Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»


Резюме  В этой статье отражено почитание в духов предков и поверие в решающей силе их в общественной жизни казахского  народа.  Resume



Pdf көрінісі
бет62/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Резюме 
В этой статье отражено почитание в духов предков и поверие в решающей силе их в общественной жизни казахского 
народа. 
Resume 
In this article reflected the veneration in ancestral spiritsand a belief in the decisive force of social life of Kazakh people. 


140 
Мейрбекова А.,
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
2 курс магистранты 
 
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ НЕГІЗІН САЛҒАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУЫ 
 
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» жайлы осы уақытқа дейін күрделі мәселелер 
қозғалып, қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған ғалымдардың бұл еңбек тұрғысынан тілге тиек етпей 
кетпейтіндері жоқтың қасы. Еңбектің аты айтып тұрғандай әдебиеттің қыр-сырын танытып, сырт-
қары және ішкі әлемін ашатын бірден-бір туынды екені даусыз. А.Байтұрсынұлы елінің, халқының 
болашағы, ертеңі мен келешегі тек қана оқу-білімде, ғылымда екенін алғашқылардың бірі болып 
түсінген. Бұл еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып, таралымға шықты. Біраз уақыт ғылыми 
айналымда болып, автордың жазықсыз жазаға ұшырауына байланысты кітапты пайдалану шекте-
тілді. Содан бастап көптеген жылдар қолданыста болмай, қараңғы архивтерде жатты. Алаштың 
қамын жеп, күйін-күйттеген ғалым жайлы неше алуан кереғар пікірлер айтылды. Ұлтының тілі мен 
діні, әдебиеті мен мәдениеті туралы айтылған ойлары үшін «ұлтшыл», «кеңеске қарсы» деген 
айыптар тағылды. Қазақтың қамы үшін ғалым айдауда болды. Қазіргі таңда ғалымның мол мұрасына 
қол жеткізіп, әдебиет тарихы мен теориясының атасына айналғанына еңбекпен табысып, керегімізге 
жаратуымыз қажет.  
Ғалым аталған еңбекті «аңдату» деген тақырыппен ашып, өнертану, мәдениеттану мен сөз 
өнерінің ара-жігін айрықша түсіндіреді. Еңбектің тілі жатық, қарапайым сонысымен қатар өте 
түсінікті де ұғымды. Әрбір ойды, терминді Ахаңша айтқанда «пән сөздерді» дәлелді мысалдармен 
салыстыра отырып жеткізеді. Өнердің қалай пайда болғанын ғалым табиғатпен адам еңбегінің 
нәтижесінен туған құбылыс екенін аша айтады. «Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе» мен 
«адам ісінен шыққан жасалынды нәрселер» [1] арқылы өнердің қалыптасуын түсіндіреді. Ғалым 
көркем сөз өнерінің құдіретін сонау ХХ ғасырдың бас кезінде «тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйініндей» етіп айтқанына таң қаласыз. А.Байтұрсынұлы сөз өнерін өзге өнердің бәрінен де жоғары 
қояды да, өнер не үшін керек? өнердің мәнісі не? деген сауалдарға жауап береді. Оның мәнісін 
ғалым қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық екендігімен байланыстыра 
отырып, оның атқаратын қызметіне назар аударып, «Өнердің ең алды – сөз өнері» деген қағиданы 
дәлелдейді. «Өнер алды – қызыл тіл» дейтін мақалына сүйеніп, сөз өнерінің қазақ елі тағдырындағы 
айрықша рөліне тоқталады. Сонымен қатар сөз өнерінің өнердің басқа түрлерінен яғни сәулет 
(архитектура), сымбат (скульптура), кескін (живопись), әуез (музыка) өнерінен айырмашылығын, 
артықшылығын түсіндіре отырып талдайды. «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама-қада-
рынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай әдемі ән-күй болсын сөзбен 
сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді»
[1, 7-б.], ал 
көркем сөздің тегі мен түрін «жан қоштау» керегінен шыққан нәрсе»,– деп түйіндейді. Өнерді бұлай 
жіктеудегі ғалымның алға қойған мақсаты – өзі зерттейтін сөз өнерінің басқа өнер салаларынан 
ерекшеленетін айырмашылығын түсіндіру. 
А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің бір парасы болып табылатын «әдебиет» сөзінің ауқымын кең 
шеңберде ашып береді: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты 
қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет