Оппозиция - 1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге
қарсылық ету
,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элита
Мемлекет –белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың,
әлеуметтік топтар,
таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын,
бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.
Мемлекеттік билік –барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-
дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу
аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Либерализм –1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын
мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын
шектеуге тырысатын ілім,
саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын
либералдық партиялар.
Қоғамдық-саяси ұйымдар –халықтың белгілі бір тобының мүддесін
білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін
ерікті
түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі
басқаратын адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет –демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік
ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-
жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.
Коррупция –1) мемлекеттік
және саяси қайраткерлерді, министрлерді,
парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)
лауазымды адамдардың жеке басын байыту
мақсатында өз қызметін
қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Консерватизм –1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді
өзгеріссіз сақтауға тырысқан
әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар
жүйесі; 2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: