|
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
|
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫ
|
ПОДЗЕМНЫЕ ГОРНЫЕ ВЫРАБОТКИ
|
|
ҚР ҚН 2.03-04-2013
СН РК 2.03-04-2013
|
|
Ресми басылым
Издание официальное
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
|
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами
Министерства национальной экономики Республики Казахстан
|
Астана 2015
|
АЛҒЫ СӨЗ
-
ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ , ҚР БҒМ «ҚарМТУ» РМҚК
| -
ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы
| -
БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ
бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
-
РАЗРАБОТАН:
|
АО «КазНИИСА», РГКП «КарГТУ» МОН РК
| -
ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Управлением технического регулирования и нормирования Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан
| -
УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства Национальной экономики Республики Казахстан от 29.12.2014 № 156-НҚ с 1 июля 2015 года
|
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства Республики Казахстан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ IV
6 ШАХТАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢЫ МЕН ШАХТАЛЫҚ ОҚПАНДАРДЫ ӨРТТЕН САҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 13
СОДЕРЖАНИЕ III
ВВЕДЕНИЕ IV
6 ТРЕБОВАНИЯ ПРОТИВОПОЖАРНОЙ ЗАЩИТЫ ПРОМПЛОЩАДКИ ШАХТЫ И ШАХТНЫХ СТВОЛОВ 13
КІРІСПЕ
Осы нормативтік құжат Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыстағы нормативті құқылы актілер талаптарына сәйкес өнделген. Оның қызметінің бірі болып жерасты тау-кен қазбаларын жобалау саласында халықаралық ынтымақтастық техникалық кедергілерін жою болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫ
ПОДЗЕМНЫЕ ГОРНЫЕ ВЫРАБОТКИ
|
Енгізілген күні – 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы нормалар жерасты тау-кен қазбаларын, жаңа, қайта жөнделетін және кеңейтілетін пайдалы қазбалар өндіру бойынша қолданыстағы мекемелерді жобалауға арналады. Бұл жұмыстардың өндірісі кезінде ұсынылған нормалар талаптарынан басқа, жобада бекітілген басқа құжаттар талаптары, сонымен бірге қауіпсіздік және өндіріс санитариясы, қоршаған табиғи ортаны және жер қойнауын қорғау бойынша нормативті құжаттардың талаптары орындалуы қажет.
1.2 Осы құрылыстық нормалар тау жыныстардың массивіндегі көлденең кернеу шамалары кезінде тау-кен қысымының шамасы аспайтын жағдайда немесе арнайы өту құрылғыларымен салынатын тектоникалық кернеулігі жоғары аумақтарда өтетін жерасты тау-кен қазбаларын жобалауға, сонымен қатар қолданыстағы ғимараттар мен үймереттердің іргетастар негізінің сығылу қабаттында салынған жерасты тау-кен қазбаларын (арғы қарай – қазбалар) жобалауға таратылмайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы нормативті құжатты қолдану үшін келесі нормативті құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының заңы «Жер қойнауы және жер қойнауын қолдану жөнінде» 24 маусым 2010 жылдан N 291-IV.
Қазақстан Республикасының заңы «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі жөнінде» 3 сәуір 2002 жылдан № 314-II.
Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Өрт қауіпсіздігі жөнінде» 6 қаңтар 2009 жылы № 14 бекітілген.
Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген.
Техникалық регламент «Көмір және өндіріс үрдістеріне, оларды табу, қайта өндеу, сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 шілде 2010 жылы № 731 бекітілген.
Техникалық регламент «Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жерасты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар». Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 25 желтоқсан 2009 жылы № 2207 бекітілген.
ЕСКЕРТУ Ұсынылған мемлекеттік нормативті құжаттарын қолдануда сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқылы және нормативті-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.
3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында келесі атаулар мен анықтамалар қолданылған:
3.1 Қарнақты тіреуіш: Тау-кен тіреуішінің негізі ұңғыма (бекітпе) шетінде және өндіру контурында немесе теспенің немесе оның айтарлықтай бөлігіндегі барлық ұзындықта бекітілетін, қазбадан бұрғыланған теспеде салынған білік немесе арқан болып табылады. Оларды араластыру кезінде жыныстардың әсерін бейтарап қабылдайтын тірек тіреуішінен айырмашылығы қарнақты тіреу араластырылатын жыныстармен біріңғай жүйені құрайды және олармен белсенді өзара әрекетте болады.
3.2 Тік шахта оқпаны: Жер бетіне тікелей шығарылатын жерасты тік күрделі тау-кен қазбалары.
3.3 Желдету (ауаны тазарту): Тау қазбаларында адамның денсаулығы мен еңбек қызметіне қолайлы ауа орта жасау мақсатымен жүзеге асырылатын реттелетін ауа алмастыру. «Желдету» термині сонымен қатар ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен желдету жолдарының жиынтығын түсіндіреді (осында).
3.4 Алу бөліктері: Алу бөліктерінің бір қабат арасы және бір қанаты шегінде жасалған бір қабатты бөлік. Пайдалы қазбалы алу бөліктерінің көлденең сілемді пайдалану кезінде пайдалану кезеңінде жататын қуақазбен контурланған пайдалы қазбалар бағанын көрсетеді.
3.5 Тау-кен қазбасы: Тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құрылған және сілемдегі қуысты көрсететін оның атқарымдық міндеттерін орындау және белгілі уақыт мерзімінде сақтау мақсатымен жер қойнауындағы немесе оның беттеріндегі құрылыс.
3.6 Тау-кен жұмыстары: Пайдалы қазбалар алу және тау-кен қазбалары жүргізу, бекіту және қолдау бойынша жұмыс (процесс) кешені.
3.7 Бекіткіш кеңістік: Қазба бекітпесі мен қоршаған жыныстар арасындағы кеңістік. Әдетте түрлі материалдармен толтырылады.
3.8 Зумпф: Қазба қыртысынан, оқпан маңындағы ауладан төмен орналасқан, тиеу және түсіру кезінде жоғары көтергіш ұңғыны (скип немесе көп қабатты тіреу) орналастыру үшін қолданылатын шахта оқпанының бөлігі.
3.9 Камера: Салыстырмалы түрдегі үлкен көлденең көлемі кезінде шағын ұзындыққа ие болатын және санитарлық немесе басқа да мақсатта құралдарды орналастыруға арналған кен қазбалары.
3.10 Бекітпе (тау-кен жұмысы): Конструкцияның орнықтылығын, технологиялық сақталуын, сонымен қатар тау қысымын басқаруды қамтамасыз ету үшін жер үсті кен қазбалары орындарында тұрғызылатын конструкция. Деформациясы серпін аумағынан шықпайтын тіреуіш «қатты» деп аталады. Қатты тіреуіштің қозғалысынан айтарлықтай асып түсетіндей, әдетте арнайы созылғыш элементтер есебінен, қозғалысқа жол беретін бекітпе «созылғыш» деп аталады.
3.11 Бүрікпе бетон: Цемент пен фракциясының ірілігі 25 мм және судың қоспасынан жасалған ерітіндінің сығымдалған ауасы көмегімен бүрку нәтижесінде жасалған материал, ұстап қалу беріктігі жоғары және қатуы жылдам.
3.12 Шахталық көлбеу оқпан: Жер үстіне тікелей шығатын, көлбеу өткен жерасты күрделі кен қазбалары.
3.13 Өтетін орын: Механизмдер, жабдықтар мен жұмысшылар орналасатын шахталық діңдегі ілмелі платформа.
3.14 Төбенің жиналуы: Қазбалардың төбесінен тау жыныстарының құлауын алдын алу шаралары үшін қолдануға арналған өту циклінің операциясы.
3.15 Оқпан манындағы кеңістік: Шахталық оқпанды шахтаның басқа да барлық қазбаларымен жалғастыруға және кейбір жалпы шахталық өндірістік қызметтерді (сутөкпе, электроподстанциялар, электрвоздар гаражы, өртке қарсы құралдар қоймасы) орналастыру қызметіне арналған жасалымдар (қазба) жиынтығы.
3.16 Тазалау жұмыстары: Пайдалы қазбаны алу мақсатында тазалау қазбаларында жүзеге асырылатын процестер мен операциялар кешені.
3.17 Тазалау қазбалары: Жер қыртысы бойынша немесе пайдалы қазбалар кенінде (көбінесе жанама жыныстарды жармай-ақ) жүргізілетін, қазып алу жүзеге асырылатын қазбалар.
3.18 Қыртыс: Аз немесе көп параллельді екі бетпен шектелген, көлденең немесе түрлі көлбеулікпен, шөгінді тау жынысының плита (тақта) түрінде орналасу формасы.
3.19 Сақтандырғыш тірек: Кен орнын өңдеу процесінде шығарылмаған немесе уақытша шығарылмаған пайдалы қазба қыртысының (орнының) бөлігі.
3.20 Тампонаж: Тау жыныстарында сызаттарды, бос кеңістіктерді жасанды толтыру және олардың беріктігін, тығыздалуын арттыру және су және газ өтуін азайту мақсатында тау жыныстарындағы қуыстарды тампонажды ерітіндімен (цементті, химиялық және т.б.) жасанды толтыру процесі.
3.21 Тюбинг: Бекітпе элементі, қаттылықтың екі және дөңгелек радиалды қабырғалы сегменті.
3.22 Еңіс: Жоғары жер бетіне тікелей шығысы жоқ және пайдалы қазбаны көтеруге арналған жерасты көлбеу қазба. Еңіс конвейнерлік құрылғымен немесе вагонеткалар мен скиптарда арқанды тасып шығарумен жабдықталған; көп жағдайда жоғары деңгей жиектен төменгі деңгей жиекке таза ауа тасымалдау үшін пайдаланылады.
3.23 Ұңғыма: Кен қазбалары, кен орнына жоғарғы жағынан көлбеу немесе айтарлықтай көтермелеу арқылы жүргізілетін, жер бетіне тікелей шығатын, жерасты тау-кен жұмыстарына қызмет көрсетуге арналған кен қазбалары.
3.24 Көлденең қазылған кен орны: Еңіс жатқан кен орнын жаю үшін жүргізілетін немесе оның көлденең жатқан орны кезінде кез-келген бағытта жүргізілетін көлденең жерасты кен қазбалары.
3.25 Шурф: Жоғарыдан жүргізілетін, тік, кей жағдайда көлбеу аз қазылатын кен қазбалары.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАРЫ
4.1 Мақсаты
Осы норма мақсаты беріктік, пайдалану сенімділігі мен жарамдылығы, үнемділігі мен төзімділігі бойынша механикалық қауіпсіздік есебімен, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруде тиімсіз қауіптің туындауына жол бермей, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптарды, шудан қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, жерасты тау қазбаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
4.2 Қызметтік талаптары
4.2.1 Қазбаларды төмендегі жұмыстарға сәйкес жобалау керек:
-
қазбалардың тағайындалуын, қызмет мерзімін, шығару және пайдалану
шарттарын анықтайтын мәліметтер;
-
қазбаларды орналастыру орнын инженерлік-геологиялық зерттеу мәліметтерінен
тұратын инженерлік іздеулер нәтижелері;
-
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптары.
4.2.2 Жерасты тау-кен қазбаларын техникалық, технологиялық және экологиялық өлшемдер талаптары бойынша тау-кен қазбаларын пайдалану және құрылысы кезінде келесі қызметті талаптардың орындалуы қамтамассыз етілуі негізінде жобалануы керек:
-
механикалық беріктік және төзімділік, пайдалану кезінде механикалық және технологиялық әсерлерге төзуі үшін жобада бұзылулармен және бұзылуларсыз қарастырылады;
-
нысанның өрт қауіпсіздігі – өртті болдырмау, түтін мен оттың таралуын және жануын шектеу, түтін айдағыш құралдарын орнату және құрылыс нормалары (ережелер жинағы) бекіткен барлық уақытта құрылыс құрылымдарының көтеру қабілетін сақтау;
-
адамдар өмірі мен денсаулығы үшін жерасты тау-кен қазбаларының қауіпсіздігі, сонымен қатар жерасты тау кен қазбалары ішінде жүрген адамдардың қауіпсіздігін сақтау;
-
қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды сақтау;
-
санитарлық-гигиеналық жағдайлар бойынша талаптарды орындау;
-
нақты жобада анықталған шудан қорғау және де басқа талаптар.
4.2.3 Жерасты кен қазбаларын жобалау кезінде «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі жөнінде», «Жер қойнауы және жер қойнауын қолдану жөнінде» заңдарды орындай отырып, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде», «Көмір және өндіріс үрдістеріне, оларды табу, қайта өндеу, сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жерасты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттер талаптарын ескерген жөн.
4.2.4 Қауіпті тау соққысы, көмірдің өз бетінше тұтануы, көмірдің, жыныстардың және газдың өздігінен лақтырылуы, динамикалық әсер ету, ауданның сейсмикалығы 7 баллдан асқан жағдайда, тау жыныстары температурасының жоғарылығы және басқа да жағдайлар орын алуы мүмкін болса кен өндірісін жобалау кезінде әрекеттегі нормативтік техникалық құжаттарда көрсетілген қосымша талаптарды ескере отырып жобалануы керек.
4.2.5 Уақытша қазбаларды (құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан кезде) жобалау кезінде осы нормаға сәйкес, барлық әрдайымғы сондай бағыттағы кен өндірісіне қойылатын талаптар сақталуы керек.
4.2.6 Ерекше жауапты кен өндірісі жобалары құрамында, бұзылуы кәсіпорынның барлық жұмысын тоқтатуға алып келетін жағдайларды бақылауға арналған құралдар мен өлшеу станцияларын орнату мәселесі қарастырылуы керек.
4.2.7 Пайдалы қазбаларды өндіру бойынша кәсіпорындарда вентиляция, ауаны тазарту, сутөкпе, электрмен жабдықтау және жерасты транспорты жобалары технологиялық жобалау және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да салалық нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленуі қажет.
5 ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Портал немесе оқпан маңындағы алаң
5.1.1 Соғылып жатқан шахтаның туннель порталы (ұңғыма) немесе оқпан маңындағы алаңында транспорт және құрылыс машиналары қозғалысына және адамдардың қауіпсіз өтуіне арналған жолдар болуы керек. Жүру және келу (өту) жолдарының ені қолданыстағы құрылыс нормалары мен техникалық регламент талаптарына сәйкес болуы қажет.
Көшкін қаупі басым аудандарда және құйылуы мүмкін учаскелерде жұмыстар атқару кезінде қар көшкіні мен тастардың құлауынан сақтану техникалық регламент қарастырған іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Қозғалысқа қауіпті (жылжымалы бөктерлерде, тас құлауы мүмкін тау бөктерлерінде, жұмыс істеп тұрған машиналар, механизмдер және бункерлер қасында) аумақтар қауіпті аумақтар шекарасында қоршаумен бекітілуі тиіс, күндізгі және түнгі уақытта көрінетін ескерту белгілері қойылуы керек.
5.1.2 Жұмыс алдында жұмыс алаңы, атмосфералық және басқа да сулардың туннельге, ұңғымаға және басқа да кен қазбаларына түсуіне мүмкіндік бермеуді ескере отырып, жерасты суларын сыртқа шығаруға арналған сутөкпемен алдын ала жоспарланып қамтамассыз етілуі керек.
5.1.3 Құрылыс алаңын қоршау қажеттілігі жобада анықталады. Елді мекендерде немесе жалпыға ортақ қолданыстағы жолдар маңында соғылып жатқан нысандар дуалдармен қоршалуы тиіс.
5.1.4 Құрылыс алаңындағы өту жолдары мен көлік жүретін жолдарды топырақпен үйіп тастауға, құрылғылар және құрылыс материалдарымен жауып қоюға болмайды; оларды қоқыстан, қар мен мұздан тазартып отыру керек. Қыс мезгілінде өту жолдарға құм немесе күл себілуі керек. Дымқыл немесе жабысқақ жерге орналасқан өту жолдары берік төсеніштермен жабылуы қажет. Баурайлар мен тау беткейлерінде орналасқан өту жолдары сүйеніші бар сатылармен жабдықталынуы керек.
5.1.5 Кен қазбалары порталы маңындағы еңістер (беткейлер) өту жолдарына дейін жоба бойынша жиналуы және бекітілуі керек, сонымен бірге еңіс жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың бақылауында болуы тиіс.
5.1.6 Түрлі биіктікті орындарда бірлескен жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, оларды бір мезетте іске қосуды бастамас бұрын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоба анықталады.
Жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
5.1.7 Алаң аумағындағы құдықтар мен шурфтар жабылып немесе қоршалуы тиіс, траншеялар мен қазаншұңқырлар сүйеніштермен қоршалады. Тәуліктің қараңғы уақытында қоршаумен қатар жарық белгілері де қойылуы керек.
5.1.8 Траншея, транспортер, теміржол жолдары және т.б. арқылы өту орындарында борттық тақтайшаларынан кішігірім көпірлер орнату қажет.
5.1.9 Жердің жоғарғы бетіне жүргізілген уақытша желілер мен коммуникация трубоқұбырларының жолмен, өту жолдарымен қиылысқан тұстары көміледі. Құбырларының жоғарғы жағы берік жабылған қиылысу тұстарында жер үстімен жүргізілген құбырларды орап қоюға жол беріледі.
5.1.10 Құрылыс машиналары рұқсат етілетін еңістігі техникалық паспорттағы еңіске сәйкес нормадан аспайтын, тегістелген, нық жерге орнатылуы қажет. Құрылыс машиналары айналасында өтуге ыңғайлы бос кеңістік қамтамасыз етілуі керек.
5.1.11 Портал немесе оқпан маңындағы алаңда жүкті тиеу-түсіру, сонымен қатар материалдар мен конструкцияларды қоймаға қою жұмыстарына арналған арнайы орындар қарастырылуы керек.
Қауіпті аумақтар шекарасы күндізгі, түнгі мезгілдерде жақсы көрінетін сақтандыру белгілерімен белгіленіп қоршалуы керек.
5.1.12 Шахталық копр жағдайын тексеруді шахтаның техникалық жетекшісінің басшылығымен комиссия жүзеге асыруы қажет, тиісті акт ресімделеді: әрдайымғы – жылына бір рет, өтпелі – жылына екі рет.
5.2 Тау-кен қазбаларының өлшемдері
5.2.1 Қазбалардың көлденең қимасы таулы-геологиялық, таулы техникалық жағдайларын және пайдаланылатын құралдарды ескере отырып жобада анықталынуы керек [1,2].
5.2.2 Жүкті тасымалдау жұмыстары жүргізілетін барлық көлденең қазбалардағы барлық көлденең қазбаларда бекітпе арасында (соның ішінде қалып арасында) немесе қазбаларда орналасақан құрал-саймандар, құбырлар, кабельдер және рельстік транспорттың жылжымалы құрамының габариттік жиектері арасында арақашықтық болуы керек.
5.2.3 Айналма тұстарда қозғалмалы құрам мен бекітпенің ішкі жағынының арасындағы саңылау көлемі, жол торабы арасындағы кеңістік жылжымалы құрамның қисаюы, ұзындығы және базасына байланысты, жылжымалы құрамның кез-келген орналасуы кезінде қажетті, теміржол тармағының тікелей учаскесі үшін белгіленген саңылау сақталатындай етіп арттыру керек.
5.2.4 Транспорттың айтарлықтай шығыңқы бөлігі мен қазба қабырғасының (тіреуішінің) арасындағы тігіндер немесе қазбада орналасқан құралдың арасындағы тігіндер қазбаның белгіленуіне және машинаның жылдамдығына байланысты қабылданады.
5.2.5 Екі жолдық қазбалардағы өтістерде жолдар арасында адамдардың жүруіне арналған құрылғылар орнату тыйым салынады.
5.2.6 Өз бетімен жүретін транспорт жүрген кезде адамдардың өтуі қарастырылмаған қазбалардың басына жүруге тиым салынатын жарықтандырылған белгілер ілінуі керек.
5.2.7 Оқпанды шахтаның әрекеттегі қабаттарынан тереңдету кезінде қозғалмалы қауға мен оқпан тіреуіші немесе үңғыда орналасқан (құбырлар, арқалықтар және т.б.) құралдың шығыңқы бөліктері болуы керек.
5.2.8 Жаңадан ілінген немесе жөндеуден өткен оқпанды іске қосу алдында саңылауларды тексеру жүргізілуі керек.
5.3 Тау-кен қазбаларынан шығу құрылғылары
5.3.1 Әрбір әрекеттегі шахтыда, адамдардың әр деңгей жиектен жоғарғы бетке шығуын қамтамасыз ететін және желдетуі түрлі бағыттағы, кем дегенде екі жеке шығу жолдарын қарастыру қажет. Шахтының әрбір қабаты жоғарғы қабатқа (төменгі қабатқа) немесе жоғарғы бетіне, адамдарды тасымалдауға (жүруіне) ыңғайлы, кем дегенде екі жеке шығыс жолмен жабдықталуы тиіс.
5.3.2 Адамдарды жоғары көтеру мен түсіруге арналған жоғарғы бетке шығатын шығыс жол үш немесе одан да көп болған жағдайда сызықтың түрлі бағыттылығын сақтамауға жол беріледі.
5.3.3 Шахтаның орталық орналасқан оқпанынан жобалық деңгей жиекке дейін өткеннен кейін немесе олардың жаңа деңгей жиекке дейін тереңдегеннен кейін бірінші кезекте (көлденең ашу қазбаларын жүргізуді бастамас бұрын) оқпандарды өзара түйістіру жасау жұмыстары мен сутөкпені іске қосу, оқпандарды арматуралау және әрдайымғы немесе уақытша клетті көтергішті парашюттік құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Оқпандардың флангалық орналасуы кезінде, бірінші кезекте (екінші шығысты қамтамасыз ететін қазбаларды жүргізбес бұрын), оқпанды арматуралау және әрдайымғы немесе уақытша клетті көтергішті парашюттік құрылғылармен жабдықтау жұмыстары және сутөпені іске қосу жұмыстары жүргізіледі.
5.3.4 Егер шахтадан, екі шығыстан басқа, әрдайымғы қызмет көрсетілмейтін басқа да шығыс жолдары бар болатын болса, онда соңғылары қорғалады немесе ішінен еркін ашылатын немесе сырттан кілтпен ашылатын ілмекпен жабылуы тиіс.
5.3.5 Деңгей жиек арасындағы қосымша шығыс, жекелеген учаскелерден, шахталық алаңдардың флангтарынан жоғарыға шығыс есігі қызметін атқаратын қазбалар жұмыс қалпында сақталуы және журналға тіркеле отырып, айына бір реттен кем емес тексерілуі (жалпы шахталық шығыс жолдары сияқты) тиіс.
5.3.6 Барлық қазбаларда және олардың қиылыстарында жоғары бетке шығатын шығыстарды және оған дейінгі арақашықтықты көрсететін белгілер қойылуы керек. Белгілер өздігінен жарық шағылыстыратын бояумен боялады немесе жарықтандырылады.
5.3.7 Жерасты қазбалардан жоғары бетке екі шығыс жолының қызметін тік шахтылық оқпан атқаратын болса, онда олар, механикалық көтергіштен басқа (олардың бірі клетті), сатылық бөлімдермен де жабдықталынуы керек. Екі оқпан (қосымша шығыс жолдар) әр деңгей жиектегі адамдардың тікелей жоғарғы бетке шығуын қамтамасыз етілуі керек. Егер оқпанда дербес энергияға қосылған екі механикалық көтергіш бар болатын болса, онда екі оқпанның біріндегі сатылық бөлімшелер болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ 5.3.7 пунктінің талаптары шахтаның құрылысы немесе оны қайта салу, жөндеу жұмыстары кезінде ескерілмейді.
5.3.8 Тазарту шығаруы жүргізілетін әрбір жұмыс блогы (камера, лава) кем дегенде екі тәуелсіз, еш нәрсемен бекітілмеген жоғарғы бетке немесе әрекеттегі қабатқа шығыс есігіне ие болуы керек.
ЕСКЕРТУ 5.3.8 пунктінің талаптары топыраққа аз ғана ену және қабатты шығару кезіндегі тазарту забойларына қатысты емес.
5.4 Тау-кен қазбаларын жүргізу және бекіту
5.4.1 Жалпы талаптар
5.4.1.1 Барлық кен қазбаларын бекіту, олар үшін бекітілген қабаттарды басқару және бекіту паспортына сәйкес жүргізілілуі керек. Қабаттарды басқару және бекіту паспорттары типтік болып жіберіледі, оларда жүргізілетін әрбір қазба бойынша нақты шарттар көрсетіледі.
Паспорттар жерасты кен қазбалары қабаттарын басқару мен бекіту паспортын құру әдістемесіне сәйкес құру қажет.
Кен-геологиялық және өндiрiстiк жағдайлардың төмендеуі кезiнде қазба жүргізу паспорт қайта қаралғанша тоқтатылуы керек.
Қабаттарды басқару және бекту паспорты әрбір қазба үшін, олардың түйістірілуі және тазарту кеңістігі үшін жұмыс өнімділігінің ретін анықтайды.
5.4.1.2 Әр қазба үшін паспорт екі данада жасалады және шахтаның техникалық жетекшісімен бекітіледі. Кен-геологиялық және өндiрiстiк жағдайлардың өзгеруi кезiнде қазба жүргізу паспорт ы бір тәулік ішінде қайта қаралып, бекітілуі тиіс.
5.4.1.3 Паспорт келесі адамдарда болуы керек:
1) учаске басшысында;
2) шахтаның техникалық жетекшісінде.
5.4.1.4 Бекітпені орнату жұмысымен айналысатан қызметкерлер, жұмысқа басшылық жасаушы, бақылаушы тұлғалар паспортпен қол қою арқылы таныстырылуы керек.
5.4.1.5 Бекітпе артындағы барлық қуыстар толтырылып, тығындалуы тиіс.
5.4.1.6 Қазбалардың тұрақты жыныстарында, оларды тіреуішсіз қалдыруға жол беріледі, егер де олардың қимасы көлемі бекітілген паспортқа сай келетін болса. Көлбеу және тік қазбалардың өзара және көлденең қазбалармен барлық түйісуі тұрақсыз және орташа тығыздықты жыныстарда бекітілуі қажет.
Көлденең және тік қазбалар түйісулерін скреперлеу, даңғырлау деңгей жиегінде және қабат астында бекіту, тау-геологиялық және таулы техникалық жағдайларға сәйкес жоба арқылы немесе бекіту паспорты арқылы белгіленуі керек.
5.4.1.7 Ұңғымалауда тұрған тез өткіш бөлімдер кендік және материалдық бөлімдерден қоршаулар арқылы бөлінуі керек және жарамды сөрелерге және сатыларға ие болады.
Осы талаптар ұңғымалау кешенін, аспалы клеттерді және секциялық жару тәсілін қолдана отырып қайта қалыптасудағыларды ұңғымалау кезінде қолданылмайды. Аспалы клеттерді қолдану арқылы қайта қалыптасу барысындағы кенді ұңғымалау кезінде клеттегі ұңғымашы мен жүкарба машинисі арасында екі жақты сенімді байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
5.4.1.8 Ұңғымалау кешенін қолдану арқылы қазбалар жүргізу технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.
5.4.1.9 Ұңғымалаудан тау массасын шығару, олардың ұңғымада қатып қалмауын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым жүргізілуі керек.
5.4.1.10 Шахта оқпандарын жыныстар тиеуші машиналарды қолдана отырып ұңғымалау кезінде бада мен жүктердің жүк тиеуші машинамен соқтығысып қалуын болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс.
5.4.1.11 Тік қазбалар ұңғымалау кезінде жыныстардың грейферлік жүк тиеушімен тазалау кезінде төмендегідей жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді:
1) жарылмаған шпур зарядтары қалған забойлар орындарында жыныстарды тазалау жұмыстарын жүргізуге;
2) грейферді бұрғылау теспелерінде тұрып қалғанды алып тастау үшін және қауғаны оқпан забойы бойымен жылжыту үшін пайдалануға.
5.4.1.12 Жыныстарды оқпан забойынан, жоғары жер бетінен және салымнан басқарылатын грейфермен тазалау кезінде забойда адамдардың жүруіне жол берілмейді.
5.4.1.13 Бункердің дозаторлық камерасымен оқпан іргесі алаңынан хабарлама шахта оқпанының қосалқы бөлімінен немесе сатымен жабдықталған арнайы жүретін орын арқылы жүзеге асырылады.
5.4.1.14 Оқпанның жыныстарды алдыңғы (фурнель, жүрісжол) қазбалар арқылы төменге қарай лақытруы арқылы ұңғымалауы кезінде, адамдардың қазбаларға құлауын болдырмау үшін, соңғысы берік қоршауға ие болуы керек. Қоршау тұрғызу кезінде жарылыстан кейін жұмысшылар берік бекітілген сақтандырғыш белбеулерді пайдалану керек.
5.4.2 Жазық және көлбеу тау-кен қазбаларын жүргiзу мен бекiту
5.4.2.1 Жасанды қолдауды талап ететін жыныстарға жазық және көлбеу кен қазбаларын жүргізу кезінде, тұрақты тіреуішті орнатқанға дейін уақытша тіреуіш пайдаланылуы керек.
Уақытша тіреуішті қолдану жоба немесе бекіту паспорты арқылы анықталады.
5.4.2.2 Уақытша және тұрақты тіреуіштердің забойдан кейінге қалушылық шамасы бекіту паспорты арқылы белгіленеді. Әлсіз және тұрақсыз жыныстарда уақытша тіреуіштің артта қалуына жол берілмейді.
5.4.2.3 Ең әлсіз және тұрақсыз жыныстарда (үгітілмелі, жұмсақ және сусымалы) қазбалар алдыға оза тұратын тіреуіштерді, щиттерді және арнайы тәсілдерді қолдана отырып жүргізіледі.
5.4.2.4 Бекітуге жататын қазбалар ұзақ уақытқа тоқтатылған болса, өтіп кеткен учаскелерді тұрақты тіреуіштер забойға жақын тұрғызылуы тиіс.
5.4.2.5 Забойда жұмыс істеп жатқан көлбеу қазбаны тереңдету немесе жөндеу кезінде жоғарыдан вагонеткалардың және басқа да құралдардың құлауынан кем дегенде екі берік қоршаумен қорғалуы керек, олардың конструкциясы шахтаның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
Көлбеу қазбалардың бірнеше белгілерінде бір мезетте өндіріс жұмыстарының жүргізілуіне жол берілмейді.
5.4.2.6 Үстіңгі қабаттарды, қазбалар жақтауын және забойларды бүрмелеу жұмыстары бақылаушы тұлғаның қатысуымен жүргізілуі тиіс.
5.4.2.7 Үстіңгі қабатты бүрмелеу жұмысын жасаушы жұмысшылар қазбаның бекітілген учаскесі астында, құлау мүмкіндігі жоқ аумақта болады.
5.4.2.8 Үстіңгі қабатты тексеру мен бүрмелеуге арналған алаңдар мен «люлькаларды» шамадан тыс жүктеуге жол берілмейді.
5.4.2.9 Анкерлік тіреуішті орнату кезінде тығыздалуға, құлауға бейім жыныстарға қазба жүргізу кезінде үстіңгі қабат учаскесінен немесе анкерлер арасындағы қазбалар қабырғасынан жыныстар кесегінің алдын алу бойынша шаралар қолданылуы керек (анкерлерге арналған ілмелерді қорғаныс торлармен, беттің жабындысын бүрікпе бетон немесе басқа). Анкерлерге ілінген тор оның ішінде жатқан жыныстардан жүйелі түрде тазарту қажет.
5.4.2.10 Орнына бекітілген тіреуіш (аркалық, полигондық, рамалық және т.б.) сынамен тығындалуы керек. Тіреуіштің анкерлік және басқа да түрлерін сынақтан өткізі технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.
5.4.2.11 Камералар мен үлкен көлемді туннельдер түйісінен тыс жердегі транспорттық қазбалар жобаға сәйкес бекітіледі.
5.4.3 Тік қазбаларды ұңғымалау, бекіту және арматуралау
5.4.3.1 Шахталар оқпанын ұңғымалау, тереңдету, арматуралау және бекіту үшін жұмысты ұйымдастыру жобасы құралып, бекітілуі тиісті.
5.4.3.2 Жоғарғы жақ беттен өтетін барлық қазбалардың аузын бекіту міндетті. Тіреуіш учаскесінің ұзындығы жоба арқылы белгіленеді. Қазбалардың барлық түйісуі жыныстардың тұрақтылығына қарамастан бекітіледі.
5.4.3.3 Уақытша тіреуіштің барлық түрлерін орнату бақылаушы тұлғаның қадағалауы арқылы жүргізіледі.
5.4.3.4 Ұңғымалық копр орнатылғанша оқпан аузы тормен қоршалады, жабылады, онда адамдардың өтуі үшін тор есіктер жасалады.
5.4.3.5 Уақытша немесе тұрақты тіреуіштің немесе қорғаныс щиттің төменгі қабатының забойдан кейін қалуы жоба арқылы белгіленеді. Әлсіз және тұрақсыз жыныстарда тіреушітерді артта қалуына жол берілмейді.
5.4.3.6 Толық қаптау жүргілетін кезде жыныстар мен тіреуіштер арасындағы барлық саңылаулар мұқият тығындалады. Тюбингтік тіреуіш кезінде тығындалмаған кеңістік шамасы жоба арқылы бекітіледі.
Тұрақты тіреушті тұрғызу кезінде уақытша тіреуішті жобадан қарастылған шамадан тыс түсіруге жол берілмейді.
5.4.3.7 Оқпан ұңғымасында, жоғары жет бетіне көтеру бойынша апат орын алған жағдайда саны бойынша жұмысшылары көп ауысымның жұмысшыларының барлығы сыйатын аспалы апаттық-құтқару сатысымен қамтамасыз етіледі.
5.4.3.8 Көтерілетін қазбаларды ұңғымалауға жұмысты ұйымдастыру жобасы құрылады және бекітіледі.
Жобаға бекіту паспорттары, жарылыс жұмыстары паспорттары, жергілікті желдету желдеткішін орнату есебі мен сызбасы енеді.
5.4.3.9 Жыныстарды төмен қарай түсіру, адамдардың оған түсіп кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында қоршалады немесе жабылады.
Жыныстарды түсірушіні толтырып жатқан жыныстарда адамдардың болуына жол берілмейді. Ашық немесе жыныстармен толтырылған жыныс түсірушы аузына жақын маңда жұмыс істеу, тек берік тұғырға бекітілген қорғаныс белбеуін таққанда ғана жол беріледі.
5.4.3.10 Жыныстарды түсірушідегі «кептелістерді» жою жұмыстары бақылаушы тұлғаның қадағалауымен жүргізіледі.
5.4.3.11 Шахтаның тік оқпанының тереңдетілетін бөлігі жұмысшы қабатынан жобаға сәйкес оқпан зумпфы астында қалдырылатын мықты салыммен немесе кентірекпен оқшауланады.
Кентірек төменгі жағына берік тіреуішпен жалпақ созылу арқылы бекітіледі.
5.4.3.12 Шурф ұңғымасы кезінде, забойдағы жұмысшылар жоғарыдан құлауй мүмкін болатын заттардан, забой маңындағы қорғаныс салымдары арқылы қорғанады.
5.4.3.13 Тұрақсыз жыныстарда ағаштан жасалған тұрақты тіреушті қолдана отырып тік оқпан ұңғымасы кезінде тік арқалықтар (вандрут)және тұрақты таяныш (саңлау) орнату ұзындығы тік арқалық ұзындығына тең тіреуіштер тобын орнатқаннан кейін жүргізіледі. Тік арқалықтармен қамтылмаған төменгі бөренелер (венец) уақытша таяныштармен (распоркалар) бекітіледі.
5.4.3.14 Жанбайтын материалмен бекіту кезінде қуыстарды ағашпен толтыруға жол берілмейді.
5.4.3.15 Тіреуіштердің артында су қалған жағдайда оқпанның сусорғыш құрылғыларына судың еркін кетуін қамтамасыз ететін дренаж жүргізіледі.
5.4.3.16 Жарылыстан кейін, забойды желдеткеннен кейін жыныстарды тазалау бойынша жұмыстар басталмас бұрын оқпан және онда орналасқан құралдарды бақылаушы тұлға бригадирмен, жарушымен бірлесе отырып мұқият тексеріп шығады, забодың қауіпсіз қалыпқа келуі бойынша шаралар жасалады, содан кейін бақылаушы тұлға жұмысшыларды забойға түсіреді.
5.4.3.17 Шахта оқпанын арматуралау және аралықты монтаждау немесе құралды монтаждау бойынша жұмыстарды бір мезетте орындау жоба бойынша атқарылады, онда оқпанның кіре беріс аузын бекіту қарастырылған.
Жоба ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.
5.4.3.18 Оқпанды арматуралау және ілінбелі салмаларды қозғалту жұмыстары сақтандыру белбеулерінсіз және люлькаларды көтеру түтігі ретінде қолданбай жүргізуге жол берілмейді.
5.4.3.19 Тереңдетілетін оқпандағы сақтандырушы кентіректі шығару немесе сақтандырғыш салымды шашу тереңдетуді толық аяқтап, оқпан іргесіндегі алаңды толық тазалағаннан кейін жүзеге асырылады.
Сақтандырушы кентіректі шығару немесе сақтандырғыш салманы шашу уақытша тіреуішті қолдана отырып, жұмыстарды ұйымдастыру жобасы арқылы жүргізіледі. Ұңғылаушылар берік тұғырға ілінген сақтандырғыш белбеумен жұмыс істейді.
5.4.3.20 Қатырғыш және тампонажды бұрғылау ерітінділерін сықау үшін қысымда жұмыс істейтін түтіктерді іске қосу қауіпсіздігі және құралдарға қойылатын талаптарға жауап беретін құралдар қолданылады.
5.4.3.21 Адамдарды, жүкті көтеру, түсіру үшін қолданылатын шахтаның тік оқпандарының тіреуіші және армировкасы бекітілген жұмысшымен тәулік сайын тексеріледі.
Жүйелі түрде, айына бір реттен кем емес шахтаның оқпандарының тіреуіші және армировкасын шахтаның техникалық жетекшісі немесе оның көмекшісі тексереді.
5.4.3.22 Ұңғымадағы көтергіш құрылғылармен жабдықталған тік оқпанның кіре беріс аузы жұмыс істемейтін жағынан дуалдармен немесе металл торлармен қоршалады. Аударып құюшы станциясы бар және аралық деңгейжиекті оқпандарда сақтандырғыш торлар немесе тойтарушымен жабдықталады, олар көтеру немесе түсіруді есік немесе тор ашық тұрған кезде жүзеге асырмау үшін.
5.4.4 Шахта оқпанының тюбингілік бекітпелері
5.4.4.1 Шахта оқпанын тюбингілік шығырықпен бекіту кезінде:
1) тюбингті орнату жұмысшы аспалы салымда немесе тікелей забойда жасалуы керек;
2) негізгі венецті (бір қатарға салынған бөренелерді) орнату кезінде пикотажды тексеру және беріктігін анықтау актісі жасалынуы қажет;
3) сегменттерді шахтаға түсіру үшін қажет тіркеуші құрал төрт шыншырдан (жүк асатын арқан) тұрады, олардың екеуі болттармен жабдықталады, екеуі сегментті ұстап тұруға арналған ілгектермен жабдықталады. Қолданылатын арқандар олардың сыналуы туралы куәлікке ие болуы керек; арқанның беріктігі қоры көтеру арқаны беріктігі қорынан кем емес.
4) жобалық қалыпта тік жазықта кем дегенде екі бұрандамен және көлбеу жазықта екі бұрандамен бекітіліп, орнатылғаннан кейін тюбинг ұстағыштан босатылуына жол беріледі;
5) тюбингі артындағы қысымды кеңістікке тампонажды ерітіндіні жіберу кезінде, осы жұмысты атқарушы жұмысшылар сақтандырғыш көзілдірік және резина қолғаптар қолданады;
6) бір көтеру кезінде сегментті орнату жоғары жақта немесе берік салымда орнатылған көмекші шығыр көмегімен жүзеге асады немесе шахта оқпанында орнатылған полиспаст немесе блоктар көмегімен жүзеге асады;
7) бақылаушы тұлғаның рұқсатынсыз тюбингілік бекітпедегі цементациялық қақпақты ашуға жол берілмейді;
8) тюбингілік бекітпе кезінде бекітпе артындағы тампондалмаған кеңiстiктер көлемі бір енбеден аспауы керек.
5.4.4.2 Тюбингі артындағы кеңістікті тампонажды материалмен толтыру кезінде рұқсат етілетін қысым мөлшері жоба арқылы белгіленуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |