«Бекітемін» Келісемін: Қаралды:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: «РИЛ»ӘБ жетекшісі:
________Садуова Б.Т. ________ Баймульдинова Г.Е. ________Жапарханова Г.Б.
Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған
«ENGLISH BY HEART»
таңдау курсы
Құрастырған:
Потанин жалпы орта жалпы білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Талғат Гүлназ Талғатқызы
2014 – 2015 оқу жылы
Кіріспе сөз
« Қазақстан бүкіл әлемдегі халқы үш тілді пайдаланатын,
мәдениетті елі ретінде танылуға тиіс.
Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық
қатынас тілі, ағылшын тілі - жаhандық экономикаға
ойдағыдай кіру тілі».
Н.Ә.Назарбаев
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.
Ағылшын тілінен
«English by heart» таңдау курсының бағдарламасы
5 сынып
Түсінік хат
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсу жолында, мектептерде ағылшын тілін оқыту жолға қойылды. Осыған байланысты ұлттық білім жұйесіндегі өзгерістер мен талаптарға арналған “Ағылшын тілін оқыту ” таңдау курсы 5 сыныпта сабақтан тыс, аптасына 1 сағат , барлығы 34 сағат жүргізіледі. 5 сыныпт ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі – оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларды сөйлемді түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерге ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдиниетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен ерекшеленеді.
Бұл бағдармала бойынша бағасыз оқу тәсілі қолданылады да, жарты жылдық сайын сынақ алынады. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |