Сборник материалов международной научно-практической конференции



бет22/27
Дата09.07.2016
өлшемі2.66 Mb.
#187801
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Алимова Н. Ж.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университет, Қостанай қаласы


ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МӘНІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Мекеменің шығындарында еңбеккерлердің еңбегіне еңбекақы түрінде өтеу шығындары ең үлкен бөлігін құрайды.

Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы жұмыс күшінің тауар ретіндегі бағасы болып саналады да, еңбек нарығында жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің мүдделерінің үйлестіруін қамтамасыз ету негізінде қалыптасады, жұмыс күшін белгілі бір уақыт-сағат, күн және т.б. бойына пайдаланғаны үшін төлейді.

19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қызметкелерге берілетін сыйақы компанияның (әрі қарай мекеменің Ж.Т.) қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.

Қызметкерлерге берілетін сыйақыға мыналар жатады:

• жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналган жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауыруына байланысты ақылы демалыс, пайда эісәне сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде іпөпенетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандагы сыйақылар (медициналық қызмет, үймен және көпікпеи қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;


  • зейнетақы, зейнетке шықаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналыц цызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;

  • жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетіи шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;

  • шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.

Шығу жәрдемақылары - қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін мекеменің шешімімен жұмыстан шығарса; не қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.

Қызметкерлерге берілетін сыйақылар: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақылар болып екі түрге бөлінеді.

Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларбұл қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:



  • жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;

  • қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты);

  • қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;

  • осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен, тауарлармеи немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты).

Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар - бұл қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын кызмегкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды және үлсстік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда).

Еңбекақы тұтынушылардың табыстарының үлкен бөлігін құрайды, сондықтан тұтыну тауарларына сұраныс көлемі мен олардың бағаларына елеулі ықпал жасайды. Еңбекақының әлеуметтік-экономикалық мәні - оның еңбеккердің негізгі табысы және оның өзінің де, жанұя мүшелерінің де әл-аухаты мен тұрмыс халінің көтерілуінің негізгі көзі. Бұдан келіп еңбекақының еңбек нәтижелерін жақсарту және соның негізінде алынатын табыстың өсуін қамтамасыз етудегі ынталандыру рөлін көруге болады. Сондықтан оның мөлшерін анықтағанда барлық өмірлік игіліктер мен қызметтердің шамасын (құнын) есепке алу керек, өйткені оларды алған ақшаларға сатып алуға болады. Олар еңбекақыдан тікелей, ал тұтыну бұйымдары мен ақылы қызметтердің бағалар деңгейіне керісінше байланысты болады.

Жұмыс беруші (мекеме) мен еңбеккердің арасындагы еңбек қатынастары нормативтік-құқықтық кесімдер мен заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттармен реттеледі.

Жеке еңбек келісім-шарт - бұл жұмыс беруші (мекеме) мен еңбеккердің арасындагы жазбаша жасалған келісім, онда еңбеккерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары және міндеттемелері анықталған, соның ішінде еңбеккер еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал мекеме еңбеккерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасау, нормативтік-құқықтық кесімдермен (актілермен) қарастырылған еңбекақыны және өзге де төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.

Жеке еңбек келісім-шарт жасау үшін мекеме жетекшісі еңбеккердің еңбек қызметін растайтын кұжаттар, жеке куәлігі (төлқұжат), әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік (ӘЖК), зейнетақы келісім-шарты, білімі, кәсіби дайындығы туралы құжат және заңдармен қарастырылған өзге де құжаттарды талап етуге құқығы бар.

Жеке еңбек келісім-шарты белгісіз бір мерзімге, белгілі мерзімге және белгілі бір жұмысгы орындау уақытына немесе уақытша жоқ еңбеккердің орнын баса тұру уақытына жазбаша түрде жасалады. Егер жеке еңбек келісім-шартында оның қызмет мерзімі айтылмаса, онда келісім-шарт белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Жеке еңбек келісім-шарты кем дегенде екі данада жасалады да, оған екі жақ қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрған еңбеккерге беріледі.

Еңбеккердің еңбек қызметін орындауының басталуы болып жеке еңбек келісім-шартта көрсетілген жұмыс басталатын күні есептелінеді. Жеке еңбек келісім-шарт жасалғаннан кейін мекеме жетекшісі жұмысқа еңбеккерді қабылдау туралы бүйрық шығаруға міндетті және бұйрық еңбеккерге қол қою арқылы жеткізіледі.

