«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі36.37 Kb.
#487336
түріҚұрамы
  1   2
Документ Microsoft Word (2)

Сынып: Оқушының аты-жөні:

«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып

Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр- XXғасырдың басы).
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.

Оқу мақсаты

        1. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу

        2. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,

«интернационализм» ұғымдарын пайдалану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу жүргізеді

  • «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»,

«полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма


  1. Деректерді пайдаланып XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруін зерттеңіз.



  1. Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды. Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897 жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі 33%-дан асып түспеген еді; орыс қоныстанушылардың жер аударылуы жағынан, бірінші кезекте Торғай облысы орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028 адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін байқауға болады
    дерек

(Прошлое Казахстана в источниках и материалах: (Сборник I. (V в. до н. э.-XVIII в. н. э.)) /
Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.А. – А.: Казакстан, 1997. - 383 с. с. 292).2-



  1. 1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен дүнген ұлттары қоныс аударылды. Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген)
    дерек

(История Казахстана: народы и культуры: Учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. Алматы:
Дайк-Пресс, 2001. 600 с. с. 221).



  1. ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында
    дерек

болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шартына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: «Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады» — деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты — оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді.





Кезеңдері

Қоныстандыру себептері

Салдары

Орыс
қоныстанушыларының бастапқы кезеңі







Ұйғыр және дүнгендерді
қоныстандыру







  1. Дерекке сүйене отырып, ХХ ғасырдың басындағы саясаттың қазақтардың этникалық құрамына әсерін талдаңыз.



1897-1920 жж. санақтар аралығында Түркістан Республикасының халқы 13,3%-ға кеміді. Ерекше қатары ойсыраған қазақтар болды: 34,1%-ы қырылды. Мұны сол жылдардағы статистикалық мәліметтер былай деп дәлелдейді: Алматы уезінің халқы 1897-1920 жж. 5,4%- ға өскенде, уездегі қазақтар 1917-1920 жж. 32216 адамға (20,1%-ға) кеміді. Сол жылдары қазақтар Лепсі уезінде 42,1%-нан, Талдықорған уезінде 26,2%-нан, Әулиеата уезінде 43,8%- нан, Шымкент уезінде 55,0%-нан, Қазалы уезі 40,1%- нан және т.б. айрылды. Осы жылдары, ерекше қалаларда, қоныс аударушы орыс, украин, татарлардың саны мен үлесі өсті. Өзбектер, қырғыздар, ұйғырлардың саны мен үлесі кеміп, дүнгендер шығынға онша ұшырай қойған жоқ, саны да үлесі де бір мөлшерде өзгеріссіз қалды. Сонда 1917-1918 жж. ашаршылық жылдарында Түркістан Республикасындағы қазақ үштен бірінен айрылды. Осы жылдардағы аштықтан еңсесін көтермеген халық 1921 ж. ашаршылық қамытын қайта киді.
Дерек
Дереккөзі: https://e-history.kz/kz/contents/view/596

  1. 1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему себебі неде?

1.
2.

  1. Автохтонды халықтың азаюының қандай зардаптары болады?

1.
2. 3.Ұғымдардың мағынасын түсіндіріңіз.
«Депортация» ......................................................................................................................................
«Арнайы қоныс аударылғандар» .........................................................................................................
..................................................................................................................................................................
«Полиэтникалық қоғам» .......................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
«Интернационализм» ...........................................................................................................................
...................................................................................................................................................................





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет