170
меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті,
компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық
құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық
құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы
соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа
идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы
тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
және қазіргі білім
жүйесі студенттердің танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін
және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің
үйреншікті әдісінен оқыту процессінде студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын
білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру
ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады.
Сөйлеу – күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым - қатынас құралдарының қызметін
атқарады. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл - лингвистикалық және экстралингвистикалық
құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір
ескеретін нәрсе, студенттердің білім деңгейі, ойлау қабілеті мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы
мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі. Бұл жағадайда студенттің байқам-
паздығы
мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен
санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді. Егер студентте ынта мен ықылас, шетел тілін
үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып,
оқытудың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай. Демек
білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс.
Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық – коммуника-
циялық технологияны қолдану оқытушының жұмысын біраз жеңілдететіні анық.
Білімді қалып-
тастыру амалының негізгі мақсаты оқытушылар алған білімін студенттердің дамуына және олардың
түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға
бағытталады. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты
мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында
тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедия-
лық - электрондық құралдарды жоғарғы оқу орындарында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол оқытушыға қысқа мерзімде өзінің үлкен
дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол
студенттердің түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, авто-
матты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану студенттердің сабаққа деген
қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді,
мультимедиялық және
электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, студенттердің есінде сақтауға көмектеседі.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда оқу және жазу
қабілеті болуы керек сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Білім берудің және оқытудың
ақпараттық технологиялары дегеніміз – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған (аудио - видеотехниканы,
компьютерді, телекоммуникациялық желіні) қолдануға негізделген педагогикалық технология.
Қазіргі заман оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи - танымдық, педагоги-
калық - психологиялық сауаттылық және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ендеше кез келген
оқытушының бойында ақпараттық құзыреттілік қалыптасуы тиіс. Ақпараттық құзыреттілік – ақпа-
раттық мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі ақпаратпен теориялық білім мен
тәжірибені ұштастыра отырып қолдана алу деген ұғымды білдіреді. Ақпаратты технологияларды
пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің
артуына
жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге
сүйене отырып, студентердің құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен иннова-
циялық оқыту әдістері арқылы студенттерді ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа,
адамгершілікке,
имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сондықтан ақпараттық технологиын қолдану және ашық
171
бағалау жүйесін қолдану оқытушыға студенттердің пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының
тиімді жолдары:
• студенттердің материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.
• Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
• студенттердің көз қарасын кенейтеді.
• Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
• Пәнді оқуға және үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады.
• Теориялық материалды толық игеру болады.
• Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.
• өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс
мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол
жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен студентерге көмектеседі;
• студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• студенттердің шығармашылығын арттырады;
• студенттерді жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құры-
лымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолдану өте тиімді. Қорыта келгенде ағылшын тілі
сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа заман-
дағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Барлық жаңа
технологияның мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін
басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып,
шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайтты қолдану-
дағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: