Самболат посл дип docx


Бағалау. 6. Үйге тапсырма



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Самболат посл дип docx

5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма
(Әр топ зерттеуге арналған тапсырмаларынан әңгіме жазып келеді).
І топ – құстардың келуі
ІІ топ – малдардың төлдеуі
ІІІ топ – көктемгі егін
ІV топ – бау-бақша
V топ – көктемнің суретін салу.
Талдықорған қаласындағы Өтенай ауылы, Шағын орталығы бар № 21
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Г.З. Тәуекелованың 3-сыныпта
өткізген сабағының үлгі жоспарын ұсынып отырмыз [40].
Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат. "Жаз" өлеңін оқыту
Сабақтың мақсаты: Абайдың табиғат лирикасына жазылған
өлеңдерімен таныстыру.
Білімділік міндеті: Окушыларға Абай туралы жалпы мағұлмат беру.
"Жаз" өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Тәрбиелік міндеті: Туған жерін, оның табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
Табиғаттың сұлулығына сүйсіндіре отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық міндеті: оқушылардың шығармашылыкпен жұмыс
істей білуін, белсенділігін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын өткен материалды пысықтау.
III. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. мүғалімнің кіріспе сөзі
2. тексті мәнерлеп оқу
3. "Жаз" өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
4. Сөздік жұмыс
5. "Мәнерлеп оқу минутын" өткізу.
6. Өз бетімен жұмыс
7. Сазгерлік өнер. Абайдың " Желсіз түнде жарық ай" әнін үйрету.
8. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
9. Үйге тапсырма: " Жаз" өлеңін жаттау және "Желсіз түнде жарық ай"
әнінің сөзін жаттап келу.
1. Кіріспе сөз:
52


– Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда Абайдың жыл мезгілдеріне арнап
жазған "Жаз" өлеңімен танысамыз. (Бұл өлеңнің мазмұнымен таныспас бұрын
Абайдың өзімен таныстыру).
Абай 1845 жылы тамыз айында қазіргі Семей облысы, Абай ауданында,
Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абайдың әкесі- Құнанбай, шешесі
- ¥лжан, әжесі- Зере.
Оқу жасына жеткен Абай ауыл молдасынан хат таниды. Бұдан басқа ол
шешендердің әңгімелерін, халықтың ертегілерін, ақындардың жырларын
жаттап өседі. Жасынан Абай зерек бала атанады.
Абайдың әртүрлі тақырыпта жазған көптеген өлеңдері бар. Оның
өлеңдері жас ұрпақты адамгершілікке, ғылым-білімді сүюге шақыратын
өлеңдер. Мысалы: "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай
мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" т.б.
Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те атайды. Өйткені, ол табиғаттың
әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды адам өмірімен қатар
жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған "Жаз",
"Күз","Қыс", "Жазғытұры", "Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай" т.б.өлеңдері
бар.
Абай тек өлең жазып қана қоймай, оған ән де шығарған. Оның бірнеше
әндері бар. Бұл әндері де табиғатың бір әсем көрінісіне арнаған. Мысалы:
"Желсіз тунде жарық ай", "Айттым сәлем Қаламқас", "Бойы бұлғақ".
Бұл әндерін әлі күнге дейін өзіміздің атақты әншілеріміз сахнада орындап
келеді.
II

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет