Сандық кеңістіктің білім беру жүйесіндегі мүмкіншіліктері


Сабақтың бұл кезеңінде қолданылатын ақпараттық көрнекіліктер



бет4/4
Дата26.03.2024
өлшемі4.93 Mb.
#496512
1   2   3   4
Сандық кеңістіктің білім беру жүйесіндегі мүмкіншіліктері

Сабақтың бұл кезеңінде қолданылатын ақпараттық көрнекіліктер:

  • жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған слайд-презентация, бейнебаян;
  • бейнефильмдер;
  • анимациялы, әуенді презентациялар;
  • флипчарттар;
  • E-learnіng жүйесіндегі сандық білім ресурстары;
  • интернет ресурстары;
  • электронды оқулықтар;

Сабақты бекіту және үй тапсырмасын тексеру кезеңінде мынадай жұмыс түрлерін қолдануға болады:

  • оқушының өзі құрастырған презентация бойынша үй тапсырмасын айтуы;
  • оқушының өзін – өзі, сондай-ақ бірін-бірі тексеруі үшін соңында жұмысты бағалау критерийлері көрсетілген тест-презентация;
  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген анимациялы тест-презентация (анимация арқылы дұрыс жауап белгіленеді немесе дұрыс емес жауап алынып тасталады);
  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген гиперссылкасы бар тест-презентация (гиперссылканың көмегімен жауаптың дұрыстығы туралы ақпараты бар слайдқа өтіп, дұрыс таңдау жасалған болса, келесі сұрақ ұсынылады, егер жауап дұрыс болмаса, алдыңғы сұраққа қайтып келеді);
  • Excel, Word бағдарламаларында құрастырылған тест, карточка, сөз жұмбақ, өздік жұмысы, бақылау жұмысы;

Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі:

  • сабақтағы уақыт тиімді пайдаланылады;
  • тақырып толық қамтылады;
  • оқушылармен кері байланыс орнатып, тақырыпты меңгеру нәтижесі анықталады;
  • сыныптағы оқушылардың барлығының білімін бір уақытта тексеріп, олардың әр сабаққа деген ынтасын арттыруға болады;
  • оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады;
  • оқушы өз білімін бағалап, қатесін таба алады;
  • оқушы өзі тапсырма (тест, сөзжұмбақ), презентация құрастыра алады;
  • ынтасы төмен оқушылармен жұмыс жасалады (сабақ барысында қамтылмаған оқушы қалмайды);
  • көрнекі бейне, анимация, әуен оқушылардың зейінін арттырады.

Қорытынды

  • Оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологиялар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға септігін тигізіп, танымдық белсенділікті арттырады, шығармашылыққа жетелейді, талдау, жүйелеу қабілеттерін дамытып, жеке немесе топтық жоба жазу барысында алған білімдерін қолдануға, сондай-ақ қарам-қатынас мәдениеті, бірлесіп атқарған қызметте әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау дағдыларын қалыптастырады. Жаңа ақапарттық технологияны меңгерген оқушы өздігінен ізденеді, қажетті ақпаратты өңдеп, талдай алады, талқыға салып, тарата алады. Осының бәрі өмірде кездесетін жағымсыз жағдайларды жеңе білу дағдылары мен жетістікке жету үшін қажетті факторлар. Ақпараттық технологиялар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама материалдарын меңгеру және оларды жеткізу түрлерінің әр түрлі формаларын қарастырады. Білім беру, дамыту және тәрбие потенциалын қамтиды. Жаңа технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті азаматтарды дайындау барысында мектеп алдында тұрған қазіргі талаптарға жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру технологиялары, оның ішінде ақпаратты-коммуникативтік технологиялар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етіп, болашақта өмірге бейімделу негіздерін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет