«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының



бет1/5
Дата02.07.2016
өлшемі367 Kb.
#173009
  1   2   3   4   5
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2010 жылғы 26 шілдедегі №49 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің ашық отырысының 2011 жылғы 21 наурыздағы №64 шешімімен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)

«Самұрық-Қазына» АҚ

Директорлар кеңесінің

Шешімімен бекітілген


Директорлар кеңесінің

2009 жылғы 18 қарашадағы № 32 хаттамасына

№1 қосымша

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы

(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СЫРТҚЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ

2010 ЖЫЛҒЫ 26 ШІЛДЕДЕГІ №49 ШЕШІМІМЕН ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАРМЕН, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СЫРТҚЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ

2011 ЖЫЛҒЫ 5 наурыздағы №62 ШЕШІМІМЕН ЕНГІЗІЛГЕН толықтырулармен және «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ашық ОТЫРЫСЫНЫҢ

2010 ЖЫЛҒЫ 21 сәуірдегі №64 ШЕШІМІМЕН ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН және толықтырулармен)

Кіріспе


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) тапсырыс берушілердің меншік ақша қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы – шешімдерді айқындауға және (немесе) әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

холдинг ішіндегі кооперация – Холдингке кіретін ұйымнан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

біртекті тауарлардың түрлері – өзара ауыстырылмайтын біртекті тауарлар;

сатып алу туралы шарт – Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

ұзақ мерзімді шарт – орындалу мерзімі 12 (он екі) айдан асатын сатып алу туралы шарт;

ұзақ мерзімді сатып алу – 12 (он екі) айдан асатын аралықта жүзеге асырылатын сатып алу;

Тапсырыс беруші – Қор және Холдингке кіретін ұйым;



сатып алу – мыналарды:

еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалардан не өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды;

жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталынан үлес сатып алуды;

демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек ақшасы есебінен «Астана қаласында Жаңа мешіт салатын жобалау компаниясы» корпоративтік қорының Астана қаласында жаңа мешіт салуға байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуын;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялары негізінде банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды;

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықтарда, спот-нарықта теңгермелі электр энергиясын, электр энергиясын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын білікті энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды;

теңіз портында өндіріп алынатын алымдар мен төлемдерді төлеуді;

іссапар шығыстарын өтеуді;

басқару органы және қадағалау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеуді;

Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін және олардан өңделген өнімдерді өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және олардан өңделген өнімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын оларды сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша қызметтерді сатып алуды қоспағанда, Қағидада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;

инвестициялық стратегиялық жоба:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбеге кіретін және Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан дамуына стратегиялық әсер етуге қабілетті инвестициялық жоба;

Қордың инвестициялық комитеті немесе оның еншілес ұйымы мақұлдаған стратегиялық жоба;

қазақстандық қамту – осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы құнының пайыздық қамтуы және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттері жеткілікті өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық қамту үлесінің (үлестерінің) құны;

кешенді жұмыстар – мыналарды:

жобалау және іздеу жұмыстарын орындауды,

«кілтпен тапсырылатын» құрылысты,

жобалау және іздеу жұмыстарын, «кілтпен тапсырылатын» құрылысты және

көрсетілген жұмыстарға ілеспе қызметтерді қамтитын жұмыстар мен қызметтердің жиынтығы;

тендерлік комиссия мүшесінің мүдделер қақтығысы – тендерлік комиссия мүшесінің жеке мүдделерінің тендерлік комиссия шешімдер қабылдағанда оның қатысу әділдігіне әсер етуі мүмкін жағдай;

біртекті тауарлар, жұмыстар, қызметтер – бірдей болмаса да, белгілі бір және сол функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер;

жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілер – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

отандық кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;

отандық тауар өндірушілер – Қазақстан Рес­публикасының резиденттері болып табылатын және:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің


5-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарларды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің


7-тармағында белгіленген жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар – әлеуетті өнім берушілер;

Холдингтің адал өнім берушілерінің тізбесі – Холдингке кіретін ұйымдармен жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындаған тұлғалар туралы жүйеге келтірілген мәліметтер;

Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (берушілерінің) тізбесі – мынадай:

тендерге қатысуға өтінімді бағалау мен сәйкестендірудің міндетті өлшемдері бойынша дұрыс емес ақпарат берген;

сатып алу жеңімпазы деп танылған жағдайда, шартты жасасудан жалтарған;

шарт жасасқан, бірақ шартты орындауды қамтамасыз етуді және (неменсе) авансты (артық төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізбеген;

Холдингке кіретін ұйыммен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлғалар туралы жүйеге келтірілген мәліметтер;

әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелей белгіленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

өнім беруші – Тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелей белгіленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

жұмыстар – заттай нәтижесі бар, шикізат кен орындарын салуға, жайғастыруға байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;

Холдингтің отандық тауар өндірушілерінің тізілімі – отандық тауар өндірушілердің тізбесі;

резиденттер – Қазақстан Республикасының рези­денттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқы­ғына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар аза­маттарды қоспағанда, оның ішінде шетелде уақыт­ша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мем­лекет­тік қыз­метте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқы­ғы­на құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

тендерлік құжаттама – тендерге қатысу үшін өтінім дайындауға әлеуетті өнім берушіге берілетін және тендер өткізу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтері бар құжаттама;

тендерлік комиссия – тендер тәсілімен сатып алу өткізу рәсімдерін орындау үшін Тапсырыс беруші құратын алқалы орган (сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы);

тауарлар – заттар (бұйымдар), оның ішінде қатты, сұйық немесе газ түріндегі жартылай фабрикаттар немесе шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объективтендірілген нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасауға болатын заттық құқық;

Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қордың Басқармасы анықтайтын Қордың құрылымдық бөлімшесі және еншілес ұйымы;

қызметтер – заттай нәтижесі жоқ Тапсырыс берушінің мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

Қор – «Самұрық-Қазына» АҚ;

Холдинг – Қор мен акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей емесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы;

жанама тиесілі – меншік немесе сенімгерлік басқару құқығындағы өзге заңды тұлғалардың акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы әрбір кейінгі заңды тұлғаға тиесілі болуы;

сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, Тапсырыс беруші (сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) құратын алқалы орган;

сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, Тапсырыс беруші айқындаған жеке тұлға;

электрондық сатып алу – сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып сатып алу.
3. Тауарларды, жұмыстарды қызметтерді сатып алу:

1) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

2) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

3) сапалы тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу;

4) Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар), отандық тауар өндірушілерді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, отандық кәсіпкерлерді қолдау талабымен сатып алу үдерісіне қатысу үшін барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

5) Холдинг сатып алатын тауарларда, жұмыстарда, қызметтерде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;

6) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

7) холдинг ішіндегі кооперацияны дамыту мақсатымен Холдингке кіретін ұйымдар арасында сатып алуға жәрдемдесу;

8) қабылданатын шешімдерді бақылау және жауапкершілік;

9) сатып алу үдерісінде делдалдардың қатысуын азайту;

10) инвестициялық стартегиялық жобаларды тиімді іске асыру қағидаттарына негізделеді.


4. Сатып алу үдерісі:

1) сатып алу жоспарын әзірлеу мен бекітуді;

2) өнім берушіні таңдауды;

3) сатып алу туралы шарттың қорытындысын және оның орындалуын қамтиды.



5. Тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшесі болуы қажет.
6. Холдингтің адал өнім берушілер мен сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбелерін Қордың Басқармасы анықтаған тәртіппен Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Холдингтің отандық тауар өндірушілерінің, Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімдерін Қордың Басқармасы анықтаған тәртіппен Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Сатып алу саласындағы есептілікті Тапсырыс берушінің беру тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ Холдингке кіретін ұйымдардың оларды сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қордың Басқармасы бекітеді.
2. Сатып алуды жоспарлау
7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді Тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспарының негізінде қабылдайды.
8. Жоспарланған кезеңге сатып алу жоспары жоспарланған кезеңнің басында және соңында қоймаларда қалған тауарлық-материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі және нормативтік қалдықтарын ескере отырып, өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары негізінде қалыптастырылады. Сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде Тапсырыс беруші Холдингтің ақпараттық дерекқорын, оның ішінде Холдингтің отандық тауар өндірушілерінің тізілімін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер және олар өндірген тауарлар туралы мәліметтері бар мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық дерекқорларын пайдалана отырып, отандық тауарлар нарығына мониторингті жүзеге асырады.
9. Ұзақ мерзімді сатып алуды жоспарлау белгіленген тәртіппен бекітілген орта мерзімді мақсатты өндірістік, инвестициялық және (немесе) басқа бағдарламалар және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспарының негізінде жүргізіледі.
10. Қор тікелей бақылайтын ұйымдардың ұзақ мерзімі сатып алуы Қордың бюджет комитетімен келісілгеннен кейін сатып алу жоспарларына енгізіледі. Өзге ұйымдардың ұзақ мерзімді сатып алуы мұндай ұйымды тікелей немесе жанама бақылайтын Қордың еншілес ұйымының алқалы атқарушы органымен/қадағалау кеңесімен (алқалы атқарушы органы/қадағалау кеңесі болмаған жағдайда, басқару органымен/жоғары органмен (қатысушылардың жалпы жиналысы) келісілгеннен кейін тиісті сатып алу жоспарына енгізіледі.



11. Тапсырыс берушінің қаржы есептілігінің аудиті бойынша қызметтер Тапсырыс берушінің басқару органының (қадағалау кеңесінің) шешімі негізінде ұзақ мерзімді сатып алу (мерзімі бес жылдан аспайтын) мәні болып табылуы мүмкін.
12. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға болмайды.

Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы/қадағалаушы кеңесі (алқалы атқарушы органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда, басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша Тапсырыс берушінің өндірістік бағдарламасы және (немесе) инвестициялық бағдарламасы және (немесе) бюджеті және (немесе) даму жоспары және сатып алу жоспары бекітілгенге дейін Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруға құқылы. Қор Басқармасының шешімімен бекітілген тізбе бойынша өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және сатып алу жоспары бекітілгенге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін Қор жүзеге асыруға құқылы. Осы жағдайда сатып алу туралы шартты жасасу талабы өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және сатып алу жоспарын бекіту болып табылады.
13. Сатып алу жоспарын өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өзге оған уәкілетті тұлға бекітіледі және Қордың Басқармасы анықтаған нысанға сәйкес келуі қажет.

Тапсырыс беруші сатып алу жоспарын бекіткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны өнінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтта орналастыруға міндетті.
14. Тауарларға қатысты сатып алу жоспары тауардың әрбір түрі бойынша қойма қорларының болуын ескере отырып, тауарлардың номенклатурасы және Тапсырыс берушілерде қолданыстағы тауарлардың қойма қорларының нормативтері бөлінісінде қалыптастырылады. Сатып алу нәтижесінде тауарлардың нормативтен тыс қорларын қалыптастыруға болмайды.
15. Тапсырыс беруші сатып алу жоспарына өзгерістерді, толықтыруларды мынадай:

- бекітілген өндірістік және (немесе) инвестициялық бағдарламаға және (немесе) бюджетке және (немесе) даму жоспарына өзгерістер, толықтырулар енгізу;

- маркетингтік зерттеу нәтижесінде анықталған сатып алуға жоспарланған тауарлардың бағаларын кеміту жағдайларда енгізуге міндетті.

Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес бекітілген өндірістік және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары шеңберінде сатып алу жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге құқылы.

Тапсырыс беруші сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер және/немесе толықтырулар көрсетілген нақтыланған сатып алу жоспарын өзінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыруға міндетті.
16. Тапсырыс беруші сатып алудың кез келген кезеңінде мұқтаждықты азайтуға негізделген немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың орынсыздығына негізделген сатып алу жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға шығыстарды қысқарту жағдайында, сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Бұл жағдайда Тапсырыс беруші:

1) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды бұл туралы хабарлауға және тиісті хабарландыруды Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа жариялауға;

2) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет