Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#171391
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ




БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: Т 13-13 тобының

Студенті Пардабаева Г.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., Аңламасова Г.


ШЫМКЕНТ 2008


Мазмұны




Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3


І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін

дамытудың педагогикалық негізі.

1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------7


    1. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.--------------------------- 17

ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.



    1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.------------------------- 31

2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.---------- 38

Қорытынды.-------------------------------------------------------------------------- 51

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------ 53



Кіріспе

Көкейкестілігі:

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында

«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.

«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне

сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.

Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға

ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу

үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыл

дай білуге үйренуі керек.

Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің «Жан туралы» еңбегі, Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы», И.Г.Пестолоцци мен А.Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.

Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К.Д,Ушинский «Ана тілін оқытуға басшылық» еңбегінде, В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев т.б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы.Алтынсарин «Таңдамалы педагогикалық мұралары», М.Жұмабаев «Педагогика», Қ.Бержанов , Т.Сабыров «Оқыту теориясының негіздері», Ж.Әбиев «Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері» т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.Қаншама осы мәселеге көңіл бөлініп жатса, тәрбие мен білімге бағытталған жұмыстар жеткіліксіз. Сондықтан да біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері» деп атадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық

ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.



Зерттеу жұмысының міндеттері:

а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.

ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу сабақтарында қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.

Зерттеу жұмысының әдістері – талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.

Зерттеу жұмысының нысанасы – оқушылардың еңбек біліктері мен шығармашылық қабілеттері.

Пәні- бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.



Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі, сондай-ақ тақырыпқа қатысыты ұлы ғұламалар мен оқымысты ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі атты 1 тарау 2 параграфтан тұрады.

Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері деген параграфында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған Білім беру Тұжырымдамасынан, Ы.Алтынсаринның, Ә.Науидың, Л.С.Выготскийдың еңбектерінен мысалдар келтірілген.

Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашалаған дамыту мәселелері атты параграфында америка психологы М.Корненің тұжырымдамасынан мысалдар, Н.А.Менчинскаяның қабілеттілік туралы пікірлері, Қ.Жарықбаевтың ой-пікірлері келтірілген.

Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен біліктерін дамыту жолдары атты 2 тарау 2 параграфтан тұрады.

Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары деген параграфта Елбасының халаққа арнаған Жолдауынан үзінді, Ресей оқымыстыларының педагогикалық технология жайлы берген анықтамалары, В.П.Беспалько педагогикалық технология туралы жазған тұжырымдары берілген.

Сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері деген параграфында жинақталған оқымыстылар мен озық тәжірибелі ұстаздардың еңбектерін бесшылыққа ала отырып, 2 сыныпта өткізілген ашық сабақ мәтіні берілген.

Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыстың жетістіктері мен нәтижелері және ұсыныс, пікірлер келтірілген.

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі.

1.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек біліктерін, шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.

Адамның ойлау процесі қандай да бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу және тағы басқа да қажеттіліетер туғанда активті қызмет жасауға көшеді. Мұның барлығы танымға объктілер мен шынайылық құбылыстарын бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады.

Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында ұсынылып отырғанжүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белріленген.

Тұжырымдама – ғылыми–теориялық, әдіснамалық құжат. Онда Қазақстан Республикасының білім берудегі мақсаттары, міндеттері, құрылымы, мазмұны, дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ процесін ұйымдастыруымыз керек. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасау қажет. Ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деп сара жол сілтеді.

Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жемісті бола бермейді.

Затқа, объектіге т.б. көңіл аудару көп жағдайда оқушылардың оршаған ортаны тануда жетістікке жеткізеді, себебі, ол көзбен қабылдаудың толықтығын және тереңдігін қамтамасыз етеді , ойлаудың

активтілігіне құбылыстардың қандай да бір нысанасын үйренуге бағытталған оқушының ерік – күшінің жиналуына жағдай жасайды.

Оқушының көру және есту қабілеттерін қалыптастыруда әр түрлі құбылыстар мен фактілерді байқау, шынайылық объектілерінің мағынасын, аз байқалатын жақтары мен белгілерін есепке алу қажет. Көз алдына елестету функциясының сөйлеуді дамытуға тәуелді екенін Л.С.Выготский тауып айтқан еді. Оның тұжырымында көз алдына елестету сөйлеу дамуына тәуелді, яғни балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналатын ұжымдық - әлеуметтік кепілі. Жоғарыда айтылған тұжырымнан көріп отырғандай, егер бала көркемөнермен байланысты болмаса, сурет салу, ән айту, өлең оқу дағдысы болмаса, оқуға, еңбек етуге ынтасы болмаса сөйлеу процесі тежеледі, көз алдына елестету қабілеті жойылады. Ал бұл жағдай баланың шығармашылық әрекетін тоқтатады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді.

Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс»,- деп атап көрсетті.

Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық дайындығына мына компоненттер кіруі керек:



  • педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;

  • ақыл – ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;

  • бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;

  • шығармашылық процестің негізін меңгере білу;

Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Қабілеттілік – оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы.Ө збек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің «Ғажайып мәжілістер» атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.

Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді ,тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.

Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір

нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.

Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес.Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді.

Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.

Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.

И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері.

А.Н.Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:

1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)

2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)


  1. ақыл-ой қабілеттері.

А.Н.Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатыстыайтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:

  1. оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз.

  2. көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының

шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекеткедеген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.

  1. кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я.А.Пономарев «Знание, мышление, умственное развитие» атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттену қабілеттерін алады.

Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің «ойша» әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың «ойша» әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б.- бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады. Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін

бақылай алады.»

Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.

ХІХ ғасырдың басында қиялшыл соцтализмнің ілімін жасаушылар

Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді.

Бала үнемі оқу әрекетінің нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орнына түсуге қабілнтті болып шығады.

Адамның рухани дамуының көзі- еңбек. Ф.Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамдыжаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек- адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек етуәрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.

Педагогикалық тұрғыдан еңбек – баланы жан-жаұты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы.Бала жастайынан еңбек етуге талпынады.Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен мектепте еңбек тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып жүргізілуі керек. Мектепте бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Әрекеттің мұндай түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске асырылады. Еңбек әреті жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің мәні зор.

Қоғамдық пайдалы еңбек түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына сәйкес жүргізіледі.

Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар.Олардың өнімді еңбек ьарысында жауапкершілігі артады, іскерлік қабілеті дамиды.

Сонымен қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды іскерлікке ғана үйретіп қоймай, олардың дене күштері мен ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін тереңдетіп жетілдіреді.Еңбек іс- әрекетін оқумен ұштастырып отырса, баланың әлеуметтік тәжірибесі молаяды.

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші фактордың бірі.Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады.Еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды. Еркін еңбек барысында өзініңжәне бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды.

Мектепте еңбек біліктерін арттырудың басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.

Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау – бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күлделі процесс- мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.

Еңбек етуге әдеттену- бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,- деді Н.К.Крупская.

Оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы. Онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар мектепте алған білімдерін дайдаланып, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді. Осындай шығармашылық жұмыстың барысында әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімі байымды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады

Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, инемен құдық қазғандай, ақыл – ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін К.Д.Ушинский ескерткен болатын.

Оқу іс-әрекетінде қажетті бақылау, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі бастауыш сынып оқушыларында ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға жағдай туғызады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері, әсіресе, ән-күйде, ойын үстінде, еңбек сабақтарында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Қазіргі мектепте әлеуметтік тапсырыс - терең ойлай білетін шығармашылық бағытта әрекет ететін адам даярлау. Заттық нәрселер мен іс жүзінде әрекет ету бастауыш мектеп оқушыларының шынайы болмысты сезім арқылы танып білуін қамтамасыз етеді. Мұның өзі заттық нәрселермен әрекет ету барысында оларды оқушылардың өз қолдарымен ұстап, сипап көруі, қарап шығуы, тыңдап байқауы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сезімдік таным ақыл-ой үшін нақты ақпарат болып табылады, яғни айнала қоршаған дүние туралы алғашқы білім түйсіктерін қалыптастырады. Мұның салдары - ойлау қабілеттерінің дамуы. Баланың іс жүзінде өзгеріс енгізуші қызметі заттың өзін және оның бөлшектерін неғұрлым мұқияттылықпен терең зер сала қарап шығуға бағыт-бағдар береді, яғни заттың «неғұрлым мұқият әрі терең ой жүгірте қарап шығуын» қажет етеді.

Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушылардың ынтасын, қызығушылығын еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді түрде дамытуда рөлі өте зор. еңбек біліктілікті іске асыруда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн:



  • еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:

  • балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болуы керек:

  • еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның ьолымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның ықпалы күшті болады:

  • еңбек баланың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар:

  • еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Оқушының ойлау қызметі оның моторикалық іс жүзіндегі өзгеріс енгізуші қызметімен ұштасып бір-бірімен қосылған кезінде оңайлана түседі. Бұл жерде «өзгеріс енгізуші қызмет» деген ұғымға баса назар аудару керек. Өйткені, таным дамуының алғашқы кезеңінде моторикалы, затты қолмен ұстап көру қызметі басым болып келеді. Егер оқушыларға берілетін тапсырмалар оларға ешқандай қиындық келтірмейтін болса, онда ойлану қажетсіз деген сөз. Мәселені шешу барысындағы сәтсіздіктер мен қиындықтар ойланып- толғануды тудырады, олар психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуына ықпал етеді(жаңа білімдер, ақылға салыпәрекет ету қабілеті, дәлел іздеу,сезіне

орындалатын нысанға деген қабілет түрлері мен қатынас жасау тәсілдері пайда болады)

Психология ғылымындағы праксиологиялық деген ұғым оқушының практикалық іс-әрекетке деген қабілеті мен икемділігін айқындайды. Оның ойдағыдай дамуын жетілдіретіндер: талап, қызығу және бейімділік сияқты қасиеттер. Адам қабілетінің әр қилы болуын ұлы физиолог сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Әдетте ол адамда әр түрлі болып келеді. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзгеден жоғарырақ тұратыны шындық. Бірақ оның барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Яғни, ол өзі ерекше қадір тұтатын пәніне ғана қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де, өзге пәндерге белсенділігі тежеліп қалады. Мұндай жағдайда мұғалім оқу-тәрбие жұмысын психологиялық ерекшеліктер мен педагогикалық ерекшеліктер мен педагогикалық заңдылықтарды үйлестіре, сабақтастыра атқаруы тиіс. Сонда ғана жұмыстың нәтижелі болары ақиқат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет