Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/6
Дата03.12.2022
өлшемі260 Kb.
#466330
  1   2   3   4   5   6
гылыми жоба


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырыбы: Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері – патриотизмге тәрбиелеудің құралы
Авторы: Сағатова Мадина
«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
8 «В» сынып оқушысы
Жетекшілері: Советқанова Мәдина Сайлауқанқызы
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Семей қаласы


2022
МAЗМҰНЫ

І КІPІCПЕ.................................................................................................................5


1.1. Б. Момышұлының өміршең нақыл сөздері..................................................6
1.2 Б.Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім – тәрбие......................12
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ...................................................................................................6
2.1 Батырдың нақыл сөздері–қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы
2.2 Aқын пoэмaлapындaғы ұлттық pyх және тәyелcіздік мұpaты...................21
ІІІ ҚOPЫТЫНДЫ.................................................................................................25
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТІЗІМІ....................................................27




Аннотация
«Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері – патриотизмге тәрбиелеудің құралы» тақырыбындағы ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор. Осы жұмысты жазу барысында алдыма мынадай зерттеу кезеңдерін жоспарладым. Бірінші, Б. Момышұлы шығармаларынан нақыл сөздерін жинақтау. Екінші, Б. Момышұлының өз жанынан шыққан мақалдар мен қанатты сөздерін топтарға бөлу. Үшінші, нақыл сөздеріне арналған кітапша дайындау.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздердің ерекшеліктерін әр қырынан тексеріп‚ оның шығармашылығының көркемдік көріністерін‚ тәрбиелік мәні мен эстетикалық мән-мағынасын‚ Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы тарихи таным мен заман сабақтастығын‚ сонымен қатар Б.Момышұлының даралығын және т.б. қасиеттерін саралау‚ оны ғылыми жүйеде зерттеу.
Зерттеудің құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Осы жұмыстарды жүргізген жағдайда жұмыс мынадай нәтижеге қол жеткізілді. Ғылыми жұмыста әңгімелер мен повестер, романдары толық қамтылып, Б. Момышұлы – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаламгер ретінде танылады. Арнайы мысалдар келтіру арқылы естілмеген нақыл сөздері жария болады.
Ғылыми теориялық - тәжірибелік маңыздылығы: Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимистік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.


КІРІСПЕ
«Баукеңнің телегей - теңіз тағылымы –
болашақтың, таяу мыңжылдықтың
әңгімесі».
Хамит Ерғалиев
Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін еріксіз еске түсіресің. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет