Сәмбеталы Айгерім



Дата21.12.2023
өлшемі16.94 Kb.
#487503
Ай эссе


Сәмбеталы Айгерім
Эссе
Көркем шығармадағы автор бейнесі мәселесі”

XX ғасырдың басында туындаған автор мәселесі бүгінгі таңда өз маңызын жоғалтқан жоқ. Себебі, көркем шығармадағы автор категориясының функциялық рөлі, образдық жүйесіне анализ жасау қазіргі әдебиеттану ғылымының негізгі әдіснамалық жүйесіне еніп отыр.


Көркем шығарманы тудырушы тұлғаның, яғни автордың болмысына қатысты ғылыми зерттеулер мен тұжырымдарға байланысты парадигмалық шеңберге үңілетін болсақ, біршама келелі ойлар мен негізгі еңбектерге тоқталып өтуге болады. Ең алдымен сол еңбектердің негізіне сүйене отырып ғылыми тұжырымдарды бір арнаға жинақтауды жөн көрдік.
Зерттеу тақырыбымыздың басты нысанына айналған автор бейнесі категориясын жүйелеу барысында әлемдік әдебиеттану ғылымының ілгері дамығанын көре аламыз. Сондай-ақ отандық ғылыми мектебіміздің де біршама жетістіктерге ие екенін көруге болады. Әрине, бұл мәселелермен алдағы зерттеуімізде жете танысамыз, алдымен автор ұғымына тоқталып өтсек.
Академик З. Ахметов құрастырған әдебиеттану терминдер сөздігінде авторға мынадай анықтама берілген: «Автор – (лат. auctor – жаратушы, негізін қалаушы) – өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор – өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға». Сондай-ақ, көркем шығарманы тудырушы автордың өнертанудағы бірнеше мағынасын анықтаған В. Хализевтің: «... біріншіден көркем туындыны тудырушы шынайы тұлға, яғни белгілі бір тағдыры, өмірбаяны, индивидуалды нышан белгісі бар. Екіншіден, көркем мәтінге шоғырланған автор образы, яғни, жазушының, мүсіншінің, суретшінің, режиссердің өзін-өзі сомдауы... үшіншіден (дәл қазір біз үшін аса қажеттісі), бұл көркем әлемді жасаушы тұлға яғни имманенті туындының бүтін бөлігі ретінде қатынасушы» – деген анықтамасына тоқталамыз.
Ғалымның авторға қатысты бірнеше ұғымдық қабаттарынан шынайы автор мен оқырманға әсер ететін автор бейнесі және имманенттік туралы айтқан ойына зер салып тереңірек тоқталуға болады. Біріншісінде көркем шығарманың шынайы авторы туралы айтылса, ал екіншісі мен үшіншісіне қатысты айтылған пікірге қосыла отырып, автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың тоғысатынын байқауға болады. Әдебиеттанудағы автор бейнесі деген ұғым мен ғалымның имманенттікке қатысты айтқан пікірі бір-бірінен алшақ емес екенін көруге болады. Себебі автор бейнесі деген ұғымды көркем туындының шынайы авторынан емес, шығарманың өн бойынан табуға болады. Яғни, автор бейнесі дегеніміз – көркем туындымен танысу барысында оқырман санасында қалыптасатын бейне. Ал имманеннтік деген сөздің мағынасын кеңірек тарқатсақ, бұл сөз латын тілінен алынған іштей, жаратылысына тән деген мағынада жұмсалып тұр. Көркем мәтіннің ішіне, жаратылысына тән баяндаушы немесе әңгімелеуші ретінде көрінетін автор туралы айтылып тұрғаны анық. Ғалымның бұл тұжырымынан автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың көркем шығарманың ішкі шеңберіне тән бір арнада тоғысып қызмет ететінін анық көруге болады. 
XX ғасырдың алғашқы ширегінде автор теориясына ғылыми талдау, ерекше тілдік, стильдік тұрғыдан анализ жасаған лингвист, ғалым В.В. Виноградовтың «автор образы» терминін әдебиеттану ғылымына алып келгені аян. Ол өз еңбегінде: «Көркем әдебиет тілін меңгерудің, оқудың басты мәселесіне «көркем шығарма тілі (стилі)» және «жазушы тілі (стилі)» енеді. Екі мәселе де жеке стильге байланысты негізден туындап отыр» [3;105] - дейді. Жазушылардың стильдік, тілдік ерекшеліктерін айқындай отырып, көп жылғы ізденістің жемісінен туындаған автордың стилистикалық айқындылығын көрсететін шығармадағы бейнесіне үлкен мән берегені аян. Ғалым көркем әдебиет тілін (стилін) саралай отырып, ең басты тақырып етіп «автор бейнесін» [«образ автора»] негізге алып отыр. «Кейбір тарихи жағдайларда және әдеби мектептерде белгілі бір стильдер тілі түрлі әдеби жанрда берік араласып, бірігеді; басқа жағдайларда әдеби көркем жанрларға стильдік және композициялық формалар өзіндік, әр түрлі стилистикалық характеріне және әлеуметтік-сөйлеу құралы сапасына қарай енеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет