1.
|
1-тармақ
|
1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.
|
1. Осы Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін айқындайды.
|
Осы тармақтағы өзгерістер норманы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеге сәйкестендірумен байланысты.
|