48
- тыңдаушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Басқарудың жоспарлық-болжамдық функциясын орындау мұғалімнен
келесі дағдыларды талап етеді:
- педагогикалық қызметтің дамуын болжау;
- білім беру мекемесінің даму стратегиясына сәйкес дайындалған өз іс-
әрекеттері мен білім алушылардың іс-әрекеттерінің мақсаттарын жоспарлау;
- кәсіби қызметке тән құжаттарды әзірлеу, оны пайдалану;
- техникалық құралдарды пайдалану (әсіресе компьютер).
Басқарудың
ұйымдастыру-орындаушылық функциясын жүзеге асыру үшін
мұғалім:
-
білім
алушылардың
бірлескен
жұмысын
ұйымдастыру
әдістерін,тәсілдерін, технологияларын қолдануды;
- өз қызметін ұйымдастыруды (өзін-өзі басқару);
- бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда
ойын әдістерін қолдануды;
- қойылған мақсаттарды іске асырудың барлық түрлері бар ресурстарын
тарату және бағалауды білу керек.
Басқарудың реттеу-түзетушілік функциясын жүзеге асыруда мұғалім
келесі дағдыларға ие болу керек:
- білім алушыларға жүктелген міндеттердің орындалу барысын қадағалау;
- білім алушылармен кері байланыс жасау;
- жоспарланған оқыту мақсаттарын жүзеге
асыру кезінде ауытқудың
себептерін талдау;
- жоспарланған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім алушылардың
оқу іс-шараларына қажетті түзетулер енгізу;
- білім алушылардың жұмысын қорытындылау.
Осы айтылғандар негізінде болашақ педагогтың басқару функциялары
ақпараттық-аналитикалық,
мотивациялы-мақсаттық,
жоспарлы-
болжамдық, ұйымдастырушы-орындаушылық, реттеуші-түзетушілік деп
тұжырымдаймыз.
Педагогтың басқарушылық іс-әрекетінде оқушылар ұжымын және ата-
аналардың педагогикалық білімінің дамуын басқару міндеттері де жүзеге
асырылады. Мұғалімнің міндеті –
оқушының дамуының мәнін, оны
қалыптастырудың көздері мен механизмдерін, даму үдерісін басқарушылық
қабілеттілігін зерттеу. Болашақ педагогтың жұмыс тәжірибесіне жүргізілген
зерттеулер, яғни оның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру (атап
айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,
олардың дамуын, т.б
басқарушылық) болашақ педагогті басқарушылық қызметке арнайы
дайындаудың маңыздылығын растауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын
қорытынды болашақ педагогтың
басқару іс-әрекетінің нысаны оқушының
тұлғасын дамыту, сынып, сабақ үдерісі болыптабылады.
Болашақ педагогтың осы оқу үдерісі субъектілерін басқару құзыреттілігін
қалыптастырудың құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында оның
Достарыңызбен бөлісу: