Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, қазіргі таңда басты мәселелердің бірі болып тұр. Мысалы, әрбір отбасының өз баспанасы жоқ, баспанасы бола тұрса да ауылда тұрғындардың дұрыс өмір сүруіне жағдай жасалмаған , олай айтынымыз жылу және жарық, ауыз сумен, жөнді жөнделген жолдар барлық жерлерде қаматамасыз етілмеген. Сондықтан да барллық ауыл тұрғындары ауылдан кетіп, қалаларға көшіп сол жерлерде қалып қалуда. Тағы да ауылдан көшіп кетудің немесе мүлдем ауылдық жерлерге келмеудің маңызды себебі, ауылда әрбір тұрғынның тұрғылықты жұмысы жоқ, әсіресе жастарға жасайтын жұмыс жоқ. Осыдан ауылдың әлеуметтік жағдайы төмендейді, әллеуметтік жа,дайы төмендеген сайын тұрғындардың денсаулығы да төмендейтіні сөзсіз. Мысалы , қарапайм мысал егер бір апа қант диабетімен ауырып жатыр, олаың балалары жұмыссыз және апаны емдететін дәрі-дәрмек, препараттар керек. Ал оны алатын ол отбасын әлеуметі, яғни қаражаты жетпейді. Осылай кете берсе барлық ауыл тұрғындарының денсаулығының төмендеп кетуі мүмкін. Осындай әлеуметтік қолайсыздықтардың алдын – алу үшін ауыл тұрғындарын жұмыспен толығымен қамтамасыз ету керек. Жұмыспен өөамтылған адамдардың өзінде ауыл тұрғындарының денсаулығына кері әсер етпейтіндей жерлер болу керек. Мысалы, біздің Созақ ауылын алатын болсақ, онда уран өндіретін жерде адамдар жұмыс жасайды, сол жасаған жұмысы үшін үстеме ақы төлейді, сонда да ол ақшамен ден саулықты сатып ала аласын дегенге тура келмейді. Барлық жағдайды тұрғындар денсаулығына, әлеуметіне жақсы әсерін тигізетін жақтарын дұрыстау керек.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі
Қазақстандағы 8 мыңға жуық елді мекеннің тең жартысында су жүйелері тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. Шалғай ауылдарда ауызсу мәселесі толық шешілмеген.
Бүгінде Жамбыл облысындағы 373 елді мекеннің 229 немесе 61,4 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 141 елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі жоқ, бұдан бөлек үш ауыл ауыз суды тасымалдау арқылы ішіп отыр.
Бұл мәселелерді шешу үшін келесі іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
Қалалық желілердегі ақауды азайту
Қалаларда су тоғандарына ағызу кезінде, нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі,
Қалалық жүйелердегі су ысырабының деңгейі,
Суды есепке алу құрылғыларын орнату.
Мектеп, балабақша мекемелерін қайта жаңарту
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде 5285 ауыл мектебі бар. Бұл барлық мектептің 75 пайызы. Демек, орта білімнің деңгейі ауыл мектептерінің аяқ алысына, жалпы жағдайына тікелей байланысты. Осыдан-ақ ауыл мектебін елдегі барша білім ошағының діңгегі деуге болады.Қазір елімізде 192 мың оқушы шағын жинақты мектепте оқиды. Бұл - барлық оқушылардың 5,3 пайызы. Ал шағын жинақты мектептердің үлесі 36 пайызды құрайды.
1.Жалпы, қоғамда ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасының айырмашылығы туралы көп айтылады. Шындап келгенде, білім сапасының алшақтығы тек ауыл мен қала мектептерінде ғана емес, өңірлер арасында да бар.
2.Пән бойынша беретін мықты мұғалімнің жетіспеушілігі, ғаламтордың толыққанды барлық мектепте болмауы және материалдық-техникалық базасы.
3. Ауылдағы интернеттің жылдамдығы мұғалімді әуреге салады.
4. Қирап қалуға жақын қалған, оқушыларға қауіпті мектептерді қайта күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңа сапалы мектеп салу
Интернет желісін жақсарту
Шалғай орнналасқан ауыл-аймақтарға әлі сандық телефония дұрыс жете қоймаған. Ескі, кабельді, әлі анологты режимде жұмыс істейтін телефондар. Ал бұл телефондарға қазіргі жоғары жылдамдықты интернет-провайдерлер жарамайды. Және жоғары жылдамдықты сымсыз интернет (3G) қазіргі күнде үлкен қалаларда (кейбір аудан орталықтарында) ғана дамыған. Алыс елді мекендерде әлі күнге дейін EDGE, тіпті кейбір ауылдарда GPRS жүйесінде ғана қызмет етеді. 3-ші жылдамдық 3G барлық Қазақстанға әлі жете қойған жоқ.
"Адамдарға сапалы интернет беру үшін республика бойынша 20 мың шақырым оптика тартамыз. Содан кейін оны елді мекен ішінде тарату керек. Интернетті үйге жеткізу үшін одан да екі есе көп қаржы керек. Базалық станциялар орнатылып, 4G моблиьді интернеті беріледі. Қазірдің өзінде 928 ауылдың 60-қа жуығында базалық станция орнатылған"
Жарықпен толық қамтамасыз ету
Еліміздің көптеген өңірлерінде жарық мәселесі үнемі үлкен қиындықтар әкеліп отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе, үлкен шаһарлардан, облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан ауылдарда бұл шешімін табу қиын түйінге айналған. Дегенмен, бұл кемшіліктерді жою үшін қолға алынып жатырған жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, Түркістан облысындағы Сайрам ауданында орналасқан Ақсукент 2 ауылын үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында тозығы жеткен электр трансформаторлары ауыстырылған. Бұл жарықсыз жан бағып жүрген ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық екені сөзсіз.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы ауылда жарық мәселесі 20 жылдан бері шешілмей келеді.
Қазақстанда Жамбыл облысында жұртта қалғандай күй кешкен Жауғаш батыр атындағы ауыл бар. Елеусіз қалған елдімекен Қазақстанда болғанымен, электр жарығы қырғызға тәуелді.
Көрші мемлекетке күні қараған ел, электр энергиясы үшін тағы доллармен есеп айырысуға мәжбүр. Одан бөлек, ауылда медициналық пункт, мектеп деген атымен жоқ. Қазақстандық ұялы байланыс та жолға қойылмаған.
Жарық жыры жұрт үшін ғана емес, ауыл ішіндегі әскери бөлімге де қатысты. Ел тыныштығын күзеткен Қаратау шекара заставасы генератормен жан бағып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |