Салыстырмалы кесте



Дата28.06.2016
өлшемі213.01 Kb.
#163683


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ



р/с№

Құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме


1. 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі»

1

мазмұнындағы 275-баптың тақырыбы

275-бап. Жаппай қырып-жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылатын
технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың
және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты

275-бап. Жаппай қырып-жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты, сондай-ақ делдалдық қызметті заңсыз жүзеге асыру

Экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты

2

275-бап

Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткiзу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және оларға қатысты арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердiң заңсыз экспорты –

      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткiзу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және оларға қатысты арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердiң заңсыз экспорты, сондай-ақ делдалдық қызметті заңсыз жүзеге асыру,-

 мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты

2. 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

3

4-баптың,

бірінші абзацы




Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.


Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға ойық және тегіс ұңғылы атыс қаруы, өзге де қару-жарақ салатын патрондармен атуға болатын ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлi қару, белгi беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және оған патрондар, жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.

2014 жылғы 23 сәуірдегі № 200-V

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» және 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңдарына «өзге де қару-жарақ» ұғымы енгізілді.



4

4-бап

үшінші абзацы




Жоқ

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға қатысты экспортық бақылау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іске асырылады.

Қазақстан Республикасының қару және экспорттық бақылау туралы заңнамасының қол атыс және суық қаруды қарулы күштер, арнайы және құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне оны жүзеге асыру мақсатында кіргізу (шығару) бөлігінде талаптарына сәйкес нақтылау және корреспонденттеу мақсатында (ІІМ ұсынысы).

3. 2007 жылғы 21 шілдедегі № 300 «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

5

Кіріспе сызбасы

Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.

Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен үйлестіру, сондай-ақ халықаралық практикада қабылданған терминологияны қабылдаумен қолдану қажеттілігіне байланысты (СІМ ұсынысы).

6

1-баптың 1), 3),

14), 15), 16), 19), 20), 22), 23), 24), 25) тармақшалары



1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;

3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);


14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

15) транзит – өнімді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден бақылауында орын алмастыру;

16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;
19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;

22) Жоқ;

23) Жоқ;

24) Жоқ

25) Жоқ



1) екіұдай мақсаттағы тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы, сондай-ақ террористік актілерді дайындау және іске асыру мүмкін тауарлар мен технологиялар;

3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);

14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін, делдалдық қызметін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

15) транзит – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өнімнің орнын алмастыру;


16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат, бағдарламалық жасақтама, ноу-хау бақылау;

19) экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан шығару, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде шетелдік тұлғаға сезілмейтін тапсыруды қоса алғанда, тапсыру;


20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің, делдалдық қызметінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;



22) делдалдық қызмет – Қазақстан Республикасының аумағынан бір шет мемлекеттен екінші шет мемлекетке өтетін өнімге Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау орнатқан өнімдердің халықаралық тізбесін жүзеге асыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының қызметі;

23) өнімді сәйкестендіру – тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін белгілеу;

24) технологияларды сезілмейтіндей етіп тапсыру –электрондық поштаны, факсимильдік және телефон байланысын, басқа техникалық құралдарды, ауызша хабарламаларды қоса алғанда, технологияларды шетелдік тұлғаға қабылдау және алу үшін кез келген жеткілікті тәсілмен тапсыру;

25) технология – білімдер, ғылыми-техникалық ақпарат, оның ішінде ноу-хау және зияткерлік қызметтің өзге нәтижелері (оларға құқықтар), өнімді әзірлеу, өндіру немесе пайдалану үшін талап етілетін, соның ішінде модельдер, түптұлға, сызбалар, диаграммалар, жобалар, нұсқаулықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету нысанында;

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен үйлестіру, сондай-ақ халықаралық практикада қабылданған терминологияны қабылдаумен қолдану қажеттілігіне байланысты, сондай ақ Еуропалық одақ ұсынымдарына сәйкес (СІМ ұсынысы).
(АК ИДМ ұсынысы)

ҰҚК, СІМ ұсынысы

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (ҰҚК редакциясы).

Бақылаудағы өнімді заңсыз саудаға тартылған заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының аумағын жауапкершіліктен жалтару аумағы ретінде қарауды жібермеу мақсатында.
Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында «технология» ұғымын анықтау мәселесі бойынша (ҰҚК ұсынысы).


7

3-бап

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

Осы Заңның қолданысы осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне таралады. 



3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның қолданысы осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне, делдалдық қызметіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне таралады.

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (СІМ ұсынысы).

8

4-баптың 1-тармақ 4) тармақшасы

4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.

4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, терроризмге қарсы түтек беру, қару-жарақ пен әскери техника, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (СІМ ұсынысы).

9

4-баптың 2-тармағы 1), 3) тармақшалары

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік;

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қарарларын сақтау;

3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы, колданылатын қарарлары, сол сияқты заңдылықтың бұзылуын анықтау бойынша ақпаратқа қолжетімділік;



Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (СІМ ұсынысы).


10

6-баптың 10) тармақшасы

10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;

10) сәйкестендіру нәтежилері бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;

Нақтылайтын норма.

11

мазмұнындағы 8-баптың тақырыбы

8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері

8-бап. Өнімнің номенклатурасы (тізімі)

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес.

12

8-бап

8-бап. Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлері

     1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

     2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

     3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;

     4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

     5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

     6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;

     7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.



8-бап. Өнімнің номенклатурасы (тізімі)

Өнімнің номенклатурасы (тізімі) халықаралық экспорттық бақылау режимдерінің тізімдері негізінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындау пайымдаулары бойынша құрастырылады.



Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (СІМ ұсынысы).

13

9-бап 2, 8-тармақтар

2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.



2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар шарттары негізінде жүзеге асырылады.

8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.



Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес. (СИМ ұсынысы).

Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның 2015 жылғы 12 маусымдағы хаттамалық шешіміне сәйкес.




14

9-бап 11-тармақ

Жоқ

11. Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін, оқуларға байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, сондай-ақ сәйкестік мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін тізімдер негізінде лицензиясы жасалатын басқа іс-шараларға қатысу үшін алмастырылатын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа әскерлермен және әскери құрылымдардың әскери мүлігін шығару және кіргізу.

Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның 2015 жылғы 12 маусымдағы хаттамалық шешіміне сәйкес. (БМ ұсынысы).


15

10-бап

10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

     1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды


тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.

     2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:

     1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;

     2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.



10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

     1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.

     2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:

     1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;

2) олардың аталған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат, бағдарламалық қамтамассыз ету, гоу-хау және зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.


Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес.

16

11-бап


11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.



11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін өнімнің экспортын немесе технологиялар импортын жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.





Экспорттық бақылаудың фирма- шілік жүйесін (ЭБФЖ) озық мемлекеттердің шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар экспорттық бақылаудың негізгі қағидатын ескере отырып экспорттық бақылауға жататын өнім экспортын тікелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына ғана құру пайдалы. Бақыланылатын өнім импортымен айналысатын сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан ЭФБЖ болуын талап етуді алып тастау ұсынылады, себебі экспорттық бақылаудың мақсаты халықаралық келісімдер міндеттерін орындау және жаппай жою қаруын және кәдімгі қару-жарақ құралдарын таратпауда халықаралық ынтасын қолдау болып табылады. Яғни, ұсынылған өзгерістер кәсіпкерлікті қолдау және дамуыту бойынша мемлекеттің саясатына сәйкес келеді және бизнес үшін әкімшілік кедергінің азаюына бағытталған.

17

13-бап, 2-тармақ

2. Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс.

2. Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, соның ішінде пошталық хат-хабар, электрондық қатынасхаттарды қоса алғанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс.

ҰҚК редакциясы

18

14-бап

Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.

Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.

БҰҰ Жарғысына сәйкес санкциясын қарарларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдайды (СІМ ұсынысы).

19

мазмұнындағы 15-баптың тақырыбы

15-бап. «Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу»

15-бап. Экспорттық бақылау саласында шектеулер мен тыйым салулар

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес.

20

15-баптың 3, 4 тармақтары

3. Жоқ

4. Жоқ.


3. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетін, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігіне қауіпті өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді жасауға рұқсат берілмейді.
4. Делдалдық қызметті жүргізуге:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне, халықаралық келісімдеріне және халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетін кезде;

2) Өнімді шет мемлекеттің немесе шет ел тұлғасының жаппай қырып-жоятын қаруды және оларды жеткізу құралдарын, қару-жарақты, әскери техниканы және олардың оқ-дәрiлерін жасауда қолданылуы немесе көрсетілген мақсаттарда басқа үшінші мемлекетке кері экспорттануы мүмкіндігі бар жағдайда» тыйым салынады;

3) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесімен санкцияланған, қосарлы мақсаттағы тауарлардың жеткізуің шектеу, және де қару-жарақ жеткізу тыйым бұзғаны актілер эмбарго жеткізуге және қарулы қақтығыстарда қару-жарақпен пайдалану үшін жеткізу.

Бақылаудағы өнімнің заңсыз саудасына еліктірілген заңды және жеке тұлғаларына Қазақстан Республикасының территориясын жауапкершіліктен баспана ретінде қарастыруға жол бермеу мақсатында

Экспорттық бақылау процедуралары мен ережелерін жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және практикамен үйлестіру қажеттілігіне байланысты, сондайақ ішінде Еуропалық Одақтың ұсынымдарына сәйкес.

Бақылаудағы өнімді заңсыз саудаға тартылған заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының аумағын жауапкершіліктен жалтару аумағы ретінде қарауды жібермеу мақсатында (СІМ ұсынысы).




Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму вице-министрі А. Рау

2015 жылғы « » _____________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет