65
Тайбай он бес жасқа толғанда, әкесі оны сайыс шеберін жалдап, Хан ұлтының сайыс өнері
қылышкерлік пен жұдырықкерлікті үйретеді. Үйрене келе, өнері үстем сайыскер болады. Тайбай
жігіт
жасына жетіп, жалғыз өзі жат жұртты аралаған кезде, тап берген ұры-қары, бұлаңшыларды
ұрып жығып, жер қаптырған кездері де болған. Бұдан сырт, Тайбай құралайды көзден ататын мерген
болған. Бәлкім бұл өнерді әкесі үйреткен болса керек. Өйткені көшпенділер балаларды кішкен-
тайынан садақпен тышқан, құс атуға жаттықтыратын. Бұл бәлкім сол
бір жаугершілік заманның
қажетінен әдетке айналған болса керек. Осылайша Тайбай қаламды да, қаруды да қатар игереді.
Тайбайдың үй іші бай, мәдениетті отбасы болып есептеледі. Тайбай да ержете келе әкесінің сауда
істеріне араласа бастайды. Аңсау мен сағыныштың аңсары болар, Тайбай туған жерін көріп қайтуға
бекінеді. Әке-шешесі қолдап, жібек, торғын-торқа сияқты әртүрлі қолөнер бұйымдарын дайындайды.
Тайбай сауда жасау сылтауымен қасына нағашы ағасы Лижұң мен малайы Дансаны ертіп, 719 жылы
көктемде қылышын тағынып, садағын асынып, Чиңлян ауылынан Батыс терістікті бетке алып, жолға
шығады. Тәңір тауға жетеді. Тайбай Тәңір таудың Орта Азиядағы бір сілемінің бөктеріндегі Суяп
қаласында дүниеге келгенін жоғарыда айттық. Тәңір тау ата-бабасының жаз жайлауы, қыс қыстауы,
жер жаннаты, кіндік қаны тамған жері, сол үшін оның жүрегіне Тәңір тауға деген махаббат осы бір
балғын шағында-ақ терең ұялаған. Осы сапарында Тайбай тәңір тау өңірін, ел ішін бір жаз аралайды.
Тәңір таудың жазғы табиғаты, көркем көрінісі туған жеріне деген құштарлығын оятады. Тәңір таудан
көтерілген жарық ай ақынның сезім әлемін тебірентіп, туған жерге деген сүйспеншілік отын онан әрі
маздата түседі. Шабыты шарық ұрып, тәңір тауға арнап өлең жазады.
Күзде тәңір таудың Терістік етегіндегі Лұнтай қалашығына (қазіргі Ұланбайдағы көнеқорған
қирандысы осы Лұнтай қалашығы деседі) келіп аялдайды. Лұнтайда қысқада кегі, ұзында өші бар
адамдарға (бәлкім Тайбайдың әкесіне өш біреулер болса керек) кез болып, қылыш суырысады.
Қапелімде қарсылас жақтың улы қылышының жүзі Тайбайдың денесіне тиеді. Серіктері оны Тиңжоу
қаласына жеткізеді. Дәрігер Жәң Дайжаудың ем-домының арқасында ол аман қалады.
Тайбай «Тиңжоу («Бейтің-беспалық» деп те аталады. Көне жұрты Жемсары ауданының маңында)
қаласында тұрғанда көрген-білгендерім» атты естелігінде: «Тиңжоудың тарихы ұзақ, жері құнарлы,
суы мол, шөбі шүйгін, өте ертеде кәсилердің мемлекет орталығы болып, Кимман қаласы деп аталған.
Батыс түрік қағанаты дәуірінде Фұту қаласы деп аталған қорғанның биіктігі үш-төрт саржан
шамасында, айналасы бес шақырымнан асады. Қорғанның іші-сыртында бірнеше он мың тұрғын бар,
қорғанның ішінде Таң патшалығының
әкімдік мекемесі орналасқан, мыңнан астам шерік тұрады.
Қорғанның Батысында үлкен будда ғибадатханасы бар, құрылысы әсем, бірнеше жүз будда сағма-
ларының шуылдап сиынып отырғанын көресің» деп жазады.
Тайбай Тиңжоуда әкесінің саудагер досы Уаң Иұануаймен кездеседі. Уаң Иұнуай қуана қарсы
алады. Тайбайды қорғанның түстігіндегі Даужау ғибадатханасына апарады. Даужау – Қытайдағы
діни ағымдардың бірі. Тайбай даужау дінінің мүриті. Ғибадатханаға барып,
мінәжат қылуы табиғи
заңдылық.
Уаң Иұәнуай ғибадатханада дарбыз, қауын, жүзім және басқа тағамдарды әкеп, Тайбаймен бірге
күзгі қыркүйек айындағы балкүлше мерекесін тойлайды. Тайбай көпшіліктің көңілін көтеру үшін
«бекініс және асқар таудағы ай» атты мына өлеңін жазады:
Достарыңызбен бөлісу: