Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет35/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Тәңір таудан жарқырап шыққан толған ай, 
Бұлт теңіз арасынан жүзер баяу тоқтамай. 
Қуалай соққан қоңыр жел, 
Иұимынгуанды өтпес желпіп бір қалай, – 
деген өлең шумағын тебірене дауыстап, жатқа айтты. 
Чын Жын бастауыш мектепте оқып жүрген кезінен бастап Ли Бай өлеңдерін сүйсіне оқитын. Осы 
бір батыс өңірде туған әрі батыс өңірдегі түрік тілді халықтардың салт-санасы бойына терең сіңген 
романтик ақынның жүрегіне еркіндікке ұмтылған бөрілердікіндей қайтпас-қайсар, ештеңеден 
тайсалмайтын өжет рух ұялаған еді. Қаймағы бұзылмаған байырғы жайлаудың айлы кешінде Ли Бай 
өлеңдерін айтқандағы сезім, Пекиндегі сабақханаларда оқыған кездегі әсерге мүлде ұқсамайды. Чын 
Жынның ішкі әлемінде бейне Ли Бай сияқты өжет, өршіл рух пайда болды. Оған қоса өзін ұзақтан 
бері мазалап жүрген мынадай бір мәселе есіне түсті: Қытайдағы ақындар қауымы түп-түгел Ли 
Байды қадірлеп, қастер тұтса да, одан үйренуге дәріптемейтін. Ли Бай такаппар, талантына сенген-
діктен ешкімді көзге ілмейтін. Сондықтан оның өлеңдерін ешкім үйрене алмайды деп ойлайтын. 
Чын Жын сондай бір ой тұжырымдайды. Ли Байдың асқақ, айбынды өлең жолдарын үйренудің 
қиындығы, оған көк бөріге табынатын түрік халықтарының салт-санасы мен мінезінің терең 
сіңгендігінен әрі сол бөрілер үйірі еркін жортатын дарқан даладай кең көңіл көкіректің болған-
дығынан. Ли Бай өлеңдеріндегі айбынды, асқақ сезім көз жеткісіз көк аспанға шапшып, сол асқақ-
тағаннан қытай классикалық поэзиясының құзар шыңына шыққан еді. «Ұшты самұрық құйынымен 
бірге алысқа, самғады ары тоқсан мың шақырым ғарышқа», «Көрмедің бе, Хуаңхы суы көктен түсіп 
ешкімге бой бермесін, жүйтки ағып, мұхитқа құйып, қайта айналып келмесін», «мен өзім Чу елінің 
тентегімін білемін, бейіс құсынша әндетіп, Кұңфузыға күлемін». 
Қай қытай ғұламасының бір сөйлем сөзі он мың шақырымдық ғарышқа ұша алған, жазған бір 
әріпі тоғыз қабат аспанға шыға алған, қай қытай ғұламасы лепіріп әулие Кұңфузіні келеке қылған? 
Қай қытай ғұламасына патша ағзам өз қолымен тағам ұсынған? Қай қытай ғұламасы Таң патша-
сының көзінше Яң Гұйфиге сия езгізіп, Зайшяң Гаулишыге етігін шешкізген? Астапыралла, нағыз 
жүрек жұтқанның өзі ғой! 
Ли Байдан үйренудің қиындығы ғарышқа шыққаннан да қиын. Қырық сегіз мың жыл өтсе де, 
қытай әдебиет әлеміндегі «поэзия періштесі» тек біреу ғана. Чын Жын күрсініп, «дала бөрісінің 
мінезіне Хуашия (Қытай) өркениетінің жауһарын қосса, адамның басы айналатын биікке шығуға 
болады» деп ой тұжырады. 
Жазушы Жяң Рұң әйгілі тарихшы Мың Чыбейдің «Сахара мәдениеті және адамзат тарихы» атты 
кітабынан төмендегі үзіндіні келтіріп, өзінің Ли Байды түрік деп санайтын көзқарас-пайымын онан 
әрі дәлелдей түседі: «Ли Байдың тамырында түріктердің қаны ағып жатқандығын оның екі баласына 
қойған есімдері-ақ дәлелдейді. Оның ұлының аты «Поли», мұны қытай тілінде түсіндіруге болмайды, 
шынында, ол түрік тіліндегі «бөрінің» дыбыстық аудармасы. Бөрі түріктердің тотемі, адамға бөрі деп 
ат қою, қытай ұлтының «айдаһар» деп ат қойғанымен бірдей. Ли Байдың қызының аты «Айнұр». 
Бүгінгі ұйғыр ұлтында «Айнұр» атты қыз бала өте көп. Мұндай «ай» мағыналық аударма. Ал «нұр» 
дыбыстық аударма. Ал Ли Байдың көздерінен (қос жанарынан) түріктердің көздеріндегі ерекшелік 
менмұндалап тұрады». 
Ескерте кететін бір жайт, Айнұр Ли Байдың қызы емес, ұлы. Миң Чыбей қызы деп қате түсінген. 
Ол дәуірде ұлға да «Айнұр» деп ат қоюы мүмкін. 
Хан ұлтының дәстүрінде балаға ат қойғанда, қытай әріпімен жазғанда, екі әріпті не бір әріпті ат 
қояды. Айнұр Қытай әріпімен жазғанда үш әріппен жазылады. Бұл Қытай ұлтының ат қою салтына 
қайшы. Міне, бұл Ли Байдың жат ұлт екенін дәлелдейді. 
Чын Жынкы (1935 жылы қаңтарда) «Чиң Хуа ғылыми журналының» № 1 санында жариялаған 
«Ли Байдың тегін тектегенде» атты мақаласында: Ли Байды «түрік» дейді. Ал Ху Хуайчын (1936 
жыл, тамыз) «Пекин» журналының 11 санында жариялаған «Ли Тайбай түрік тіліне жетік және 
басқалар» атты мақаласында Ли Байды «түріктескен қытай» дейді. 
Жоғарыдағы Ли Байтанушылардың Ли Байдың ата тегі туралы зерттеулері, талдаулары арқылы 
алға қойған қорытынды көзқарас-пайымдарына негіздесек, Ли Бай нағыз, таза қанды түрік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет