Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-на 145 жыл толуына арналған «Мен және кітап» фотожобасының Ережесі



Дата24.02.2016
өлшемі50.12 Kb.
#11885
Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-на 145 жыл толуына арналған

«Мен және кітап» фотожобасының

Ережесі


  1. Жалпы ережесі

Бұл Ереже «Мен және кітап» фотожобасын өткізудің тәртібі мен талаптарын анықтайды.

«Мен және кітап» фотожобасы ( бұдан әрі Байқау) кітапхананың 145 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның өнер бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқау Қазақстан Республикасы мәдениет саясатының Тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған.

«Мен және кітап» фотожобасы – бұл кітап оқу мен көркем әдебиетке деген қарым – қатынасты насихаттауды бейнелейтін фотосуреттер байқауы.

Байқау қоғам назарын кітап оқу мәселелеріне, фотосурет мәдениеті арқылы кітап пен кітапхана қадірін арттыру; жастарды кітап оқуға тарту, оқитын жастар бейнесін қоғамның азаматтық белсенді, мәдениетті бөлігі ретінде қалыптастыру, сондай-ақ фотосуретшілердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру, фотоөнерді насихаттау мақсатында өткізіледі.

Жобаның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, шығармашылық ойларын іске асыруға мүмкіндік жасау.

Байқауды ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті әділқазы мүшелерін жасақтап, жеңімпаздарды анықтайтын сарапшыларды тағайындайды.
Байқаудың мақсаты мен міндеті
Байқаудың мақсаты:


  • Қоғам назарын кітап оқу мәселелеріне аудару, фотосурет өнері арқылы кітап пен кітап оқудың, кітапхананың беделін арттыру;

  • жастарды кітап оқуға тарту, қоғамның азаматтық белсенді әрі мәдениетті бөлшегі ретінде оқитын жастар бейнесін қалыптастыру және кеңінен тарату;

  • фотосуретшілердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру;

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:



  • кітапхана аясында оқырмандармен қарым-қатынастың жаңа түрлерін қалыптастыру;

  • бұқаралық қауым арасында рухани құндылықтарды, кітап мәдениеті мен бос уақыт тиімділігін арттыру мақсатында жаңаша көрнекілік түрлерін енгізу;

  • байқауға қатысушылардың шығармашылық және тұлғалық дамуына ықпал ету;

  • кітап пен кітап оқу тақырыбындағы үздік жұмыстар мен талантты авторларды анықтау;

  • ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан айларында бас тақырыбы кітаппен байланысты фотосуреттер көрмелерінің желісін ұйымдастыру; Байқау соңында фотобайқау қортындысы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның сайтында (http://www.zkolib.rz/) жарияланады.



Фотобайқауды ұйымдастыру шарттары мен тәртібі
Байқау 2016 жылдың 20 қаңтары мен 20 сәуірі аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысуға 16 мен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады.

Фотосуреттер фотоаппаратқа, сондай-ақ мобильді құрылғыларға түсірілсе де болады.

Байқауға фотоматериалдар төмендегі аталымдар бойынша ұсынылады:



    • «Мен және кітап»

    • «Ж.Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК қазынасы: оқырман және кітап»

    • «Кітап және менің жанұям»

    • «Сүйікті кітабым» (сүйікті кітаппен түскен суретті бейне)

    • «Оқитын өлке» әлеуметтік-шолу жарнамасы

Байқауға бір автор әр аталым бойынша 3 жұмыстан артық тапсыра алмайды.

Суреттер электронды және баспа түрінде ұсынылады.

Интернеттен алыған фотожұмыстар байқауға қатыстырылмайды.

Байқауға қатысу Қатысушының Байқау шарттарымен танысқандығын және ұсынылған материалдарының көпшілікке ұсынылуына келдісетіндігін білдіреді.

Байқауға ұсынылған жұмыстар кері қайтарылмайды.
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:


    • фотосуреттер байқаудың негізгі тақырыбын ашулары, яғни кітаппен түскен суретті бейне немесе қызықты желісі бар сурет болуы керек; фотосуретте бір немесе бірнеше адамдар тобы бейнеленуге болады.

    • Байқауға ұсынылған фотосуреттер баспа түрінде және электронды тасымалдағышта Орал қаласы Карев көшесі 47 үй Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-на сағат 9.00 ден 18.00 дейін немесе oner-13@mail.ru электронды поштасына «фотобайқау» белгісімен және «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде hht++p//vk.com/bibzhuban/ мекен-жайына ұсынылады.

    • Байқауға жіберілген фотосуреттер JPEG пішімінде А4 фотоқағазына шығарылған болуы керек.

    • әрбір фотосуретке doc пішіміндегі мәтінді файлда автордың ТАӘ, байланыс телефоны, электронды поштасы, қатысушының жасы жазылуы және суреттерге берген түсіндірме қоса жіберілуі керек.

    • Байқау Ережесімен Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның http://www.zkolib.kz, «ВКонтакте» hht++p//vk.com/bibzhuban/ сайттарынан танысуларыңызға болады.



Жұмыстарды бағалау мен жеңімпаздарды марапаттау

Ұсынылған жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазы мүшелері құрылады.

Байқауды қорытындылау 2016 жылдың 24 сәуірі күні болады.

Байқау жұмыстарын бағалау белгілері:



    • жұмыстардың Байқау тақырыбына сай болуы;

    • өзіндік желісі болуы;

    • шығармашылық тәсілі болуы;

    • жұмыстардың көркемдік деңгейі.

Байқау қорытындысында әр аталым бойынша бір жеңімпаздан анықталып, дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.

Байқау үйымдастырушылары қатысушыларды қосымша ынталандыру сыйлықтарымен марапаттауға құқылы.

Байқау аяқталған соң барлық қатысушылардың жұмыстарының фотокөрмесі Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-да http://www.zkolib.kz ұйымдастырылады.

Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-на 145 жыл толуына арналған

«Мен және кітап» фотожобасы
«Мен және кітап» фотобайқауы

Сіздің кітапқа , кітап оқу және кітапханаға деген көзқарасыңыз?
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана осыны анықтау мақсатында «Мен және кітап» фотобайқауын жариялайды.

Сіздің немесе жақындарыңыздың кітапханада, отбасымен бірге, қала көшелерінде, қалалық саябақта немесе автокөліктерде кітаппен бірге түскен фотосуреттерін күтеміз.

Фотосуреттерде міндетті түрде кітап бейнеленуі керек.
Байқауға басты тақырыпқа сәйкес фотосуреттер ғана қабылданады.

Үздік авторлар естелік сыйлықтарымен марапатталады.


Фотосуреттерді oner-13@mail.ru электронды поштасына немесе «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне hht++p//vk.com/bibzhuban/ жіберу керек.
Байқауға фотоматериалдар төмендегі аталымдар бойынша ұсынылады:

    • «Мен және кітап»

    • «Ж.Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК қазынасы: оқырман және кітап»

    • «Кітап және менің жанұям»

    • «Сүйікті кітабым» (сүйікті кітаппен түскен суретті бейне)

    • «Оқитын өлке» әлеуметтік-шолу жарнамасы

Фотобайқау 2016 жылдың 20 қаңтарынан 20 сәуіріне дейін өткізіледі.



Фотобайқаудың жалпы ережесімен http://www.zkolib.kz сайтынан танысуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет