Семья indd


«Көбелекті шыру» жаттыуы



Pdf көрінісі
бет24/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

«Көбелекті шыру» жаттыуы
Алдын ала әртүрлі түстерден 2-3 көбелек жасап, ұзындығы 
20-40 см жіпке іліп қоямыз да, балаға қалай дұрыс үрлеуін 
көрсетеміз:

Қарашы қандай әдемі көбелектер! Олар ұша ала ма екен? 
О-о-о міне ұшты! Енді сен ұшырып көр. Қай көбелек алысқа 
ұша алады екен?..
«‡ар жауды» жаттыуы
Ұсақ мақталарды дөңгелетіп қойып:

Қазір қыс болсын, далада қар жауып тұр. Кеттік жаңа 
жауған қарларды үрлейік...
Осылайша бірнеше ойынды ұйымдастыруға болады:

Даладағы жапырақтарды жинап әкеліп үрлеу,

Қарындашты тегіс жерге қойып, 20 см алшақ тұрып 
үрлеу,

Шар үрлеу,

Стақанға су құйып, трубочкамен үрлеу,

Ысқырықпен ысқыру,

Балауыз үрлеу ( қауіпсіздік техникаларын сақтап),
Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныстауды жаттықтыру бірнеше 
дыбыстардың қатесіз айтылуына септігін тигізеді. Мысалы, 
С, З, Ш, Ж, Р, – дыбыстарын айту үшін ауыз арқылы ауаны 
күштірек шығару керек. Қысқа сөйлемдердің ортасында ауа 
алуға болмайды. Сөйлеу тек ауаны шығарғанда ғана жүзеге 
асады. Сөйлеудегі тыныстауды дамытуға бағытталған тағы 
бірнеше жаттығулар қатары бар: 

Дауысты дыбыстарды әндетіп айту – А, О, У, И, Э,

Дауыссыз дыбыстарды созу – С, З, Ш, Ж, Ф, Х,

Буындарды бір демде айту,

Сөздерді бір демде айту,

Қысқа сөйлемдерді де бір демде айту,

Өлең оқу,

Ән айту,

Ертегіні, оқиғаны әңгімелеу.


55
54
ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ПСИХОТЕРАПИЯ
Сөйлеуі кешеуілдеген бала психотерапиялық көмекке зәру келеді. 
Оны ол- жиі жылаумен, ашуланғыштығымен, агрессия танытуымен 
немесе қырсықтығымен білдіреді. Ата-аналар қанша оның ырқына 
көнгенімен, бала күйзелістен өз күшімен шыға алмайды. Мұндай 
қалып ересектерде де болады. Бұл адам психикасына тән, ағзада 
негативті эмоциялардың пайда болуы, қорғаныш реакциясы – 
яғни күйзелісті тудырады. Өршіп кетпеуіне жол бермей, одан 
уақытылы құтылу керек. Балада мұндай қорғаныш реакциясы 
шаршағанда, бір іс қолынан келмегенде, біреу ренжіткенде туады. 
Ал, оны бала агрессиялық мінез-құлық (айқайлау, тістеу, ұрып 
жіберу, жылай беру) арқылы көрсетеді. Егер мұндай реакция 
бала әдетіне енсе, әлеуметтік ортаға бейімделуі қиынға соғады.
Балаға қалай көмектесе аламыз? Ішкі күйзелісті сейілту 
үшін, мынадай іс-шараларды ұйымдастыра аламыз:

Бассейнге жиі апару,

Батутқа секіру, балалар аттракционына бару,

Билеу, жаттығулар жасау,

Орманға, тауға шығу,

Коньки, сырғанақ тебу (ата-анамен бірге) т.б.
Сонымен қатар үй жағдайында да релаксацияға бағытталған 
ойындарды ойната аламыз:

Сумен ойнау немесе шомылғанда ойншықтармен ойнау,

Жаңбырдан кейін шалшықты басу (резеңке етікпен),

Грушаны суға толтырып фонтан жасау,

Құммен ойнау (түрлі формалар жасап),

Қолды, аяқты құмға көміп ойнау,

Қар атысып ойнау,

Таза қар болса үстінде аунау,

Әртүрлі дәнді-дақылдарды (крупа) ыдысқа құйып қолды 
салып , қандай дақылды ұстағанын жасырып ойнау,

Даладан, өзен жағасынан әдемі тастарды теру,

Жиналған тастарды түрлі түске бояу,

Арқан тартысып ойнау,

Бос коробка, пластмас бутылкалармен футбол ойнау,

Диваннан тізіліп тұрған жастықтарға секіру,

Қағаздарды умаждап «снаряд» жасап, атысып ойнау т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет