ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында таяудағы 10 жыл iшiнде бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы баяндалды. Бұл стратегияда «қоғамның барлық мүшелерiнiң бастамашылығы мен iскерлiгiне» ерекше маңыз берiлген. Ал бастамашылық қасиет елiмiздегi құқық қорғау жүйесiн реформалау үшiн аса маңызды болып отыр. Экономикалық және саяси бағыттағы iс-қимылымызда ғана емес, құқық қорғау жүйесiн жетiлдiруде де өз ұстанымымызды өзгеге ұсынудың жолын, ұлттық билiк етудегi жаңалықтарымызды жаһанға оқытудың амалдарын табуға елiмiз құқық қорғау жүйесiнiң қабiлетiн көрсететiн кезең туды. Қазiргi таңда құқық қорғау жүйесi қоғамның iлгерiлеу жүйесiне кiрiгiп, басқарушы механизмнiң бiр саласы ретiнде қызмет етуде. Жаһан қазiр Қазақстанды тануға өздерi құштарлық танытып отыр. Жас адамның бiрден көз тартатыны секiлдi, бiз жаһан үшiн көз тартар ең жас, ең қуатты елдiң қатарындамыз. Жалпы, осы дәуiр қазақ тарихындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн модернизациялаудағы мүмкiндiктер дәуiрi болып тұр. Құқық қорғау институттары мемлекеттiк басқару жүйесiнiң негiзгi бiр тармағы деп бiлсек, оған бұл салада үлкен басымдық берiлетiнi анық. Ендi осы мүмкiндiктi құқық қорғау жүйесiн реформалау өркениетiнде пайдалана алмай, қолдан шығарып алсақ, өкiнiштi болар едi. Бұл орайда мәселе ұлтымыздың, халқымыздың құқық қорғау органдарына деген шынайы сенiмiн ұялату ғана емес, сонымен қатар, бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан орын алғанда, әлемге соған лайық құқық қорғау iсiндегi шығармашылық мүмкiндiгiмiздi де таныстырып, оны әлемдiк сот айналысына iлестiру болып отыр. Елбасы Жолдауында айтыл-ғандай, Қазақстан өз дамуында жаңа серпiлiс жасау үстiнде. Осындай жағдайда, яғни, жаһанданған коғамымыз бен оның ұлттық құқық қорғау жүйесi арасындағы үнқатысуы қандай зандылықтарға негiзделуi керек деген мәселенiң басы ашық. Бұл мақсаттағы құқық қорғау жүйесiнiң iс-қимыл факторлары мен тың идеялар жинақталған деректер базасы да үлкен әлеуетке ие. Мұның өзiнен жаһандану дәуiрiндегi жарыста елiмiздiң құқық қорғау жүйесi қоғамды iлгерi жетелеушi қуатты интеллектуалдық күшке ие екендiгiн көрсетедi.
Бүгiн бiз Қазақстан мемлекеттiлiгi дамуының тарихи аса маңызды кезеңiне куә болып отырмыз. Өзiнiң тәуелсiздiгiн алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқанда құқық қорғау жүйе-сi де сырт қалмасы анық. Елiмiздегi Конституциялық реформалардың жүзеге асырылғандығы Қазақстан демократиясының және қазақстандықтардың жолы алға басқандығының белгiсi. Тәуелсiздiк алған аз ғана уақыттың iшiнде елiмiзде 1993 және 1995 жылдары екi бiрдей Конституция қабылданды. Елiмiз Президенттiк басқару жүйесiне өттi. Билiктiң барлық тармақтары Конституцияға сай қызмет атқаруда.
Конституциялық реформалар барысында құқық қорғау саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Бұл маңызды салаға алқа билер институтының енгiзiлуi сот реформасындағы ең iрi қадам болған едi. Қылмыстық сот өндiрiсiне алқа билердiң қатыстырылуы заңмен бекiтiлдi. Бұл қадам қарапайым халықтың сот билiгiне деген сенiмiн нығайта түсуiмен ерекшелендi. Халық өз құқығын тек заң арқылы қорғай алатынына көзi жетiп, сотқа бұрынғыдан да көбiрек жүгiне бастады.
Елiмiзде азаматтардың сотқа сенiммен қарауын, соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшiн соттарды мамандандыру, сот практикасына озық үлгiдегi ақпараттық технологияларды енгiзу бағытында тұрақты жұмыстар жүргiзiлдi. Мұның өзi Елбасымыздың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес iске асуы, халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту, ел бiрлiгiн сақтау саясатымен үндеседi. Бұл жолда сот жүйесiне маңызды мiндеттер жүктелдi.
Қазiр Қазақстанда дербес сот билiгi құрылды деп айтуға толық негiз бар. Судьялардың қоғам қажеттiлiгiне сай сот төрелiгiн жүргiзу жауапкершiлiгi, кәсiби деңгейi мен қызмет этикасы нормаларын сақтауы бағытында iс-шаралар атқарылып келедi. Әйтсе де сот реформасының ең негiзгi қағидаттары ретiнде сот жүйесi тиiмдi қызмет жасайтын және судьялардың нақты тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық жалпыға бiрдей танылған тәжiрибелердiң алынуы сұралып тұр. Бұл қағидаттар Конституцияда айқындалған. Iс жүзiнде осы қағидаттарға сүйенгенмен оның атқарылуында әлсiздiк танытылып келдi. Ал сот қызметiнiң сапа белгiсi статистикалық мәлiметтерге байланысты анықталады. Әдетте статистика ақпараттық танымға бой алдыратыны да бар. Сот – орган емес, ол — мемлекеттiк билiк. Сот шешiмдерiнiң әдiлдiгiне қарап, қоғам оған баға бередi. Соттарға көрсетiлген құрмет, бiрiншi кезекте мемлекетке көрсетiлген құрмет. Ал оларға құрмет көрсетiлуi үшiн, соттардың тәуелсiздiгi алдыңғы кезекте тұруы тиiс. Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлiмбеков мемлекет тарапынан соттарға үнемi назар аударылып отырғандығын, соның iшiнде атқару өндiрiсi органдарының ұйымдық-құқықтық формасын өзгерту мен атқару өндiрiсiн жетiлдiруге байланысты түрлi iс-шаралар өткiзiлiп жатқандығын үнемi айтып келедi. Елiмiз судьяларының материалдық жағдайын жақсарту жөнiнде Жоғарғы Сот Кеңесiнде мәселе қаралуының өзi көптеген факторлардың шешiмiн табуына жол ашты. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары саяси жүйе мен праволық механизм, халықты тұтастыру туралы мәселе көтере алмады. Бұл билiк буындарында белгiлi бiр вакуумға әкелiп соқтырды. Ол саясат: «Егер заң шығарушы және атқарушы билiк бiрiгiп кетсе, онда бостандық болмайды. Сол сияқты сот билiгi атқарушы және заң шығарушы тармақтан ажыратылмаса бостандық болуы мүмкiн емес» деген мемлекетшiл Шарль Монтескьенiң философиясын қоғам өмiрiне батыл енгiзуге алып келдi. Өткеннен бiр мысал. Ресейде XIX ғасырдың екiншi жартысында Александр II-нiң тұсында сот реформасы, земство реформасы, әскери реформасы, қала реформасы, басыбайлықтан босату реформалары жүргiзiлдi. Солардың iшiнде ең маңыздысы сот реформасы болды. Ең алғашқы мемлекет ретiнде сот реформасында присяжный заседательдер соты енгiзiлдi, еркiн адвокатура, ашық сот жарияланды. Сол заманда патша ағзамның өзi де сот iсiне араласа алмады. Қазақ ұлтшылдары, Алаш қайраткерлерi присяжныйлар сотының Қазақстанға керектiгiн дәлелдедi. Қазақ тарихында, жалпы қазақ дәстүрiнде сот билiгiнiң пригативасы биiк болды. Тiптi бiр кездерi қазақ хандарын билер тағайындайтын. Абылай ханды да таққа отырғызған билер едi. Демек, реформа тез жүрсiн десек, оған жеке тұлғалардың емес, заңдар мен жүйелердi жетiлдiруiмiз қажет болды. Ең алдымен, сот жүйесiнiң механизмi ақиқатқа тiкелей жеткiзуге тиiс еді.
Заңға ғана бағынатын қоғам алға жылжиды. Бұл жерде: «Екi жақты тыңдап алмай, үкiм шығарма» деген Солон принципi ескерiлген. Сот жүйесiнде адам баласының ой-санасынан өткен төрелiк ету мәселесiн өзгерту өте қиын. Әйтсе де iс-тәжiрибе ретiнде АҚШ-тың, Францияның, Англияның, Ресейдiң Алқа билерiнiң сот iсiне қатысуы зерделенiп, өндiрiске алынғаны дұрыс шешiм болды. Демократиялық қауымдастықта кең ауқымды сот жүйесiн одан әрi дамыту елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаттарының бiрi болып саналады. Бүгiнгi саясаттың ертеңгi күндi болжап отыру арқылы ғана өмiр сүре алатындығы сияқты, болашақтың жаһандық құқықтық моделiн аңдып отыру арқылы ғана бiз онымен бәсекеге түсе аламыз. Демек, ең алдымен жаһандық айналымға iлеспекшi жаңа тұрпатты құқықтық реформамыздың алысты көздейтiн стратегиялық бағыт-бағдарын әрбiр азамат бiрден сезiнетiндей, олардың iс-әрекеттерiне қарап, өзгерiстер дәуiрi ортасындағы өз мәселесiн шешудiң жолын таба алатындай тәрбие қажет. Бұл үшiн соттың жұмысын ұйымдастыру мен судьялардың iс жүргiзу барысындағы кейбiр мәселелердi түбегейлi шешу керек. Бұл екi бағыт сот жүйесi қызметiнiң ең басты лейтмотивi болып саналады. Бiз сот жүйесiн халықаралық құқықтық стандарттарға қарай қадам басуда ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда болдық. Оны сот жүйелерiнiң жұмысынан және сот мәселесiне қатысты шетелдерде өтiп жатқан ғылыми конференциялардан байқап жүрмiз. Қазақстанның сот жүйесi ТМД елдерi iшiнде бiрiншi болып әлемдiк қауымдастықтың сот жүйесiне дипломатиялық контексте iз салып, көшбасшылық мәнге ие болды. Оны Қазақстанның сот жүйесiне берiлген баға мен елiмiзге келiп жатқан шетелдердiң сот билiгi өкiлдерiнiң тәжiрибе алмасудағы iс-қимылынан көруге болады.
Елiмiзде мамандандырылған соттардың құрылуы айтарлықтай iлгерiлеушiлiк болып табылады. Алматы қаласында Ұлыбритания үлгiсiндегi қаржылық соттың құрылуы аймақ елдерi iшiнде жаңа бастама болды.
Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететiн, демократиялық принциптердiң бұрмалануына жол бермейтiн тұрақты әрекет ететiн саяси және құқықтық механизмдер қажеттiгiн өмiрдiң өзi ұсынуда. Бұл үдерiс адам мен мемлекеттiң бiр-бiрiмен қарым-қатынасындағы өзара мiндеттерден туындап отыр. Сондықтан құрылып отырған бұл институт қоғамдық өмiрдiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, мемлекеттiң абыройын, мақсат-мұратын қорғайтын маңызды құрал болмақ. Адамның еркiндiгi мен бостандығы билiк берген «сый» емес, ол оған Жаратқанның болмысымен берiлген сый. Демек, ол (адам) қоғамның мүшесi ретiнде тумысынан қорғалуы тиiс. Осыған байланысты сот реформасын жетiлдiрудегi ерекше айқындалған мәселе жас жеткiншектермен жеке айналысатын ювеналдық сот жүйесi болып отыр. Бұл болашақ ұрпақ үшiн аса маңызды болмақ. Жазалауға қарағанда кешiру — ерлiк. Дәрменсiз жан кешiре алмайды. Кешiру – күштiнiң қасиетi. Елiмiздiң сот жүйесi осы бағытты дамытып, өзге елдердi үнқатысуға шақыруда. Жалпы, мұндай iзгiлiктi шаралар құқық қорғау органдарының барлық саласында жүргiзiлу сұралуда.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығы ескерiле отырып, өлiм жазасы сот өндiрiсiнен алынып тасталды. Бұрын өлiм жазасына мораторий жарияласақ, ендi ол шектелдi. Мұның өзi бiздiң қоғамның құқықтық мемлекет құрудағы тағы бiр үлкен қадамы болмақ. Атақты Низами: «Осы жеңiс жолында тек екi адам ғана тұр, олар: судья және емшi» деген екен. Өмiрдiң бар құбылысын, кездейсоқ жағдайлар мен адамдардың басына түсетiн қайғы немесе ауыртпалықты түсiну керек және сол мәселенiң не сол адамның тағдырының шешiлуi кiмнiң қолында — соны бiлу керек. Осы түйiндi шешу қажет. Ондай шешiмдi қабылдау тек судьяға ғана бұйырған. Демек, мұнда қоғамның ең басты құндылығы болып саналатын адам тағдыры тұр. Ал құқықтары мен бостандықтары туралы Еуропа пактiлерiнде тұтқындау мәселесiн тек қана сот шешедi. Биылғы жылғы Конституциялық өзгерiстердiң сот жүйесiне қатысты жағы адам құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бұрын Ата Заңымызда адамды тұтқындау мәселесiн сот немесе прокурор шешедi деп көрсетiлсе, соңғы енгiзiлген өзгерiстерге байланысты тергеу жүргiзу сатысында тұтқындауды сот шешетiн болды. Қоғамдық қатынастардың өзгерiске түсуiмен бiрге сот құрылымында мамандандырылған экономикалық, әкiмшiлiк соттар пайда болды. Заманауи өзгерiстермен бiрге дамып келе жатқан бұл өзгерiстер соңғы он жылдың iшiндегi үлкен жетiстiгiмiзге саяды. Халықаралық келiсiмдерсiз ешқандай мемлекеттiң басқа бiр елдiң iшкi iсiне араласуға құқы жоқ. Бұл күрделi процестердi қажет етедi. Ол үшiн халықаралық сот құжаттарын бекiтуге мүмкiндiк беретiн құқықтық тетiктерiмiздi жасап алуымыз қажет болды. Адам құқықтарын қорғаудағы ең негiзгi күш ретiнде «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясы және Қазақстан 2005 жылы бекiткен Азаматтық және саяси құқықтар жөнiндегi, сондай-ақ Экономикалық және мәдени-әлеуметтiк құқықтар жөнiндегi халықаралық пактiлер саналады. Ал Еуропадағы аймақтық денгейдегi ең маңызды құжат — адам құқықтары мен бостандығы туралы Еуропалық конвенция болып табылады. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер өздерiнiң соттарына халықаралық және ұлттық бақылаушылардың еркiн қатысуына мiндеттеме қабылдаған. Осыған байланысты Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы және демократиялық институттар жөнiндегi бюросы Қазақстанда сот талқылауы бойынша мониторинг жобасын жүзеге асырды. Бақылаушылардың жүргiзген мониторинг нәтижесi сот талқылауындағы әдiлдiктi халықаралық құқық нормасының принциптерiмен сәйкес келетiнiн көрсеттi. Елiмiз бiрнеше халықаралық актiлерге қатысушы болып табылады. Олардың нормалары кеңiнен қолдау табуда.
Қазақстанның күрделi геосаяси аймақта географиялық тұрғыда орналасуы халықаралық наркоқұрылымдар тарапынан есiрткi заттарын Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы Еуропа мен ТМД елдерiне жеткiзу үшiн тасымалдау дәлiзiне айналып отырғандығы белгiлi. Осыған байланысты Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердiң Жоғарғы сот төрағаларының кеңесi өттi. Форумда жалпы танылған халықаралық құқық нормасы мен халықаралық шарттар және соттардың экстремистiк iстердi қарау және есiрткi заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық iстер жөнiндегi сот тәжiрибесiнiң мәселелерi қаралды. Лаңкестiкке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы және басқа да ратификацияланған халықаралық құжаттарға сәйкес ШЫҰ ережелерi мен Шанхай конвенциясы шегiнде ғана жүзеге асыруға уағдаластыққа қол жеткiзiлдi. Қазақстан сот жүйесiн реформалауда көптеген бағыт бойынша iлгерi келе жатқанын Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Адам құқығы демократиялық институты бюросының директоры Кристиан Штрохал да мойындады.
Сот — консервативтi орган. Оны мезгiл ауысымына қарай, әлемiш етiп әспеттеуге болмайды. Алайда оны жетiлдiрiп отыру қажет. Бiлiктiлiк алқасының Жоғарғы сот кеңесiне берiлуi осы саладағы бiлiм көтеру iсiн дұрыс жолға салады. Соттардың мемлекеттiк тәртiптiлiктi сақтаудағы судья этикасы мен өзге де келеңсiз құбылыстардың орын алмауына қарсы бағытталған проблемалардың кеңiнен талқылануына бiлiктiлiк алқасы барометр болады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттi басқару академиясының Сот төрелiгi институты сот жүйесiне кәсiби мемлекеттiк қызметшiлер дайындайтын ТМД мемлекеттерi арасындағы бiрден-бiр оқу орны. Жалпы, бiз құқықтық реформа саласын комплекстi түрде жүргiзiп, оны аймақтағы өзге елдерге үйретiп келе жатқан локомотив ретiнде танылған мемлекетпiз. Әлем сарапшылары елiмiзде жүргiзiлген жұмыстарға әдiл бағасын бердi. Бұл бiздiң өткен жылдары қол жеткiзген табыстарымыз. Уақыт өте келе қолданыстағы заңнамаларға өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туындады. Әрбiр құқық қорғау органдарының қызметi басқа ұйымның жұмысымен араласпай, оның қайталанбайтын бағыты анықталуы тиiс болды. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты да – осы. Оның өзегi ретiнде құқық қорғау жүйесiн iзгiлендiру көзделiп отыр.
Құқықтық мемлекет идеясы ежелгi дүниеде туындаған. Ежелгi грек философтарының еңбектерiнде азаматтарды қоғам мүшесi деп есептеу негiзделген, сондықтан да олардың сол қоғам тудырған заңдарды орындау мiндеттi болып саналған. Алайда қоғам iшiнде адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерi болған. Адамның қоғамға бағынуы олардың тұлғасын басып-жаншуға дейiн жетпеуi керек. Ал мемлекет қол астындағыларды заңмен басқаруды басшылыққа алған азаматтық өмiрдiң мiндеттi нормаларын орнатады.
Құқық қорғау органдарына нақты мiндеттердiң жүктелiмдерi бiр тектi болып келгендiгiнен олардың арасында бiр-бiрiнiң бастамасын сан-саққа жүгiртушiлер көп. Сондықтан олардың қызметтерiн ажыратып, реформаны нақты жүргiзу сұралуда. Осыған орай «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Президент Жарлығының ережелерiн жүзеге асырудың ұйымдастырушылық құрылымын жеделдету қажеттiгi туындап отыр. Жүргiзiлгелi отырған реформа қоғамдағы өзгерiстерге сәйкес жүргiзудi талап етуде. Реформа бойынша медициналық айықтырғыш қызметiн Iшкi iстер министрлiгiнен алып, Денсаулық сақтау министрлiгiне берiлуi, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарын Бiлiм және ғылым министрлiгiне беру мәселесi қоғамды сауықтыруға арналған жақсы бастама. Құқықтық мемлекет деп адамзат қоғамының гуманизм, әдiлдiк, теңдiк, демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық бiлдiру сияқты құндылықтары биiк тұратын мемлекеттi айтады. Қайырымдылық және аяушылық бiлдiру сияқты таза адамгершiлiк категориясынсыз қоғамның өркениеттi деп танылуы мүмкiн емес. Сондықтан құқықтық мемлекет қоғам өмiрiнiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, бiрден-бiр жоғары әлеуметтiк құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететiн және қорғайтын маңызды құрал болмақ. Осыған байланысты сот реформасын жүзеге асырудың және конституциялық заңдылықты және елде құқықтық тәртiптiң күштi қорғаушысы болатын сот жүйесiн қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр. Осыған орай Елбасы құқық қорғау саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Заңға қол қойды.
Осы уақытқа дейiнгi құқық қорғау органдарының құрылымы, функциялары мен құзыреттi бүгiнгi қоғамның нарықтық қатынастарына сай келмейтiнi көрiнiс бердi. Бағалаудың бүгiнгi критерийлерi мәселелердi шешуге қабiлетсiздiк танытты. Президент Әкiмшiлiгiне түсiп жатқан наразылық бiлдiрген хаттардың басым күшi құқық қорғау органдары мен соттардың қызметiне қатысты болған. Түрме адамды ешуақытта тәрбиелеген емес. Бұл жердегi тәрбие екi жақты бiтiмгершiлiкке шақыруда жатыр. Батыс елдерiндегi заңдылық бойынша тоналған мал-мүлiктi қайтарып беру, тараптарды түсiнiстiкке шақыруға басымдық берiлуде. Қоғамға аса қауiп төндiрмейтiн қылмыстарды бейқылмыс-тандыруға бағытталған бастамалар да iзгiлiктiң үлкен бастауы болмақ. Құқық қорғау саласын реформалау дегенде, ең бастысы азаматтарға қатысты қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру ғана емес, қылмыстық жауапкершiлiктi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке өткiзудi де көздейдi. Түрмедегiлердiң санын азайту мақсатында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы түрлерiн, сондай-ақ медиация институтын дамыту арқылы бiтiмге келу процедураларын қолдану аясын заң жүзiнде жүзеге асыру iсi де қоғам өмiрiн сауықтыруға септiгiн тигiзетiн шара.
Қарап отырсақ, бүгiнгi адам шаршаңқы. Неге?! Себеп, жеке басыңды куәландыру үшiн бiр ғана құжатың аздық етедi. Ол үшiн мың-сан құжат жинауың қажет. Сондықтан бұл iстi де тиiмдi жолға қою қажеттiгi сұралып тұр. Демек, сотқа дейiнгi iс жүргiзудi одан әрi оңайлатуға, оның жеделдiгiн, оның iшiнде тергеумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға қатысты ынталандыру нормаларын енгiзу арқылы, арттыруға, қылмыстық сот iсiн жүргiзуде бiтiмгершiлiк рәсiмдердi кеңейтуге, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi функцияларды жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағына беруге, тергеу кезiндегi ұзаққа созбалауды қысқартуға, азаматтардың өмiрiн жеңiлдету мақсатында қылмыстық iстер бойынша өндiрiстi оңтайландыруға қатысты шараларды қолға алу осы жолдағы көп кедергiлердi жоймақ. Жалпы, қылмыстық процестер шеңберiнде «кiнәсiн мойындағаны туралы келiсiм» институтын енгiзу адамды тәрбиелеуде игi ықпалын тигiзетiнi анық.
Әйтсе де мына бiр келелi мәселенi ұмытпағанымыз абзал. Қазақстан өз егемендiгiн жариялағалы берi елiмiзде билер сотын құру туралы айтылып келедi. Бiрақ осы уақытқа дейiн ол өз шешiмiн тапқан жоқ. Соттың iзгi мақсатта жұмыс iстейтiн бұл үлгiсi қазiр әлемнiң көптеген елдерiнде бар. Көршiмiз Ресейде «бейбiтшiлiк соты» дейтiн институт жұмыс iстеуде. Ол татуластырушылықты көздейдi. Бұл – бiздiң ұлттық тәрбиемiзде бар дәстүр. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызда бар болмысымызды өз өмiрiмiзде қолданысқа айналдырсақ ұтылмасымыз анық.
Әдебиеттер тізімі:
-
Н.Назарбаев «Қазақстан Жолы» кітабы.
-
«Егемен Қазақстан» газеті.
-
ҚР Конституциясы.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Барпибаев Т.Е.
ПРОБЛЕМЫ РЕАЛИЗАЦИИ КОНСТИТУЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Определение конституционализации через процесс реализации конституции является одним из важнейших аспектов конституционного права. Однако это направление имеет глубочайшие проблемные корни. У конституции, как справедливо считают многие ученые и практики, нет собственного механизма реализации. Механизм реализации конституции представлен, в сущности, всей правовой системой, всеми ее элементами и взаимосвязями между ними прямо или косвенно причастными к осуществлению конституционных норм и принципов. Таким образом, конституцию можно назвать исходным правовым материалом, жизнеспособность которого поддерживается и осуществляется:
- всей структурой общественно – правовых и государственно - правовых институтов;
- конституционно - правовой теорией;
- правоприменительной практикой;
- общественным правосознанием.
Хотя есть и другое мнение, которое исходи из общей теории права. В частности Л. С.Явич считал, «что соблюдение и исполнение, использование и применение Конституции - это способы (средства) ее реализации». При этом особо выделял их отличие от форм реализации, подчеркивая: «...что же касается форм ее (конституции) реализации, то они могут быть и связаны и не связаны с конкретными правоотношениями»[1,с.140].
Следует уточнить, что процесс реализации - это переход какого-либо определенного явления в иное качественное состояние, а также использование свойств этого явления. Одни авторы под реализацией права понимают соблюдение его норм как государством и обществом в целом, так и государственными органами и должностными лицами, гражданами и их объединениями[2,с.38].
Некоторые ученые дают иное определение. Так, например, А. Б. Венгеров полагает, что реализацию права можно определить как такое социальное поведение субъектов права, в котором воплощаются предписания правовых норм, как форму практической деятельности по осуществлению прав, выполнению обязанностей[3,с.431]. Однако безоговорочно то, что в демократическом обществе естественным является соблюдение норм права, а «без реализации право утрачивает свой социальный смысл»[4,с.222]. Лишь в результате воплощения принципов и норм права в жизнь общество может продвигаться к построению той правовой модели, которая заложена в Основном законе государства. Заслуживает внимание также точка зрения, согласно которой при реализации конституционных норм нельзя не учитывать, что реализация правовых установлений, которые «определяют весь уклад государственно-правовой и общественно-политической жизни общества, не может быть сведена лишь к правомерному (законопослушному) поведению, а требует более высокой его формы - социально-правовой активности»[5,с.98-99].
Демократическое государство, основанное на стабильно развивающейся и эффективно работающей конституции, предполагает многоуровневый характер реализации конституционных норм. Т.М.Пряхина считает, что на первом уровне реализация происходит в рамках конституционных отношений, затрагивающих такие глобальные проблемы, как организация власти, взаимоотношения гражданина и государства, определение государственного устройства. На этом уровне органы государства либо непосредственно применяют нормы Конституции, либо на основе конституционных норм принимаются федеральные законы. Второй уровень реализации затрагивает практически все правоотношения. На втором уровне конституционные нормы, как правило, действуют совместно с отраслевым законодательством[6,с.65].
Специфика реализации конституционных норм, по мнению большинства правоведов, содержится в их особенностях как норм права, устанавливающих фундаментальные положения Основного закона государства и общества. По мнению В. О. Лучина, «все конституционные нормы едины с точки зрения их основного назначения. Это единство обусловлено их ролью и местом в механизме правового регулирования»[7,с.73].
«Стадия реализации прав и обязанностей участников конституционно-правовых отношений, пишет Л.А.Морозова, - завершающая в механизме конституционного регулирования и в известной мере решающая, поскольку позволяет установить, достигнуты ли цели, поставленные законодателем в процессе принятия конституционного законодательства, насколько эффективно его политико-правовое воздействие на развитие общественных отношений»[5,с.99]. По мнению указанного автора, «реализация конституционных норм имеет много общего с аналогичным процессом отраслевых норм, но ей присущи и свои специфические черты, определенная сложность, что обусловлено особым положением конституционного законодательства в: правовой системе, своеобразием содержания и формы его предписаний, комплексным характером конституционного воздействия на общественные отношения»[,с.100].
Исходя из такой точки зрения, ряд авторов выдвигает идею о развитии отдельного направления в теории права, а именно – теории реализации конституционных норм. К этой группе можно отнести Т.Д. Зражевскую и К.К. Айтхожина.
Т.Д. Зражевская, в частности подчеркивает, что в юридической науке недостает работ, посвященных системному анализу реализации конституционного законодательства как единой комплексной системы и оценке его эффективности. Автор предлагает разработать научный подход к определению реализации и, соответственно эффективности конституционного законодательства, что по ее мнению позволит постоянно совершенствовать конституционное законодательство»[8, с.7]. В этой связи Т.Д. Зражевская, понятие «реализация конституционного законодательства» предлагает определить как одно из направлений его действия на общественные отношения, опосредованное собственным юридическим механизмом»[8, с.95].
Отталкиваясь от данной идеи К.К. Айтхожин предлагает разработать концепцию реализации Основного закона, охватывающей весь комплекс вопросов претворения в жизнь его принципов, идей и норм[9,с.269]. Ссылаясь на суждение И.А. Кравец, автор обосновывает, что составной частью концепции реализации Конституции должна стать конституционная герменевтика как искусство и теория истолкования ее текста, определяемая как один из важнейших факторов конституционализации правового порядка [10, с.264-273].
По нашему мнению, - это отдельный подинститут осуществления права, который уводит нас в несколько иному направлению, реализуемого уже к функциональной практике Конституционного совета и Верховного Суда. Это же в свою очередь, отдаляет нас от абсолютизации и воплощения принципа прямого действия Конституции.
К.К. Айтхожин также отмечает, что основу предлагаемой концепции должны составлять вопросы изучения способов воздействия Основного закона на формирование системы действующего права страны.
Не является ли рассматриваемое предложение, по сути, предложением о создании концепции конституционализации? А ведь это нечто иное, чем реализация в чистом виде, пусть даже речь идет лишь о конституционно-правовых нормах. По нашему мнению данное предложение несколько опережает эволюционное развитие конституционализма в Республике Казахстан, в частности и права в целом. Прежде всего, следует разработать теорию реализации права вообще, как базовую теорию, внедрить ее в практику правоприменения, а уж потом подразделять ее на отдельные разделы: реализация конституционных норм, реализация норм материального права, процессуального права и т.д. Если исходить из той общепринятой позиции, что у конституции нет собственного механизма реализации и он представлен действием всей правовой системы, в любом случае, причастной к осуществлению конституционных норм и принципов, данное предложение имеет единственно верный смысл.
Однако мнения авторов в данном вопросе расходятся. Некоторые авторы механизме реализации конституции предлагают понимать в широком и узком смысле. По мнению Э.Я. Стумбиной А.В. Кузнецова и В.В. Эглитиса в широком смысле механизм реализации конституции представляет собой механизм реализации конституции как политико-правовой основы общества. В узком - механизм реализации конституции как правовой основы, представленной системой правовых норм[10,с.10]. В данном исследовании конституционно-правовой реализации придается политический характер и это составляет основу ее отличия от реализации иных правовых норм.
М. К. Маликов выделяя проблему реализации конституционных норм заостряет внимание на том, что само понятие «реализация» должно использоваться во всех отраслях юридических наук без учета ее особенностей и конституционных положений. Второе говорит о том, что при трактовке реализации права не должны учитываться механизмы социального компонента. Третье подтверждает, что реализация права должна быть определена в рамках механизма правового регулирования, а не правоотношений[11,с.117-121].
В своей работе «Конституционные нормы» Ю. А. Тихомиров писал, что «конституционная норма - это тоже вид правовой нормы, поэтому она обладает всеми признаками правовой нормы вообще. Вместе с тем ей присущи особенности. Это, прежде всего то ведущее место, которое занимает конституционная норма, как и конституция в целом, среди правовых норм»[12,с.129].
На наш взгляд специальными формами реализации конституционных норм могут являться соблюдение и применение Конституции и они полностью тождественны требованиям к реализации норм права вообще.
На особенность реализации конституционных норм особое влияние оказывает волеизъявление субъектов, наделенных ею же конституционно- властными полномочиями правореализационного характера. Такое же влияние претерпевает и законодательство. Это и есть тот субъективный фактор, который не позволит, на наш взгляд, объективизировать, структурировать и оптимизировать режим конституционализации в рамках правовой концепции. Так, например, в соответствии со ст. 66 Конституции РК Правительство Республики Казахстан: разрабатывает основные направления социально-экономической политики государства, его обороноспособности, безопасности, обеспечения общественного порядка и организует их осуществление; организует управление государственной собственностью; вырабатывает меры по проведению внешней политики Республики; руководит деятельностью министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов; отменяет или приостанавливает полностью или в части действие актов министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов Республики и т.д.
Правительство Республики Казахстан по вопросам своей компетенции издает постановления, имеющие обязательную силу на всей территории Республики в соответствии со ст. 69 Конституции РК.
Президент РК в соответствии со ст. 44 Конституции РК: принимает решение о проведении республиканского референдума; ведет переговоры и подписывает международные договоры Республики; подписывает ратификационные грамоты; принимает верительные и отзывные грамоты аккредитованных при нем дипломатических и иных представителей иностранных государств; решает вопросы гражданства Республики, предоставления политического убежища; осуществляет помилование граждан; назначает и отзывает глав дипломатических представительств Республики и т.д.
В указанных случаях реализации конституционно-властных полномочий лица, определенные в Конституции осуществляют свою деятельность в соответствии уже с нормами действующего законодательства, подзаконных актов. В большинстве случаев проекты этих нормативных правовых актов ими же и разрабатываются, а в некоторых – принимаются. В Конституции, как правило, содержаться нормы об обязательности исполнения требования о непротиворечии решений и действий государственных властных органов нормам Конституции. Так, например, в соответствии с п.3 ст. 69 Конституции РК «Постановления Правительства и распоряжения Премьер-Министра не должны противоречить Конституции, законодательным актам, указам и распоряжениям Президента Республики».
Конституция, тем не менее, является базовым источником, определяющим основные направления развития государства и общества. Свою дальнейшую конкретизацию нормы-принципы, нормы-установления и пр. находят в действующем законодательстве Республики Казахстан, и чем ниже значение правового акта по иерархии, тем больше нормотворческого субъективизма, который не только не соответствует Конституции, но и в корне противоречит ей, ее идеалам и принципам. Поэтому недопустимым, по нашему мнению, является отнесение к какой-либо форме реализации конституционных норм фактов нарушения требований Конституции. Это конституционные деликты. В случаях принятия актов либо совершения действий, противоречащих изложенным требованиям, данные конституционные деликты в большей мере могут быть отнесены к правонарушениям. А вот активное выполнение предписаний этих норм является их реализацией [14].
Достарыңызбен бөлісу: |