Жеке еңбек келісім-шарт жасаганда еңбекақы төлеудің бастапқы шарттары - еңбекақы мөлшерлері жүйесі, кесімді еңбекақылар, еңбек мөлшерлері (өнімділік мелшерлері, қызмет көрсету уақыты), еңбекақы нысандары мен жүйелері, кепілді және өтемді төлемдер болып табылады. Мұнда әрбір мекеме қаржылық жағдайын есепке алып, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне, аймақтағы жұмыссыздық деңгейіне, еңбекақының мемлекеттік реттелуіне қарай еңбекақы төлеуде өздерінің шарттарын дербес әзірлеулері керек.

Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырғанда еңбектің саны мен сапасына сәйкес еңбекақы төлеудің қағидаларын қатал сақтау өте маңызды, себебі олар еңбеккерлердің еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруға және мекеме жұмысының сапасын жақсартуға материалдық ынталануын тудырады.

Еңбеккерлердің еңбегіне ақы телеуді ұйымдастырудың негізі болуы керек: тарифтік жүйе; еңбекақы төлеу нысандары; еңбек мөлшерлері (өнімділік мөлшерлері, қызмет көрсету уақыты).

Тарифтік жүйе - бұл еңбектің күрделілігі (мамандандырылуы), еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы, климаттық жағдайлар), еңбектің сипаты мен маңызына қарай әртүрлі топтардағы және санаттағы еңбеккерлердің еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүргізуге мүмкіндігін қамтамасыз ететін әртүрлі мөлшерлердің жиынтығы. Бұл жүйе бірыңғай тарифтік мамандандырылған анықтамадан, шеберлік дәрежелер, санаттар, топтар және с.с. бойынша тарифтік сеткасынан, еңбекақы мөлшері мен лауазымды кесімді жалақылар, аудандық коэффициенттер, үстемелер мен қосымша төлемдер үлгілерінен, еңбектің зияндылыгы мен ауыр жағдайлары бар жұмыстардың тізімінен тұрады.

Тарифтік мамандандырылған анықтама барлық мамандықтардың тізбесі мен олардың мамандық сипаттамалары, сондай-ақ әрбір шеберлік дәрежедегі еңбектердің мамандандырылуына қойылатын негізгі талаптарды енгізеді. Оның негізінде мамандыққа баға беретін комиссия еңбеккерге белгілі шеберлік дәреже береді және еңбеккерлердің мамандықтары мамандандырылуы бойынша қызметтік міндеттерін белгілейді, бұларды еңбеккерлер білуі және орындаулары керек.

Тарифтік сетка - шеберлік дәрежелер шкаласы болып табылады да, ол әрбір шеберлік дәрежеге төленетін еңбекақының 1 шеберлік дәрежеге ара қатынасын тарифтік коэффициент арқылы анықтайды. 1 шеберлік дәреженің коэффициенті болып бірлік алынады, ал басқалары 1 шеберлік дәрежесіндегі еңбектердің еңбекақысынан еңбеккердің анық-талған шеберлік дәрежесіндегі еңбекақысының қанша есе көп екенін көрсетеді.

Бірыңғай тарифтік сеткада (БТС) шеберлік дәреже қарастырылған да, әрбір түріне өзінің тарифтік еселігі (коэффициенті) белгіленген.

Жұмыскерлердің еңбегі бірыңғай тарифтік сеткасының біріншіден сегізінші шеберлік дәрежслері аралығы бойынша, ал қызметкерлер еңбегі екіншіден жиырма бірінші шеберлік дәрежелер аралығы бойынша тарифтелінеді.

Тарифтік сеткалар мен лауазымды кесімді жалақылар үлгісі жетекші қызметкерлердің, инженерлік-техникалық еңбеккерлердің және мекеменің басқа мамандары мен қызметкерлерінің лауазымды кесімді жалақылары мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің көлеміне қарай белгіленеді. Қазіргі кезде жетекшілср мен мамандардың үлкен бөлігіне еңбекақы төлеудің кесімді нысаны кеңінен таралу алды.

Еңбектің алмастырулығын, қызығулығын, сандық және сапалық нәтижелерін есепке алып еңбекке ақы төлеуді саралау (дифференциялау) үшін үстемелер мен қосымша төлемдер белгіленеді. Үстемелер жоғарғы кәсіптік шеберлігі үшін, «Мамандығы бойынша үздік» және т.б. атақтар үшін еңбеккерлерді ынталандыруға қосымша еңбекақы ретінде белгіленеді.

Қосымша төлемдер өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа қызметті атқарғаны үшін, өзінің негізгі жұмысынан босатылмай бригадаға жетекшілік еткені үшін, уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін қоса орындағаны және т.б. үшін өтемақы ретінде жүргізіледі.

Қазіргі кезде еңбекақының нысандары мен жүйелерін жасау мен қолдануда, жалақы қорын бөлу және пайдалануда мекеменің құқығы мен дербестігі елеулі кеңейтілді, еңбекке ақы төлеудің мөлшеріне шектеу қою жойылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Заңы № 185.23.05.2007ж.

2. «Аудит негіздері» Абленов Д.О. Алматы: Экономика. 2005ж.

3. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» Назарова Н.А. Алматы: Экономика. 2005ж.

4. «Бухгалтерлік есеп» І бөлім Толпаков Ж.С. Қарағанды. «Қарағанды полиграфиясы» АҚ 2009ж.
Ахметова С.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университет, Қостанай қаласы


Кәсіпорындарда басқару шешімдерін қабылдау мәселесі
Басқарушылық шешімді әзірлеу процесі мәселені шешудің бірнеше мүмкін нұсқаларын салыстырып қарауды және олардың ішіндегі ең жақсысын таңдап алуды білдіреді.

Басқарушылық шешім қабылдаудың баламалы нұсқаларын қарастыруда болжалды шығындар мен табыстар баламалы нұсқалары бойынша айрықшаланатын релеванттық талдау қолданылады. Мұндай тәсілдеме әлдеқайда жақсы шешімді дайындау процесін тездететін, оңайланатын маңызды ақпаратқа ғана назар салдырады

Кәсіпорын қызметін жоспарлауда «шығын – мөлшер – пайда» талдауы жиі пайдалынлады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдығы, өндіріс құрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Басқаша айтқанда «шығын –мөлшер- пайда» талдауы процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, қандай дүниеге ие болып қаламыз дейтін сұраққа жауап алуымызға мүмкіндік тудырады.

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір – біріне тәуелділігін анықтайды.

Жүйенің әр бір элементі өндіріс, шығын және табыстылық (маржаиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

«Шығын –мөлшер – пайда» талдауы – бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; басқарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез - құлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат – ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздықты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделетін, бөлудегі нақтылыққа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде құраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыныс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектелуі.

Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен («өлі») сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымын талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шиеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

Халықаралық тәжрибеде шиеленіскен сәтті анықтау үшін мына әдістер қолданылады: графикалық. математикалық (теңестіру әдісі),

маржиналдық табыс. Осыған орай, бухгалтерлік басқару есебінің жүйесінде залалсыздық нүктесін есептеу үшін тағы да үш әдіс қолданылады:


  • графикалық әдіс

  • математикалық (теңестіру әдісі),

  • маржиналдық табыс (жалпы пайда)

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті болып табылады. Әдетте, осы көлемде көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорынның қаншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізуге алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміе бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады.

Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұндай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату өклемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшаснан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Заладсыздық нүктесі бұл кәсіпорын шығының орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалық көлем деңгейі; яғни залалсыздық нұктесі өзін өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл өзін– өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасына қажет. Ол кәсіпрорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

Графикалық әдіс (1–сурет) өндіріс көлемінің көптеген нақты мүмкіндіктерінде шығын мен пайданың қалай өзгеретінін, сондай – ақ сатудың залалсыздығына және міндеттелген пайданың шамасына қол жеткізу үшін қандай мөлшер қажет болатынын анық та қанық көрсетіп береді.




Өнім бірлігіндегі өндіріс көлемі (сату)

1- сурет. Залалсыздық графигі
Залалсыздық графигін құруда мына жағдайлар шығады.

• заттай бірліктегі өндіріс көлемі (сату) графиктің көлденең осінде көрсетілген, ал құндық көріністегі шығындар мен сату сатылас осінде бейнеленген;



• тұрақты шығын желісі абсцисса осіне қосарлас (паралельді) өтеді, өйткені олардың және өндіріс көлемінің (сатудың) арасында ешқандай байланыс жоқ;

• жиынтық шығын желісі тұрақты шығын шамасына сәйкес ординат осінің нүктесінен басталады, өйткені, егер сату болмайтын болса, онда өзгермелі шығын да болмайды, тек фирманы залалға ұрындыратын тұрақты шығын ғана болады. Сатудың өсуіне қарай желі өнім бірлігінің өзгермелі шығын шамасының ординат осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады;

• сатудан түскен түсім желісі нөлдік нұктеден басталады, өйткені, егер сату болмаса, онда түсім де болмайды ғой. Сату көлемінің өсуіне қарай түсім желісі өнім бірлігінің сату бағасының ординат осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады.
Әдебиеттер тізмі:


  1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық енсептілік туралы заңы №329-II,24.06.2002ж.(толықтырулар мен өзгертулермен бірге)

  2. Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С.,Фурсов Д.А., Фурсова С.Д.Басқару есебі.Оқулық- Алматы,Экономика,2007ж

3.Ә.Д. Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А.Тасмаганбетов Басқарушы –

өндірістік есеп:оқу құралы/Алматы: Прин:2000ж 180б

4. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод с англ.) М. Аудит, ЮНИТИ,2003
ЖОК 338.512: 636.5

Ахунова Д.З.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті


ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында шығындарды басқару және бақылауда үстеме шығындардың есебінің алатын орны ерекше. Үстеме шығындар дегеніміз өндірісті басқарумен, ұйымдастырумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Оның құрамына шығын элементтерінің барлық түрлері кіреді, үстеме шығындар кешенді болып табылады.

Қаржылық есептіліктің халықаралық №2 стандартында сәйкес үстеме шығындарға келесідей анықтама берілген: «Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты кешенді шығындар, екі және одан да көп бұйымдарды шығару кезінде бұйымдарға тікелей апарылмайды, дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында, одан кейін бұйымдардың арасында жанама әдіспен таратылады» [МСФО №2].

Үстеме шығындар бөлімше, цех, өндіріс, бөлініс сияқты өндірістік бөлімдерде пайда болады. Бұл шығындардың сипаты, атқаратын қызметі тікелей өндіріске байланысты болып келеді. Шығындарды біртұтас үстеме шығындарға біріктіру, олардың бірқатар жалпы сипаттарына байланысты:

- олар негізінен кешенді сипатқа ие (шығындар құрамында барлық шығындардың экономикалық элементттері бейнеленеді);

- өндіріс өнімдердің бірнеше түрлерін өндіретін болса, онда оларды бұйымға тікелей жатқызу мүмкін емес;

- бюджеттік-сметалық әдіспен бақыланады.

Үстеме шығындарды негізінен шартты-айнымалы шығындарға жатқызуға болады, өйткені олар өндірістік құрал-жабдықтар, механизм мен көлік құралдарын қозғалысқа келтіру үшін қажетті энергия ресурстары шығындарын, жұмыс орнындағы шығындарын (майлау, материалдардың құны, жөндеумен ретке келтірушілердің және басқа да көмекші жұмысшылардың еңбегіне төленетін еңбек ақы) және жабдықтарды ағымдағы күту шығындарын біріктіреді. Осы шығындардың көлемі көбінесе (жалпы әкімшілік шығындарды қоспағанда) өндірістің көлеміне тәуелді болып келеді.

«Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі үстеме шығындардың құрамында үлкен үлес салмақты көмекші цехтар қызметтері алады. Көмекші цехтар қызметтері 2006 жылы 39,6 пайызда құраса, 2007 жылы 39,9 пайызды, 2008 жылы 39 пайызды құрап отыр. Жұмысшылардың еңбек ақылары 2008 жылы 23,9 пайыз, ол өткен 2007 жылмен салыстырғанда ешқандай өзгеріс болған жоқ, ал 2006 жылы 24,8 пайызды құраған, яғни есепті жылы 0,9 пайызға төмендеген. Үстеме шығындар құрамындағы транспорт, пайдаланылған материалдардың, негізгі құралдардың амортизациясының да 2008 жылы өскендігі көрінеді.


Кесте 1 – Үстеме шығындардың құрамы мен құрылымы


Шығын түрлері

«Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмсалған шығындар, мың теңге

Үлес салмағы, мың теңге

2006

2007

2008

2006

2007

2008

Еңбек ақы

7434

7741

7778

24,8

23,9

23,9

Еңбек ақыдан аударымдар

1559

1652

1692

5,2

5,1

5,2

Байланыс қызметтері

959

1101

976

3,2

3,4

3,0

Материалдар

3327

4081

4166

11,1

12,6

12,8

Транспорт

4257

4696

4621

14,2

14,5

14,2

Амортизация

420

421

456

1,4

1,3

1,4

Іс-сапар шығындары

150

130

163

0,5

0,4

0,5

Көмекші цехтар қызметтері

11870

12566

12692

39,6

38,8

39,0

Жиыны

29976

32388

32544

100

100

100

Үстеме шығындар мынадай екі топтан тұрады: құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары; басқарудың жалпыөндірістік шығындары.

Құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарына келесілер жатады: құрал-жабдықтарды жөндеу, күтіп ұстау үшін майлайтын, сүртетін және басқа да материалдар шығындары, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы; құрал-жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына жасалған аударымдар мен еңбек ақысы; энергия, бу, су; көмекші өндіріс қызметтері; дайын өнім; тозу сомасы; құрал-жабдықтардың жұмысымен байланысты басқа да шығындар.

Өндірісті басқару шығындарына өндірістік бөлімшелер, цехтардың әкімшілік-басқару аппараттары және өндірістік-диспетчерлік аппараттардың әлеуметтік мұқтаждықтарына жасалған аударымдар және еңбек ақысы, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру шығындары, өндірістегі жартылай фабрикаттарды сақтау және өндірістік мұқтаждықтар үшін қолданылатын мүліктер, ғимараттарды ұстау, жөндеу, амортизация және басқа да өндірістік бөлімшелерді басқару шығындары жатады.

Құс шаруашылығында үстеме шығындардың құрамына жем цехы, құрылыс цехы, электр цехы, трактор бригадасының, құрылыс бригадасының РММ, ветеринарлық лабораторияда жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек ақысы, олардың еңбек ақысынан ұсталынатын ұстаулар, негізгі құралдарды жөндеу (тракторларды және автокөліктерді жөндеу), негізгі құралдардың тозу шығындары, коммуналдық төлемдер, жал төлемі және басқадай шығындар кіреді.

Құс шаруашылықтарында үстеме шығындардың құрамын нақты ажырата білу үшін негізгі және үстеме шығындардың экономикалық мазмұнын түсіну қажет. Негізгі шығындарға құс шаруашылығы өнімдерін өндіру процесіне тікелей қатысты шығындар жатады. Үстеме шығындарға өндіріс процесін ұйымдастыруға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар кіреді. Құс өнімдерін өндірумен байланысты үстеме шығындар өндірістік, ал өндірісті басқару мен сатуға байланысты шығындар өндірістік емес үстеме шығындар деп аталады. Өндірістік емес үстеме шығындар есеп объектілерінің өзіндік құнына емес, кезең шығындары ретінде сатудың өзіндік құнына есептен шығарылады.

Құс шаруашылығында үстеме шығындар келесідей баптарда жүргізіледі:

- материалдар (ветеринарлық блок);

- жұмысшылардың еңбек ақысы;

- еңбек ақыдан аударымдар;

- негізгі құралдарды жөндеу (тракторларды және автокөліктерді жөндеу);

- негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуы;

- коммуналдық қызметтер;

- жалдық төлем;

-басқалары.

«Материалдар» бабы бойынша құс шаруашылығында қолданылған биопрепараттардың, дәрі-дәрмектердің, залалсыздандыру құралдарының құны; инкубацияға салынған («Жұмыртқа инкубациясы» талдамалық шоты бойынша) жұмыртқа құны көрсетіледі. Құсты қараумен айналысатын құс өсірушілер мен басқа да жұмыскерлерге берілетін арнайы киім мен аяқ киімнің құны талап-накладнойлар немесе лимиттік-жинақтама картасы (№117-АӨК н.), мүліктерді, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және қорғаныс құралдарын есептен шығару актісі негізінде шығындарға кіргізіледі.

«Жұмысшылардың еңбек ақысы» бабына құс шаруашылығында өндірісті басқару аппараты қызметкерлерінің және негізгі және көмекші өндірістің басқа да персоналдарының негізгі және қосымша еңбек ақылары, өндірістегі тоқтап қалулар үшін төлемдер, жұмысшыларға оқу демалыстары үшін төленген еңбек ақылары, кезекті демалыс ақылары, жүкті әйелдерге төленетін еңбек ақы шығындары жатады.

«Жұмысшылардың еңбек ақысынан аударымдар» бабы өндірісті басқару аппараты қызметкерлерінің және негізгі және көмекші өндірістің басқа да персоналдарының еңбек ақылары сомаларынан жүргізілген бөлулерден тұрады. Бұл бап бойынша бухгалтерлік есеп-анықтама мәліметтерінің негізінде халықты әлеуметтік қорғау Қорына жіберілетін міндетті аударымдар есептеледі.

«Негізгі құралдарды жөндеу» бабы бойынша басқа ұйымдармен, көмекші өндіріс цехтарымен және шаруашылық тәсілмен орындалған негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығындар көрініс табады.

«Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуы» бабы жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарына енгізілген тозудан басқа, негізгі құралдардың тозуы (ғимараттардың, құрылыстардың және мүліктердің) және өндірістік белгілеудегі материалдық емес активтердің амортизациясы сомаларын есептеуге арналған.

«Коммуналдық қызметтер» бабында құс шаруашылығында көмекші өндірістермен және басқа ұйымдармен көрсетілген коммуналдық қызметтердің (электрмен, сумен қамтамасыз ету, автокөлік, тракторлардың көліктік жұмыстары) құны бейнеленеді. Жұмыстар мен қызметтердің әр түрі бойынша олардың саны мен құны көрсетіледі. Электрмен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі орындалған қызметтер көмекші өндірістер өнімін пайдалану туралы есеп мәліметтері бойынша, ал автомобиль көлігі мен тракторлық-машина паркінің қызметтері – трактор жол парағының және жүк автокөлігінің жол парақтарының мәліметтеріне сәйкес жасалған тракторлық-машина паркін пайдалануды есепке алудың жинақ ведомосы мен жүк автокөлігінің жұмысын есепке алудың жинақ ведомосының мәліметтері бойынша көрсетіледі. Бұл бапқа құс шаруашылығына техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдармен көрсетілген жұмыстар мен қызметтердің орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің негізінде құны жатқызылады.

«Жалдық төлем» бабы өндірісте пайдаланылатын негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша жал төлемі сомаларын есептеуге арналған.

«Басқадай үстеме шығындар» бабында негізгі және көмекші өндіріс жұмысшыларын өндірістегі қайғылы жағдайлардан міндетті сақтандыру аударымдары және мүліктерді сақтандыру бойынша есептелген және аударылған сомалар, аяқталмаған өндірістің жетіспеушілігінің және материалдық құндылықтардың бұзылуы мен жетіспеушіліктерінің құны, қызметтік іс-сапармен байланысты негізгі және көмекші өндіріс жұмысшылары мен цехтық персоналдарының шығындары, сонымен қатар ақау өнімдерден жоғалтулар, жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары, өндірісті дайындау және игеру шығындары, басқа да шығындар жатады.

Үстеме шығындар баптарының қолданыстағы номенклатурасына сәйкес өндірісті дайындау функциясын, ұйымдастырушылық және тікелей басқару функциясын жүзеге асыратын шығындары бойынша топтастырылады. Әр түрлі экономикалық мазмұны бойынша шығындарды мұндай біріктіру, талдау, жоспарлау, нормалау жұмыстарының күрделі екендігін көрсетеді. Табысты есептеу және бақылау жүйесін жасау мақсаты үшін, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашуда, оларды функционалды арналымы бойынша, оның ішінде шығындардың шығындардың элементтері бойынша топтастырылғаны орынды. Үстеме шығындар есебін ұйымдастырудың қисынды тұрғысынан қарасақ, онда оны өзіндік құнға жатқызу, яғни тарату керектігі баршаға мәлім, бірақ мәселе оның тарату базасын таңдау, мөлшерін анықтау және оның дайын өніммен аяқталмаған өндіріске үлес салмағын табу жан-жақты зерттеуді талап етеді [Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қаржылық есептіліктің халықаралық №2 «Қорлар» стандарты.

2. Тасмағамбетов Т.А. Басқару есебі, жоспарлау және стратегиялық талдау. Алматы 2000 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет