Саясаттану



Pdf көрінісі
бет12/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Хандар билігі. Тәуке 
хан заңдары
Қасым хан
4
/


Есім ханның тұсында сыртқы саяси жағдай қиындай түсті. Соған 
қарамастан елдің бірлігін сақтап қалуға тырысты. Есім хан жағдайларға 
байланысты жат жерліктерде жүргеннің өзінде үлкен беделге ие болды. 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар 
жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олардың 
толық нұсқасы бізге жетпеді. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен 
қағаз бетінде сақталған.
V
f
тмс***;;.
Тәуке хан
Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы 
саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Ру басшылар, сұлтандар өзінше 
бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. 
Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан 
қорғануға нұқсан келтірді. Ол үш жүздің ықпалды билері Төле, Қазыбек, 
Әйтеке билердің бастарын қосып, кеңес құра отырып басқарған.
Төле би 
Әйтеке би 
Қазыбек би
Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, 
оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп 
48


аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық 
тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап 
айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық
айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады. Ол туралы кейбір зерттеушілер 
бұл құжаттты Шыңғыс ханның «Ұлы Жасақ» заңынан, сондай-ақ Қасым мен 
Есім хандардың заңдарына сүйеніп жасалынған дейді. «Халық кеңесі», «Билер 
кеңесі» сияқты тұрақты орган қалыптасып, көші - қон, елдің тыныштығы мен 
бірлігі, жаудан қорғау сияқты өзекті мәселелерді талқылап отырды. Ол қазақ 
халқына, қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор тұлға 
еді.Тәуке хан өте ақылды адам болған. Өз халқының алдында аса құрметке ие 
болған адам.
Қазақ даласында егемендік идеясы ақын -
жыраулар шығамашылығында көптеп кездесіп 
Доспамбет, 
Ақтамберді, 
Тәттіқара, 
Үмбетбай, 
Қазтуған, Нысанбай, сияқты жыраулардың еңбегін- 
де ерекше орын алған. Егемендік идеясының алғышарттары XVIII ғасырда 
жоңғар шапқыншылығы кезінде жаңаша сипат алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет