Тақырып 14,15. Астықты сақтау барысындағы бақылау
Жоспар:
1. Астықты сақтау барысындағы бақылау
2. Астық температурасы
З.Дәннің ылғалдығы
4.3ақымдану деңгейі
5.Дөннің иісі мен түр-түсі.
6.Тұқымдық дәнді сақтау
1. Астықты сақтау барысындағы бақылау
Қабылдау кәсіпорындарының соңғы жылдардағы техникалық қарулануының өсуі астықты тапсырып, қабылдаудаң технологиялық және экономикалық тиімді жүйелеріи енгізуге мүмкіндік тудырады. Астықты орақтан соңғы өңдеудің және одан кейінгі жұмыстардың мынадай бір кең гвраған желісін оқырман назарына үсынуға болар еді. (1-ші сурет). Астықты дер кезінде өндеудің нәтижесінде кейбір партиялардың місіпорын төңірегінде яғни ішінде жылжытып, қозғап тасымалдауды пмйіады, дәннің сақтауға тезімділігін арттырады, қоймаларды тиімді пййдапану мүмкіндігі туады.
Астықты қабылдау кезінде өндеу дәннің шығымын күрт қысқартады. Бұл кездегі шығын астық жиымын сақтау барысында орын алатын физиологиялық қүбылыстарының өрбуіне байланысты.
Астықты толассыз өңдеуді іске асыру үшін бір-бірімен бір жүйелілікпен жинаушы шанақтармен және көтергіш транспорт механизмдер арқылы байланыстырылған машина кешендерінен түратын технологиялық желілер жасалынады. Астықты қабылдау және өвдеу желілері жалпы мынадай операцияларды, шараларды қамтиды: сынама шөкім алып, келіп түсіп жатқан астықтың сапасын анықтау; автомобиль таразыларында астықтың салмағын өлшеу; астықты түсіру; дәннің технологиялық қүндылығы және сапа көрсеткіштері бойынша партиялар жасау; астықты дөрекі қоспалардан және жарамсыз қалдықтардан бірінші кезск тазарту; кептіру, астықты құрғак, күйінде қүнды дәнді қалдықтарын, қоспаларын бөле, айыра отырып екінші кезек тазарту; қалған астықты таразыға тарту жөне қоймаға салып орналастыру.
Сақтауға салар алдында астықтың дәл салмағын, санын дегендей-ақ білу мақсатымен, өндеуден өткен соң міндетті түрде таразыға тартып еткізу керек.
Әрбір технологиялық желі белгілі бір өнімділікпен сипатталады, бірақ қабылдау орнына нақтылы келіп түсетін астықтың мөлшері тәуліктің әр сағаты сайын орта өнімділіктен ауытқып отырады. Сондықтан, желілерді біркелкі тиеп отыру үшін оларды жинаушы шанақтармен жабдықтайды. Аталған шанақтар тәуліктің үдемелі, қарбалас кезеңіндегі желінің өнімділігінен асып келіп түсіп жатқан астықтың барлығын дерлік қабылдап, кейінірек астық түсу біраз саябырлаған уақытта тиісті желіге керегінше жіберіп отыруға көмегін тигізеді.
Одан басқа жинаушы шанақтар кейінірек талассыз өндеуге жіберілетін майда партиялар жасауға да мүмкіндік береді. Жинаушы шанактарда қолданғанда астықты тиісті технологиялық желіге жібергенге дейін уақытша дұрыс сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен оларды астықты желдетуге арналған қондырғылармен жабдықтайды.
Технологиялық желі дегеніміз тұрақты не уақытша, жанжақты (универсалды) не арнаулы болып, элеваторлар және қабылдау тазарту, кептіру-тазарту мүнараларының негізінде құрылады. Астықты қабылдау және өндеу үшін элеваторлар негізінде құрылған технологиялық желілер икемді, бейімді болады және істелінетін барлық жұмыс толық механикаландырылған. Бұл экономикалық жағынан тиімді де жоғары өнімді желілер қатарына жатады. Элеваторларда салынып жаткан технологиялық желілер диспетчерлік және де механизм мен машиналарды арақашыкта автоматикалық баскаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Астықты бүкіл сақтау мерзімі барысында жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру керек. Астық сақтау барысында оның бастапқы сапасына байланысты түрлі физиологиялық және биохимиялық күбылыстардың орын алатыны туралы жоғарыда айтылды. Ойдағыдай бақылау болмай, дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған жағдайда астықтың сапасы төмендеп, шығыны көбейе түседі.
Сақталып жатқан астық қорын ойдағыдай ұйымдастырылған бақылаудың және сол бақылаудың күнделікті нәтижесін шебер дұрыс талдаудың арқасында барлық ыңғайсыз, қолайсыз құбылыстардың алдын алып, астықты сақтауға, өңдеуге мейлінше аз қаражат жұмсалып, шығынсыз тұтынушыларға босатуды қамтамасыз етеді. Астықтың әрбір партиясы бақылауға алынуға тиісті. Осы жағдайды және де қабылдау мекемелеріне сапасы әртүрлі, бірнешеге жететін астық партияларының келіп түсетінін ескере отырып, бақылауды қарапайым ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асыру керек.
Жүйелі бақылау барысында астық қорының күйін қалтқысыз, қатесіз анықтау үшін мына төмендегідей көрсеткіштерді білу керек. Олар астықтың температурасы, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері, зиянкестердің тигізетін залалы, балаусалық көрсеткіштері (түр-түсі және иісі). Тұқымдық дәннің партияларында қосымша өну энергиясы мен өнгіштігі анықталады.
2. Астық температурасы
Астық температурасы - дәннің күйін сипаттайтын өте маңызды көрсеткіш. Астықтың барлық қабаттарында температура төмен мөлшерде болса, онда дәннің күйі дұрыс болады, ол астықтың консервіленгендігінің белгісі, куәсі. Астық кабаттарында температураның біркелкі болмауы қоршаған ортаның (сыртқы ауа, қойманың кабырғалары және т.б.) әсерінен болады. Сондықтан температураны астық жиымының әртүрлі қабаттарында анықтап тұру қажет. Астық температурасының жоғарылауы қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне сәйкес болмаса, онда ол физиологиялық процестердің өрбігенінің және дәннің өздігінен кызуының басталғанының куәсі. Сондықтан, астықты бақылаумен қатар сыртқы ауамен және қоймадағы ауаның температурасын да есепке алып отыру қажет, қоймадағы ауаның температурасын кәдімгі спирт не сынап термометрлерін пайдаланып анықтайды. Қоймадан тыс сыртқы ауаның температурасын анықтау мақсатымен осындай термометрлер күн сәулесінен калткылау жерлерге, тасалау орындарға іліп қояды. Астық жиымының температурасын анықтау үшін әртүрлі құрылғы пайдаланылады. Мәселен, қоймада сақталып жатқан партиялар үшін ТМШ-11 деген құбырлы штангелі ұзындығы 1,6 - 3,2 метрлік, диаметрі 20 мм-лік термосүңгі қолданады. Кейде оған ПИП-2 деген тасымал өлшеу аспабын қоса пайдаланады.
Қоймаларда металдан не пластмассадан жасалған ұштығында кәдімгі сынап не спирт термометрі орналастырылған термоштангілер пайдаланылады.
Элеватордың қораптарында сақталып жатқан астықтың температурасын термоасылғыларды қораптың ішіне жоғарыдан темен қарай салбыратып орналастыру жолымен бақылайды. Термоасылғы дегеніміз ұзына бойына алты кедергі термометрлері орнатылтан кабель-арқан. Термометрдің өлшегіш сымдары термоасылғының бас жағында шығарылып бекітілген. Температура өлшеу +50°С-тан -50°С-қа дейінгі мөлшерде ДКТЭ-4, ДКТЭ-4М, ДКТЭ-5, МАРС-1500, М-5 сияқты орталық пультте жазылып отырады.
Қоймада сақталып жатқан астықтың температурасын бақылау ыңғайлы болу үшін, үйіндінің бетін шартты түрде ауаны 100 шаршы метр секцияларға бөліп кояды. Әрбір секция кемінде үш термоштангімен қамтамасыз етіледі. Оларды әртүрлі терендікте орналастырып, сосын үйіндінің әртүрлі қабаттарына жылжытып қозғалтып отырады.
Әсіресе, қойманың еденінен 30-50 см қашыкдықта және үйіндінің бетінен 30-75 см орналаскан астық қабаттарының температурасын мұқият бақылап отыру керек. Себебі, көбінесе дәл осы кдбаттарда жоғарғы жөне төменгі қабаттарында ездігінен қызу қызыну орын алады.
Осы себептен қойма қабырғаларын бойлай орналасқан астық қабаттарына, әсіресе оңтүстік жағындағы кабырғаға баса көңіл аударылады.
Астықты электр қондырғысымен жабдықталған элеваторларда сақтағанда, термоштангілерді 4-5 м тереңдікке ғана кіргізіп орналастыру мүмкін.
Бұл жағдайда астықтың одан кейінгі төмен жатқан қабаттарының температурасын бақылау мүмкін емес. Сондыктан, элеватор қораптарына сақтауға төзімсіз астықты салуды шектеп, тіпті салмауға тырысу керек.
3. Дәннің ылғалдығы.
Ылғалдық астықтың сақтау барысындағы күйін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Біркелкілігін білу мақсатымен дәннің ылғалдығын қат-қабаттар бойынша анықтайды.
Сақтау барысында байқалған астықтың ылғалдығының қат-қабат бойынша өзгеруі, ылғалдың бір қабаттан екінші қабатқа өтуі сорбция және десороция процестерінің орың алуынын салдары.
Мұндай жағдайда астықтың құрамында жоғары ылғалды қабаттардың пайда болу қаупі туады. Сондықтан сақталып жатқан астықтың ылғалдығы қат-қабат бойынша өзгеруіне жол бермей, егер ондай құбылыс орын ала қалған жағдайда шұғыл шара қолданын, оны жою керек.
Астық қоспаларының саны мен құрамының өзгеруі оны сақтау барысындағы күйін сипаттайтын жанама көрсеткіш, жанама фактор болып табылады.
Әсіресе, бұл көрсеткіш арам шөп қоспаларының бүлінген дәндер фракциясына және дәндік қоспаларға жатқызылатын жартылай желініп қалған және қарайған дәндерге тән. Көгерген, желініп калған, қарайған не бүлінген (бұзылған) дәндердің процент мөлшерінің көбеюі астық сақтау барысы жалпы ойдағыдай еместігін мәлімдейді. Негізі мұндай дәндер санының көбеюі шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кенелер сияқты зиянкестердің өніп-өсуінің не дәннің өздігінен қызуының басталып келе жатқандығының салдарынан, сондықтан, астықтың ластығын анықтап талдау кезінде жоғарыда атап көрсетілген қоспалар фракцияларының молшеріне баса назар аудару керек.
4. Зақымдану деңгейі.
Астық қорының сақталу барысында әр-түрлі зиянкестерден зақымданып жұқпалы дертке шалдығуы мүмкін болғандықтан, бұл көрсеткіш бойынша да мұқият бақылау өте-мөте қажет-ақ. Бақылау кене, құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерді өркендетпей, оларды таратпай, тіпті толық құртып жіберуге мүмкіндік тудырады. Қоймада сақталып жатқан астықтың зақымдану деңгейін әр қабаттарынан (жоғарғы, ортадағы және теменгі) алынған сынамаларды бөлек-бөлек зерттеп талдау арқылы тексеріп отырады. Астықты элеваторларда сақтау барысында үйіндінің тек жоғарғы қабатын зерттеумен шектеледі.
5. Дәннің иісі мен түр-түсі.
Астықтың балауса белгілері оның иісі мен түр-түсі. Егер осы көрсеткіштер өзгере бастаса онда астық қорында ыңғайсыз, қолайсыз құбылыстардың өрби бастағаны деп түсіну керек.
Мәселен, спирт иісіндей иістің пайда болуы; астықтың үдемелі оттекті тыныс алу, ал зеңнің сасық, шірік иісінің шығуы шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және т.б. микроортанизмдердің өсіп-өрбіп келе жатқандығының куәсі.
Астық қорын сақтау барысында жоғарыда аталған көрсеткіштердің барлығын дерлік міндетті түрде анықтау керек. Одан басқа оқтын-оқтын астықтың кышқылдығын анықтап қою өте-мөте орынды.
Қышқылдыктың өсуі астық өзінің және ондағы құрамындағы микроортанизмдердің тіршілігінің нәтижесінде дәннің ортаникалық заттарының ыдырап-бүлінуі процестерінің жүре бастағандығының салдары.
Сортты, тұқымдық дәнді дақылдар партияларының күйін бақылау барысында міндетті түрде олардың ену энергиясы мен өнгіштігін тексеріп тексеріп отырады.
Астықтың кейбір көрсеткіштерін тексеру мерзімі біраз жағдайларға байланысты. Олардың ең маңыздылары астық жиымының күйі, оның бастапқы сапасы, сақтауға төзімділігі, беріктігі, сақтау шарттары (жыл мезгілі, ауа райының ерекшеліктері, қойманың түрі, типі, үйіндінің биіктігі және т.б.). астықтың физиологиялық екпінділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның теммературасын кестеде көрсетілгендей тексеріп отырады.
Астық ылғалдығы мен температурасына байланысты басқа көрсеткіштеріи бақылау бекітілген. Астықтың әрбір партиясының бақылау нәтижелерін хронологиялық тәртіппен бақылау кітабына жазып отырады. Мұндай тәртіп астықтың күйін дер кезінде талдап түруға, мекемеде астық сақтауды ұйымдастыруды дұрыстап және салқындату, зарарландыру, кептіру, тазарту сияқты керекті технологиялық шараларды уақтылы қолдануға көмек жасайды.
6. Тұқымдық дәнді сақтау.
Астық қабылдау кәсіпорынының басты міндеті тұқымды сақтап, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту. Сақтау кезінде тұқым өнгіштігінің негізгі кему себептері төменде келтірілген.
Ылғалдылығы жоғары дән интенсивті тыныс алған кезде дән араларындағы кеңістікте көмірқышкыл таз жиналады да, дән клеткалары анаэробты тыныс алудан пайда болатын өнім - этил спиртінің әсерінен өледі. Құрғақ дөн өлсіз тыныс алады. Оның өнгіштігі тіпті қалың қабат етіп салынғанда да сақталады.
Тұқым өнгіштігін төмендететін ең басты фактор - микроортанизмдер, кенелер мен жәндіктердің дамуы. Қызу да дән өнгіштігін нашарлатады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден жоғары тұқымды салқындату оның өнгіштігіне зиян тигізеді. Ылғалдылығы жоғары болған сайын түкым да суыққа сезімтал келеді.
Жинаудан кейінгі ендеу түрлері мен тәсілдері де тұқым өнгіштігін төмендетуі мүмкін. Өнгіштік жарақат алу, кептіру кезінде күйіп қалу, тұқымды дезинфекциялау салдарынан да кемиді. Сақтау мерзімі ұзарған санын тұқым өнгіштігі де кеми береді.
Тұқым өнгіштігі мен өну энергиясына әсер ететін себептерге жасалған талдау, сақтаудың негізгі тәртібі тұқымды құрғақ таза және салқын күйде ұстау екенін көрсетеді. Сақтау мерзіміне байланысты тұқым ылғалдылығы әр түрлі болуға тиіс. Ылғалдылығы шекті мөлшерден екі процент төмен болған. жағдайда ғана тұқымды ұзақ сақтауға болады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден бір процент темен дән аз сақталады. Тұқымды 5-10 градустан төмен температураға дейін ғана салқындатуға болады. Тұқымныңк дәнді ойдағыдай сақтау үшін оны үнемі және мұқият бақылап отыру қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Астықтың закымдану деңгейі деп оның қандай жағдайын атайды?
2. Балауса астықтың иісі мен түр-түсі қандай болады?
3. Тұқымдық дәнді сақтау қандай жағдайда жүреді?
4. Тұқымдық дәнді қабылдап және сақтаудың қандай ерекшеліктері бар?
Қолданылатын әдебиет
4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 60-65 бет.
4.1.3. Технология муки, крупы и комбикормов. О.Н. Чеботарев, А.Ю. Шаззо, Я.Ф. Мартыненко. - Москва: ИКЦ «МарТ», Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 2004.-55-56 с.
8.2. Сараптамалық сабақтар
Зертханалық сабакта кейбір күрделі сұрақтарды оқып білу және студенттердің өздік жұмысының қорытындысы болып табылады. Зертханалық сабақта студенттер көкейкесті мәселелерді дұрыс жеткізе алуға және өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, емін еркін айта алады. Осының бәрі қазіргі уақыт талабына сай жақсы маман болуда зор үлес қосады.
1 тақырып. Құлау санын анықтау
-
Қолдану
Бұл стандарт дәнді дақылдар үшін құлау санын анықтау тәсілін, олардың альфа амилазаның активтігін сипаттау үшін қолданады.
-
Қолдану ауданы
Тәсіл бидай, дәнді дақылдар үшін әсіресе қарабидай мен бидай және олардың әртүрлі өлшемдегі бөлшектерінің 7.5 сәйкес тартылған өнімдер де қолданылады.
Бұл тәсіл сырақайнату кәсібінде қолданылмайды.
-
Сілтеме.
13586-83* ГОСТ Дән. Қабылдау ережелері және сынаманы алу тәсілі.
27668-88 ГОСТ Ұн және кебек. Қабылдау және сынама алу тәсілі.
29143-91 ГОСТ(ИСО 712-85) Бидай және бидай өнімдері ылғалдылығын анықтау (жұмысты қадағалау тәсілі)
Ресей Федерациясында 50436-92 ГОСТ Р (ИСО950-79) қолданады.
Ресми шығарым
-
Анықтау
Құлау саны жалпы уақыты секундта болады, вискозиметриялық пробирканы қайнап жатқан суға батырған мезгілден басталады, суспензияны вискозиметра араластырғышымен араластыру үшін қажет және бұл суспензияның судан және ұнның тұтастай тартылған дән құлауы үшін керек.
-
Тәсілдің маңызы.
Ұнның сулы суспензиясының тез клейстеризация немесе тұтастай тартылған дәннің сулы моншада және келесі крахмалдың альфа амилазасының жану деңгейін сынама құрамында анықтайды.
-
Реактив
-
Дистелденген су немесе эквивалентті таза су.
-
Аппаратура
-
Аппаратура түсіндірмеге сай немесе кез келген басқа эквивалентті аппаратура.
Жабдықтар келесі бөлшектерден тұрады.
-
Сулы монша биіктігі 20 см және диаметрі 15 см , вискозиметр пробиркасы үшін тығын мен ұстағыш, қысқышпен,кондисатормен бу беруді төмендетеді.
-
Электрикалық қуаттылығы 600 Вт ысытқыш диаметрі сулы монша диаметрінен аспауы керек.
-
Вискозиметр араластырғышы металды өзімен ол екі шектегішпен шектелген стержень және төменгі бөлігінде дөңгелектері бар. Араластырғыш эбониттітөлкеде жатық қозғалады және оның массасы төлкесіз (25,00±0,05)г құруы керек.
* Стандартизация бойынша халықаралық ұйым өз келесі факторларға өз назарын аударады, яғни осы аппаратураға патент Falling Number AB-дікі, Норрландстан 16, Стокгольм (Швеция), бұл патент барлық талаптарға сай болса да 7.1ге ауыстырылған. Стандартизация бойынша халықаралық ұйым оның құндылығы мен қолдану ауданын айталмайды.
Патентті ұстайтын адам қабылдауға тиімді шарттарда мүддескен жақтарға лицензияларды беруге дайын екендігін айтты.
Вискозиметр араластырғыщы және дөңгелектермен бірге олардың өлшемдері 1,2 суретте схеме түрінде көрсетілген.
-
Вискозиметриялық прецизионды,цилиндриялық пробиркалар әдійі жасалған шынылар келесі өлшемдері ішкі диаметрі (21,00±0,02) мм сыртқы диаметр (23,80±0,25)мм, ішкі бөліктің биіктігі (220,0±0,3)мм
-
Вискозиметриялық пробиркалар үшін резиналық пробиркалар
-
Сыйымдылығы (250±0,2) см³ пипетка
-
Автоматикалық сигналмен есепші және дұрыс араластыру ырғағын қамтамасыз ететін секундомер.
-
Таразы
-
Ылғалдылығы 30% аспайтын тартылған өнім үшін балғалы диірмен .
Диірменді 1 кестеде көрсетілгендей тартылған бидайды келесі талаптарға сай етіп басқару қажет.
-
кесте- бөлшектер өлшемдеріне талаптар
Сита тесігінің өлшемі ,мкм
|
Сито арқылы өту, %
|
0,8
|
100
|
0,5
|
95 тен 100 включ
|
210-200
|
80 дейін включ
|
-
Тесіктері 800 мкм өлшемдегі сито.
Бұл мақсаттар үшін Kamas Slago 200А және Falling number тип КТ 120 балғалы диірмен келеді.
-
Сынама алу
8.1 13596.3* немесе 27-668 ГОСТ сәйкес.
-
Әдістеме.
-
Сынаманы анықтауға дайындау.
-
Бидай сынамасы
Орташа сынаманы шаңнан, арамшөп қосындыларынан және 300г аз емес бидайды таңдайды.
Бақылаулы анықтауда 200г бидайды таңдау жіберіледі, бұл жағдайда ұдайы өндіру қорытындысы төмен.
Сынаманы диірменде (7.5 сәйкес) ұсақтайды, қызу немесе тиеуді жібермейді.
Сынаманың соңғы үлесін диірменге құюдан кейін тарту әлі 30-40с жалғасады. Ситодағы кебек бөліктерінің қалдығын 1% мөлшерде келіп түсетін ұсақталған дән есепке қабылданбайды.
Тартылған өнімді мұқият араластырады.
-
Ұн сынамасы
Сынаманы сито арқылы (7.5 сәйкес) түйірлерді бөлу үшін илейді.
9.2 Сынамада ылғалдылықты анықтайды.
Өлшемді таңдау алдында ұндағы немесе тартылған өнімді әдістеме бойынша ылғалдылығын анықтау үшін жазылған 29143 ГОСТ бойынша жасайды.
-
Талдау үшін сынама (өлшем)
9.3.1Талдау үшін өлшем массасы таңдалады және 0,05г дейін дәлдікпен 2 кестеге сәйкес араластырады.
Өлшем сынама ылғалдығына тәуелді есептеледі.,яғни 25 см³ суды қосқанда құрғақ зат сәйкес жалпы су үнемі ылғалдылығы 15% (масса бойынша) жалпы өлшем массасы 7,00г құрайды.
-
Өте жоғары активті альфа - амилаза үшін өлшем алу керек. 15% ылғалдылықта 9,0г номиналды массаға сәйкес келуі керек. (2 кесте)
-
Анықтау
Сулы моншада деңгейге дейін дистелденген су құяды, ыдыстың жоғары жағынан 2-3 см орналасады. Суды қайнауға дейін жеткізеді және оны барлық талдау уақыты бойы қатты қайнау қалпында сақтайды.
ЕСКЕРТУ-Құлау санына судың қайнау температурасы әсер етеді, кезегіне атмосфералық қысымға тәуелді. Қайнау нүктесі 97 °С жетеді, бұл теңіз деңгейінен жоғары биіктегі ерекшелігі 10 % дейін негізгі құлау санының маңызының жоғарлауына әкеледі. Сондықтан судың қайнау температурасын 100°С дейін жеткізу маңызды, оған этиленгликоль немесе глицерин қосады (3 кесте)
Сынаманы талдау үшін вискозиметрдің (7.1.4) пробиркасына орналастырады және температурасы (20±5) °С пипетка көлемі арқылы 25 м³ су қосады. Пробирканы резиналы тығынмен жабады
-
және 20 рет немесе одан да көп біртекті суспензия алғанға дейін араластырады.
Тығынды алып вискозиметр араластырғышының дөңгелектерімен пробирка қабырғасына жабысқан ұн бөлшектерінің немесе тартылған өнімді жалпы масса суспензияда алып тастайды.
Вискозиметриялық пробирканы оған орнатылған араластырғышпен бірге қайнап жатқан сулы моншаға пробирка ұстағышының тесіктері арқылы орналастырады.
Пробиркасулы моншаның жалған түбіне тигенде автоматты түрде есептегіш қосылады. Пробирканы және эбонитті төлкені айналып тұрған қысқышпен қадайды.
Вискозиметриялық пробирканың төмен түсіруінен 5с кейін қолмен суспензияны секундта екі араластыру қозғалысының бір қозғалысы төмен және бір қозғалысы жоғары құралады (11.1)
Әрбір араластыру қозғалысында төменгі және жоғары араластырғыш шектегіштері А эбониттті төлке және В төмендеу түбінің төлкенің жоғары бөлігін тиюі қажет, яғни араластыру қозғалысының амплитудасын шектейді.
30498-97 ГОСТ
59 с кейін араластырғышты жоғары тұрғыда тоқтады , яғни төменгі шектегіш эбонитті төлкемен жаналады, ол айналмалы қыстырғышпен қатайтқан. Автоматты есептегішті қосқан кеін тура 60с кейін араластырғышты жібереді (11.2)
Есептегіш дәл сол мезетте автоматты түрде тоқтайды , төменгі жақтың жоғары шектегіш араластырғышы өзінің салмағы әсерінен төмен түсіп эбонитті төлкенің С деңгейіне жетеді.
Жалпы уақыт секундта автоматты есептегіш көрсеткішіне тура
-
анықтау саны
-
Сол бір сынама үшін 2 анықтаулар жүргізіледі.
-
Қорытындыны өңдеу
-
Есептеу әдістемесі.
10.1.1 құлау саны
Жалпы уақыт секундта, вискозиметриялық пробирканың сулы моншаға төмен түсірілгеннен мезеттен және дейін бастап араластырғыш щектегіші эбонитті төлкенің жоғары бөлігінің С деңгейіне жеткенде «құлау саны» етіп алынады.
Араластыру уақыты құлау санын қосады.
Талдаудың соңғы қорытындысы орта арифметикалық қорытындысының 2 анықтамасын егер жинақтылық талаптары орындалғанда қабылданды. Алайда 2 жаңа анықтау орындайды.
10.1.2 Жану саны
Ұнды қоспалар құлау санының талаптарынына сай жасау болады, егер құлау санын жану санына ЧР формула бойынша ауыстырса
ЧР=6000
Мұнда 6000-тұрақты саны, ал 50 саны уақыт тең, яғни ұндағы крахмал қажетті желатинденіп энзим әсері үшін жеткілікті.
10.2 Жинақтылық.
Маңыздылар арасна ерекшелігі 2 анықтаулар алынған кейін орта маңызы 10 % аспауы керек.
11. Әдістемеге ескертулер
11.1 Араластыру құлау санын анықтауда бастапқы сатыларының бірі болып келеді. Араластырудың дұрыс ырғағын мұқият бақылап отыру қажет практикада әркелкі ырғақ маңызды кемшіліктері қорытындысында себеп болады.
Мұндай түрде алынған қателіктерді азайтуға болады, есептегіш сигналдарын қолданадыяғни дыбыстар арқылы немесе автоматты қондырғыларды қолдану ұсынылады.
-
Автоматты есептегіштің қосылу алдында секундта 2 сигнал араластыру ырғағын санауын жеңілдету үшін араластырғыш қасында уақытты өлшеу үшін микроқосқыш орнатылады.
-
Хронометрді қолданғанда оны қосып, араластырғыш өзінің масса әсеріне түскен де және араластырғыштың жоғары шектеуінің төменгі беткейі эбонитті төлкенің жоғары беткейіне жетеді.
-
Тәжірибе протоколы.
Протоколда қолданылған тәсіл мен алынған қорытынды көрсетеді. Жұмыстың барлық бөлшектерін көрсету қажет. Қарастырылмаған нағыз стандарт және қажетті емес болып қарастырылатын,ал кез келген жағдай қорытындыға әсерін тигізеді. Тәжірибе протоколы мәліметтерден сынама толық идентификациясы үшін тұруы қажет.
№2 Тақырып. БИДАЙҒА ҚОЙЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ
Достарыңызбен бөлісу: |