2012 жылы 11 республикалық олимпиадаларда қатысып 8 жүлделі орын және жеке сынақта 7 дипломдарға ие болды. 2012 жылы «Дене тәрбиесі және спорт», «Экономика», «Маркетинг», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері Самара және Тольятти калаларында өткен екі Халықаралық олимпиадаларда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз екінші және үшінші орындар алды. Қазақстан-Британ техникалық университетінің (Алматы қ.) базасында өткен инновациялар жобалар халықаралық сайысында «Информатика» мамандығының студенттері бірінші және екінші орындарға ие болды.
2012 жылы БҚМУ 11 білім беру бағдарламалар бойынша арнайы халықаралық аккредитациядан өтті және тағы бір қатар білім бағдарламалардың аккредитацияны өткізуге кілісімге келді.
2013 жылы университеттің 3 білім беру бағдарламасы ACQUIN агенттігінде халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ осы кезеңдерінде университетте алған білім мен дағдыларды қолдана отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген және: ғылым, саясат, экономика тәрізді мемлекеттің әртүрлі қызмет салаларында көрнекті қайраткерлер бола білген 60 мыңнан астам мамандарды даярлай алды.
1.3 Дамуының негізгі бағыттары
БҚМУ дамуының басты бағыттары болып келесілер анықталады:
-
Жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім беру мен өндірісті интеграциялау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметін жүзеге асыру;
-
Шығармашыл жеке тұлғаның өз бетімен қалыптасуы мен бірізді дамуы, оқу және тәрбие үрдісін интеграциялау үшін қажетті ұйымдастыру-нормативті, кадрлық, бағдарлы-әдістемелік және т.б. жағдайларды қалыптастыру арқылы университет қызметін жетілдіру;
-
Білімді ақпараттандыру саласында инновациялық саясат жүргізу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Университеттің беделін көтеру үшін халықаралық қорлар, ұйымдар мен серіктес шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысын нығайту, халықаралық жобаларға қатынасу арқылы өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру;
-
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен сұранысына сәйкес, жоғары оқу орнын қаржыландыруды жетілдіру.
-
Қолданылу саласы
Осы Сапа бойынша нұсқаулық білім қызметтерін жақсарту, қамтамасыз ету, басқару және бақылау сфераларында негізгі стратегиялық мақсаттар мен басшылық міңдеттерін анықтайтын, университетте бекітілген сапа саласындағы Саясатына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің ресми мәртебесінің дәлелдемесі болып табылады.
Осы Нұсқаулықта сипатталған сапа менеджменті жүйесі БҚМУ-дың барлық қызметкерлері және барлық бөлімшелері үшін жарамды.
БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық ИСО 9001 Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар, ҚР СТ ИСО 9001 Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар және ҚР СТ 1157 Жоғары кәсіби білім. Білім беру ұйымдарының сапа менеджменті жүйелері стандарттарының талаптарына толығымен сәйкес келеді.
М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті өз қызметінде бекітілген мемлекеттік білім беру стандарттары мен үлгі оқу бағдарламаларын жетекшілікке ала отырып, жобалау бойынша жұмыстарды жүргізбейді. Демек, ҚР СТ 9001 стандарттың 7.3 тарауы БҚМУ-дың сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласынан алынып тасталған. Тараудың номинал атауы нөмірлеуді сақтау үшін қалдырылған.
3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы Сапа бойынша нұсқаулықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар СТ РК ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді.
3.2 Қолданылған қысқартулар СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына және төмендегілерге сәйкес келеді:
БҚМУ – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
Университет – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
Саясат – сапа саласындағы Саясат;
СМЖ – сапа менеджменті жүйесі;
ӘН – әдістемелік нұсқаулар;
ҮК – үрдіс картасы.
4 Сапа менеджменті жүйесі
4.1 Жалпы талаптар
Осы Нұсқаулық БҚМУ-дың орнатылған, құжатталған және жұмыс жағдайында қолданылатын Сапа Менеджменті Жүйесін сипаттайды.
СМЖ білім беру қызметтеріне таратылады және сапа саласындағы БҚМУ мақсаттарына жету үшін қажетті үрдістер, ережелер, ұйымдастыру құрылымы мен қорлар жиынтығы болып табылады. Сапа менеджменті жүйесі көлеміндегі қызмет үрдістер түрінде дайындалған және сипатталған және СМЖ құжаттарымен реттелген. Осы үрдістердің жүйелілігі мен әрекеттесуі БҚМУ-дың сапа менеджменті жүйелері үрдістерінің өзара байланыс схемасында (Осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасы) сипатталған.
Үрдістердің жүйелілігі мен әрекеттесуінің толық сипаттамасы үрдіс карталарында және шараларда көрсетіледі, және сонымен бірге үрдістердің мониторинг әдістері, нәтижелік критерийлері және теңестірілген тәуекелдер көрсетіледі.
БҚМУ-дың сапа менеджменті жүйесі тұтынушылардың сұраныстарын алғашқы «анықтаудан», соңғы «қанағаттандыруға» дейін барлық кезеңдерді қамтиды:
-
тұтынушылар сұраныстарын анықтау;
-
университеттің ұйымдық құрылымы көлемінде үрдістің барлық тізбегі бойынша сапаны жоспарлау және басқару;
-
орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау;
-
сәйкесті жабдық, құрал және шарттарды ұсыну;
-
қызметшілерді оқыту;
-
сапа менеджменті жүйесі нәтижелілігін бағалау;
-
жоспарланған нәтижелерге жету және үрдістерді үнемі жақсарту.
Саясат пен сапа саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін сапа менеджменті жүйесінің құруы, ендіруі мен дамуы іске асырылады.
Сапа менеджменті жүйесінің қызмет етуінің нәтижелілігі:
-
мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
-
қызметтерді тарату;
-
қызметкерлердің жүйе элементтерінің қызмет етудің арналуы мен принциптерін түсіну;
-
жүйенің барлық бөліктері әрекеттесу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сапа менеджменті жүйесі:
-
БҚМУ ұсынылған қызметтерге тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруды;
-
орындалатын жұмыстардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде пайда болатын сәйкессіздіктерді алдын алуды ескертуді;
-
егер жұмыстар, үрдістер орындау кезінде және сапа менеджменті жүйесінің өзінде сәйкессіздіктер жіберілген жағдайда уақытында сәйкессіздіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін анықтауды;
-
сәйкессіздіктер себептерін жою, түзетуші шараларды жедел дайындау және жүзеге асыру арқылы олардың қайталануын жоюды;
-
сапа менеджменті жүйесінің үнемі жақсартуды қамтамасыз етеді.
4.2 Құжаттамаға қойылатын талаптар
4.2.1 Жалпы ережелер
Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Университеттің сапа менеджменті жүйесі ішкі және сыртқы құжаттамадан тұрады.
БҚМУ-дың СМЖ ішкі құжаттары төрт деңгейге бөлінеді:
Құжаттаманың бірінші деңгейі – ИСО 9001 және ҚР СТ ИСО 9001 стандарттардың талаптарына сәйкес келетін Сапа бойынша Нұсқаулық және сапа саласындағы Саясат.
Құжаттаманың екінші деңгейі – сапа менеджменті жүйесі үрдістерінің қызметін сипаттайтын әдістемелік нұсқаулар жиынтығы болып ұсынылған үрдістердің сипаттамасы, сонымен бірге ішкі нормативтік және ұйымдық-басқару құжаттамасы. Екінші деңгейдегі құжаттарға сапа саласындағы мақсаттар, СМЖ әдістемелік нұсқаулар, бөлімшелер туралы ережелер жатады.
Үшінші деңгейі – нұсқаулықтар, сапа бойынша жоспарлар, қызметтік нұсқаулықтар, үрдіс карталары.
Төртінші деңгейі – нақтыланған нұсқаулар болып келген, бланк түрінде ресімделген формулярлар.
БҚМУ-дың Сапа менеджменті жүйесінің құжаттар тізбесі Сапа менеджмент жүйесінің құжаттама тізбесінде (СМЖ/ЭМЖ.04.01.05 формуляры, 7 қосымшасы) көрсетілген.
Жазбалар – СМЖ/ЭМЖ.04.02 Жазбаларды басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес басқарылатын, құжаттардың ерекше түрі.
Сыртқы құжаттарға жатады:
-
заңдар, ҚР Президентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары;
-
халықаралық келісімдер, конвенциялар;
-
мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар (ҚР СТ, МСТ, ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, т.б.),
-
техникалық регламенттер (Санитарлық тәртіптер және нормалар, Құрылыстың нормалары және тәртіптері, т.б.)
-
жоғары тұрған ұйымдардың ұйымдық-басқару құжаттары (бұйрықтар, үлгі оқу бағдарламалар, т.б.).
4.2.1.1 Әдістемелік нұсқаулар
Үрдіс сипаттамасы СМЖ әдістемелік нұсқауларда көрсетілген. Үрдіс сипаттамаларында оларды енгізу, нақты қолдану тәртібі және сапа менеджмент қызметінің сферасы анықталған. Осыған байланысты қызметшілердің жауапкершілігі мен өкілеттілігі бекітіледі.
Үрдіс сипаттамасын дайындау және оны бақылау үрдіске жауапты біліктілікті жетекшілердің міндетіне жүктеледі.
4.2.1.2 Үрдіс карталары
Үрдіс карталарында барлық параметрлер (кіріс және шығыс мәліметтер, басқару және ресурстар, мониторинг әдістері, нәтижелілік критерийлері, үрдістің теңестіріліген тәуекелдер) көрсетіліп, ықшамды түрде үрдіс сипатталады. Үрдіс карталарында үрдісті орындау нәтижесінде пайда болатын кезеңді әрекеттер, жауапкершілік пен жазбалар көрсетілетін блок-сызбалар келтірілген.
4.2.1.3 Формулярлар
Формулярлар жасалған жұмыс немесе жетістікке жеткен нәтижелер туралы объективтік дәлелдерді көрсететін қажетті жазбаларды тіркеу үшін бланканың формасы мен мазмұнын бекітеді. Формулярларға сілтемелер бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі құжаттарда көрсетілген.
Формулярлар тізімі БҚМУ-дың сапа менеджмент жүйесінің құжаттама тізбесінде (СМЖ/ЭМЖ.04.01.05 формуляры, 7 қосымшасы) көрсетілген.
4.2.2 Сапа бойынша Нұсқаулық
Сапа бойынша Нұсқаулықта сапа жүйесінің негізгі үрдістері көрсетілген. Жауапкершілік пен өкілеттіліктерін шектеу принциптері және сапа менеджмент жүйелерін жүзеге асырудың негізгі кезеңдер анықталған.
Бұл тапсырушыларға анықтамалық материал болып табылады және олармен университеттің сапа менеджментін бағалау негізі болып қолданылу мүмкін.
4.2.3 Құжаттаманы басқару
Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
4.2.4 Жазбаларды басқару
Жазбаларды басқару СМЖ/ЭМЖ.04.01 Жазбаларды басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
5 Басшылық жауаптылығы
5.1 Басшылық міндеттері
БҚМУ-дың жоғары басшылығы сапа менеджменті жүйесінің дайындау мен нәтижелілігін жүзеге асыру және оны үнемі жақсартуды:
-
сапа жүйесінің шараларын дайындау және бекіту;
-
тұтынушы сұраныстарын, сонымен бірге заңнамалық және нормативтік құжаттар талаптарын орындау маңыздылығы туралы БҚМУ қызметшілеріне хабарлау;
-
сапа саласындағы Саясатты анықтау (осы Нұсқаулықтың 5.3 тармағы);
-
сапа саласындағы мақсаттардың орнатылуын қамтамасыз ету (осы Нұсқаулықтың 5.4. тармағы);
-
басшылық тарапынан талдау өткізу (осы Нұсқаулықтың 5.6 тармағы);
-
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (осы Нұсқаулықтың 6 тарауы) жолдарымен жүзеге асырады.
-
Тұтынушыларға бейімделу және басқа қызығушы тараптар
Тұтынушы талаптары мен үміттерін қанағаттандыру сапа менеджменті жүйесінің басты міндеті, оның нәтижелілігін бағалаудың және жетілдіру бағыттарын анықтаудың мақсатты критерийі болып қарастырылады.
Университет қызметіне әсер ететін келесі мүдделі тұлғалар университет қызметін анықтайды:
Тұтынушылар
-
мемлекет (ҚР БҒМ тарапынан тапсырушы ретінде, мүдделі министрліктер мен ведомстволар);
-
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, фирмалар, компаниялар, жеке кәсіпкерлер (ЖОО бітірушілерге жұмыс берушілер ретінде);
-
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, фирмалар, компаниялар, жеке кәсіпкерлер (ғылыми-зерттеу және техникалық қызметтердің тұтынушылары ретінде);
-
студенттер және олардың ата-аналары (ішкі тұтынушылар ретінде);
-
мемлекеттік ұйымдар (бақылау және тексеретін органдары ретінде).
Типтік күтулер және қажеттіліктер: қолайлы бағаға жоғары сапалы қызметтер, дайын маманның бәсекеге ќабілеттілігі, жұмыстардың дер кезінде орындалуы.
Қызметшілер
Типтік күтулер және қажеттіліктер: тұрақты жұмыс, лайықты еңбек ақы, кәсіби өсу, жұмыспен қанағаттанушылық.
Иеленуші (Құрылтайшы) – ҚР білім және ғылым Министрлігі.
Типтік күтулер және қажеттіліктер: университеттің тұрақты дамуы.
Жеткізушілер (Құрал-жабдық, нормативтік құжаттар, қызметтер, қосалқы бөлшектер, шығыс материалдар және тағы басқа).
Типтік күтулер және қажеттіліктер: үздіксіз тапсырыстар және уақытында төлеу.
Қоғам (Үкімет ұйымдары, қоғам).
Типтік күтулер және қажеттіліктер: жауапты мінез-құлық, салықты уақытында төлеу, жұмыс орындарын құру, экологиялық таза қоршаған орта, еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптеріне сай бекітілген білім беру қызметтеріне қол жетерлігі, университет үшін жеке нарықтарда әр түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін тұтынушыға қажетті жақындықты болжайды.
Тұтынушы талаптар мен күтулерін анықтау шаралары және осы талаптарды қанағаттандыру туралы ақпаратты алу СМЖ.08.05 Сауалнама өткізу үрдіс картасында сипатталған.
5.3 Сапа бағытындағы саясат
БҚМУ жоғары басшылығы БҚМУ-дың Сапа бағытындағы саясатын құрастырды және бекітті:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
сапа бағытындағы саясаты
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енуімен байланысты университет ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде құзыреттілік, жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған өз қызметін Лиссабон Конвенциясы және Болон Декларациясы талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ миссиясы
М. Өтемісов атындағы БҚМУ аймақтың жаңғырту орталығы болуға мүмкіндік беретін ұлттық келісім мен мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеялары негізінде, оның Қазақстандағы байырғы жоғары оқу орындарының бірі ретінде дәстүрлерін сақтау және арттыру. Гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді жинақтау және таратуда озық технологиялар мен қазіргі білім беру инфрақұрылымын қолдана отырып, жоғары білікті мамандар дайындау.
Біздің міндеттеріміз:
-
ИСО 9001 талаптарына сәйкес университетте сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыру.
-
Бәсекеге қабілетті экономика мен қоғамдық мамандарға деген қажеттілігі мен күтілетін сұранысын қанағаттандыру.
-
Ғылым мен техника саласындағы нақты жаңашылдыққа сай инновациялық орта құру.
-
Қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту үшін университеттегі өзара байланысты көптеген үрдістерді сәйкестендіру және басқару.
Стратегиялық мақсаты:
Жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім беру және өндірістің бірігуі негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Стратегиялық міндеттері:
-
Шығармашыл жеке тұлғаның өз бетімен қалыптасуы мен бірізді дамуы, оқу және тәрбие үрдісін интеграциялау үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру арқылы университет қызметін жетілдіру және ең сапалы қызметтерді көрсету.
-
Білімді ақпараттандыру саласында инновациялық саясат жүргізу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
-
Беделін көтеру үшін халықаралық байланысын нығайту, халықаралық жобаларға қатынасу арқылы өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қаржы көздерін тарту.
-
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен сұранысына сәйкес жоғары оқу орнын қаржыландыруды жетілдіру.
-
Жүйелілік және үрдістілік бағыттарының негізінде сапа менеджменті жүйесі қызметін қамтамасыз ету.
-
Үнемі көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
-
Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, еңбек жағдайларын қалыптастыру
-
Қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру.
Біздің ұранымыз: «БҚМУ – бұл уақытпен сыналған сапа, болашаққа бастар
табыс кілті!»
Саясат жағдайларға бейімделеді және өзгерген жағдайлар есебімен үш жылда бір рет қайта қарастырылады.
Сапа бағытындағы саясат БҚМУ-дың барлық бөлімдерінде бар, барлық тұтынушылар үшін қолайлы және тұтынушылар мен барлық мүдделі жақтарды қанағаттандыруға бағытталған. Саясат мәтіні университеттің «Өркен» газетінде жарияланған.
Сапа саласындағы саясаттын нәтижелі ендірілуін соңғы уақыттардағы жаңа мамандықтардын енгізілуі, оқытудың инновациялық әдістерін енгізілуі, болашақтағы дамуға ұмтылыс сияқты университеттің нәтижелі қызметтерінен көруге болады.
5.4 Жоспарлау
Тұтынушы сұраныстары мен талаптарын басшылыққа алуға және жетістікті болжайтын кейбір тарауларға шоғырлануға бағытталған стратегия көзқарасынан, университет жыл сайын дамудың өз мақсаттарын, сапа бойынша мақсаттарын жоспарлайды және сапаны жоспарлау бойынша шараларды бекітеді.
5.4.1 Сапа бағытындағы мақсаттар
Сапа бағытындағы БҚМУ-дың мақсаттары жыл сайын сапа бағытындағы Саясат негізінде қалыптасады, құжатталады және оны БҚМУ ректоры бекітеді. Сапа бағытындағы мақсаттар өлшемді болып табылады және сапа бойынша жоспарды жүзеге асыру жолымен орындалады. Мақсаттар орындалуының талдауы жыл сайын жүргізіледі және басшылық тарапынан (СМЖ/ЭМЖ.05.03) БҚМУ-дың менеджмент жүйелерінің жалпы талдауының құрылымдық бөлігі болып табылады.
5.4.2 Сапа менеджменті жүйесін жоспарлау
Сапа бағытындағы мақсаттарға жету үшін БҚМУ жоғары басшылығы сапа менеджменті жүйесін үнемі даму мен жақсарту жолдарын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Сапа бағытындағы жоспарлау СМЖ.05.02 СМЖ жоспарлау әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
5.5 Жауапкершілік, өкілеттілік және хабарлау
5.5.1 Жауапкершілік және өкілеттілік
СМЖ көлемінде қызметшілер қызметі үшін жауапкершілікті БҚМУ ректоры бекітеді.
Ұйымдастырылған құрылымында (осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасын қар.) БҚМУ-дағы жауапкершілік, өкілеттілік пен бағынушылық деңгейлері көрсетілген.
Бөлім жетекшілеріне олар алдында қойылған міндеттерді орындауға қажетті жауапкершілік пен өкілеттілік беріледі, олар бөлімшелер туралы ережелерде және қызметтік нұсқауларда көрсетіледі.
5.5.2 Басшылықтың өкілі
БҚМУ басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі басшылық құрамынан тағайындалады.
Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі ИСО 9001 талаптарына сәйкес БҚМУ сапа менеджменті жүйесін дайындау, ендіру және қолдау үшін өкілетті және жауапты. Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі міндеттеріне:
-
БҚМУ-дың сапа бағытындағы саясатын жүзеге асыру бойынша бақылау нәтижелерін ректорға беру;
-
БҚМУ сапа менеджменті жүйесі үрдістерінің жұмыс жағдайында қолдау мен лайықты қызмет етуін бақылау;
-
Жоғары басшылыққа сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету және жақсарту қажеттілігі жөнінде есептер дайындау;
-
Тексерілетін облыстар және үрдістер мәртебесі мен маңыздылығын және сонымен бірге өткен аудит нәтижелерін ескере отырып ішкі аудитті жоспарлау;
-
Түзетуші және сақтандырушы әрекеттердің орындалуын бақылау;
-
Ұжымның барлық деңгейлерінде тұтынушы талаптары жөнінде хабар беруге көмектесу жатады.
Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілінің міндеттері мен өкілеттілігіне:
-
БҚМУ Сапа бағытындағы Саясаттың дамуына ұсыныстар енгізу және өзектілеу;
-
БҚМУ-дың сапа бағытындағы Саясатын қызметкерлерге түсіндіріп, тарату және бекіту;
-
Сапа менеджментінің құжаттамаларын және үрдістер сипаттамасын дайындау немесе дайындауға қатысу;
-
басқару жүйесін жұмыс жағдайында қолдау (Сапа бойынша Нұсқаулық және менеджмент бойынша басқа құжаттамалар);
-
сапа бойынша ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу;
-
аудит есептерін және сапа бойынша басқа мәліметтерді бағалау;
-
сапа менеджменті жүйесін қолдану және пәрменділігі туралы басшылыққты ақпараттандыру;
-
түзетуші және сақтандырушы әрекеттер бойынша шараларды бақылау;
-
сапа мәселелері бойынша оқытуды жоспарлау және өткізу, қызметкерлердің сапа маңыздылығын жете түсінуіне көмектесу (сапа мәдениеті);
-
сапа менеджменті мәселесі бойынша барлық қызметкерлерге кеңес беру жатады.
5.5.3 Ішкі хабарлау
СМЖ қызметі мен нәтижелілігінің мәселелері бойынша хабарлау тұрақты мәжілістер, кафедра мәжілістері, әдістемелік бюро, факультет және университет кеңестерін өткізу арқылы, нұсқаулар және қызығушылық білдірген бөлімше жетекшілері мен мамандардың тікелей қатынасы, компьютерлік желі, телефондық байланыс, хабарландыру тақталары, университеттің «Өркен» газеті арқылы жүзеге асырылады.
5.6 Басшылық тарапынан талдау жасау
Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін және нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін БҚМУ-да жылында бір реттен кем емес сапа менеджменті жүйесі жағдайының талдауы өткізіледі, онда төмендегілер қарастырылады:
-
өткізілген ішкі және сыртқы аудит, және сонымен бірге бақылаушы органдармен өткізілетін тексерістер нәтижелері;
-
тұтынушы қанағаттанушылығы туралы ақпарат;
-
сапа бағытындағы Саясатты жүзеге асыру, мақсаттарға жету және сапа жоспарын орындау нәтижелері;
-
көрсетілетін қызметтердің сапасы және сапа менеджменті жүйесінің үрдістері туралы ақпарат;
-
өткізілген түзетуші және сақтандырушы әрекеттер статусы мен олардың нәтижелігі жөніндегі ақпарат;
-
басшылық тарапынан алдыңғы талдау нәтижелері бойынша өткізілген шараларды жүзеге асыру;
-
сапа менеджменті жүйесіне өзгертулер енгізуді талап ететін, өзгертулерді енгізу (ұйымдастырылған құрылымында, нормативтік құжаттарда, т.б.);
-
университеттің барлық деңгейлеріндегі басшылары мен қызметкерлерінен түскен сапаны жақсарту жөнінде нұсқаулар беру.
Сапа менеджменті жүйесін талдау үшін есебін, талдау нәтижелері бойынша шешім жобасын дайындау және оны орындауды бақылау шарасы СМЖ/ЭМЖ.05.03 Жоғары басшылықтың менеджмент жүйелерінің талдауы СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.
6 Ресурстар менеджменті
6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету
Сапа менеджменті жүйесінің ресурстарын басқару университет ресурстарын басқарудың құрылымдық бөлігі болып табылады.
Сапа менеджменті жүйесінің ресурстарды басқарудың мақсаты – білім беру қызметтеріне жоғары сапа көрсету үшін университет ресурстарын оңтайлы анықтау, пайдалану және дамыту.
БҚМУ-да келесі ресурстар пайдаланылады:
-
адам ресурстары;
-
инфрақұрылым (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, коммуникациялар, лабораторлық құралдар, метрологиялық қамту құралдары, өндірістік көлік, қойма шаруашылығы, энергожабдықтау жүйелері, қосалқы өндіріс, жөндеу базасы);
-
жұмысты орындау әдістері (нормативтік және әдістемелік құжаттама кешендер түрінде);
-
ақпарат;
-
ақпараттық технологиялар және байланыс құралдары.
6.2 Адам ресурстары
6.2.1 Жалпы ережелер
Университет көрсететін қызметтер сапасына әсер тигізетін жұмыстарды орындайтын қызметкерлерді қабылдау лайықты білімі, кәсіби дайындығы мен тәжірибе негізінде құзіреттікке қойылатын талаптар есебімен СМЖ/ЭМЖ.06.01 Қызметкерлерді басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлер біліктілігі университеттің сапа менеджменті жүйесінің маңызды факторларының бірі болып есептеледі. Біліктілікті арттыру, оқыту, қайта даярлау, сынақтан өту және сонымен бірге магистратурада, PhD докторантурада оқу, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үрдісінде біліктілік алынады.
Бөлімше жетекшілері оған бағынышты қызметкерлерді басқару мен мотивация үшін жауапты. Осыған байланысты олар қызметкерлерден жұмыс орнына және қызметіне қатысты барлық қажетті шараларды орындауды талап етуі тиіс.
6.2.2 Құзіреттік, біліктілік және дайындық
Университет көрсететін қызметтерінің сапасына әсерін тигізетін жұмыстарды орындайтын қызметкерлер құзіреттілігіне талаптар қызметтік нұсқауларда бекітілген. Қызметтік нұсқаулар СМЖ.04.03 Бөлімшелер туралы ережелер мен қызметтік нұсқауларды дайындау СМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес әзірленеді.
Қызметкерлер біліктіліктерін жоспарлау, даярлау, бағалау және есептеу СМЖ/ЭМЖ.06.01 Қызметкерлерді басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.
Қызметкерлерді оқыту қажеттілігін БҚМУ бөлімше жетекшілері анықтайды.
БҚМУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мамандандырылған ұйымдарда немесе өндірістен қол үзбей тікелей университетте өтеді және СМЖ.06.03 Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үрдіс картасында сипатталған.
Ғылыми-педагогикалық қызметшілер лауазымдарының орнын басу байқауының өткізілу тәртібі СМЖ.06.05 Ғылыми-педагогикалық қызметшілер лауазымдарының орнын басу байқауының өткізілуі үрдіс картасында сипатталған.
Оқуды, біліктілікті арттыруды, сынақ істерді және т.б. растайтын білімі, дайындығы, дағдылар мен тәжірибелері туралы жазбалар көшірмелері түрінде мамандардың жеке істеріне тігіледі. Осы көрсетілген жазбаларды жұмыс жағдайында ұстауға кадр бөлімінің бастығы жауапты.
6.3 Инфрақұрылым
Университеттің ҚР 1158 Жоғары кәсіби білім. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы стандартының талаптарына сай өндірістік процестерді қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базасы бар: олар өндірістік үй жайлары, құрал-жабдықтар, аспаптар, бағдарламалық жабдықтар, көлік және байланыс құралдары.
Сапа менеджменті жүйесі үшін инфрақұрылымның жарамдылығы бөлімше жетекшілерінің осы жүйенің қызмет етуін талдау нәтижелері негізінде оны жетілдіру бойынша сұраныстар мен ұсыныстарды дайындау арқылы қамтамасыз етіледі.
БҚМУ шаруашылық қызметі инфрақұрылым элементтерін түзу жағдайында қолдайды. Инфрақұрылым элементтеріне қызмет көрсетудің негізгі стратегиясы – жоспарлау, сақтану, қызмет ету және жөндеуді қолдану арқылы олардың қатардан шығуын алдын-алу.
Инфрақұрылымды басқару СМЖ.06.02 Инфрақұрылымды басқару СМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Коммуникациялар жүйелерін жылыту маусымына дайындалуы СМЖ.06.07 Коммуникациялар жүйелерін жылыту маусымына дайындалу үрдіс картасында сипатталған.
Компьютерлік техникаға қызмет көрсету мен жөндеу тәртібі СМЖ.06.04 Компьютерлік және ұйымдастыру техникаларға қызмет көрсету және жөндеу үрдіс картасында сипатталған.
6.4 Өндірістік орта
Университеттің қызметкерлеріне өздерінің өндірістік қызметтерін тиімді орындауға мүмкіндік беретін әрбір жұмыс орынға белгілі жағдай жасалынған. Қажетті жағдайда қауіпсіздік техника мен санитарлық гигиена шаралары жүзеге асырылады, жұмыс орындарын жақсарту және сонымен бірге позитивтік микроклиматты қолдау бойынша шаралар жүзеге асырылады.
Қажетті жағдайда өндірістік ортаның физикалық факторларының фактілі жағдайы құралмен өлшеу арқылы анықталады. Ауа райын реттеу құралдары, жылыту, ауаны алмастыру және жарық беру жүйелерін қолдануды басқару қамтамасыз етіледі.
7 Өнімнің өмірлік кезеңінің үрдістері
7.1 Өнімнің өмірлік кезеңінің үрдістерін жоспарлау
Өнімнің өмірлік кезеңінің үрдістерін жоспарлау сапа бағытындағы бекітілген өлшеулі мақсаттар (5.4.1 тарау), сапаны жоспарлау шаралар (5.4.2 тарау), сонымен
бірге орындалатын қызметіне қойылатын талаптар есебімен жүзеге асырылады. Жоспарлау нәтижелері оқу жылының жоспарлар түрінде көрсетіледі. Басқарудың барлық деңгейлерде өзара байланысқан жоспарлардың құрылуы сапа менеджменті жүйесінің нәтижелі және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Үрдістерді жоспарлау СМЖ.05.01 БҚМУ қызметін жоспарлау СМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
БҚМУ негізгі өндірістік үрдістерді жоспарлау шаралары СМЖ.07.03 Оқу үрдісін жоспарлау, СМЖ.07.05 Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлауы және ұйымдастырылуы, СМЖ.07.08 Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және өткізілуі.
7.2 Тұтынушылармен байланысты үрдістер
БҚМУ көрсететін білім беру қызметінің негізгі тұтынушылары - студенттер және жұмыс берушілер. Мансап орталығы кәсіби бағдар, қабылдау және білім беру мекелерімен байланыс бөлімі және сараман, мансап және маркетинг бөлімі жұмыс берушілер мен студенттерге сауалнамалар жүргізу арқылы білім беру қызметтер нарығын зерттеу, жаңа мамандарға сұраныстарды анықтау және университетте бар мамандарға тұтынушылар сұраныстарын болжау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Білім беру қызметтер нарығын зерттеу үрдісі СМЖ.08.05 Жұмыс берушілерге сауалнама өткізу үрдіс картасында, СМЖ.07.25 Кафедралар бөлімдерінің орта жалпы білім беру мектептердегі қызметі үрдіс картасында, СМЖ.08.11 Дайындық курстар тыңдаушыларына сауалнама өткізу үрдіс картасында ж.б. сипатталған.
7.2.1 Өнімге қатысты талаптарды анықтау
Университет белгіленген тәртіпте бекітілген сәйкесті заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттарда («Білім туралы», «Ғылым туралы», Заңы 2015 жылға дейін жоғары білім даму концепциясы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, типтік бағдарламалар және басқа) анықталған талаптарды білім беру және ғылыми-техникалық қызметтерді орындайды.
Нормативтік құжаттармен регламенттелмеген жұмыстар, қызметтерді орындау барысында университет оларды заң талаптары, тұтынушы сұраныстары есебінен жүзеге асырады.
7.2.2 Өнімге қатысты талаптарға талдау
Университет көрсететін қызметтерге қойылатын талаптарды талдау тұтынушымен келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Осы талдау университеттің барлық мүдделі бөлімшелері қызметіне қойылатын талаптарды қарастырады. Заңгерлік жағы мен заң талаптарына сәйкестігін заңгер қарастырады, қызметті орындаудың экономикалық тимділігін бухгалтерлік қызмет талдайды, жұмыстарды орындау мүмкіндігі мен мерзімдерді бөлімше-орындаушы талдайды. Көрсетілген қызметтерге қойылатын талаптар талдауының оңды нәтижесі жоғары көрсетілген адамдардың келісім-шартқа қойған қолдары болып табылады. БҚМУ-дың типтік келісім-шарттардың ішкі мазмұны (студенттерінің келісім-шарттары, еңбек келісім-шарттары және басқа) сапа және экология бойынша Кеңесінде талданады және бекітіледі. Өткізілген талдау жөніндегі жазба сапа және экология бойынша Кеңестің хаттамасы болып табылады.
7.2.3 Тұтынушымен байланыс
Университет өз тұтынушыларымен телефон байланысы, факсимилдік және электрондық хабарлама, хаттар, студенттер және ата-аналарымен кездесулер өткізу, бос орын жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жұмыс берушілер мен студенттерге сауалнамалар өткізу, «Өркен» университеттік газетінде материалдарды жариялау жолдарымен байланысады.
Тұтынушылардың наразылық пен шағымдары анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шараларды қабылдау мақсатымен зерттеледі. БҚМУ-да тұтынушылар наразылықтарын қарастыру СМЖ.07.01 Тұтынушылардың наразылықтары және шағымдарымен жұмыс жүргізу тәртібі СМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
7.3 Жобалау және әзірлеу
Жобалау және құрастыру БҚМУ сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласынан алынып тасталған. Тараудың номинал атауы нөмірлеуді сақтау үшін қалдырылған.
7.4 Сатып алулар
7.4.1 Сатып алулар үрдісі
Сатып алатын өнімдердің орнатылған талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі СМЖ.07.02 Мемлекеттік сатып алулар СМЖ әдістемелік нұсқаулар шарасын қолданумен жүзеге асырылады. Шара жеткізушіні бағалау мен таңдауды және сәйкес жазбаларды жүргізуді қарастырады.
7.4.2 Сатып алулар жөнінде ақпарат
Сатып алу өнімдерде қажеттілігін СМЖ.07.02-де қарастырылған нысаны бойынша бөлімше жетекшілері анықтайды. Қажет болған жағдайда сапа жүйесінде сатып алатын өнімдерді, қызметкерлер біліктіліктерін бекіту бойынша талаптары орнатылуы мүмкін.
7.4.3 Сатып алынған өнімді верификациялау
Сатып алынған өнім кіріс бақылаудан өтеді. Сатып алынған өнімді тексеру әдісі СМЖ.07.02 Мемлекеттік сатып алулар СМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес анықталған.
7.5 Өндіру және қызмет көрсету
Білім беру және ғылыми-техникалық қызмет көрсету басқарылатын жағдайларда жоспарланады және қамтамассыз етіледі. Бұл жағдайлар көрсететін қызметтер мінездемелерін сипаттайтын ақпаратты (ҚР МЖМББС бекітілген біліктілік мінездеме және маманның дайындығына қойылатын талаптар, типтік бағдарламалар негізінде құрылған жұмыс оқу жоспарлар және бағдарламалар), үрдіс карталарын, нормативтік және ұйымдастыру-басқару құжаттарын, материалдық-техникалық базасын (лайықты құрал жабдықты, көрнекі құралдарды қолданумен), мониторинг өткізуді, өндіріс үрдістерді өлшеу және бағалауды кірістіреді.
7.5.1 Өндіруді және қызмет көрсетуді басқару
Өндіріс және қызмет көрсетуді басқару үрдіс карталарына сәйкес тиісті бөлімшелерде жүзеге асырылады.
Құрылымдық бөлімшелер жетекшілері үрдіс мониторингі мен талдауды жүзеге асырады, үрдіс мінездемелерін жалпы басқару мен бақылауды орындайды.
7.5.1.1 Өндіруді дайындау
Жұмыстарды орындауға дайындалу кезінде берілген ақпарат және құжаттар тексеріледі.
Регламенттейтін (ұйымдастыру-басқарушы) құжаттаманың бар болуы мен өзектілігі, құрал жабдықтын қызмет етуі мен жұмысқа қабілеттілігі, материалдармен қамтылу және қызметкерлердің дайындығы (біліктілігі) алдын ала анықталады. Тиісті шарттардың жеткіліксіздігі мен жоқтығы жағдайында құрылымдық бөлімше жетекшісі үрдістін қамтылу мен басқарылуы үшін шараларды қабылдайды.
Талапкерлерді іріктеу және қабылдау шарасы СМЖ.07.04 Талапкерлерді іріктеу және қабылдау үрдіс картасында сипатталған.
7.5.1.2 Өндірістік үрдісі
Өндіріс қызметі білім алушыларды мемлекеттік тапсырысқа сәйкес және келісім шартпен ақылы негізінде қабылдау, ғылыми-техникалық қызмет көрсету жөнінде келісім-шарттарға отыру және тапсырыспен баспа қызметін көрсетумен жүзеге асырылады. Негізгі өндірістік үрдістер:
-
СМЖ.07.05 Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарлауы және ұйымдастырылуы;
-
СМЖ.07.08 Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және өткізілуі;
-
СМЖ.07.09 Сабақтарды өткізу;
-
СМЖ.07.13 Оқу сабақтарды ұйымдастыру және бақылау;
-
СМЖ.07.15 ЖОО-дан кейінгі білім;
-
СМЖ.07.17 Түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
-
СМЖ.07.18 Баспа қызметі;
-
СМЖ.07.20 Кредиттік технология, қашықтан оқыту және бойынша пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау;
-
СМЖ.07.26 Оқу мекемелерін бітірушілерді ұлттық бірынғай және кешенді тестілеуге дайындау;
-
СМЖ.07.27 Графикалық жобалау;
-
СМЖ.07.29 Сурет және бейне өнімдерді дайындау;
-
СМЖ.07.31 Презентацияны өткізуді қамтамасыз ету;
-
СМЖ.07.33 Сайттың қызмет етуі;
-
СМЖ.07.34 Интернет-трафикті тарату;
-
СМЖ.07.36 Қосымша білім беру қызметтерін көрсету;
-
СМЖ.07.37 Спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
-
СМЖ.07.38 Экология және биогеохимия сынақ зертханасында сынауларды жүргізу;
-
СМЖ.07.42 Студенттерді жатақханаға орналастыру жұмысын ұйымдастыру;
-
СМЖ.07.47 Кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттерді тіркеу үрдіс карталарында сипатталған;
7.5.2 Өндіру және қызмет көрсету үрдістерін валидтеу
Университетте өндіріс пен қызмет көрсетудің барлық үрдістерін, сапа жүйесінің құжаттамасын лицензиялау, бекіту, әдістерімен бекітіледі.
7.5.3 Сәйкестендіру және бірізділеу
7.5.3.1 Жалпы ережелер
Сатып алынатын өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді дұрыс қолданбау және сәйкестендіруді қамтудың алдын-алу үшін ұйымда СМЖ.07.02 Мемлекеттік сатып алулар СМЖ әдістемелік нұсқаулар шарасы қолданылады. Құжаттардың сәйкестендіруі СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару әдістемелік нұсқау құжатталған шараға сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкес құжаттарды (жұмыс оқу жоспарлар, педагогикалық қызметінің сағаттар есептері, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары, жұмыс оқу бағдарламалар) рәсімдеу арқылы өндірістік үрдістер кезеңдерінің бірізділенеді және кафедра жиналыстардың, институт Кеңесінің, Ғылыми Кеңесінің, Сапа және экология бойынша Кеңесінің хаттамалар, оқытушының жеке жұмыс жоспарының жазбаларындағы бірізділенумен аяқталады.
7.5.4 Тұтынушылар меншігі
Достарыңызбен бөлісу: |