- ҚҰҚЫҚТЫҚ
- САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН
- ТАЛАБЫ
-
- Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
- Тәртіпті - елдің ұлы.
- Бауыржан Момышұлы
- Білімді, әділ, парасатты, жігерлі
- болашақ маман иесін тәрбиелеу.
- “Құқықтық сауаттылық – заман талабы”
- Тәрбие сағатының мақсаты – Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру
- 1.Ұрлық түбі..........................................(қорлық)
| - 2.Біреуге ор қазба.......................................(өзің түсесін)
| - 3.Заңның құрығы........................................(бәрінен ұзын)
| - 4.Өтірікшінің құйрығы...............................(бір-ақ тұтам)
| - 5.Тура биде.................................................(туған жоқ)
| - 6.Туғанды биде..........................................(иман жоқ)
| - 7.Қолыңмен істегенді.................................(мойыныңмен көтер)
| - 8.Еңбек түбі.................................................(зейнет)
| - 9.Ақырын жүріп..........................................(анық бас)
| - 10.Тәрбие.................................................(отбасынан басталады)
| - 10 бап.
- Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы.
- 1.Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
- 2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
- 9-бап.
- Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы.
- Әрбір бала туған сәттен бастап аты-жөні, ұлты және азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. Тегіне, нәсіліне, қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулығына, ата-анасына қатысты өзге де мән –жайларға қарамасатан барлық бала тең құқыққа ие.
-
- 11-бап.
- Әрбір бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
-
- 16-бап.
- Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.
- Балалар 14 жастан бастап ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына, дене бітіміне, өсіп-жетілуіне, психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар.
- Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға тыйым салынады.
- Жұмыс істеу оқу үрдісін бұзбауға тиіс.
- Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез-келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады. Осының ішіне баланың негізгі құқықтары кіреді.
-
-
Достарыңызбен бөлісу: |