Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»


Фуссиләт  сүресінің 19-22 аяттарында «Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа



Pdf көрінісі
бет32/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Фуссиләт 
сүресінің 19-22 аяттарында «Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа 
айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. Ақыр олар оған барған кезде оларға 
құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне:«Не 
үшін бізге куә болдыңдар?»-дейді.( Терілері):«Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді 
алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар» деп жауап береді. Сендер өздеріңе 
құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла
істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер»
делінген.
Қиямет күнінің жақындауының үлкен және кіші белгілері қасиетті Құран мен Алланың сүйген 
құлы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистерінде баяндалған. Оның белгілері адамзат 
баласының ар-иманнан алыстаған шағынан бастау алатындығы туралы тұжырымдар зар заман 
ақындарының шығармаларында арнайы тақырып деңгейіне көтерілгенін жоғарыда айтқан болатын-
быз. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин кішінің үлкеннің, баланың ананың бетінен алар жағдайына
шошына қарайды:
Бала, бала, бала деп, 
Түнде шошып оянған, 
Түн ұйқысын төрт бөліп, 
Түнде бесік таянған, 
Аялы қолда талпынтқан, 
Суық болса жөргектеп, 
Қорғасын оқтай балқытқан, 


62 
Айналасына ас қойып, 
Айдынды көлдей шалқытқан, 
Қолын қатты тигізбей, 
Кірлі көйлек кигізбей, 
Иісін жұпар аңқытқан, 
Сондай сорлы анаға 
Қыз қышқырса керек-ті.
 
Пенде үшін қияметтің алғашқы белгісі ақырғы демі таусылып, қабірге түскен уақытынан 
басталады. Әзірейіл періште Алла әмірімен адам жанын алғаннан кейінгі хал-ахуал - пенде 
басындағы қияметтің алғашқы белгісі. Яғни, өлім - адамнан жанның шығуы ғана емес, тіршіліктегі 
амал-әрекетіңнің таразыға салынар сәтінің алғашқы баспалдағы. Қабір азабына түсіретін де, қабірді 
нұрландыратын да пенденің өлімге дейінгі амал-әрекеті.
Өлім - өмірдің соңы емес. Оны ақын - жыраулар да жоққа шығармайды. Тіршілік иесінің тағдыры 
оны сыйлаған Жаратушының ғана құзырында. Бейопа дүниеде бірінен бірі ақыл-парасатымен ғана 
емес, байлығымен, мансап - дәрежесімен ерекшеленетін пенделердің теңелер тұсы да өліммен бірге 
келеді. Жаратушы сыйлаған нығметтерден ғибрат алып, тәубеге келе алмаған көп пендені бір сәт 
сабасына түсіретін сәт те - өлім.
Орақ тілді Орынбай ақын адамзат баласының теңелер тұсы тағдыр мойынға түсіп, өлім кеген
күні-ақ басталатынын аңғартады. Ақын арғы әлемнің есігін ашқан пенделер үшін жалған дүниедегі
мансапбы мен байлығы емес, жасаған сауапты ісі мен иманы ғана жолдас боларын меңзейді.
Өлген соң, бай мен жарлы мал демейді, 
Мынаны бер, мынаны ал демейді. 
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап, 
Астына қалың көрпе сал демейді. 
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені, 
Бетіне бірдей қылып өң бергені. 
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап, 
Құдайдың осы емес пе тең көргені,-
 
деген жыр жолдарында жоғарыда айтылған ойлармен бірге ақынның әлеуметтік теңсіздікке деген
ішкі наразылығы, ащы мысқылы да көрініс тапқан. 
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Құлтума Сармұратұлы да қияметке 
дейінгі адамзат баласының бақилық мекені топырақ екенін мысалға ала отырып, Алла қалаған күні 
ғаламның бәрі өзгереріне терең мән беруге шақырады: 
Болса да өзге өтірік, өлім рас, 
Бұрынғы өткендерден қалған мирас. 
Ғаламның он сегіз мың бәрі өзгеріп, 
Бұл дүние болар бір күн жоқ жым-жылас.
Қолынан жақыныңнын келгені сол – 
Жер қазып көміп тастар көсілдіріп. 
Бай бармас жанға тыныш жорғасымен, 
Жан бармас жалғандағы жолдасымен. 
Біреуге біреу қамқор қылмақ түгіл, 
Болады әркім әлек өз басымен.
Сыр бойында дүр Оңғар атанып, ел ықыласына бөленген ақынның артында қалған кесек сөздері 
де иманды ұрпақ туралы баяндайды. Жырау өсиет термелерінде әрбір істің басы мен соңы боларын,
адам баласының дүние қызығына алданбай, «ақырет күніне нені алып барам?» деген сауалды жүрек 
түкпірінен шығармау керектігін әр сәт жамағат назарына ұсынып отырады. Дүние - жалған, иман - 
азық. Жырау төмендегі толғауында осыны меңзейді: 
Алқалап келген әлеумет, 
Сөзіме болса әуесің 
Баһарда дарақ гүлдесе 


63 
Бұтаққа шашар мәуесін. 
Жасанған жауға кездессе, 
Батырлар тартар жебесін. 
Жаратқан өзі жар болса 
Жарадан сақтар денесін. 
Егеулі болат, көк темір, 
Сауыттың сөгер көбесін. 
Ажалға етер амал жоқ, 
Таусылса демің өлесің.
   
Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген Шәңгерей Бөкеев пәни дүние адам 
баласының бес күндік қонақ болар мекені ғана екенін ескерте отырып, ақырет күні адамға жинаған 
малы емес, иманы азық боларына философиялық тұжырым жасайды:
Қиямет, мақшар таң туса, 
Өзім қайта «мен» болып, 
Мен болармын қайтадан. 
Қайтадан жаным – қайта адам. 
«Бұл сөзің қалай?» десеңіз, 
Әуелінде бар болып, 
Ақырында жоқ болмақ – 
Шариғатқа қилап заң. 
«Мизан», «сират» құрулы, 
Өзіңе аян, бір Алла, 
Ілгері басар әр қадам.
Өткінші дүниеде мәңгілік ешнәрсе жоқ. Мәңгілік - бір Алла ғана. Пенденің пәнидегі амал-
тірлігіне Алла ғана төреші. Өмірдің соңы өлім екені аян болса, осы басы мен соңы бар тіршілікте 
Аллаға жақындатар амал – сабыр. Алладан медет тілеп, елдің сөзін сөйлер ерлерге тәтті тірліктің 
кермек дәмі боларын баян еткен Наурызбек жырау «Ал, жігіттер, құлақ сал» толғауында осы 
жағдайды төмендегіше төгілтеді: 
Құбылып тұрған күнде өлер 
Түнеріп тұрған түн де өлер 
Ағып та жатқан су да өлер. 
Ұшып та жүрген қу да өлер
Қысырдың қызыл тайындай
Қылымсып өскен қыз да өлер 
Тыңдауы дұрыс болмаған 
Айтылған алтын сөз де өлер. 
Күн өлгеннің белгісі 
Қызарып күннің батқаны 
Түн өлгеннің белгісі 
Сарғайып таңның атқаны...  
Жоғарыдағы мысалдарды түйіндей келе қазақ әдебиетінің тарихында «молда ақындар», «кітаби 
ақындар» деп аталған сөз зергерлерінің қиямет күні туралы тұжырымдары нақты Құран аяттарынан 
негізделгенін аңғарамыз. Сөз зергерлері адамзат баласының қиямет күнінен кейінгі мәңгілік мекені 
болар жұмақ пен тозақ туралы да мол мәліметтер береді. Ақын-жыраулар әсіресе ақырет азабынан 
ада болған пенделерге жұмақ есіктерінің айқара ашылатынын да ерекше шабытпен баян еткен.


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет