Сценарий Фанфары. Жүргізушілердің ортаға шығуы. Қатысушылар: мұғалімдер мен оқушылар



Дата27.06.2016
өлшемі47.23 Kb.
#162650
1 мамыр

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне және «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған сценарий

Фанфары. Жүргізушілердің ортаға шығуы.

Қатысушылар: мұғалімдер мен оқушылар
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін


2 жүргізуші: Мектеп, тік тұр! Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы еңгізілуге дайын.

/музыка әуенімен, ту шығарылады/.

Гимн РК

1 жүргізуші: Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


2 жүргізуші: Адамзаттың арманын ұғып бірден,

Сенім құйып, үнінен үміт күлген,

Сан халықты бір тудың аясына

Бір әнмен біріктірген.


1 жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын берген демекші, бүгінгі күні әр сыныптар өз сыныптарында, «Ұлт аралық келісім, Ел тыныштығының кепілі мен дамуының қайнар көзі» атты тақырыпта салтанатты жиыннан кейін тәрбие сағаттарын өткізеді.
2-жүрг.
Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең  жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

1-жүрг.
Ендеше, бейбітшілік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жасұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рықсат етіңіздер.

2-жүрг.
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
1жүр .Қоғамдық  өмірде, тұрмыста, қазақ  ұлттық  болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың  өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2жүр.Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
1жүр .Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
2жүр .Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
1жүр .Қазақ  тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу  сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
2жүр. .Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының адал азаматтары.
1жүр. .Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
2жүр. Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
1жүр. Жасұлан ұйымының мүшесі  - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
2жүр. Жасұлан ұйымының мүшесі  - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

1-жүрг.
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

2 жүргізуші: Бүгінгі таңда , Халықаралық,Республикалық, облыстық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Жас дарын» оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады олар:
Төлеубаева Фарида(облыстық пән олимпиадасының қазақ тілі пәнінен жүлделі І орын иегері, «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің олимпиадасынан ІІІ орын иегері, Республикалық пән олимпиадасының ІІ орын иегері.)

Сабит Адия(2009-2010 оқу жылында өткен Халықаралық «Кенгуру» сайысы, ІІІ орын жүлдегері; 2009-2010 оқу жылы өткізілген «Қазақстан 51- Халықаралық олимпиаданы қарсы алуда» онкүндігі аясында өткізілген «Ботақан» интеллектуалдық сайысының І дәрежелі диплом иегері;2010-2011 оқу жылында өткен VI Республикалық жас зерттеушілер жұмыстары мен ғылыми жобаларының «Зерде» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде III дәрежелі диплом иегері;2010-2011 оқу жылында «Алтын ұрпақ» математика-логика олимпиадасында, І орын иегері; 2010-2011 оқу жылында қазақ тілінен дистанциондық олимпиада, ІІ орын;)

Сарсекеева Айжан (2010-2011 оқу жылы облыстық «Зерде» ғылыми жоба сайысында жүлделі ІІ орын, «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық сайысында ІІІ орын, «Кенгуру-лингвист» ІІ орын, мектепшілік «М.Мақатаев оқуларында» жүлделі ІІ орын иегері, 2010-2011 оқу жылы «Зерде» облыстық ғылыми жоба сайысында жүлделі ІІІ орын, «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық сайысында ІІІ орын жеңімпазы.

Қожабердиева Айгерім (облыстық юниорлық олимпиада биология пәнінен ІІІ орын иегері)

Тұрсын Махмұд

(-2009ж. «Зерде» Ү республикалық байқауының қалалық кезеңінде І орын; облыстық «Зерде» жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық байқауының «Ең жас зерттеуші» номинациясы;

--2010ж. Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрда Есентай Ерботиннің мерейтойына арналған кеште жүргізуші ретінде қатысушы;

-2010ж Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Балдаурен» РОСО лагерінде өткізілген жан-жақты шығармашыл сайытардыңІ орын жүлдегері;

-2010ж.ҮІ облыстық «Зерде» жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық байқауының ІІІ орын жүлдегері;

-2011 ж. Махамбет оқуларындағы сертификат иегері;)


1 жүргізуші : «Жас Ұлан» –жігерлі де жайдарлы ұйым!
Тәуелсіздіктің төл мерекесіне  есігін ашқан ұйым! – олай болса, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбдіжүсіпова Батима Халыққызын ортаға шақырамыз! Төс белгілер мен галстуктарды тағуға мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Бекжанов Алібек пен жас ұлан мүшелері көмектеседі.
Жанаңадан қабылданған оқушылар «Жасұлан» антын айтады.
2 жүргізуші:Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері!  «Жас ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді  еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!
1-жүргізуші: Мектеп, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы шығарылсын.

/музыка әуенімен, ту шығарылады/.

2 жүргізуші: Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, дей отыра салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет