Семья indd



Pdf көрінісі
бет49/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
балам сөйлесін десеңіз

˜ дыбысын айтқанда еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында 
қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп 
отырады: а, о, у,  . Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің 
арасы алшақтау. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ 
таңдаймен бөбешік қабысады да, іштен келген ауа қысылып 
шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді. Жұмсақ таңдай 
көтеріңкі келеді де, мұрынға баратын ауа жолын жабады. 
Суды ұрттап, тамақты шаю арқылы Ғ дыбысын қоя аламыз. 
Баланың қолын тамағына тақап, оның дірілін сезіп- -  деп 
шайқау иммитациясын жасауға болады. 
Логоритмика арқылы дыбысты машықтандыру:
¬а–а – а – ау шін керек бала
¬а – а – а – шып келді ара
А – а – а – у – у – у – болады «ау»
‡ар – ар – ар – а – а – а – болады «ара»
¬ажаппын деп тамсанды,
¬асыр бойы жар салды.
¬арыша енді көсіліп,
¬алым оян ән салды.
 
 
 
¬ажап бояу жаады,
 
 
 
¬ани сурет салады.
Аада бар,
Менде жо.
Жаада бар,
Жеде жо.

(¬)


105
104
ТҰТЫҒУ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУДІҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бір дыбысты, не бір буынды, болмаса түгел бір сөзді өз 
ырқынан тыс қайталап айтуы – тұтықпа болып табылады. 
Бала бір сөзді, дыбысты не буынды үзік етіп, қайталап, өз 
еркінен тыс тоқтап, қиналып айтады. Үзік-үзік дыбыстар 
шығарады. Бұл тіл бұлшық еттерінің тартылып қалуынан 
болады. Тұтығу кезінде баланың дем алысы әдеттегіден тыс 
бұзылады. Сөз немесе сөз тіркесі бірқалыпты шықпайды
өйткені бала демін ішке алу кезінде сөйлейді немесе демін 
сыртқа шығарып жатып сөйлейді. Содан соң аузын жапқаннан 
кейін біраз уақытқа шейін сөйлей алмай қиналады. Кейде 
бала іштегі демін шығарып бола бергенде сөйлеуге тырысады. 
Мұндай жағдайда ауа жетпей қалады да, сөйлеген сөзі дұрыс 
болмайды.
Сәл тұтығудың өзі баланың тәртібі мен психологиясына 
түгелдей кері әсерін тигізеді. Организм бүтіндей психологиялық 
күш түсуге икемделуді бастан кешіреді. Тұтығу көбіне 2 жас 
пен 5 жас аралығында пайда болады. Тұтығудың дәл осы кезде 
пайда болатын себебі:

Біріншіден, бала тілінің белсенді даму кезеңінің екі жастан 
басталатындығында. Ал тілдің бұзылуы сөйлей бастағаннан 
кейін ғана кездесетін құбылыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті 
жоқ.

Екіншіден, 5-6 жас аралығында бала тілінің дамуы 
аяқталып, қалыптасуы басталады. Міне, осы кезде де сөздік 
бұзылу жиі кездеседі. Өйткені тілдің активті дамуы бұл кезде 
әлі де болса тұрақты болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет