Семинар бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»



Дата10.06.2016
өлшемі212.32 Kb.
#126241
түріСеминар
Жас мұғалімдер мектебінің

қалалық семинар бағдарламасы

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
Мақсаты: қазақ тiлi мен әдебиетiн оқытуда түрлi әдiстер мен тәсiлдердiң қолдану тиiмдiлiгi төңiрегiнде ой бөлiсу.


Уақыт

Сынып

Тақырыбы

Мұғалім

800

Қонақтарды қарсы алу

ЖММ жетекшісі Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы,МӘБ жетекшісі Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы

.


815-845

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері


ҚББ әдіскері Уразбаева Г.А.

«Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері».

ЖММ жетекшісі Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы.

.





Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту

МӘБ жетекшісі Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы.


850 -935

11 сынып

«Ел ордасы – Астана».


Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы

945-1030


7 сынып.

«Қызыл кітап»


Дущанова Гүлнар Қадырғалиқызы

10 45-11 30

4 сынып

«Біздің қала».


Ұсақбаева Гүлжанат Сапарқызы

1135-12.05

Рефлексия



ҚББ әдіскері Уразбаева Г.А.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.

Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.

Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.



«Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс сыныптарында нені оқыту керек екені оқулықтарда,бағдарламаларда айқын берілген.Ал сол берілген білім мазмұнының негізін оқыту және оны қалай оқыту керек-бұны оқытушының анықтауы тиіс.Яғни оқу материалдарын сұрыптау,оларды сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай бейімдеу және меңгерту технологиясын таңдау-оқытушыға жүктелетін іс.

Бұл жерде іс жүзінде оқытушы да,оқушылар да тап болатын үлкен

қиындық бар.Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды.Қазақ тілі пәнінен оқу барысында оқушылар тұрмыстық

ортада және қарапайым әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді.Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті

пәні бойынша оқушылар әдебиеттік стиль деңгейінде жұмыс істеуі

керек болады.Оқушылардың басым көпшілігінің бұл айтылған әде-

биеттік деңгейде оқуға дайындығы жетіспейді.

Сондықтан,мұғалім көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына да баса мән беруі керек.Өйткені ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді,оқытудың жеке тұлға-

ны дамытуға бағытталуына аса қолайлы.Бұл орайда мынадай қөрі-

ністі табуға болады:


1.Оқу материалын сұрыптап ұсына білу;

2.Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;

3.Диалог жүргізе алу;

3.Сабақты жағымды эмоция,сезімдермен қанықтыра алу;

4.Мақсаттың нәтижемен біртұтастығы;

5.Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай алу.

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар

жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады.

Біздің ұстаздарымыз оқушыларды қазақ әдебиетіне оқытуда сондай-ақ сурет бойынша жұмыс,мәтінді талдау,сұхбат құру,шағын

шығармалар жаздыртумен айналысады,ассоциограммалар жасатады,мәтіндерге жоспарлар құрғызады.


ЖММ жетекшісі

Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы,№16 ОМ
Тақырып: «Қазақ тілі мен әдебиет оқытудың әдістері».
Тілді нәтижелі меңгертудің бір жолы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тиімді оқыту әдістерін іріктеп сабақта қолдана білу.

Сабақ –оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі.

Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері: оқушыларды сауатты жазуға, өз ойын, сөзін еркін сөйлеп, әдеби тіл нормаларын жатық , әдепті, мәдениетті сөйлеуге үйрету, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеу.

Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Қазақ тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда да оқыту әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап тиімді пайдаланғанда ғана мақсатқа жете аламыз.

Сабақтарымда мен мынадай әдіс-тәсілдерді пайдаланамын:

Баяндау әдіс, проблемалық әдіс, әңгімелеу әдісі,
тест әдісі, жаттықтыру әдісі, экскурсия әдісі, көрнекілік әдіс
і, пікір-сайыс әдісі, компьютер әдісі, техникалық құралдарды пайдалану әдіс.

Мысалы: 5 сыныпта /қазақ тілі/

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену әдісі, салыстыру, тірек-сызба, ойын, тест сұрақтары.



Сабақтың көрнекілігі: компьютер, карточкалар сұрақтармен, сандықша, жетондар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, табиғаттану.
Өткен сабақты нені үйрендіңдер, нені түсіндіңдер соны айтыңдар.
3 слайд: тірек-сызба /диалогқа суреттер/
II. Үй тапсырманы тексеру: диалог, сөздерді, сын есімнің ережесі.

Екі оқушы тірек-сызбаны пайдаланып диалог айту, 1 оқушы- сөздерге сын есімнің жұрнағын қос, 2 оқушы сөздерді қазақша –орысша жазады.


III. Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбаев


Сабағымыздың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірімен танысу, ол туралы тірек-сызба арқылы әңгімелей білу. Абай Құнанбаевтың “Қыс” деген өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну және граммматикадан сын есімді қайталау.
Алдыменен, жаңа сөздерді үйренеміз:

жаңа сөздер

ұлы- великий

медресе-мусульманская духовная школа

жасынан- с детства


ынталы- прилежный

зерек - способный

осында жүріп - находясь здесь

өз бетінше-самостоятельно

мәдениет-культура

теңеу –сравнивать


IV. Оқулықпен жұмыс.

-74 бет, мәтінді оқып, аудару.


Сұрақтарға жауап береміз:


5 слайд: тірек-сызба: Абай Құнанбаев

  1. Абай Құнанбаев кім?


  2. Ол қай жылы туған?

  3. Абай жасынан қандай болды?

  4. Әкесі оны қайда оқуға береді?

  5. Абай кімнің шығармаларымен танысады?

  6. Ол қазақ халқын неге шақырады?

-Кім сызба бойынша Абай туралы айтып береді?

Абай Құнанбаев көп өлеңдер жазған. Табиғатқа арналған: “Қыс”, “Күз”, “Көктем”, “Жаз” өлеңдері бар.

Бүгін біз “Қыс” деген өлеңімен танысамыз.

Өлеңді тыңдаймыз.
өлең “Қыс”

-74 бет, өлеңді оқимыз, аудармасын оқимыз.

Абай табиғатты кіммен салыстыра суреттейді?
тапсырмалар- сұрақтар /өлең арқылы/

-75 бет, 3 тапсырма – дәптерге жазу. Осы сөздерді пайдаланып сөлемдер құру /ауызша/
тапсырманы тексеру. Сөздерге жұрнақтарды дұрыс қой.

/ бір- бірін тексеру/



V. Бекіту.

оқыта үйрету ойыны: “Сиқырлы сандықша”

Сандықшада сұрақтар тақырып бойынша:

1. Ақыл, білім – сөздерге сыз, сіз жұрнақтарды қос. /5 ұпай/

2. Абай Құнанбаев кім? /1 ұпай/

3. Абай Құнанбаев қай жылы туған? /5 ұпай/

4. Абай жасынан қандай болды? /4 ұпай/

5. Абай қайда оқыды? /4 ұпай/

6. Абай қай қалада оқыды ? /4 ұпай/

7. Ол кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды? /5 ұпай/

8. Абай қазақ халқын неге шақырды? /5 ұпай/

9. Ақын қысты кімге теңеген? /5 ұпай/

10. Өлеңде қандай жыл мезгілі суреттелген? /1 ұпай/


11.“Мәдениет” сөзін аудар? /4 ұпай/

12. Сын есім дегеніміз не? /5 ұпай/

13. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? /4 ұпай/


14. Сын есімнің қандай жұрнақтары бар? /5ұпай/

15. Абай нелерді тез жаттап алатын? /5 ұпай/


16.Түн, бүгін, қыс, көктем –сөздерге гі, ғы, қы, кі –жұрнақтарды қос. /5 ұпай/


17. Қыста ауа райы қандай болады? /4 ұпай/
Тест сұрақтарына жауап беру.

1 нұсқа


  1. Абай Құнанбаев кім?

а) ақын ә) дәрігер б) әртіс



  1. Абай жасынан қандай болды?

а) ақылсыз ә) ынталы, зерек б) білімсіз



  1. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) училищеде ә) институтта б) медреседе




  1. Ақын қысты кімге теңеген?

а) гүлге ә) малға б) адамға



  1. Ақ киімді” – аудар.

а) белая борода ә) белая одежда

б) белая бумага


  1. “Мәдениет” – аудар.

а) культура ә) школа б) история




  1. ”Сын есім” – аудар.

а) имя существительное ә) окончание

б) имя прилагательное


  1. Сын есімнің жұрнақтары қандай?

а) гі, ғы ,қы, кі ә) лар, лер б) дың, дің



  1. “Суффиксы” – аудар

а) жалғау ә) сұрақтар б) жұрнақтар

10. Сын есімнің сұрақтары қандай?

а) неде, қайда ә) қандай, қай б) нені

 

 

 



2 нұсқа
1.Абай қай жылы туды?

а) 1845 ж. ә) 1935 ж. б) 1965 ж.

2. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) Қостанайда ә) Алматыда б) Семейде

3. Абай қазақ халқын неге шақырды?

а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға б) баруға

4. Өлеңде қандай жыл мезгілі суреттелген?

а) күз ә) көктем б) қыс

5.”Ақ сақалды” – аудар

а) белая борода ә) белая одежда б) белая бумага

6. “Зерек” – аудар

а) умный ә) способный б) красивый

7. Сын есімнің сұрақтары қандай?

а) кім, не ә) неге б) қандай, қай

8. Сын есімнің жұрнақтары қандай?

а) лық, лік ә) қандай, қай б) дар, дер

9. “Имя прилагательное” –аудар

а) сын сім ә)зат есім б) жұрнақ




  1. “Жұрнақтар” – аудар



а) окончание ә) корень б) суффиксы
11 слайд:

  • Өзін-өзі тексеру.


1 нұсқа

1.А


2.Ә

3.Б


4.Б

5.Ә


6.А

7.Б


8.А

9.Б


10.Ә



2 нұсқа

1.А


2.Б

3.А


4.Б

5.А


6.Ә

7.Б


8.А

9.А


10.Б

Оқушылар ұпайлар санын есептейді. Ұпайлар арқылы оқушыларға баға қойылады.

Сабақты қорытындау.

Үйге тапсырма: 74 бет, монолог, сөздер, өлеңді оқу.


Қазақ әдебиеті сабағы 6 сынып
6 сыныпта «Ертегілер» бөлігінде «Алтын сақа» және «Жиренше мен хан» тақырыбтарын өткенде мынадай жұмыстар өткіздім: мәтінді рөлге бөліп мәнерлеп оқу, орыс тіліне аудару. Үйге тапсырма берілді: рөлге бөліп –кеіпкерлердің сөздерін жаттап келу.

Осы оқыған ертегілер бойынша сахналық көрініс көрсеттік. Оқушылар кейіпкерлердің рөлін қызыға ойнайды.

Сабақтың аяғында әңгіме кестесімен жұмыс істеуге болады.

Әңгіме кестесі:

Ертегінің аты...

Ертегінің түрі...

Ертегінің кейіпкерлері...

Қорытынды...

Ертегінің бас кеіпкерлеріне сипаттама беру:



Жиренше Хан

Ақылды ақымақ

Шешен сараң

Мейірімді қатты


Сабақты қорытындылау:
Тұжырым:

-Сонымен, балалар, біздер бойымызға қандай қасиеттерді жинауымыз керек.


- Шыншыл, алдамауымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.

Үйге тапсырма: 1) ертегіні оқып, мазмұнын айта білу

2) жаңа сөздер








3орта мектебінің МӘБ жетекшісі

Кәрімова А.О
Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту

Білім беру мәні мен сапасы тек ұлағатты ұстаздың ғана қолынан келетіндігін уақыт дәлелдеуде. Шын ұстаздың қабілетін таныту оның шеберлікпен өткізген сабағының нәтижесі болып қала бермек.

Қазақ тілін оқыту орыс тілді шәкірттерімізді, өзге тілді оқушыларымызды ауызекі дұрыс сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, еркін, мәнерлі сөйлесуге жаттықтыру, қазақ халқының тіліне, салт- дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс тіршілігіне, әдебиетіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін ояту. Менің әдістемелік тақырыбым «Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту» Оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі зор. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін - оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, , тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған талаптар қойылады.


  1. Мәтін оқушының жас ерекшеліктеріне, түсінігіне сәйкес болу керек.

  2. Мәтіннің мазмұны әр сынып оқушысының білім деңгейіне, дүние танымына сәйкес болу қажет.

  3. Мәтіннің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болу қажет. Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.

  4. Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиісті.

  5. Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен , әдет – ғұрыптарымен, жетістіктерімен оқушыларды таныстыру қызметін атқаруға тиісті.

Ал, мәтінмен жұмыс дегеніміз- сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1) дыбыстармен жұмыс;

2) сөздіктермен жұмыс;

3) сөздік қорларын жетілдіру;

4) тілін дамыту;

5) ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істеу түрлері көп, оны сабақтарда жүргізу, жұмыс атқару ол мұғалімнің шеберлігінде.Мысалы мынадай түрлеріне тоқталсақ.



  1. Мәтінді түгел оқу.

  2. Бөлімге бөліп оқу, жоспар құру.

  3. Сөйлем бойынша тізбектеп оқып, аудару.

  4. Суретке байланысты үзіндіні тауып оқу.

  5. Әңгіме, өлеңнің көркем жерін оқу.

  6. Мақал- мәтелге сәйкес клетін бөлігін оқу.

  7. Мәтіннен 3 ой жүйесін тауып оқу.

  8. Роль бойынша оқу.

  9. Магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын айтқызу.

  10. Мультимедиялық комплекс арқылы бейнесюжеттерді көріп, әңгімелеу.



  1. Мынадай сөз тіркестерін тауып оқу:

а) зат есім+ сын есім, ә) зат есім + етістік
2. Мәтіндік кезең.

1. Мәтінді мағынасына қарай бөлуге арналған жаттығулар

- мәтінді оқып, оны мағынасына бөліп, әр біреуіне тақырып ойластыру;

- мәтінді оқып, мағынасын ашатын сұрақтар оқу.

2. Мәтінде мағыналы тірек сөздерді анықтауға арналған жаттығулар

- абзацтарды оқып, тіректі сөйлемдерді табу;

- абзацтарды оқып, сөйлемдердегі негізгі ойды анықтау;

- абзацтардан сөз таптарын тауып айтқызу.


3. Мәтіннен кейінгі жұмыс түрлері.

1.Мәтіннің мазмұнын қалай түсінгенін анықтау жаттығулары

- ең басты мәтіндегі мағынасын түсіндіріңдер;

- мәтіндегі тақырыпты ауыстырыңдар және қандай тақрып дұрыс келетінін анықтаңдар;

- реферат жазыңдар, сұрақтарға жауап жазу;

- мәтінді оқып, қандай керекті жаңа мағлұмат алғандарыңды айтыңдар.


4. Мәтінді оқуға үйрету.

Мәтінді оқыту түрлері көз жүгірту, танысу, көңіл қойып оқу және ізденіп оқу болып бөлінеді.

5.Мәтінді оқуға үйрету технологиясы немесе оқыта үйрету ойындары.

Мен өз сабақтарымда мәтінмен жұмыс түрлерін, оқыта үйрету ойындарын пайдаланамын. Өткізген кейбір сабақ жоспарларыммен сіздермен бөлісейін.Қазақ тілінен 8- ші сыныпта Ш. Қалдаяқов туралы , 10- шы сыныпта өткізген Жиренше шешен тақырыбына байланысты сабақ жоспарларыммен таныстыру.


Басқа да оқыта үйрету ойындары бар солармен таныстырып өтейін

  1. « Білімдарлар» оқыта үйрету ойыны. Ойынның алдыңда «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топ бойынша парта басына отырады. Әр топ бір- бірлеріне кезекпен сұрақтар қояды. Қай топ көп сұрақ қойса, жауап берсе сол жеңімпаз болады.

  2. «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны

Мәтінді оқимыз, неғұрлым жақсы түсінүге тырысамыз, мәтінді конспектілейміз. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен береміз. Сызбаларды кезекпен көрсетіп түсіндіреміз, ал басқалары оны бағалап, озық ойыншыны таңдайды.


  1. «Аукцион» оқыта үйрету ойыны

Жүргізуші өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізуші үшін гонг қажет.

Жүргізуші аукцион өткізеді, сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.



  1. «Ромашка» ойыны (түсіндіру, көрсету)

  2. «Кім әділ бағалайды?», «Шеңбер бойымен әңгімелеу» т.б оқыта үйрету ойындары бар.

Орыс мектебінде қазақ тілі негізінде оқытылатын қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі Отандық және әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіруге бағытталған функционалды әдеби білім беруді көздейді.

Әдебиет- өнер, әдебиет- ұлттық қазына, асыл мұра. Әдебиет- ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан «Қазақ әдебиетін» қазақ тілінде оқу арқылы оқушылар қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, салт- дәстүрі жөнінде танымдық білім алады және сол арқылы өзі өмір сүріп жатқан Отанына деген сүйіспеншілігі артып қазақ халқына оның тіліне деген сыйласымды қатынас қалыптасады.

Қазақ әдебиетін оқытуда мұғалім педагогикалық технологияларды тиімді қолданады.

Әр мұғалім сабақта оқушыларға ең негізін жетік түсіндіруге, балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда көп ізденістер арқылы тақырыптарын жеткізе біледі. Айта кеткім келеді бұл оңай жұмыс емес. Өйткені сағат санының аз болуы (берілген тақырыпқа) материалдың мол берілуі қиынға соғады. Сонда да мұғалім сабақтарын әр түрлі қызықты етіп жеткізуге тырысады. Олар сызба, кесте әр түрлі талдаулар арқылы жүргізеді. Қазақ әдебиет сабағында тірек- схемалар арқылы мазмұнына сай келетін суретті пайдалана отырып, тірек сөздер беру арқылы оқушыларға мәтін мазмұнын, түсінгенін айтқызамын.

Көркем әдебиет екіге бөлінеді: 1 проза (қара сөзбен жазылады)

2 поэзия бұл тәртіпке бағынатын , тізбекке түскен, белгілі бір тәртіпке бағынады.

Көркем әңгімені оқытқанда 1-ші жазушының өмірі мен шығармашылық жолдарына тоқталамыз.Бұл жерде сабақты қорытындылауда семантикалық талдау жұмысын жүргізуге болады.

Ал, көркем әңгімені талдау барысында әңгімені құрылысына қарай талдау

1. Әңгіменің аты

2. Әңгіменің тақырыбы

3. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы

4. Дамуы

5. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері

6. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)

Әңгіменің мазмұның толық қазақша жеткізу орыс тілді оқушыларға қиынға соғады және ол мүмкін емес. Орта деңгейдегі оқушылар сызба бойынша, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын бір- бір сөйлемнен жеткізсе жақсы нәтиже болар еді. Әңгіме мазмұнымен таныс болғаннан кейін әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы кубтық әдіс. Сыныпты топқа бөліп, кубикті аудару арқылы топтарға тапсырма беру.

1. Бақылаушылар тобы

2. Анықтаушылар тобы

3. Сараптаушылар тобы

4. Салыстырушылар тобы

5. Зерттеушілер тобы

6. Қорытындылаушылар тобы

7. Тарихшылар тобы деп топтарға бөліп жұмыс жүргізуге болады.Үлкен шығармаларды өткенде.

«Шығамын білім шыңына» ойыны. Биік шың басындағы алып шынарға жету үшін тапсымаларды орынду.

Ал, енді поэзияға келетін болсақ, поэзия дегеніміз өлеңді шығармалар, өлең түрінде жазылады.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кіреп денең,- деп Абай қазақ халқының өмір тіршілігінде өлеңнің атқарар рөлі ерекше екенін анықтайды. Өлеңдегі әр сөз адамның жан жүйесімен, көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланыста. Ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та бәрі де осыдан туған.

Оқушылардың әдеби- теориялық білімдерін кеңейту мақсатында өлең құрылысына талдау жасай білуге үйретудемін.

Жоғары сыныптан бастап ұйқас, шумақ, тармақ, бунақ дегеніміз туралы мәліметтерді беремін.

Өлеңді құрылысына талдағанда:

1. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.

2. Өлеңнің негізгі ойы, ақынның түпкі мақсаты неде болды ?

3. Өлең неше шумақтан тұрады ?

4. Өлеңнің шумақтары неше тармақтан ?

5. Өлеңнің бунақтары қанша ?

6. Қандай ұйқас түрі ?

Осындай жұмыс түрлерін жүргіземін.
Сөзімді А.Байтұрсыновтың айтқан сөзімен аяқтағым келеді.

Басқа халықтан кем болмас үшін біз бай, күшті, білімді болуымыз керек. Бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.




11 сынып №3ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кәрімова А.О



Жаңа сөздермен танысу

Бірқазан жұпар емен

Құтан сусары қарағай

Қоқиқаз қабылан қайын

Аққу сілеусін шырша

Дуадақ барыс

Қыран қарақұйрық




  1. Сөздермен жұмыс.

Бірнеше рет оқу, қайталау, аудармасын жазып алу.

Құстардың атауларын оқу, жануарларды, өсімдіктерді оқу.

Жіңішке буынды сөздерді айт, жуан буынды, аралас буынды сөздерді тауып ажырату.

Жазылған құстар мен жануарларды суретке қарап танимыз.

- Бұл қандай жануарлар мен құстар? (сир

ек кездесетін )

- Олар қайда тіркелген? (қызыл кітапқа)

- Қайда тіршілік етеді? (Қазақстанда)

- Сирек кездесетін жануарлар мен құстарды біз не істеуіміз керек? (сақтап қорғауымыз керек)

3. Мәтінмен жұмыс.

77 бет 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті етістіктерді қойып, сөйлемдерді аудару. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау.

4. І қатар – Сақта (келек шақта)

ІІ қатар – Аяла (өткен шақта)

ІІІ қатар – Қорғап жүр (осы шақта) етістіктерді жіктеу.

Сөйлем құрастыру.

V.Қорытынды.

Сөзжұмбақ

1. Лебедь 6. озеро

2. орел 7. рысь

3. фламинго 8. цапля

4. ель 9. дрофа

5. гепард 10. выхухоль


4-тапсырма.

1. Табиғатты неге қорғау керек?

2. Қазақстанда қандай құстар Қызыл кітапқа тіркелген?

3.Сирек кездесетін жануарларды атап бер.

4. Өсімдіктер мен жануарларға қандай көмек жасайсыңдар?

5. Мектеп, үй ауласындағы ағаштарды қалай қорғайсыңдар?

6. Үй жануарларына қалай көмектесесіңдер?

7. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ...» дегенді қалай түсінесің?

VІ. Үйге тапсырма.


  1. Сөздерді жаттау

  2. 3-тапсырма




3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұсақбаева Гүлжанат Сапарқызы

Сабақтың тақырыбы: Біздің қала.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Қостанай қаласы туралы толық мағұлмат беру.Туған қаласын танып білуге ынталандыру..



2. Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, білім мен бірлік дағдысын қалыптастыру.



3. Тәрбиелік:

Туған жерін, елін қадірлеуге, салт- дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ұран, ребус, суреттер, грамматикалық тапсырмалар.

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  1. Амандасу

  2. Сыныпты түгендеу

  3. Тіл дамыту сұрақтары.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

«Доп» ойыны арқылы өткен сөздерді қайталап, еске түсіру.

Урок-сабақ живу- тұрамын

Сколько?-неше? Какой?- қандай?

Который ?- нешінші? Упражнение –жаттығу

Дружба –достық я-мен



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар, бүгін сабақта «Біздің қала» тақырыбымен танысып, ауызша , жазбаша жұмыстар жүргіземіз.


  • Тақырып

  • Ұранның мәнін ашу

  • Ребусты шешу

  • Қала туралы мәліметке тоқталып өту. Суреттермен түсінік беру.

ІV. Жаңа сабақ.

1.Жаңа сөздермен танысу, сөз тіркестерін айту.

Ә-әуежай-

Қ-саябақ-

Ә-әмбебап-

Ұ- тұрғын-

Ұ- мұражай-

І-ескерткіш-

2. Мәтінмен жұмысжасау.

а) Мәтінді жартылай дауыспен оқу, танысу.

ә) тізбектеп оқып, аудару.



б) Мәтіннің көмегімен сұрақтарға жауап беру.
3. Грамматикалық тапсырмалар.

V. Бекіту. Өтілген жаңа сабақты кластер әдісі арқылы қорытындылап өту.
VI.Үйге тапсырма беру. Жаңа сөздерді жаттап келу. «Қала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
VIІ. Бағалау. Оқушыларды мадақтай отырып, білімдерін бағалау.










Ұсыныстар:

  1. Оқыту әдістемесіне қосылған жаңалықтарды орынды, тиімді пайдалану;

  2. Әр мұғалім сабақта оқушыларға ең негізін жетік түсіндіруге, балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда көп ізденістер арқылы тақырыптарын жеткізе білу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет