу шашылады )



Құрметті қонақтар,оқушылар

Наурыз тойы- мереке,

Жаңа жыл – береке болсын!

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын,

Наурыз мерекесі құтты болсын!

(Қол шапалақтал,қошемет!)

Бөлменің іші мерекеге байланысты безендірілген

Киіз үй,ақ дастархан мерекелік ас мәзірімен жасақталған,жайлап Құрманғазының күйі орындалып жатыр.Есік алды у-шу думан той басталып кеткен.

Бұл- Аманкелді ауылы.Қаладан немерелері, қонақтар келген еді.Осы кезде дабырласып екі - үш бала шығып,жаршыларға таяп қол алысып,төс қағысып сәлемдеседі.

-Амансыңба,Ұлыс оң болсын!

-Ақ мол болсын!

-Қайда барсаң-жол болсын!

-Ұлыс бақты болсын!

-Төрт түлігі аман болсын!



1-ші жаршы:Жаңа жыл басымен,жаңа күнмен кұттықтап амандасқандарыңа рахмет.Наурыз күнгі дәстүрлі амандасудың ретін ата-аналарыңнан жақсы үйренгенсіңдер!

Дегенмен,көктемнің бұл тамаша мерекесіне жаңаша,мынау шәкірттік,мектеп өміріне лайықты амандасуды да ойластырсақ қайтеді.(оқушылар өзара ақылдасып,сәлден соң).

-Ұлыс бақты болсын.

Әр күніміз жақсы болсын;

-Достығымыз берік болсын!

-Ұлыс оң болсын!

Бестік баға мол болсын:

1-ші:Ана жақта неткен шу?

Келе жатқан кімдер екен?

2-ші жаршы: (қуанып) О-О! «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар»

Ардақты Наурыз тойы құтты болсын!

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрін жегің!



Алдар Көсе: Мен Алдармын Алдармын

Досымын адал жандардың

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым!



Тазша бала:Туа салып атандым, Тазша бала,

Мендей аңқау болмас басқа бала

«Наурыз тойы өтеді»дегенді естіп,

Көк есекпен желдіреттім жаста бола.



Қожанасыр:Алдеке,мереке ұзаққа созылатын түрі бар,бәрін тамашалауға уақыт жетсе жарар еді......

Алдар: Уақыт жетеді.Бүгінгі тәуліктің уақыты 25 сағат емес пе?

Қажанасыр: (танданып) Қалайша?24 еді ғой....

Алдар:Кеше Наурыз келді,енді күн бір сағатқа ұзарды-деген емес пе?Бір сағат ұзарса-25 болмай қанша болушы еді?!

Қожанасыр: Манадан бері бір хан иістің мұрнымды жарып бара жатқаны.....

Көжелерің неше түрлі тағамнан пісіріліп жатыр?



1-ші жаршы:Оны көжешіден сұрайық!(қолында ожауы бар,алжапқыш киген бір бала шығады)Ол – көжеші.

2-ші жаршы:Көжеші,келген қонақтар сенің той қазанға қанша дәм – тағам салғаныңды білгісі келеді.

Көжеші: «Ұлыс күні қазан толса,бұл жылы ырыс мол болар» дегендей Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым.Олар:сүт,сүр ет,сүзілген құрт,тары,тұз,су.

1-ші жаршы:Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар!

(Ұлттық киім киген екі қыз бала тостағанмен отырған,тұрғандарға көжені ұсынады)

Тазша бала:Сәулесі бар Наурыздың таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам,сан ғұрыптың

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің!



Қожанасыр:Ия, «Ұлыс күні алдыңа келсе,атаңның да құнын кеш»-деген.

Алдар: «Жақсылыққа – жақсылық жай адамның ісі.Жамандыққа – жақсылық ер адамның ісі»,тіпті «Таспен атқанды,аспен ат» дейді халық. Наурыз күні бір-біріңе ренжіген,көңілдерің қалған кез болса,бәрін ұмытып,жаңартып,табысатын күн.

2-ші жаршы;Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзелсін бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз- жыл басы!



1-ші жаршы:Кел,балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық,



Қазақтың ұлттық ойындары:Асық,топай,арқаламақ,алтын сақа,бес тас ойындары ойнатылады.(сыйлық беріледі)

2-ші жаршы:Наурызға қатысқандарға сауалдар, жұмбақтар айтады.(белсенділерге «Көңіл ашар»сыйлық беріледі)

Тойды концерттік бағдарлама жалғастырады.

Мереке соңы «Қара жорға» биімен аяқталады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет