«Салғастырмалы грамматика»


а т есімнің сөзжасам жүйесі (Система словообразования имен существительных)



бет6/11
Дата30.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#168561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3 а т есімнің сөзжасам жүйесі (Система словообразования имен существительных)

Қазақ тілінде зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.



  1. Лексикалық тәсіл аркылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, кірме зат есімдер, суистантивтекген зат есімдер жатады.

  2. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге екі не одан да көп түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы және лексикалану негізіпде пайда болған к^пггеді зат есімде" жатз^ы.

  3. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге басқа ; сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды зат есімдео жаталы.

Қазак тілінде зат есім зат есімнен, сондай-ақ өзге сөз тапта-рынан тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Зат есім жасайтын өнімді жүрнақтар төмендегідей:

  1. Кәсіп иелерінің, мамандықтардын атауларын, адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіретін зат есімдер -шы-ші жүрнағы арқылы жасалады: тарихшы, өсекші т.б.

  2. -Шылық-шілік жүрнағы: адамшылык, тіршілікт.б.

Кейде -шылық-шілік жүрнағы жеке-жеке бөліне алатын дара жүрнақтар ретінде жүмсалады: -шы-лық, -ші-лік: егін-ші-лік, бас-шы-лық т.б.

  1. Абстракт үғымды атау сөздер, деректі зат есімдер, мекендік, мезгілдік, сандық, мөлшерлік мағыналарды білдіретін зат есімдер -лық-лік, -дық-дік, -іпық-шік жүрнақтары арқылы жасалады: туысқандық, өсімдік, жүздік т.б.

  2. -ыл-іл, -л жүрнағы арқылы: қаңқыл, гүріл т. б.

  3. -гар-гер, -қар-кер жүрнагы арқылы: айлакер, саудагер т.б. Есімдерден зат есім жасайтын өнімсіз жүрнақтарға мыналар жатады:




  1. -дақ-дек, -лақ-лек, -тақ-тек: тоқылдақ, шіңкілдек т. б.

  2. -кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан жүрнақтары: өнерпаз, жемқор, арбакеш, шайхана, Тәжікстан т. б.

  3. -т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -паң, -қал жүрнақтары: қырат, шатқал, шөлейт т.б.

Төмендегідей өнімді жүрнақтар арқылы етістіктерден зат есімдер жасалады:

1. -ма-ме, -ба-бе, -па-пе жүрнағы арқылы: тжіме, тапсырма т.


б.

2. -м, -ым-ім жүрнагы арқылы: білім, бие сауым т.б.


-'. -қы-кі, -гы-гі жүрнағы арқылы: сүзгі, шапкы т.о.

  1. -ыс-іс, -с жүрнағы арқылы: үрыс, айтыс, бекініс т.б.

  2. -у қосымшасы арқылы: байқау, ауру т.б.

  3. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек қосымшалары арқылы: тарақ, бүйрық т.б.

/, -һпіды -інді -нды. -нді косымщалапы -ын жане -ды гЬопма-ларынан қүралған қүранды жүрнақ: жуынды, ертінді т.б.

8- -гыіи, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -гаш, -геш) жүрнақтары апкылы: сьшыигыш. баскыш т. б.



  1. -ыш, -іш, -ш жүрнақтары арқылы: өкініш, жубаныш т. б.

  1. -уыш, -уіш жүрнақтары арқылы: туйреуіш, баяндауыш т. б. Етістіктерден мына өнімсіз жүрнақтар арқылы да зат есімдер жасалады:

-мац, -мек, -бац, -бек, -пац, -пек жүрнағы арқылы: піспек, цыспац т. б.

-сып -сін жүрнағы арқылы: бөгесін, бүрцасын т. б. -мыс, -міс, -мыш, -піш: цылмыс, жазмыш т.б. -мал-мел жүрнағы: туиемел, орамал т.б. -ман, -мен, -бан, -бен: аларман, шабарман т.б. -р, -ыр, -ір, -ар, -ер: уңгір, шуңцыр, кәмір т.б. -ыт -іт, -т: бөгет, ишбыт т.б.

-уыл -уіл формасы және -ыл қосымшаларынан қүралған: царауыл, шабуыл т. б. -цын, -кін, -гын, -гін: тасцын, шалгын т. б. -асы -сі: шыгасы, бересі т. б. -ын -ін, -н: серпін, жиын, цорган т. б.

-уір, -а, -е: атпацыл,

  1. -шац -шек: бөлшек, мацтаншац т. б.

  2. -ашац -ешек: алашац, кәрешект. б.

  3. -пацыл, -мекіл, -мацыл, -пекіл, -уыр, шымшыуыр, суңгуір, жара, куйе т. б.

Қазақ тілінде жаңа сөз тудырмай, сөздерге әр қилы эмоция-лық әсер, экспрессивтік рең үстейтін, қосымша семантикалық мағыналар жамайтын төмендегідей жүрнақтар бар: 1. -еке, -ца, -ке: аіпеке, шешекет.б.

-й: апай, әкей т. б.

-тай: агатай, цалцатай т, б.

-жан: көкежан, атажан т. б.

-цан: балацан, ботацан т. б.

гиекеи т. о.

-иіац -шек: інішек, цулыншаці. б.

-шыц шік: тобешік, цатиыц т. б.

-ша ше: кітапша, әгізше т. б,

-ш: Сәулеш, Төлеш т. б.

-сымац: ацынсымац, куйеусымац т. б.

-шыгаш -шігеш: байшігеш т. б.

Орыс тілінде зат есім көбінесе жүрнақ арқылы жасалады. Орыс тілінде сөзжасам жүйесі тек категориясы, септік категориясы, жекеше, көпше формалар сияқты грамматикалық категориялармен тығыз байланысты. Мысалы, спутник -ник жұрнағы ер тегі (м.р.), жекеше форма, Атау септіктің (Именительный па-


деж) көрсеткіші, ал спутница - әйел тегі (ж.р.), жекеше форма-
дағы, Атау септіктегі (Именительный падеж) -ница жұрнағы
арқылы жасалған. Осыған байланысты орыс тілінде зат есімдер
ер адамдар мен әйел адамдардың аталуын білдіретін болып екі
топқа бөлініп, орқайсысының жасалу жолы төмендегідей топта-
стырылады:
I. Кәсіп иелері мен мамандық атауларын, жалпы адамға

байланысты атауларды білдіретін зат есімдер былайша

жасалады:

1. -щик -щица, -чик -чица, -ник, -ница, -ичка, -ец, -к, -телъ -


тель - ница, -ист -ка
жүрнақтары арқылы. Мысалы: летчик
- летчица, комсомолец
- комсомолка, учителъ - учительни-
ца, связист, идеалист, идеалистка
т.б.

2. Мекенжайға байланысты адам атауларын білдіретін зат
есімдер -ец, -ка жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: ал-
маатинец
- алмаатинка т.б.

  1. -тор -атор, -ор, -ер кірме жүрнақтар арқылы. Мысалы: диктатор, прокурор. Бүл жүрнақтар арқылы жасалған зат есімдер ер тегінде (мужской род) қолданыла береді, бірақ кондуктор+ша, лифтер+ша деген зат есімдерді есте сактаған жөн.

  2. -ик-к кірме жүрнағы арқылы. Мысалы: техник, физик, ака-

і/сииіЧ і.и. и^л /гү у рпагч аргчгллгм /іүаСалгагі оаі ииішДердііі

кейбіреулері ғана әйел тегінде (женский род) қолданылады. Мысалы: химичка, шехничка т.б.



5. -ак-як, -анин-янин -чанин, -ин, -ач, -арь, -енок, -чонок, -ыш, -
еныш, -ич, -ович
онімсіз жүрнақтары. Мысалы: парижанин,
бедняк т.б. Әйел тегіндегі (женский род) зат есім -ка
жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: москвичка, беднячка
т.б.

7. -ач, -яч, -ак, -як жүрнақтары арқылы: ткач, рыбак т.б. Әйел тегінде (женский род) -ка, -иха жүрнақтары қосылады. Мы



8. -енок, -чонок жұрнақтары арқылы. Мысалы: ребенок, маль-чонок т.б.

II. Жан-жануарлар атауларын білдіретін зат есімдер жасай-


тын жұрнақтар:

  1. -гща, -иха. Мысалы: курица, медведица, зайчиха.

  2. -ок, -ек, -ик, -чик, -ак, -як, -ец. Мысалы: хорек, гусак, хомяк т.б. Бұл жұрнақтар арқылы жасалган зат есімдердің әйел тегінде (женский род) ьш формасы көбінесе кездеспейді, бірақ гусыня деген зат есім формасын есте сақтаған жон. Кейбір әйел тегі (женский род) формасындағы зат есімдер -ка жұрнағы арқылы жасалады: белка, чернобурка, курсант-

ка т.б.

  1. -онок-чонок; -ыш: зайчонок, верблюжонок, гаденыш т.б.

  2. -юк, -арь, -ух: индюк, глухаръ, петухт.5.

  3. -ко, -ка, -енка, -анка, -янка. Мысалы: буренка, гнедко т.б.

III. Заттьвд атауын білдіретін сөздер тәмендегідей
жүрнақтар арқылы жасалады.

  1. -ник, -лъник, -щик, -чик, -тель, -лка, -ло, -тор, -атор: будиль-ник, передатчик, двигатель, веялка, косилка, ингалятор т.б.

  2. -ик, -ник, -овик, -ница: грузовик, салатница, чайникт.6.

  3. -ня, -лъия, -ка, -(н)ица, -ник: читалъня, красилъня, темница, телятник т.б.

  4. -ок, -ек, -ие, -ъе: переулок, перешеек, взморъе, подножие т.б.

  5. -ина-ина: долина, перекладина т.б.

  6. -ище, -лище, -бище, -ъе, -ие: сборище, пастбище, кочевъе т.б.

  7. -ов (ник), -ина, -ина, -ика, -ица: шшшвник, клубника, сморо-дина т.б.

  8. -ина, -атина, -ятина ~ ет атауларын білдіретін зат есімдер: баранина, телятина т.б.

  9. Іс-қимылдыц аяқталуы нәтижесінде пайда болған зат атау-лары -ок жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: огрызок, ос-таток т.б.

  10. Іс-қимыл атауын білдіретін ырықсыз есімшеден (страда-тельное причастие) жасалған зат есімдер -ка жүрнағы аркылы жасалады. Мысалы: клеенка, стеганка т.б.

11. Топталған, ұсақталған зат атауларын білдіретін сөздерден
жасалған зат есімдер -ина жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: горошина, льдина т.б.

  1. Заттың шығу тегін, сапасын білдіретін зат есімдер -ник, -анка жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: сырник, ов-сянка т.б.

  2. Ғылыми терминдер -ит кірме жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: бронхит, метеорит т.б.

  3. Сан атауларын білдіретін зат есімдер -ка жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: двойка, двадцатка т.б.

IV. Дерексіз зат есімдер жасайтын жүрнактар төмендегідей:

  1. -ние, -нье, -ание, -ение, -ование, -анье: хождение, просвеіце-ние, умничанье.

  1. -ка, -ба: варка, рубка, резьба т.б.

  2. -овка: грунтовка, фасовка т.б.

  3. -тие (чпье, -тьё): мытъе, открытие т.б.

  4. -еж, -ёжка: грабеж, дележка т.б.

  5. -ня, -от, -ет, -отня: брехня, шепот, трескотня, лепет т.б.

  6. -тельство: свидетельство, доказателъство т.б.

  1. -ация, -яция, -фикация: акклиматизация, электрификация т.б.

  2. -ость, -естъ, -емость: старостъ, смелость, сплоченностъ т.б.

  1. -ство: упрямство, детствот. б.

  2. -ие, -ье: веселье, остроумиет.б.

  1. без-, не- сөз алды қосымшасы (приставкасы) мен -ица жүрнағы арқылы. Мысалы: безработица, небылица.

  1. -ота, -ина: вышина, высота т.б.

  2. -изна (-изна): крутизна, дороговизна т.б.

V. Рухани, саяеи кезқараетар, әлеуметтік мәртебені
білдіретін зат есімдер мен ғылыми терминдерді
білдіретін зат есімдер жасайтын жүрнақтар:

  1. -ство (-ианство, -янство, -чество): кантианство, гегелъян-ство, народничество т.б.

  2. -изм: футуризм, империализм, планеризм т.б.

  3. -іцина: казенщина, Черниговщина т.б.

VI. Топтау мағынада қолданылатын зат есімдерді жасайтын

-цгл/гтп ь-тяп*

1 ■ -ство, -есіпво: человечество, правителъство т.б. 2. -ъе, -ня: бабье, родня т.б.


  1. -ура: профессура, магистратура т.б.

  2. -ат: деканат, секретариат т.б.

VII. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жүрнактар:

  1. -ка, -енка, -енька, -онъка, -очка, -еночка, -оночка, -ушка, -юшка, -ица, -ичка, -урка: ножка, реченъка, девонъка, кадоч-ка, матушка, дядюшка, водичка, водица, дочурка т.б.

  2. -ок, -ек, -ик, -чик, -ец, -шек, -шок, -ышек, -очек, -ечек, -еночек: глазок, чаек, часик, малъчик, супец, камек, воробы-шек, ребеночек т.б.

  3. -ко-ко, -ечко-ечко, -це, -цо, -ышко-ушко: ушко, крылечко, зеркальце, словцо, перышко т.б.

  4. -ёнко, -онка, -ушка, -юшка, -шика, -ашка, -ешка, ёшка, -ка, -ишко: девчонка, лошадёнка, избушка, картишки, рыбёшка, Ванъка, голосишко т.б.

5. -тца, -ища, -ина, -шце: силища, холодина, носище т.б.
Алайда бүл жүрнақтар жаңа зат есімдер жасамайтынын, тек

реңк мәнін тудыратынын ескерген жөн. Бүл ойды К.С.Аксаков, А.А.Шахматов сиякты тіл білімінін белгілі ғалымдары өз еңбектерінде ерекше атап еткен'.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.


7 тақырып: Сын есім.

Дәріс жоспары:
1. Шырай формасы.

2. Сын есімнің септелуі.

3. Сын есімдердің жасалу жолдары.

Мақсаты: . Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

Екі тілдегі сын есімнің септелуі. Сын есімдердің жасалу жолдары



Мазмұны: Екі тілде де заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сиякты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалык сөз табы сын есім деп аталады.

Қазак тіліпде сык есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарганда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім кептік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнін түлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай загты сыр-сипат жағынан анықтайды, бірақ ол анықтауыш қызметін атқарып түрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Мы-

Ал орыс тілінде сын есім анықталатын зат есім мен бірдей өзгеріске үшырайды, яғни көптеледі, септеледі, тек (род) категориясы бойынша өзгереді. Мысалы: каменный дом - ка-иенные дома, каменным домам; болъшая комната т.б.

Қазақ тілінде зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге қажетінше жалғана берумен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге де жалғана береді. Мысалы: Үлкенге улкенше, кішіге кішіше кызмет ет.

Сын есім мен зат есімнің тіркесі қазақ тіліне изафет тіркесі ретінде беріледі. Мысалы: морская вода - теңіз суы.

Қазақ тілінде сын есім зат есіммен тіркескен жагдайда үнемі зат есімнің алдында түрады. Мысалы: әдемі гул.

Орыс тілінде сын есім зат есімнен кейін де, алдында да түра береді. Мысалы: доска ровная, ровная доска.

Екі тілде де сын есім семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық сын есім деп екі топқа топтастырылады.

Сапалық сын есімдер дегеніміз мағынасы жағынан зат-тын әр алуан сыр-сипатын, яғни түрі мен түсін, сыры мен сапа-сын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздер.

Сапалық сын есімдер ешбір қосымша формалар жалғанбаған түбір сөздер деген пікір қалыптасқан. Бірақ А.Ысқақов кейбір түбір соз деп қарастырып келген сын есімдер тарихи даму түрғысынан қарағанда тиісті қосымшалар арқылы не басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып ке-леді дейді1. Мысал ретінде мына түбірлес сөздерді келтіреді: узын — узаң, улкен — улкейген, ащы — ашыган, момын — момакан,

Орыс тілінде сын есімдердің өздеріне тән, оларды баска сөз таптарынан ерекшелейтін форманттары бар. Мысалы: боль-шоіі, хороишй, лучшнІі, тяжелый т.б.

Екі тілде де сапалык сын есімдерге інырай формалары тән. Мысалы: әдемі - әдемілеу - өте әдемі; красивый - красивее ~ очень красивый т.б.

Орыс тілінде сапалық сын есімдердің толық (полная) және ықшамдалған (краткая) түлғалары бар, ал қазақ тіліндегі сапалық сын есімдерге ықшамдалған тұлға тән емес. Орыс тіліндегі сапалық сын есімдердің толық түлғасына -ый, -ой, -ий, -ая, -яя, -ое, -ее жалғаулары жалғанып, көптеледі, септеледі, тек категориясы бойынша өзгереді. Ал ықшамдалған түлға септел-мейді, бірак көителеді, тек категориясы бойынша өзғереді, ал ер тегінде (мужской род) жалғау жалғанбайды. Сын есімнің бұл түрі сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: белый, -ая, -ое, -ые және бел, бела, бело, белы т. б. Он был очеиъ красив. Она была мила.

Сапалық сын есімдердің ықшамдалған түлғасы былайша жасалады:

а) толық түлғаға тек категориясы жалғауларының жалғануы арқылы. Мысалы: полный - полна, полно т.б.; ә) кейде о-е дауыстыларының морфема жігінде алмасуы арқылы. Мысалы: близкий - близок, бойкий - боек т. б.

Сөздің түбірі к дауыссызына аяқталып, ақырғы дауыс-сыздың алдында щипящий немесе жіңішке дауыссыз тұрса, жүрнағының алдында дауыстысы келеді. Мысаяы.сильнъш -силен, оольнои — оолен т.о.

Ал кислый - кисел, острый - остер, светлый - светел, теплый - тепел, хитрый - хитер деген сын есімдерден басқа р, л дауыс-сыздарына аяқталатын сөздерде о-е дауыстыларының алма-суы кездеспейді. Мысалы: добрый - добр, круглый - кругл т.б.

Орыс тіліндегі сын есімдердің кейбіреулерінде ықшамдалған түлға жоқ. Ондай сын есімдерге мыналар жатады:

а) -ск, -ов, -н жүрнақтарынан түратын етістіктерден жұрнағы
арқылы жасалған сын есімдер: дохлый, т. б.;

ә) жан - жакуарлардың түр - түсін білдіретін сын есімдер: бу.ш-ный, вороной т.б.;

б) күшейтпелі мағына үстейтін пре-, раз- сөз алды қосымшалары
(приставкалар) арқылы жасалған сын есімдер: предобрый, пре-
болъшой
т.б.

Сын есімдердің толық түлғасы мен ықшамдалган түлғасының лексикалык мағынасы кейде бір-біріне сейкес кел-мейді. Мысалы: видный - виден, волъный - волен т.б.



Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттын я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атай-мыз. Екі тілде де қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады, яғни катыстык сын есімдер туынды сын есімдер тобына жатады. Мы-салы.' с\'лы жер — водная местность, облыстық әкімшілік об-ластной акимат т.б.

Бірак қазак тілінде кейбір қатыстық сын есімдер қосымшасыз, зат есім арқылы беріледі. Мысалы: темір қасьщ - железная ложка, агаш уй - деревянный дом т.б. Бұлар тектік сын есімдер деп аталады. Өйткені олар заттың тегін (неден жасалғанын) білдіреді.

Орыс тілінде кейбір қатыстық сын есімдер сапалық мағынаны да білдіре алады. Мысалы: золотое колъцо — золотая пора - золотое сердце т. б.

Қазақ тілінде де осындай құбылысты байқауға болады. Мысалы: темірдей қатты агаш - темір кереует, алтын сырга - аліпын адам т.б.

Сапалык сын есімдер мен қатыстық сын есімдердің тағы мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн: а) сапалық сын есімдер антонимдік жұп құрай алады (жақсы - жаман, улкен - кіші, хороший - плохой, болыиой - маленький), қатыстық сын есімдерде бұндай қасиет жоқ;

ә) сапалық сын есімдер заттың сапасының, сынының әртүрлі реңін білдіре алады, яғни шырай жасай алады (одемі - әдемілеу, өте әдемі, красивый - красивее - оченъ красивый).

Орыс тілінде қатыстық сын есімдердің мекшіктік мағына білдіретін притяжательные деп аталатын түрі бар. Бұл сьщ есімдер меншіктілік мағына білдіреді, соңдықтан қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім, изафет арқылы беріледі. Мы-салы: мамино платье - шешемнің көйлегі, студенческие вече-ринки - студенттердің кештері т.б.

Меншіктік мағына білдіретін сын есімдер (притяжатель-ные прилагательные) орыс тілінде зат есімдерден -ов-ев, -ин-иин, 'Чй-ья-ье журнақтары арқылы жасалады. -Ин-нин, -ое-ее о жұрнақтары арқылы жасалатын меншіктілік сын есімдер үнемі Ыкпіамдалған тұлғада тұрады. Мысалы: мамин брат, дядина машина т.б. Егер бұл сын есімдерді толық тұлғада қолдансақ, меншіктілік мағынасын жоғалтады. Мысалы: орлиный нос, сло-новая кость т.б.



-Ий, -ья, -ье жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер көбінесе қатыстық сын есімдерге жакын мағынаны білдіреді. Мысалы: бараний жир, лисий хвост т.б. Бұл мағына қазақ тілінде изафет арқылы беріледі: қус тумсық, қой майы, тулкінің қуйрыгы, піл суйегі.

Шырай формасы(Степени сравнения)

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сын есімдерге шырай формасы тән дедік. Бірақ шырай формасына байланысты айыр-машылықтар да баршылық.

Қазақ тілінде кейбір мағынасына қарай және топтау ба-рысында бір топқа жататын сан есімдердің кейбіреулерінің шы-рай формасы бар, ал кейбіреулерінде жоқ. Мысалы: саңырау -саңыраулау, қисьщ - қисықтау, ал соқыр, бойдақ деген сын есімдердің шырай формасы жоқ.

Салыстырып отырған тілдерде шырайдың үш түрі де :•. кездеседі:

а) жай шырай (положительная степень);
ә) салыстырмалы шырай (сравнительная степень);

б) күшейтпелі шырай (превосходная степень).

Заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, сал-мағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарыи білдіретін сапалық сын есім жай шырай (положительная сте-пень) деп аталады. Жай шырай формасы шырайлардың баска түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады. Мысалы: жылы уй (теплын дом), әсем сурет (прекрасный портрет) т.б.

^_ алыстырмалы шыраи (сравнительная степень^ иір зат-тың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстыры-латын белгілердің бір-бірінен не кем, не артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тұлғасы, негізінен, жұрнақтар аркылы жасалады.

Қазақ тілінде салыстырмалы шырай тудыратьш жүрнақтар төмеидегідей:

а) -рақ-рск; -ырақ-ірек: көгірек, жасылырақ т.б.;

ә) -лау-леу; -дау-деу; -тау-теу: улкендеу (бірақ үлкенірек), қаттылау (қатқыл, сонда «қыл» мен «лау» синонимдес болып ціығады);

б) -қыл, -гыл, -қылт, -гылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң, -гыш:


дымқыл, көкшіл, саргыш
т.б. Мынадай тұлға да кездеседі:
шзгылтьш, ашқылтым.

Орыс тілінде салыстырмалы шырай (сравнительная сте-пень) мына жүрнақтар аркылы жасалады:

а) -ее-ей: красивее, прекрасней т.б.;
ә) -е, -ше: реже, болъше т.б.

Бүл жерде жүрнағы арқылы салыстырмалы шырай жасау ба-рысында г, к, х, д, т, ст дауыссыздарына аяқталған сын есімдерде к-ч, г-ж, х-ш, д-ж, т-ч, ст-щ дауыссыздарының ал-масуы байқалады. Кейбір сын есімдерде к жүрнағы түсіп қалады да, дауыссыз дыбыстардың алмасуы орын алады. Мысалы: гласЬ кий - глаже, жидкий - жиже т.б.

б) -оват, -еват жүрнақтары арқылы: желтоватый, синеватый
т.б.

Салыстырмалы шырайдың жасалу барысында мынадай да ерекшеліктер байқалады:



  1. Салыетырмалы шырай басқа түбірден жасалады, Мысалы: хороший ~ лучше, маленький - меныие т.б. Бүл қүбылыс супплетивизм деп аталады.

  2. Бір сын есімнен екі тәсіл аркылы салыстырмалы шырай жа-сауға болады. Мысалы: поздний — позднее, позже, далекий -далее, дальше. Бүны ерекшелік деп атауға болмайтын сияқты, өйткені қазақ тілінде де екі тәсіл арқылы бір сын есімнен салыстырмалы шырай жасалады. Мысалы: көктеу -көгірек, қаттылау - қаттырак т.б.

  3. -ш, -ий жүриақтары арқылы жасалған кейбір сын есімдер бірнеше мағына білдіреді. Мысалы: лучший - салыстырмалы мағынаны да, күшейтпелі мағынаны да білдіреді.

Орыс тілінде салыстырмалы шырайдын күрделі формасы да бар. Олар сапалық сын есімдердің более, менее сөздерімен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: более твердый, мгнее Жесткий т.б.

Екі тілде де сын есімнің күшейтпелі шырай (превосходная степень) категориясы бар. Заттың бастапкы сындық касиетін күшейте түсетін, асыра котеретін не асыра төмендететін сын есімнің формасын күшейтпелі шырай (превосходная степень) дейміз. Қазак тілінде бүл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалады. Мысалы: жап-жасыл, жүп-жумсаң т.б.

Күшейтпелі шырай формасын жасайтын тағы бір тәсіл -сын есімдер мен аса, өте, тым, нагыз, нақ, ең, орасан, керемет сияқты көмекші сөздердің тіркесуі. Мысалы: ец қурметті, ора-сан, зор, аса, үлкен т.б.

Орыс тілінде күшейтпелі шырайдың (превосходная сте-пень) жай және күрделі түлғасы болады. Күшейтпелі шырайдың жай түлғасы мынадай жолдар арқылы жасалады:



  1. -ейш-айш жүрнақтары арқылы: красивейший, тончайший т.б. Бүл жерде г, к, з, х дауыссыздарына аяқталатын сын есімдердің түбірінде г-ж, к-ч, з-ж, х-ш сияқты дыбыстардың алмасуы бар: тихо - тишайший, близкий - ближайший т.б. Осы жүрнақтар наи- сөз алды қосымшасымен (приставка) бірге де күшейтпелі мағына білдіреді: наиближайший, наи-сложнейший т.б.;

  2. жүрнағы салыстырмалы шырай формасымен бірге күшейтпелі шырай түлғасын да жасайды. Мысалы: низший, высший т.б.

Күшейтпелі шырайдың күрделі түлғасы сын есімдер мен самый есімдігінің тіркесуі арқылы жасалады: самый болыиой, самый маленький т.б,

Слишком, крайне, чрезвычайно, в высшей степени сияқты үстеулер арқылы да күрделі түлга жасалады: слишком красивый, крайне неприятный т.б.

Екі тілде де сын есім субстантивтенеді, Кейбір сын есімдер кез-келген контексте зат есімнің қызметін аткарады, яғни олар толық субстантивтенгендіктен сын есімнін қызметін мүлде атқармайды. Мысалы: вселенная, гостиная, портной, жаркое, приданое, мороженое, столовая, рабочий; шешен, шебер т.б.

Сын есімнің субстантивтенуі негізінен контекске байла-нысты болады. Мысалы: Үлкенді сыйлау керек. - Старишх надо уважать.

Қазак тілінде субстантивтенген сын есімдер зат есімдер сиякты көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Мысалы: қызылдар келді, қарамен ойнадым т.б.

Орыс тілінде субстантивтенген сын есімдерде септік ка-тегориясы түрлі лексикалык мағына білдіреді. Мысалы: По-уісертвовал самым дорогим. Не хочешь ли сладенького?

Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер сөйлемде сөЙлем мүшесі бола алады. Мысалы: Ол биікке әрең шықты. -Он еле добрался до высоты.

Субстантивтенген сын есімдердің негізгі мағыналары екі тілде бірдей:

а) адамнын денсаулыгына, кемшілігіне байланысты пайда


болған сын есімдер: соқыр - слепой, ақсақ - хромой, керең - глу-
хой, мас - пьяный, ауру - больной
т.б.

ә) адамның мінезі мен сыртқы пішінін суреттейтін сын есімдер: жас — молодой, ақылсыз — глупый, батыл смелый т.б.

б) адамның жағдайын, шығу тегін, атағын сипаттайтын сын
есімдер: жалгыз — одинокий, жумыссыз безработный т.б.

в) мамандық пен кызмет атауларын білдіретін сын есімдер:


тігінші - портной, қызметші әйел - горничная т.б.

г) жылқынын түр-түсін білдіретін сын есімдер: шубар - чуба-


рый, қула сур - буланый, қула - саврасый
т.б.

Бүлардан басқа орыс тілінде мекендік мағына білдіретін сын есімдер де субстантивтенеді: детская, учительская, опера-ционная, булочная, приемная т.б.

Бүндай сын есімдер қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім мен анықтауыш сөздің тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: детская - балалар бө.шесі, учителъская - мугалімдер бөлмесі, приемная - қабылдау болмесі, читалъня - оқу залы, булочная -нан дукені, молочная — сут сататын орын т.б.

Орыс тілінде аралық тектегі (средний род) сын есімдер субстантивтенген жағдайда дерексіз зат есімдердің мағынасын білдіреді. Мысалы: Сейте разумное, доброе, вечное. Из малого создается великое, прекрасное т.б.

Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер түрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің қүрамына енеді. Мысалы: Сы-паиы сырын жасырмас. Пойти на мировую, задеть за живое.
Сын есімнін септелуі (Склонение имен прилагательных)

Қазак тілінде сын есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда, зат есімнің тұлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да, яғни тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді дедік. Тек субстантивтенген жағдайда зат есімдер сияқты көптеледі, септеледі, тәуелденеді.

Орыс тілінде толық формадағы сын есімдер (полные
прилагательные) көптеледі, септеледі, тек категориясы бойынша
өзгереді. Бірақ көптік тұлғада тек категориясы бойынша
өзгермейді. Сын есімнің бұлайша түрленуі зат есімнің
тұлғасына байланысты болады. Өйткені орыс тілінде сын есім §
зат есім сөзбен қиыса байланысады, қазақ тілінде қабыса байла- )
нысады. I

Жеісеше тұлғадағы ер (мужской), аралық (средний) тек тұлғасында жуан және жіңішке жалғаулы сын есімдерге тән жалғаулар төмендегідей:

Ер тек (м.р.), Атау септігінде(И.п.) -ый, -ой, -ий;

Аралық тек (ср.р), Атау септігінде (Ш.п.)-ое, -ее;

Аралық тек (ср.р.), ер тек (м.р.), Ілік септігінде (Р.п.) -ого, -его;

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Барыс септігінде (Д.п.) -ому, -ему;

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Табыс септігінде (В.п.) - Атау
және Ілік сеитіктерінде (И.п., Р.п.) сиякты; 1

Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Көмектес септігінде (Тв.п.) -ым, -'\\ им; Ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, Предложный падежде -ом, - ем.

Ал әйел тегінде (ж.р.) Ілік (Родительный), Барыс (Да-тельный), Көмектес (Творительный), Предложный септіктерінде жуан дауыстылардан тұратын түбірге -ой жалғауы, жіңішке дауыстылардан тұратын түбірге -ей жалғауы жалғанады. Мыса-лы: широкой улицы, широкой улице, широкой улицей. о гиирокой улице, утренней зари т.б.

Жекеше түлға Табыс септігінде (Винительный падежде)


тұрған жуан дауыссыздардан тұратын сын есімдерге -ую^і
жіңішке дауыссыздардан тұратын түбірге -юю жалғауиі
жалғанады (широкую улицу, утреннюю зарю т.б.). Орыс тілінде меншіктік мағына білдіретін сын есімдерге жалғанатын жалғаулар өзгешелеу. Ол өзгешелік мынадай: Ер тегіндегі (м.р.) Атау (И.п.) және Табыс (В.п.) септіктерінен баска септіктерде -ий, -ья, -ье жүрнактары арқылы жасалған тәуелдік сын есімдерде септік жалғаулары алдында жінішкеліктің белпсі (-ь) еақталады (лисий — лисьих, лисьему, о лисьих, лисьими т.б.).

Ал -ов-ев, -ин-ын жұрнақтары арқылы жасалган тәуелдік сын есімдер жекеше, көпше тұлғадағы ер (м.р.), әйел (ж.р.), аралық (ср.р) тектегі Атау және Табыс септіктерінде (Именительный, Винительный падеждерде) және жекеше формадағы ер (м.р.), аралык (ср.р.) тектегі Ілік, Барыс (Родительный, Дательный) септіктерінде зат есімдер сияқты септеледі. Мысалы: мамин -мамин; мамин -маминого, маминому т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет