Салыстырмалы кесте



Дата16.06.2016
өлшемі197.95 Kb.
#139834


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ




Бап №

Қолданыстағы заңның редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

1

215-баптың 1,

4 бөлігі


215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе

 жәбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi

1. Он төрт жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшiн, ал тергеушiнiң қалауы бойынша он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшiн педагог шақыртылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алу кезiнде оның заңды өкiлдерi қатысуға құқылы.


215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе

жәбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi

1. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде әлеуметтік психолог, сондай-ақ оның заңды өкілдері және педагог қатысады.

2. Он алты жасқа дейiнгi куәлар мен жәбiрленушiлерге айғақ беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлмейдi. Мұндай куәлар мен жәбiрленушiлерге iс жүргiзудегi құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екенi атап көрсетiледi. Кәмелетке толмаған куә мен жәбiрленушiге өздерiнiң немесе жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiрiледi.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауап алуға қатысушы адамдарға хаттамаға енгiзiлуге тиiстi жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы ескертпелер беру, сондай-ақ тергеушiнiң рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсiндiрiледi. Тергеушi сұрақ қоюды қабылдамауға құқылы, бiрақ оны хаттамаға енгiзуге және қабылдамаудың себебiн көрсетуге тиiс.

4. Кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу күндiзгi уақытта жүргiзiледi және оны үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жүргізуге болмайды. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс.


Қылмыстық процеске тартылатын кәмелетке толмағандардың, оның ішінде куәлардың және жәбірленушілердің психологиялық бейнесін жасау үшін, олардың жеке басын психологтар зерттеуге тиіс. Кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу кезінде заңды өкілдерінің, педагогтің қатысуы міндетті.

Кәмелетке толмаған жәбірленушілерден және, куәлардан жауап алудың ұзақтығы қылмыстық процеске ересек қатысушыларға белгіленген уақыт шегімен бірдей, бұған жасөспірімнің жасына және психологиялық ерекшеліктеріне қарай жол беруге болмайды




2

485-баптың 1 бөлігі

485-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан   жауап алу

1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы Кодекстiң 216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.



485-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан жауап алу

1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, күдіктіден жауап алу осы Кодекстің 216, 217-баптарында көзделген тәртіппен қорғаушының, заңды өкілінің, әлеуметтік психологтың және педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап берушіге сұрақ қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға, айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.



Кәмелетке толмаған күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) психологиялық бейнесін жасау үшін, оның жеке басын психологтар зерттеуге тиіс

3

488-бап

488-бап. Педагог пен психологтың қатысуы

1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының қатысуымен iс жүргiзу әрекетiн жүргiзу кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi.

2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша педагог немесе психолог iске қатысуға тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.

Педагог, психолог тергеушiнiң, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу әрекетi аяқталғаннан кейiн - тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың қатысуын көрсететiн бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты, тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеушi педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар алдында түсiндiредi, ол туралы тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.



488-бап. Педагог пен психологтың қатысуы

1. Кәмелетке толмаған күдіктiнiң, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде психологтың және педагогтің қатысуы мiндеттi.

2. Педагог, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдіктiге, айыпталушыға сұрақ қоюға, ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін тергеу әрекетінің хаттамасымен (олардың сот талқылауына қатысуын көрсететін бөлігінде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертулер жасауға құқылы, тергеушінің, соттың қалауы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеуші педагогке, психологқа іс жүргізу әрекеттері басталар алдында түсіндіреді, ол туралы тергеу әрекетінің хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.


Кәмелетке толмаған күдіктінің (айыпталушының, сотталушының) психологиялық бейнесін жасау үшін, жас шамасына және психологиялық дамуына қарамастан оның жеке басын психологтар зерттеуге тиіс


4

489-баптың 2 бөлігі

489-бап. Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

 2. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының интеллектуалдық, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.



489-бап. Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

2. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының интеллектуалдық, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалады.



Кәмелетке толмағанның жеке басының қасиеттерін, интеллектік, еріктік және психологиялық дамуын, адамның мінез-құлқы мен темпераментін және басқа да қабілеттерін анықтау үшін психологиялық сараптаманы белгілеу міндетті

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі

5

72-баптың 2-бөлігі

 72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.



72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.



Кәмелетке толмағанды қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босату кезінде тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылады

6

77-баптың 4-бөлігі


 77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн.

2006 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік шара қолдануға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тізімінен алып тасталды.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға салынатын тәрбиелік ықпал ету шектеулерінің толық тізбесін нақтылау мақсатында



3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

7

1- баптың 1- тармағының

20) тармақшасы



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

20) қиын өмір жағдайындағы бала (балалар) – қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

20) қиын өмір жағдайындағы бала (балалар) – қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар); арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі бала (балалар); мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар бала (балалар);

Адам өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін болатын негіздер тізбесін кеңейту қажет.

ТМД елдерiнiң мемлекеттер- қатысуышылары Парламентаралық ассамблеясының «Мемлекеттегі бала құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы» Модельдік заңын есепке алып толықтырулар әзірленген



4. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және бала қадағалаусыздығы мен қорғансыздығының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

8

1-баптың 11) тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



11) жоқ.


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



11) девиантты мінез-құлық — жүйелі түрде (екі немесе одан көп рет) заңдармен белгіленген нормаларға сай келмейтiн қылық (әрекет) жасауға байланысты мiнез-құлық.

Девиантты мінез-құлық ұғымын тіркеу мақсатында

9

3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы

3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат

3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты:



2) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат

3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты:



2) девиантты мінез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалту, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;

Кәмелетке толмағандар арасында панасыздық және қараусыздық, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында олардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша девианттық мінез-құлықты балаларды қайта тәрбиелеу және әлеуметтік оңалту бойынша жұмыстармен қамтамасыз ету жолымен іске асырылатын мемлекеттік саясатты анықтау мақсатында

10

15-баптың

6-1),


6-2),

тармақшалары



15-бап. Денсаулық сақтау органдары

Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:



6-1) жоқ;

6-2) жоқ;


15-бап. Денсаулық сақтау органдары

Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:



«6-1) кәмелетке толмағанның жеке басы туралы мәлімет алу және оны әлеуметтік оңалту шаралары туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізуді;
6-2) кәмелетке толмағанға жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу есебін (баяндамасын) қылмыстық қудалау органдарына және сотқа табыс етуді, кәмелетке толмағанды әлеуметтік-психологиялық ілесіп алып жүру картасын жасауды;

Оның жеке басы туралы мәліметтерді және оны әлеуметтік оңалту шаралары туралы ұсыныстар дайындау, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық тексерулер, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық карта толтыру бойынша, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа есеп беруді қоса беру (баяндама) кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық тексеру жүргізу бойынша денсаулық сақтау органдарының өкілеттігін белгілеу

11

19-баптың 2-1),

4-1),


5) тармақшалары

19-бап. Жеке профилактикасы шаралары

  1. Жеке профилактикасы шаралары:

2) арнаулы бiлім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын;

4-1) жоқ;

5) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;



19-бап. Жеке профилактикасы шаралары

  1. Жеке профилактикасы шаралары:

2) арнаулы білім беру ұйымдарының, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарда ұсталатын және түлектерін;

4-1) қорғау нұсқамасы шығарылған;

5) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;



Жеке алдын алу шаралары өткізілетін адамдар санатын кеңейту үшін

12

19-5-бап

19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау

1. Профилактикалық есепке алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бірқатар шектеулер белгіленген және бірқатар міндеттер жүктелген кәмелетке толмағандарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.

2. Профилактикалық есепке алуға, оларға қатысты:

1) қорғау нұсқамасы шығарылған;

2) олардың бос уақытын өткізуіне шектеу қою және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;

3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы шешім қабылданған;

4) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, сондай-ақ шартты түрде немесе жазасын өтеу кейінге қалдырылған жаза белгіленген кәмелетке толмағандар қойылады.

3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.

4. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандардың белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын жүйелі түрде байқау болып табылады. Бұл адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

5. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

6. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

7. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген шектеулердің қолданылу мен жүктелген міндеттердің орындалу мерзімі біткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.

8. Профилактикалық есептегі қамтылған мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.



19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау

1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.

2. Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылады:

1) қорғау нұсқамасы шығарылған;

2) бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;

3) қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын;

4) тұтқынға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;

5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;

6) шартты түрде сотталғандар, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар, түзету жұмыстарына, бостандығынан айырумен байланысты емесе басқа да жаза түрлеріне тартуға сотталғандар;

7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған, сондай-ақ арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандар қойылады.

3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мiнез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды уәкілдері алынады.

4. Профилактикалық есепті ішкі істер органдары жүргізеді.

5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандардың, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мiнез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды уәкілдерінің мінез-құлқына жүйелі түрде байқау жүргізу болып табылады.

6. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым жасауы мүмкін.

7. Ішкі істер органдары кәмелетке толмағанға, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту, сондай-ақ олардың мiнез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағанның ата-анасына, заңды өкіліне профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есептің қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылаудың қолданыс мерзімі өткеннен кейін, адам профилактикалық есептен шығарылады, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.

9. Профилактикалық есепте қамтылған мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.



2010 жылғы 29 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдау арқылы профилактикадан өтетін кәмелетке толмағандар санатындағылардың саны үш есеге азайды.

Көрсетілген ережені қабылдау рецидивтік құқыққа қайшы әрекеттерге ықтимал бейім кәмелетке толмағандардың қалған санатындағыларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Тиісті бақылаудың болмауының, сондай-ақ жаза қолданбау нәтижесінде олар аса ауыр қылмыстар жасайды.

Осыған байланысты, ІІБ профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандар санатын кеңейту ұсынылады. Сонымен бірге профилактикадан өтетіндердің санатына балаларды тәрбиелеуге байланысты өз міндеттерін орындамайтын ата-аналары немесе кәмелетке толмағандардың өзге заңды өкілдері де енгізіледі


13

22-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы

22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары

2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен:



16) жоқ.

22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары

2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен:



16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар.

Ерекше ұстау режиміндегі арнайы білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын кәмелетке толмағандардың қажетті психологиялық көмек беру құқығын алуы мақсатында

5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

14

1-баптың 14) тармақшасы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан, тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар; мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар.



Адам өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін болатын негіздер тізбесін кеңейту қажет.

ТМД елдерiнiң мемлекеттер- қатысуышылары Парламентаралық ассамблеясының «Мемлекеттегі бала құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы» Модельдік заңын есепке алып толықтырулар әзірленген



6. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

15

5-баптың

8- тармағы



5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
8. жоқ.

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
8. Арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

Үкіметтің арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін бекіту бойынша құзыретін белгілеу мақсатында

16

6-баптың

3-1)


тармақшасы

6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер

Адам (отбасы) мынадай:



3-1) жоқ.

6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер

Адам (отбасы) мынадай:



3-1) кәмелетке толмағандардың арнайы оқу-тәрбие мекемелерінде болуы;

Арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарды өмірлік жағдайлары қиын деп табылған адамдар санатына жатқызу мақсатында

17

12- баптың 1- тармағының

4) тармақшасы



12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері

1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):

4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;


12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері

1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):



4) арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;

Арнайы оқу-тәрбие мекемелеріндегі кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін органдарға рұқсат белгілеу мақсатында




Қазақстан Республикасы

Әділет министрі Б. Имашев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет