Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы
Слайд № 1
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
Аумақтық жалпы ішкі өнім көлемі 109849,9 млн. теңге құрады.
Өнеркәсіп саласы бойынша 19844,2 млн. теңге өнім өндірілген. Нақты көлем индексі- 110,1 %.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 52994,8 млн. теңге болса, нақты көлем индексі- 101,9 %.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13889,1 млн. теңге құраған. Оның ішінде бюджеттік емес инвестиция көлемі 4405,5 млн теңгеге жеткен.
Сауда мен қызметтер көлемі 23121,8 млн. теңге.
Слайд №2
Кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнес бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 24637 бірлікті құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,3 пайызға артқан.
Бұл салада жұмыс істейтіндер саны 44,3 мың адамға жетіп, 106,4 пайызға артуда.
Бюджетке тиесілі төленген салық төлемдері 104,0 пайыз болып, 732,6 млн теңгені құрады.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша 400 адам оқытылып, салалық семинар бойынша 136 адам қатысқан.
Ауданда жұмыс істеп тұрған 7 несие серіктестіктері, шағын несие ұйымдары және «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 9104 адамға 5003,8 млн теңге несие берілген.
Слайд № 3-4
«Үдемелі индустриалды-иновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу мақсатында 2015 жылы жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба ұсынылды.
1. «С.Дем» ЖШС - Дарбаза ауылдық округі аумағынан «Бес құдық» карьерінен жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайтын қабырғаға арналған блок (ракушечник) өңдеумен өндіру зауытының құрылысы.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы
бойынша атқарылған жұмыстар.
2015 жыл: 10 айда 12 жоба 407,0 млн. теңге.
-
бірінші бағыт бойынша банк кредиттерін субсидиялау
-
«Айша бибі» ЖШС-нің «Баян Жүрек» емдік сауықтыру комплексінің қосымша құрылысына «Банк Центр Кредит» АҚ-нан 80,0 млн. тенге.
-
ЖК «Ажибекова Л.» Ажибекова Лескуль «Алып» базарының құрылысы үшін және трансформатор алуға «АТФ банкі» АҚ-нан 130,0 млн. теңге.
-
«Абай автобус паркі» ЖШС-гі қалааралық автобус сатып алуға «Ресей жинақ банкі» АҚ-нан 110,0 млн. теңге.
-
ЖК «Сейданова Фарида» тойхана құрылысына «АТФ банкі» АҚ-нан 19,7 млн. теңге.
-
«Керуен» ЖШС Орынбаева Қарлығаш Абай ауылында кафе құрылысы үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-нан 14,9 млн. теңге.
-
ЖК «Шаимова Ж.» Сарыағаш қаласы, 1 май көшесі «Азамат» кафе ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-нан 23,0 млн. теңге.
-
ЖК «Ғалия» Балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және айналым қорын толтыру үшін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-нан 12,0 млн. теңге.
-
«Мақтақыз бөбекжай балабақшасы» ЖШС құрылыс жұмыстары аяқтау үшін «Евразийский банк» АҚ-нан 13,0 млн. теңге.
-
бірінші бағыт бойынша банк несиелерін кепілдендіру
-
«Абай автобус паркі» ЖШС-гі автобус сатып алуға.
-
«Мақтақыз бөбекжай балабақшасы» ЖШС құрылыс жұмыстары аяқтауға.
-
гранттық қаржыландыру
-
Жеке кәсіпкер «Абдукадыров Алишер» Жемісті а/о гидроциклон қондырғысын жасауға – 2,4 млн. теңге.
-
Жеке кәсіпкер «Қарсыбаев Нұржан» Сарыағаш қаласында қол өнер бұйымдарын жасауға – 2,0 млн. теңге.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алу мақсатында жалпы құны 477,0 млн.теңгені құрайтын 3 кәсіпкердің құжаты екінші деңгейдегі банк қарауына, қаржыландыру үшін тапсырылды. Олар:
-
«Бес Қара» ЖШС Қапланбек ауылдық округінде орналасқан құс фабрикасының құрылысына «Банк ЦентрКредит» АҚ - 460,0 млн.теңге.
-
ЖК «Б. Ахметалы» Жібек жолы ауылдық округі, Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тойхана құрылысы үшін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ – 10,0 млн.теңге.
-
ЖК «Тагаева Г.» Сарыағаш қаласында орналасқан «Алғабас» кафесіне құрал–жабдық алу үшін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ - 7,0 млн.теңге.
Слайд № 6
Бюджет
2015 жылға бекітілген аудан бюджетінің жалпы көлемі 6,9 млрд теңгеге (29,7 пайызға) ұлғайып, 28,7 млрд теңге теңгеге жетті. Оның ішінде, жергілікті бюджеттің кіріс жағы қосымша 117,3 млн теңгеге ұлғайтылды.
Ағымды жылдың 10 айында бюджеттің шығыс жағы 99,4 %-ға игеріліп, кіріс жағының жоспары 103,0 %-ға орындалып, 81,0 млн теңгеге артық түсті.
Ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдерінің екі түрі бойынша барлығы 3281,9 мың теңге нақты түскен.
Слайд №7
Құрылыс жүргізу
2015 жылы барлығы 51 нысанның құрылыстарын жүргізуге бюджеттен 7 млрд 920,9 млн теңге бөлінген. Оның ішінде:
Ауыз сумен қамту бойынша 2 нысан – 296,7 млн теңге;
Табиғи газбен қамту бойынша 12 нысан – 1165,4 млн теңге;
Электр қуатымен қамту бойынша 4 нысан – 206,9 млн теңгеге;
Білім саласы бойынша 18 нысан – 4834,4 млн теңгеге;
Денсаулық саласы бойынша 4 нысан – 257,4 млн теңгеге;
Спорт саласы бойынша 1 нысан – 269,2 млн теңгеге;
Мәдениет саласы бойынша 8 нысан – 85,0 млн теңгеге;
Тұрғын үй саласы бойынша 1 нысан – 205,8 млн теңгеге;
Жол құрылысы бойынша 49 нысан – 600,0 млн теңгеге.
Пайдалануға берілген 26 нысан болса, жыл соңына дейін 8 нысан беріледі. 2016 жылға өтпелі 17 нысан.
Слайд № 8
Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу
Ағымды жыл басынан бері құрылыс құны 24 млрд 930,5 млн теңге болатын 65 әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленген.
Оның ішінде:
Спорт саласы – 2 нысан
Білім беру саласы – 17 нысан
Ауыз сумен қамту – 1 нысан;
Газбен қамту – 17 нысан;
Электр қуатымен қамту – 14 нысан;
Елді мекендерді абаттандыру және көшелерін жарықтандыру бойынша 14 нысанға әзірленген.
Слайд № 9-10
Ауыл шаруашылығы
Осы жылдың 10 айында мал шаруашылығы бойынша 16 млрд 980 млн теңгенің, өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 35 млрд 917 млн теңгенің, ауыл шаруашылығы саласына көрсетілген қызмет бойынша 97,2 млн ,барлығы болып 52 млрд 995,2 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі осы жыл 101,9 пайызды құрады.
Егін шаруашылығы:
- Бағдарлама бойынша 2015 жылы нақты 75990 гектарға егіс егілді:
-37202 гектары астық; 757,2 гектары техникалық дақылдар; 4586,7 гектары майлы дақылдар; 3545,7 гектары бақша; 5781,4 гектары картоп; 13304,7 гектары көкөніс дақылдары; 77 гектары құлпынай; 10735,3 гектары мал азықтық дақылдар.
- Аудан бойынша 43167 гектар суармалы жерге егіс егілді.
- Даму бағдарламасына сәйкес 2015 жылы аудан бойынша нақты 451,5 гектар жер суармалы жер айналымына қосылды.
- 2015 жылы аудан бойынша 5169,5 гектар үй іргелік жерлер игерілді.
Ал Дербісек а/о 70 га, Жібек жолы а/о 85,7 га, Құркелес а/о 48 га, Сарыағаш қаласы 107 га, Бірлік а/о 26 га,Қошқарата а/о 3 гектар,Жамбыл 74 гектар, Ұшқын а/а 65 га, барлығы болып 479 гектар үй іргелік жерлер игерілмеді.
-Бағдарлама бойынша 50,1 гектар егістік жерге жаңадан 141 бірлік жылыжайлар салынып іске қосылды.
-737,8 гектар жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді.
-96 бірлік ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.
-14744 бас ұсақ мал бойынша тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілуде.
- «Құлан» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңға 1058 бас биеге тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілуде.
- 102 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды, 3060 бас ірі қара мал бойынша тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізілуде.
- жұртшылық табынға 156 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
- 33 бірлік құдық салынып іске қосылды.
- 326 бірлік шағын бордақылау алаңдары ашылып іске қосылды.
-44 бірлік шағын сүт аулалары құрылып іске қосылды.
-15 бірлік сүт қабылдау бекеті құрылып іске қосылды.
- нақты 3 бірлік құс фермасы құрылып іске қосылды.
- Егістік жерді терең қопсыту жөнінде нақты 14323 гектарға орындалды.
- Бүгінгі таңға аудан аумағында 4029 гектар жерге орналасқан көпжылдық екпелер есепке алынған.
- 2015 жылы жаңадан 489 гектарға көп жылдық екпелер отырғызылды, оның ішінде қарқынды бау 17 гектар.
Мал шаруашылығы:
-Аудан бойынша 19010 ірі қара мал басы және 120489 бас ұсақ мал бірдейлендірілді.
-5580 бас жылқы малын бірдейлендіру жөнінде белгіленген жылдық меже 100 пайызға орындалды.
- 52 бас түйе малын бірдейлендіру жөнінде белгіленген жылдық меже 100 пайызға орындалды.
- 22 млн 578 мың теңге бірдейлендіру қаржысы бюджетке қайтарылды.
- 3 млн 528 мың теңгеге ветеринариялық ақылы қызмет көрсетілді.
- 11555 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды.
- Тауарлы сүт фермаларының табынын жаңарту мақсатында 66 бас асыл тұқымды,сүтті бағыттағы Ірі қара мал сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы саласында 805 жаңа жұмыс орындары ашылып іске қосылды.
Құркелес ауылдық округі аумағында жалпы сыйымдылығы 2000 тонналық жеміс жидек және көкөніс өнімдерін сақтайтын 1 қойма салынып іске қосылды.
Дербісек ауылдық округі аумағында сиымдылығы 600 тонналық 1 койма салу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша биылғы жылы нольдік технология әдісін қолдана отырып 500 гектар егістік жерге масақты дақылдар егілді.
Аудан аумағында 3 шағын құрама жем цехтары салынып іске қосылды.
Жер қатынастары бойынша
Жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сату бойынша нақты жергілікті бюджетке 24 млн 205 мың теңге түсті.
Жерді уақытша пайдалану бойынша нақты жергілікті бюджетке 10 млн 46 мың теңге түсті.
Ауданның жер қатынастары қызыметкерлері заңды тұлға және жеке азаматтардың талап арыздарын қарау бойынша, облыстық және аудандық соттың 311 сот процестеріне қатысты.
Аудандық жер бөлу комиссиясының 43 кезекті мәжілісі өткізіліп, комиссияда жеке және заңды тұлғалардың аудандық жер бөлу комиссиясында 2410 тұлғалардың өтініштері қаралып қортындылары берілді.
2015 жылы сәуір айында ауыл шаруашылық жерлерін жалға беру бойынша конкурсы өткізіліп онда 48 тұлғаға 14515 гектар жер учаскесі жалға берілді.
Аукцион арқылы жер учаскелерін сату бойынша 2 аукцион өткізіліп онда 3 тұлғаға 2,3 га учаскесі жеке меншікке сатып берілді.
2015 жылы, ауыл шаруашылығы, жеке тұрғын үй құрылысына және кәсіпкерлік мақсатына берілген жер учаскелерін пайдаланбай жатқан 555 тұлғаның 76700,23 га жер учаскесін өз мақсатында пайдаланбай жатқандығы анықталды.
Бүгінгі күнге осы тұлғалардың ішінен 11 тұлғаның 894,91 га жері қайтарып алынды.
-3 тұлғаның 5,22 га жерін қайтарып алу бойынша сотқа талап арыздар берілді.
31 тұлғаға тиісті шара көру үшін ОҚО жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды.
-Жер учаскесінің кадастрлық бағалау 214 актісі және 322 жерге орналастыру жобасы бекітіліп тіркелді.
-Жер учаскесін жалға беру бойынша 664, жер учаскесін жеке меншікке сатып беру бойынша 205, барлығы болып 869 келісім шарт жасалынды.
Ветеринария
Егу-емдеу жұмыстары 15 мал ауру түрлері бойынша 127271 бас ірі қара мал, 402966 бас уақ малдан қан алынып диагностикалық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, диагностикалық тексеру жұмыстары нәтижесінде сарып ауруына оң нәтиже берген 43 ірі қара мал бастары және 68 уақ малдары жойылып, мал иелеріне бюджеттен 2725,9 мың теңге өтемақы төленді. Аудан бойынша жануарлар арасында ағымдағы жылы аса қауіпті жұқпалы аурулары тіркелмеген.
Құтыру ауруының алдын алу және оны болдырмау мақсатында, барлығы қаңғыбас 6940 бас ит- мысықтары көздері жойылды.
Слайд № 11
Білім беру
ҰБТ сынағында аудандағы 107 орта мектептен жалпы саны 3925 бітірушілердің ішінде 2499 оқушы қатысты немесе 63,7 пайызын құрады. Орташа балл 70,4 болды, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 балға артты. «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 40 (өткен жылмен салыстырғанда 13-ке артты). «Үздік аттестат» иегерлері – 17 (өткен жылмен салыстырғанда 3-ке артып отыр). 100 балдан жоғары жинағандар – 210 бітіруші (өткен жылмен салыстырғанда 62-ге артып отыр). ҰБТ-ға дейін мемлекеттік грантты жеңіп алғандар саны– 10 (өткен жылмен салыстырғанда 1 бітірушіге артқан).
Білім саласында 275208,8 мың теңгеге 6 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жөндеу 119 нысанға 80999,1 мың теңгеге жүргізілді. Жыл басынан 12 мектептің жаңа құрылысы пайдалануға берілді.
«Балапан» бағдарламасы
Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 192, ондағы 1-6 жас аралығындағы тәрбиеленуші балалар саны -19551. Оның ішінде, мемлекеттік балабақшалар саны – 27, ондағы бала саны – 3835; шағын орталықтар саны – 32, ондағы бала саны– 2178; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негіздегі балабақшалар саны-133, ондағы 13638 бала тәрбиеленуде. 2015 жылдың 10 айында 3-6 жастағы 19165 бала қамтылған немесе қамтылу деңгейі 80,0% құрап, жылдық жоспар толық орындалды.
Слайд № 12
Денсаулық сақтау саласы
Халық арасында ауруларға шалдығу деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге шалдығу өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,3 бірлікке немесе 13,6 пайызға өскен болса, бруцеллез ауруына шалдығу 0,7 бірлікке немесе 11,5 пайызға кемиген және гепатит ауруына шалдығу 3,5 бірлікке немесе 67 пайызға төмендеген.
Ағымдағы жылы 257,4 млн теңгеге 4 нысан құрылысы жүргізілуде және оның 2 нысаны пайдалануға берілді. (Жібек Жолы ауылдық округінде Дихан баба елді мекеніндегі және Сарқырама елді мекеніндегі медициналық пункті құрылысы, Сарыағаш қаласындағы туберкулезге қарсы диспансерін сыртын қоршау және аймақтандыру, Сарыағаш облыстық балалар шипажайының қосымша корпус құрылысы). Қалған 2 нысан толығымен жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Сәулет және қала құрылысы
Аудан бойынша 137 сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленіп берілді. Инфрақұрылымдардың қорғау аумағынан заң бұзушылықпен салынған 559 құрылыс нысан бойынша толық анықтау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге қалған 10 заңсыз құрылыс нысан иелері туралы ақпарат хатпен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне жолданып, бүгінгі күнге 2 құрылыс нысан иелеріне айыппұл салынды, 1 құрылыс нысан иесі қайтыс болуына байланысты шара көру мүмкіндігі болмай тұр, қалған 7 құрылыс иелері құжаттарын тәртіпке келтірді. Сарыағаш ауданы аумағындағы саяжайлар мен Сарыағаш қаласына іргелес орналасқан жерлер бойынша инвентаризация өткізіліп, өз еркінше басып алу және рұқсатсыз құрылыс нысандарды салу 4 фактілер тіркелді. Анықталған заңсыз құрылыстарға сәулет және қала құрылысы бөлімінен құжаттар рәсімделмеген. Рұқсатсыз, заңсыз объектілерін салғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы құқылы болғандықтан, анықталған заңсыз құрылыс нысан бойынша ақпарат көрсетілген мекемеге жолданды.
Жолды жөндеу және жол қауіпсіздігі
Сарыағаш қаласы «Самал» мөлтек ауданында 2015 жылға облыстық бюджеттен қаралған 600,0 млн теңгеге 17 ішкі көшелердің 13 жақырымына жолдың құрылысы жүргізілді, ал 2016 жылға 30 ішкі көшемен 2 магистральды жолдың 18 шақырымына жол құрылысы жүргізілетін болады.
Жергілікті бюджет есебінен 325.1 млн теңгеге елді мекендердегі 37 көшенің 42,7 шақырымына ағымды және орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Слайд № 13
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша 5955 адам ресми жұмыссыздар есебіне тіркеуге алынып, тұрақты жұмысқа 3830 жұмыссыз азамат немесе 64,3 пайызы орналастырылды.
Қоғамдық ақылы жұмысқа 756 адам тартылды.
2015 жыл басына кедейлер саны 393 адамды құраса, 1 қарашасына 363 адамды құрап, 4 пайызға кемейген.
Атаулы әлеуметтік көмек 118 отбасының 440 мүшелеріне 13832,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 13367,8 мың теңгесі төленді.
13266 отбасының 50989 балаларына 853664,1 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалып, оның 818102,3 мың теңгесі төленді.
273 отбасының 1391 мүшелеріне 6700,0 мың теңге тұрғын үй көмегі берілді.
Барлығы 73 мүгедек өтініш берді. Бұдан басқа 71 мүгедек сурдо техникалық құралдарға өтініш беріп оның 34 азаматы құралдармен қамтылды. 52 мүгедек тифло техникалық құралдарға өтініш беріп, оның 29 азаматына тифлотехникалық құралдар берілді. 692 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
302 үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға оқу құралдарын алу үшін 4000,0 мың теңге материалдық көмек төленді.
Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шаралары өткізіліп, тиісті белгіленген мөлшерде жәрдемақылар төленді. Бүгінгі таңда 11 ҰОС ардагерлерінің үйі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Жыл басынан бері сауықтыру-шипажайлары мен демалыс үйлеріне 621 адам жолданды.
Слайд №14-15
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы
Бағдарлама аясында ағымды жылға 4416 адамды қамту межеленген болса, 10 айда нақты 5297 адамды құраған. Оның ішінде, өздігінше жұмыспен қамтылғандар нақты – 3171 адам, жұмыссыздар- 2126 адам. Табысы аз азаматтардан 667 адам қамтылған.
Екінші бағыт (Ауылда кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде қазіргі таңда 79 азамат 206,0 млн. теңге шағын несие алды.
Үшінші бағыт бойынша:
Тұрақты және уақытша жұмыспен нақты 2893 азамат тартылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру нақты 755 азамат жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша нақты 148 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Жастар практикасы бойынша оқу орындарын бітірген нақты саны 143 азамат жастар практикасынан өтеуге жолданды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді жұмыспен қамтылуы бойынша 10 айлық жоспар 207 болып нақтысы 190 (91,8%) азаматқа орындалды, соның ішінде 3 пайыздық квота 10 айға жоспар 113 нақтысы 53 (47%).
Достарыңызбен бөлісу: |